Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет151/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Р
Рабб برلا – Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Мағынасы: Аллаһ барлық пен-
делерге қамқорлық жасап, олардың тағдырын басқаратын, игіліктер беретін Ие, 
Қожайын.
Раббани ينابر – тәңірлік дін жайлы ілімге ие болып, Аллаһқа қалтқысыз бой-
сұнатын адамдар.
Рабиғ 
غبار – Мысыр, Шам мемлекеттері мен Солтүстік Африка тарапында ор-
наласқан елдерден қажылық немесе умра өтеушілердің ихрам халіне өтетін Жухфа
миқатына жақын орналасқан қала. Қазіргі кезде адамдар Рабиғ қаласынан ихраға 
кіреді.
Рабиғ әл-ахир رخلآا عيبر – айлық күнтізбедегі 4-айдың атауы.
Рабиғ әл-әууәл لولأا عيبر – айлық күнтізбедегі 3-айдың аты.
Радаға ةعاضر – бала емізу, сүтбауырлық. Ислам шариғаты бойынша, екі 
жасқа толмаған сәбиді емізген әйел ол баланың өз анасы секілді үкімге ие болады. 
Сондықтан ол сәбиге оны емізген әйелдің балалары және басқа да туысқандары-
на өз бауырлары мен туысқандары сияқты үйлене алмайды. Ал мирас, қаражатпен 
қамтамасыз ету сияқты үкімдер сүтбауырлар арасында жүрмейді.
Радд در – қайтару, қабылдамау. Мирас ілімінде қайтыс болған адамның мұра-
сын бөліске салғанда асабалар болмай, тек қана фард иелері болған жағдайда, асл 
әл-мәсәлә ретінде алынған ортақ санның мөлшері олардың үлестерінен артық бол-
са, асл әл-мәсәләні қайта есептеп, оны фард иелеріне тиісінше бөліп беру «радд» 
деп аталады. Мұраны бұлайша үлестіру «әт-тәурис бир-радд» деп аталады.
Ражаб بجر – айлық күнтізбедегі 7-айдың аты.
Ражм مجرلا – зина жасаған үйленген адамды тасборан қылып өлтіру жазасы. 
Қара: тасборан.
Рай يأر – ой-пікірге сүйенген көзқарас, шешім. Қара: ой-пікір мектебі және 
хадис мектебі. 
Раййан نايرلا – жаннаттың ораза тұтқандар кіретін қақпасы.
Ракағат (ракат) ةعكر – белгілі бір іс-қимылдар жиынтығы мен Құран аятта-
рын оқудан тұратын намаздың бір бөлігі.


199
Рамазан (рамадан) ناضمر – һижра жыл санауы бойынша тоғызыншы ай. 
Ислам дінінде бұл айда ораза ұстау – парыз. Мұхаммед пайғамбарға Құранның 
алғашқы аяттары да осы айда түскен. Сондықтан бұл ай мұсылмандар үшін өте 
қадірлі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет