Мухитдинов на печать indd


Парыз ету – міндеттеу. Пасық



Pdf көрінісі
бет150/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Парыз ету – міндеттеу.
Пасық قساف – бұзық, пасық адам. Шариғат талаптарын өрескел бұзатын адам.


196
Пасықтық – бұзықтық.
Пәни ينافلا – баянсыз, өткінші, алдамшы, жалған дүние.
Пәруардігер. Жаратушы. – Жаратқан пәруардігерінің атымен оқығын! 
«Ол кісілерді бір тамшы қаннан жаратты. Оқығын, Пәруардігерің қаламмен 
хат жазуды үйретті. Кісілерге білмеген нәрселерді үйретті» (Н.Рабғузи, Қисас-ул 
әнбия).
Пәтуа ىوتف – діни-құқықтық мәселе бойынша ғалым адамның шариғат не-
гізінде шығарған шешімі, үкімі.
Пейіш – жаннаттың бір атауы.
Пенде – біреуге тәуелді адам, құл. Бұл сөз көбіне «Аллаһтың құлы» мағына-
сында жалпы адам атаулыға олардың кемшіліктерін, шарасыздықтарын баяндай-
тын кезде қолданылады.
Перғаун نوعرف – діни еңбектерді бұл атау Аллаһтың елшісі Мусаның айтқан-
дарына қарсы келіп, өзін құдаймын деп, елге зәбір көрсеткен Мысыр елінің Муса 
пайғамбар кезіндегі патшасына қолданылады.
Пердаус. Фирдаус. Жаннат.
«Жәннатул пердаусиден қошқар келіп, 
Көңілі қызыл гүлдей өскен жері. 
Тауында сол Минаның құрбан шалып, 
Ысмағұл забихулла дескен жері. 
Қажылар, зиярат қып көріп қайттың, 
Көшпелі алтындардың көшкен жері» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Пері – жын. 
Періште – Аллаһтың нұрдан жаратқан, күнә істемейтін, тек қана Аллаһтың 
бұйрығын орындайтын, таңдау еркі жоқ жаратылыс иесі.
Пида – құрбан, садақа.
Пұт – мүшріктердің қолдан жасап алған, табынатын тас, ағаш мүсіндері.
Підия – құн. Қара: фидия. 
Пітір садақасы رطفلا ةقدص – қажетінен артық нисапқа толған байлығы және 
бас бостандығы бар әрбір мұсылманның ораза айт намазына дейін шығаруы тиіс 


197
уәжіп садақасы. Ол «пітір зекеті» деп те аталады. Оның мөлшері бір сағ бидай не 
бір сағ басқа азық түрімен есептеледі.
«Бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы: дүниеге қызықпай, ақиретке азық жи 
деу, ғұшыр, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға мал байлау, намаз оқу, ораза ұстау, 
қажыға бару жағынан ақыл айту бағыттары бәрінің де бірдей, бұл жағынан лақпай-
ды» (А.Байтұрсынұлы, Шығ.).


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет