183
Күшті болды арманым» .
Сонда қазы мүфти қамалды,
Патшасы
бұлай айтқан соң,
Таба алмады амалды» (Батырлар жыры).
Мухабара ةرباخم – жердің үштен бір бөлігін немесе төрттен бір бөлігін жалға
беру. Мухабара – музарағаға жақын ұғым. Екеуінде де жер иесі жерін өнімнің
бір бөлігіне жалға береді. Әйтсе де бұлардың арасындағы айырмашылық бар.
Музараға кезінде егін жер иесінің есебінен, ал мухабара кезінде жалға алған адам-
ның есебінен егіледі. Шафиғи мазһабы өкілдерінің
көпшілігінің пікірі осыған
тоғысады. Рафиғ ибн Хадижден жеткен хабарда, егін жерді жалға алған адамның
есебінен егіліп, жер иесі егін алқабының нақты қай бөлігінің өнімі өзіне тиесілі
болатынын белгілеген жағдайда, жерді жалға беруге тыйым салынатыны айтылған.
Мұндайда жер иесі көбінесе егіндіктің суармалы бөлігінің өнімін өзіне тиесілі деп
белгілейтін. Кейде егіндіктің жер иесіне немесе жалға алған адамға тиесілі бөлі-
гі өнім бермей, екеуара келіспеушіліктер туындайтын. Өйткені жердің белгілі бір
бөлігінің өнім беруіне ешкім де кепіл бола алмайды. Жалға алған жер үшін ал-
тынмен не күміспен қолма-қол төлеуге немесе жер ақысы ретінде өнімнің белгілі
бір кепілдемелі мөлшері белгіленген жағдайға келсек, музарағаның мұндай түріне
тыйым салынбайды. Бұл жайлы Рафиғ ибн Хадиждің хабарында айтылған. Ал ха-
дистегі «мухабара – үштен бір бөлік, төрттен бір бөлік және сол сияқтылар» деген
сөздерді имам Шафиғи, әл-Бұхари және басқалар «бұл кесімді тыйым емес» деп
түсіндіреді. Бұл пікір Ибн Аббастан да (р.а.а.) келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: