Мухитдинов на печать indd


Ораза айты – рамазан айы аяқталған соң шәууәл айының бірінші күні тойла- натын ислами мереке, ауызашар айты (ид әл-фитр). От



Pdf көрінісі
бет149/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ораза айты – рамазан айы аяқталған соң шәууәл айының бірінші күні тойла-
натын ислами мереке, ауызашар айты (ид әл-фитр).
От رانلا – тозақ оты, тозақ. Құран кәрімде және Мұхаммед пайғамбардың ха-
дистерінде тозақ кейде «от» деп те аталады.


194
Ө
Өкіл ليكولا – қандай да бір қызметке өкілет берілген адам. 
Өкілдік, өкілет – белгілі бір қызметті атқаруға берілген билік, құқық.
Өсиет ةيصو – адамның тірі кезінде бір нәрсені артында қалғандарға өсиет етіп 
қалдыруы. Мирас ілімінде адамның мұрагерлерінен басқа адамға байлығын қал-
дыруы «өсиет» деп аталады. Шариғат заңы бойынша, адам өзінің мұрагерлерінен 
басқа адамдарға байлығының ең көп дегенде үштен бірін өсиет етіп қалдыруына 
рұқсат етіледі.
Өсімқор – өсімқорлықпен айналысушы адам.
Өсімқорлық – пайда көру үшін үстеме пайызбен қарызға ақша беру. 
Қара: риба.


195
П
Пайғамбар – өзінен алдыңғы елшінің шариғатын жалғастырып, халықты 
ақиқатқа үндейтін Аллаһтың таңдаулы құлы. Қара: нәби, елші.
Пақия. Бақиғ қорымы. Мәдина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне 
жақын орналасқан қорым. 
«Мекке мен Мәдинаны араладың
Жақсыны жамандардан сараладың. 
Бәріне сахабаның зиярат қып
Гүлістан, пақияны араладың» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Пақыр ريقف – нисапқа толатын қажетінен артық байлығы жоқ кедей. Оның 
тұратын баспанасы, мінетін көлігі, пайдаланатын заттары қажетіне жатады. Ал 
кімде-кімнің осы қажетінен артық нисапқа толмаған байлығы болса, ол пақыр деп 
есептелмейді.
Памдат – таңғы парыз намаз. Қара: таң намазы, бамдат намазы.
Парыз ضرفلا – Аллаһ тағала және Мұхаммед пайғамбар бұйырған міндет-
ті түрде орындалуы керек амалдар. Оны орындаған адам сауап алады, ал орында-
маған адам күнәкар болады. Парыз екіге бөлінеді: 1) парыз айн نيع ضرف – әрбір 
мұсылман міндетті түрде орындау керек амал. Мысалы, күнделікті бес уақыт парыз 
намаздары; 2) парыз кифая ةيافك ضرف – бір топ адамның арасынан бірі немесе бір-
неше адам орындаса, парыздық міндеті басқалардың мойнынан түсетін амал. Егер 
парыз кифаяны адамдардың ешқайсысы орындамаса, барлығы бірдей күнәкар бо-
лады. Мысалы, жаназа намазын оқу. Ислам шариғатында өтелетін әрбір құлшылық 
іштей: парыз, уәжіб, сүннет, мустахаб секілді амалдардан тұрады. Мысалы, намаз-
дың парыздары, уәжіптері, сүннеттері. Егер намаз оқушы намаздың парыздарының 
бірін орындамаса, намазы бұзылады да, сол намазды міндетті түрде қайта оқу керек 
болады.
Парыз иелері. Мирас ілімінде қолданылатын термин. Ол мирастан үлестері 
нақтыланып қойылған мұрагер адамдар.
«Олар: әке, ана, ата, әже, қыз, ұлдың қызы, туған қыз бауыр, әкесі бір қыз 
бауыр, анасы бір қыз бауыр және анасы бір ұл бауыр» (Ж.Жүсіпбеков, Исламдағы 
мирас).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет