234
Уәли ІІ – бұл сөздің астарында өзінің тақуалығымен, барлық діни міндет-
терін мүлтіксіз орындауымен және мұнан да басқа көптеген игі істерді атқаруымен
ерекшеленетін адам меңзеледі. Бұл сөз араб тілінің үш түбірлі (уау, ләм және йә)
сөзінен тұрады. Осы түбірден туындаған өзге етістіктер де «жақын болу», «басқа-
ру», «дос пейілді қатынас ұстану», «көмек қолын созу» т.б. мағыналарды білдіреді.
Уәлиаталатын адам үнемі Аллаһқа ғибадат етіп, Оған бойсұнудан шет қалмайды
және Оған бағынбаушылыққа жол бермейді.
Уәсилә ةليسولا – тек Пайғамбарымызға арналған
жаннаттың ең жоғарғы
сатысы.
Бұл Уасилә – Жұмақтың ең жоғарғы дәрежесі. Әбу Хурайра (р.а.) Алла Ел-
шісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «
Мен үшін Уасиләні сұраңдар» . «
Уа, Алла
Елшісі, Уасилә деген не?» –
деп сұрағанда, ол (ﷺ) былай: «
Бұл – Жұмақтың ең
жоғары дәрежесі, ол тек біреуге ғана беріледі. Сол адам мен болармын деп үміт-
тенемін”, – деп жауап берген екен. Алла Елшісі (ﷺ) өзінің кішіпейілділігінен ғана
осылай жауап берген. Ал байыбына келгенде бұл орынға дәл соның лайық екенді-
гінде еш күмән жоқ (http://asyldin.kz).
Достарыңызбен бөлісу: