184
Мухариб براحم тонаушы. Араб тілінде «мухариб» сөзі жалпы «соғысушы»
деген мағынаны береді. Бұл сөз термин ретінде ислам шариғатының қылмыстық
кодексінде қолданылады. Ол елді мекенде болсын, айдала да болсын адамдардан
мүлкін тартып алу мақсатында жолын торуылдап, қару кезеуші.
Мухаррам – ай күнтізбесі бойынша жылдың бірінші айы.
Мухаррам – шариғат тыйым салған амалдар.
Мухарраф فرَّحم – хадис мәтіні менсәнадындағы сөздің әріптері сақталып,
харакаттарында кеткен қателік. Мысалы: «ميِلَس» Сәлим және «مْيَلُس» Суләйм.
Мухкам. Мухкәм. مكحم «мухкам» сөзі араб тілінде «нақты», «анық» деген
мағыналарды береді. Ақида ілімінде мағынасы анық, бір ғана мағынаны қамтитын
аяттарды «мухкам аяттар» деп аталады.
Мухкәм аяттар Құранның негізі болса, муташаби аяттар сол негізгі аяттар
шеңберінде қарастырылатын тармақ аяттар болмақ (Е.Қалмахан, Ислам ақидасы).
Хадис ілімінде өзінің мағынасына қарсы мағынада келген хадис жоқ, қабыл
етілген хадис «мухкам хадис» деп аталады. Мұндай хадиспен амал жасау уәжіп.
Достарыңызбен бөлісу: