192
(Р.С.
Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
«Нисаб» термині ислам құқығындағы шарғи жазалар «Худуд» тарауында ұр-
лық жасаған адамға қол кесу жазасы бекітілуі үшін ұрланған мүліктің құнына да
қатысты қолданылады. Ислам құқығы бойынша ұрланған заттың құны алтын ди-
нардың төрттен бірінен немесе үш күміс дирһамға тең не одан көп болған жағдайда
ұрының қолын кесу жазасы тағайындалады. Осы мөлшер де «нисаб» деп аталады.
Нисаб әт-туһр رهطلا باصن – екі қайыз арасында әйел адамның жатырының
қаннан таза болатын мерзімі. «Туһр» сөзі араб тілінде «тазалық» деген мағына-
да, ал «нисаб» сөзі «мөлшер» деген мағынада. Сонда «нисаб әт-туһр» деген тіркес
қазақ тілінде «тазалық мөлшері» деген мағына береді. Яғни хайыз қаны келерден
бұрын кем дегенде он бес күн таза болу керек. Осы мерзімді фақиһтар «нибас әт-
туһр» деп атайды.
Истихада қаны болса, ол да нисаб әт-туһрға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: