Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет143/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Мұсылман ملسم – Аллаһ тағаладан басқа табынатын тәңір жоқ және 
Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беріп, Аллаһ тағалаға және Оның 
елшісіне шын жүрегімен сенген адам. Яғни Ислам дінін ұстанушы адам. Қазақ 
тіліндегі парсы тілі арқылы енген араб сөздерінде парсы тілінің элементтері бай-
қалып қалып жатады. Сондай сөздердің бірі – мұсылман. Ол араб тіліндегі «мус-
лим» (бойсұнушы, бағынушы) сөзіне парсының «он» (-лар; -лер; -дар; -дер; -тар; 
-тер) көптік жалғауын жалғау арқылы құралған. Парсы тілінде адамды құрметтеу, 
сыйлау мақсатында оған қарата айтылған сөздерді көпше түрде қолдану тәсілі бар. 
Бұл жерде иман келтірген адамды құрметтеп оған «сіз» деп тіл қатып, оны «мұсыл-
ман» деп атап кеткен. Қазақ тілінде осы араб және парсы тілдерінің элементтерінен 
құралған сөз сол қалпында қолданылған. Тек фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Қа-
зақ әдебиетінде ислам дінін кейде «дін мұсылман» деп те атайды. 
«Бұрынғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда 
Үш шарбаты үш кентті 
Ноғайлы деген жұрт өтті» (Батырлар жыры).
Мұхтасар رصتخم – кітаптың ықшамдалып, екшелген нұсқасы. Ислам дінінде 
әр ғылым саласы бойынша жазылған еңбектердің діни медреселерде оқытылатын 
ықшамдалған түрі болған. Сол кітаптарды «мұхтасар» кітаптар деп атайды. 
«Он төртте Мұхтасарды араладым
Әр баптан дәріс алып шамаладым» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Бұл жерде «Мұхтасар» кітабының әр бабынан, яғни тарауынан дәріс алған-
дығын баяндаған.
Мүбарак (мубарак) كرابم – құтты, берекелі.
Мүбәшәра. Сүйіншіленген. Араб тіліндегі نورشبم «сүйіншіленген» деген сөз-
ден алынған. Ол жаннатпен сүйіншіленген он сахабаның атымен қатар қолданыла-
ды.


187
«Бірақ әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді, ғашәрән-мүбәшәрадан 
қазрет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбудқас үшеуі де үлкен байлар 
еді» (Абай, Тол. жин.).
Мүмін (мумин) نمؤم – иман келтірген. «Мүмін» сөз термин ретінде иманның 
алты шартына сеніп, Аллаһтың және Мұхаммед пайғамбардың бұйрық-тыйымда-
рын сақтап, үлкен күнәлардан аулақ бола жүріп, игі амал істейтін адамға қолданы-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет