Мухитдинов на печать indd


Тозақ – Аллаһтың кәпірлерге, мұнафық екіжүзділерге арнап жаратқан о дү- ниедегі мәңгілік мекені.  Төрт имам



Pdf көрінісі
бет179/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Тозақ – Аллаһтың кәпірлерге, мұнафық екіжүзділерге арнап жаратқан о дү-
ниедегі мәңгілік мекені. 
Төрт имам
«Артынан келген төрт имам 
Мұсылман қарап іс қылар 
Имам Ағзам шамына» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Тура жол (һидая) – Аллаһтың игілігі мен марапатына апаратын жол. Тура 
жолмен жүру – ақиқатты біліп, соған сәйкес амал қылу; Аллаһқа және Оның елшісі-
не қалтқысыз, бұлжытпай бойсұну; 
Туһр رهطلا – қайыз қаны тоқтағаннан кейінгі тазалық. 
Тұрақсыз қарыз برطضملا نيدلا – қарызын өтеуге дәрменсіз (банкротқа ұшы-
раған) адамдағы қарыз, қарызға алған адамды таппай қалған жағдайдағы қарызды 
немесе қарызға алған адам тән алмай қойғанда және қарыз иесінің нақты дәлелі 
болмаған жағдайдағы қарыз. Мұндай жағдайда қарыз иесіне қарызын қайтарып 
алғанға дейін, оның зекетін шығару парыз емес.
Тізбек. Хадис ілімінде қолданылатын термин. Хадис жеткізуші рауилердің 


231
тізбегі. «Тізбек» сөзі соңғы оншақты жылдан бері ғана діни термин ретінде қолда-
ныла бастады. Негізі, хадистану ілімінде «тізбек» сөзінің орнына «сәнәд» сөзі қол-
данылады. Имам Ахмад ибн Ханбал (Алла оны рақымына бөлесін) (164–241 һ.ж.) 
сипаттар баяндалатын хадистер жайлы сұралғанда: «Қалай келсе, солай иман кел-
тіреміз, егер дұрыс тізбекпен келсе, олардың бірін де терістемейміз, Алла Өзін си-
паттағанынан артық сипатталмайды, шектелмейді. «Оған ұқсайтын, Ол сияқты еш 
нәрсе жоқ. Ол Алла әр нәрсені естуші, толық көруші», егер кім мұны тікелей, дәл 
мағынасында айтса, жаңалық енгізгені», – деп жауап берген (Р.Батталұлы, Құран 
эгзегетикасы).
Тіләуат қылу – Құран аяттарын оқу.


232
У
Уағыз ظعولا – үгіт, насихат.
Уадуд. Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ол «ізгі құлдарын жақсы 
көруші» деген мағынаны білдіреді.
«Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим, 
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән 
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды» (Абай, Тол. жин.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет