Мухитдинов на печать indd


Удуу ءوضولا – дәрет. Удхия



Pdf көрінісі
бет182/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Удуу ءوضولا – дәрет.
Удхия ةيحضلأا – құрбан айт кезінде Аллаһтың ризалығы үшін құрбандыққа 
шалынатын мал . «Удхия» сөзі араб тілінде духа (сәске) уақытында сойылатын құр-
бандық деген мағына береді. 
Уисал оразасы لاصولا موص – екі не одан да көп күн қатарынан аузын ашпай 
ораза ұстау. Яғни түнде де аузын ашпастан қатарынан екі не одан да көп күн ораза 
ұстау. Ислам шариғатында бұлай ораза ұстау – макруһ.
Уқия ةيقولأا – грамға тең салмақ өлшемі және 40 дирһамға тең күміс 
ділдә.
Улу әл-ғазм مظعلا ولوأ – ұлы бес пайғамбар. Олар: Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса 
және Мұхаммед (Аллаһтың оларға сәлемі мен салауаты болсын).
Умму әл-Китаб باتكلا مأ – Кітаптың анасы. «Фатиха» сүресінің бір атауы.
Умму әл-Қуран نآرقلا مأ – Құранның анасы. «Фатиха» сүресінің бір атауы. 
«Фатиха» сүресінде Құранның бүкіл мағынасы қамтылғандықтан осылай аталады.
Умра ةرمعلا – кіші қажылық, Қағба мешітін белгілі ғибадат түрін орындау 
мақсатымен зиярат ету. «Умра» сөзі араб тілінде «зиярат ету» деген мағынаны бе-
реді. Оны қажылық күндерінен басқа жылдың кез келген мезгілінде өтеуге болады. 
Умрада Минада түнеу, Арафат тауында тұру, Муздалифаға қону мен шайтанға тас 


235
ату және парыз тауабы секілді рәсімдер орындалмайды.
Әл-Уруату әл-усқа ىقثولا ةورعلا–ең берік тұтқа. Ислам дінінің теңеуі.
Усул. Негіз, іргетас. «усул» сөзі діни мәтіндерде бірнеше тіркестің құрамында 
келеді. Сол тіркеске қарата мағынасы анықталады. Ал жалпы «негіз» деген мағына-
да қолданылады.
Усул әд-дин. Діннің негізі. «Ақида» ілімін «усул әд-дин» деп те атайды. 
Усул әл-иғтиқад. Ақида іліміндегі негізгі мәселелер. Ақида негіздерінде 
(Усулул иғтиқад) ешқандай қарама-қайшылық (хилаф) болмайды. Ол Алланың бар-
лығы, бірлігі, жаратылған нәрселерге ұқсамауы, естуі, көруі, мәңгі бар екені сияқты 
негізгі мәселелерді қамтиды. Осы мәселелерде ижтиһад жүрмейді. Ал ақида тар-
мақтарына (Фуруғул иғтиқад) келсек, бұған байланысты ғалымдар арасында лаф-
зи (яғни сөздің қойылымы жағынан) қайшылық (әртүрлі пайымдаулар) бар. Сон-
дықтан бұл мәселелерде ғалымдар арасында ижтиһад болған (Р.Батталұлы, Құран 
эгзегетикасы).
Ухуд دحأ لبج – Мәдина маңындағы таудың аты. Осы таудың маңында мұсыл-
мандар меккеліктерден жеңіліске ұшырап, осы шайқаста жетпістен астам мұсыл-
ман шәһид болған.


236


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет