Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет145/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Намазшам. Ақшам намазы. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың төртін-
шісі. Ол үш ракағат парыз, екі ракағат сүннеттен тұрады.
«Намазшам болды, күн батты, 
Құтпанның болды уақыты» (Алпамыс).
Ән-Нәфрул-әууәл لولأا رفنلا – ташриқтың екінші күні тас атып болғаннан ке- 
йін Минадан шығып кету. Қажыларға ташриқтың алғашқы екі күні үш жамаратқа 


189
тас атқаннан кейін Минадан кете беруге рұқсат етіледі. Сондықтан оны «ән-Нәфрул-
әууәл», яғни әуелгі (алғашқы, бірінші) қозғалыс деп атайды.
Ән-Нәфрус-сәни يناثلا رفنلا – ташиқтың барлық үш күнін Минада өткізіп, сол 
күндері жамараттарға тас атып, болғаннан кейін Минадан кету.
Набыт ету – ысырап қылу, далаға шашу.
Надандық – білімсіздік, білместік, топастық. Көптеген діни еңбектерде араб 
тіліндегі «жәһилият» сөзі қазақ тіліне «надандық» деп аударылып жүр.
Нағым жаннаты. Жаннаттың бірі. 
«Жанға рақат, айтқан сөзің қандай майда
Өзіңдей дананың бәрі болу қайда. 
Ұжмақтың Нағым атты хор қызындай
Әрзаман ғиш атадан болдық пайда» (Әріп Тәңірбергенов, Өлеңд.).
Нақақ – жазықсыз, жөнсіз. 
Нақақтан – жазықсыздан.
Нақли. Нақлият. Діни әдебиеттерде Құран мен сүннетте келген дәректерге 
қатысты қолданлады. 
«Афоризм дегеніміз әрі ықшам, әрі әсерлі тұжырым, анықтама, нақыл қа-
тарында қолданылады, қазақ тіліндегі нақыл, нақлият, ғақлият деген сөздермен 
мағыналас» (Қ.Сағындықов, Көсем.).
Намаз – тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, қиям, рукуғ, сәжде және 
отыру секілді ерекше қимылдар мен Құран аяттары мен арнайы дұғаларды оқудан 
тұратын ғибадат. Күніне бес рет намаз оқу Ислам дінінің басты құлшылығы болып 
табылады. 
«Бес намазын қоймаған
Бір Құдайды ойлаған, 
Қара басы хан болған
Байлығы жұртқа аң болған, 
Малы Алашқа таң болған 
Бозынбай атты бай болған» (Батырлар жыры).
«Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақыт бес намаз 
Біреуі қаза қалмасқа» (Бұхар жырау). 
Намаздыгер. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың үшіншісі. Ол «аср 
намазы» деп те аталады. «Намаздыгер намазының төрт ракәт парызы дәл бесін на-


190
мазының төрт ракәт парызы секілді оқылады. Айырмашылығы – намаздыгер нама-
зына ниет ету. Бұл намаз құпия оқылады» (Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбай, 
Ислам ғылымхалы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет