Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет177/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Тәуекел لكوتلا – пенденің барлық діни және дүниелік бастамаларында 
Аллаһ оны жақсылыққа жеткізіп, жамандық атаулыдан сақтайтынына бүкіл жан-
дүниесімен арқа сүйеп, үміт артуы және алдына қойған мақсатына жететініне нық 
сенімде болуы.
Тәуил.Тәуил – Құран кәрім аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың хадис- 
терінде бірнеше мағынаны қамтитын ұқсас (муташабиһ) сөздерді тілдік мағына-
ларын діннің усул мәселелері негізінде талдап, иман келтіру. Бұл – ақида ілімінде 
қолданылатын термин. 


229
Һижра жыл санауы бойынша, алғашқы үш ғасырдан кейін өмір сүрген халәф 
ғалымдарының көпшілігі осы ұстанымда болған. Бұл ұстаным бойынша, Жаратқан 
мен жаратылыс арасында тілдік тура мағыналарында ұқсастыққа алып баруы мүм-
кін сипаттарды жалпы «Аллаһ тағалаға ешнәрсе ұқсамайды» қағидасы негізінде 
түсініп, тілдік мағыналарына терең тоқталып, сол мағыналардың ішіндегі сөз са-
рынына сай жалпы ақидаға тура келетін мағынасына иман келтіру қажет.Сәләф 
имамдардың ұстанымы тафуид болып табылады, себебі олардың басым көпшілігі 
тафуид жасаған, бірақ кейбір мәселелерде тауил жасаған. Ал хәләф имамдардың 
ұстанымы тауил болып табылады, себебі басым көпшілігі тауил жасаған, бірақ 
тафуид жолын ұстанғандары да болған. Қалай болғанда да тафуид пен тауилдің 
екі жаққа да қатысы бар, әһлү-сүннет уәл жамағат ұстанымы болып саналады 
(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
«Кейін имамдарымыз тәуилді мүтәшәбиһ сипаттарды түсінуде әрі қарапайым 
халық мүтәшәбиһ аяттар мен хадистерді естігенде қате ұғып қалмауы үшін қолдан-
ды» (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Әт-Тәурис бир-рад درلاب ثيروتلا – қайтару бойынша мұраны үлеске салу. Қара: 
радд.
Тәхәюл لياحتلا – шариғаттың бір міндетін орындамау мақсатында айла қолда-
ну. Мысалы, ораза ұстамау үшін сапарға шығу, зекетті шығармас үшін малдарын 
сату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет