Мухитдинов на печать indd


Рауи يوارلا – хадисті риуаят еткен адам, риуаятшы. Раус



Pdf көрінісі
бет153/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Рауи يوارلا – хадисті риуаят еткен адам, риуаятшы.
Раус ثور – қашыр, ат және есектің тезегі, таһарат (тазалық) тарауында қолда-
нылады.
Рахман. Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ол «Пайда беруші» де-
ген мағынаны білдіреді.
«Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим, 
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән 
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды» (Абай, Тол. жин.). 
«Өлімге бердің басты ыңғайланып, 
Ақырет жабдығын жеп, соны ойланып. 
Ия Ғафур, ия Рахман деген Алла, 
Жүгірдің Байтулланы жеті айналып. 
Байтулла қара жабу төрт бұрышты
Көргенде Байтулланы көңілің өсті. 
Есіңнен мал, жан шығып кетіп еді-ау, 
Дариядан бері өткен соң, сонда түсті. 
Айналдың Байтулланы көбелектей, 
Қарамай жолдағыны баса көктей» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Рахим ٌم ِحر – туыстық байланыс, ағайындық қатынас. 
Рахим. ميحرلا Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ол «Пайда беруші» 
деген мағынаны білдіреді.
«Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим, 
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән 
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды» (Абай, Тол. жин.).
«Түзікті бейіске шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, 
пендесінің біреуін жақсылыққа мейірлендіріп, біреуін жаманшылыққа мейірлен-
діріп... тұрады екен. Осының бәрі Құдай тағаланың ғайыпсыз, мінсіз, ғафур ра-
химдағына, әділдігіне лайық келе ме?» (Абай, Тол. жин.).
Рәмл لمر – Қағбаны айналып тауап жасаған кезде алғашқы үш айналымда 
иықты селкілдетіп тез жүру.
Риба ابر – өсімқорлық, қарызға ақшаны үстеме пайыз қосып беру. Ақшаны 


201
қарызға өсіммен беру – өте жаман, харам, күнәлі іс. Рибаның екі түрі бар: 1) Риба 
ән-нәсия ةئيسنلا ابر – заттың біреуге белгілі бір уақыттан кейін артығымен қайтарылу 
шартымен берілуі немесе дәл осындай шартпен қарызды қайтару мерзімін ұзарту. 
Мысалы, қарыз беруші кісінің қарыздарға құны бес мың теңгелік затты бір айдан 
кейін қайтарсаң жеті мың, екі айдан кейін он екі мың етіп қайтарасың деп шарт 
қоюы. 
 Риба әл-фадл لضفلا ابر – заттардың немесе бір тектес құнды тауарлардың 
бір-біріне әртүрлі мөлшерде айырбасталуы. Мысалы, жаңа мың теңгені ескі мың 
бір жүз теңгеге немесе осы жылғы 1 тонна бидайды былтырғы 1,5 тонна бидайға, 
сапасы нашар 10 гр алтынды сапасы жоғары 8 гр алтынға айырбастау сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет