Мухитдинов на печать indd


Нифақ قافن – екіжүзділік. Қара: мұнафық. Нифас



Pdf көрінісі
бет148/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Нифақ قافن – екіжүзділік. Қара: мұнафық.
Нифас سافن – әйелдерде босанғаннан кейін қан келетін мерзім. Кейде нифас 
пен хайыз әйелдердің діни міндеттерін орындауда бірдей үкімге ие болғандықтан, 
екеуі бір-біріне ауыстырылып қолданыла береді. Нифас кезінде әйелдерге намаз 
оқуға, ораза ұстауға болмайды. Нифас кезіндегі намаздың қазасы өтелмейді, ал ора-
заның қазасы нифас хәлінен шыққаннан кейін өтеледі. «Нифас» сөзі араб тілінде 
«босану» деген мағына береді. Шариғатта босанғаннан кейін келетін қанды «нифас 
қаны» деп атайды.
Нубуат. Ақида ілімінің пайғамбарларды зерттейтін саласы. «Нубуа» сөзі 
араб тілінде «хабар», «нәби» сөзі «хабар әкелуші» деген мағына береді. Бұл салада 
пайғамбарлыққа қатысты мәселелер қамтылады.
Нубуат – пайғамбартану ілімі, пайғамбарларға қатысты міндет (уәжіп), қай-
шы (мұстахил) және мүмкін (жәйіз) мәселелерді қарастырады. (Р.Батталұлы, Құран 
эгзегетикасы).
Нушра ةرشن – сиқырланған адамнан сиқырдың күшін кетірудің тәсілі. Егер ол 
да сиқыр тәсілімен орындалатын болса, ол да сиқыр деп есептеледі және оған ша-
риғат тыйым салады. Ал егер шариғат көрсеткен жолмен орындалса, ол дұрыс деп 
есептеледі және осылай сиқырды емдеуге рұқсат етіледі. 
Нұр тауы. Мекке қаласына жақын маңдағы таудың аты. Мұхаммед пайғам-
барға пайғамбарлық келмей тұрғанда біраз уақыт осы Нұр тауындағы Хира үңгірін-
де жалғыз қалып Жаратушы туралы, өмірдің мәні туралы ойланатын болған. 
Нығмет ةمعن – игілік, ырыс, сыйлық, рақат. Аллаһтың берген нығметі – 
Аллаһтың берген сыйы, игілігі.


193
О
Ой-пікір мектебі يأرلا ةسردم – Куфа қаласы мен Ирак өңірінде өмір сүрген 
ғалымдардың шарғи үкім шығаруда ұстанған принциптерінің негізінде қалыптас- 
тан мектеп. Бұл мектеп өкілдері Құран мен сүннетте келген үкімдердің астарына 
үңіліп, ол үкімдердің себеп-салдарын терең зерттеп, соның негізінде өз ойларымен 
жаңа үкімдер құп көретін болған. Қара: хадис мектебі.
Ораза – Аллаһ ризалығы үшін ниет етіп, шынайы таң атқаннан (фәжр садиқ) 
күн батқанға дейін жыныстық қатынастан және тамақ ішіп-жеуден тыйылу. Ислам 
шариғатында денсаулығы жарайтын адамға ай күнтізбесі бойынша жылына бір рет 
рамазан айында ораза ұстау –парыз. Бұдан өзге нәпіл оразалар көп. «Ораза» сөзі 
араб тілінде «саум» немесе «сиям» деп аталады. Ол «бір нәрседен шектелу», «тый-
ылу» деген мағыналарды береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет