Мухитдинов на печать indd


Насара ىراصن – христиандар. Құран кәрім кітабында христиандар «насара»  деп аталған. Насиб



Pdf көрінісі
бет146/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Насара ىراصن – христиандар. Құран кәрім кітабында христиандар «насара» 
деп аталған.
Насиб بيصن – үлес, несібе. Мирас ілімінде қолданылатын термин. Қара: фард.
Насихат ةحيصن – насихат, үгіт. Араб тілінде «насихат» сөзі «адалдық»; «шын 
ықыластылық»; «дұрыстық» деген мағыналарды білдіреді.
Нашш شن – уқияның (күміс ақша) жартысы. Араб тілінде әр нәрсенің жарты-
сы «нашш» деп аталады.
Нафиғ. Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ол «Пайда беруші» де-
ген мағынаны білдіреді.
«Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим, 
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән 
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды» (Абай, Тол. жин.).
Нәби يبن – пайғамбар. Араб тіліндегі أبن (нәбә’ә) «маңызды хабар жеткізу» 
деген етістіктен шыққан «хабар жеткізуші» деген мағынаны беретін сөз. Аллаһ 
тағаланың әр қауымға дінді жаңартушы ретінде жіберген елшісі. «Нәби» сөзі кеңес 
үкіметіне дейін қазақ тілінде қолданыста болған. Кеңес үкіметі тұсында дінге қар-
сы жүргізілген саясаттың әсерінен қолданыс аясы тарылып, көнерген сөздердің қа-
тарында қалып қойған. Дегенмен тәуелсіздіктің арқасында діни әдебиеттер қазақ 
тіліне көптеп аударылып, бұл сөз қайта қолданысқа енді. «Нәби» сөзінің орнына 
«пайғамбар» сөзі жиі қолданылады. 
«Болғанда нәби мүрсал, һәм пайғамбар. 
Құлағың екі бірдей тұт сөзіне
Мухаммед дүр, ол – саруар, 
Аллаакбар» (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шығ.).
«Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді
Оларға кез кезімен нәби келеді. 
Қағида шариғаты өзгерсе де, 
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді» (Абай, Тол. жин.).
Ислам дініндегі түсінік бойынша, Аллаһ тағала Мұхаммед пайғамбарға дейін
әрбір қауымға Өзін танытатын елші, пайғамбар жіберіп отырған. Абай атамыз жоға-
рыда өлең жолдарында соны меңзеп «Оларға кез кезімен нәби» келді деп айтып жа-
тыр. Қара: елші.
Нәжәши – Эфиопия патшаларының атауы. Сира және ислам тарихына қатыс- 


191
ты кітаптарда жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет