104
Ж
Әл-Жаббар – Аллаһ тағаланың есімі. Мағынасы: Паң; Түзетуші. Яғни Ол
мұқалған жүректерді тәртіпке келтіріп, түзетеді, әлсіздер мен дәрменсіздерді қол-
дап қуаттайды және Өз қамқорлығын паналағандарға жәрдем береді. Қазақ тілінде
дұға жасаған кезде Аллаһ тағалаға қарата «Жаббар Ием, Өзің жар бола көр!» деп
жиі қолданылады.
«- Жаббар Ием, Өзің жар бол! Құланжан мұндайға не амал бар? – деп жүдеген
үнмен сауал қойып, Орман шал мергенге жаутаңдай қарады» (А.Нұрманов, Құлан.).
«Сонда Тарғын сөйледі:
«Олайым да бұлайым,
Қолдай көр, Жаббар Құдайым!
Алты
мыңдай ауыр қол,
Өзіңнен медет болмаса,
Бұған не амал қылайын?...»(Батырлар жыры).
«Ахирет
жолын білсін деп,
Беріп едім молдаға.
Ат қызығын көрсін деп,
Мінгізіп едім жорғаға.
Артында
қалған сол залым
Қылмады дұға молама.
Не жазығым бар еді,
Жасаған Жаббар құдаға!» (Кердері
Әбубәкір, Қазағым).
Жазм مزجلا – нақты шешім. Хадис ілімінде қолданылатын термин. Хадис сә-
надтағы рауилердің арасын жалғастыратын сөздер «жазм» деп аталады. Мысалы:
لاق «айтты», ىور «риуаят етті», ءاج «жетті» және نع «пәленшеден» деген сияқты
екінші рауидің алғашқы рауиден хадисті анық алғандығын білдіретін сөздер. Бұл
сөздер көбінесе сахих (дұрыс, күшті) хадистер сәнадында қолданылады. Қара: قلعملا
әл-муғаллақ.
Жазмыш – тағдыр. Аллаһтың әрбір жаратылыстың маңдайына жазған тағды-
ры. Діни сенім бойныша, Алла тағала барлық жаратылыстың тағдырын әу бастан
ләух махфузға жазып қойған.
«Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында жазмыш туралы түсінік кең
орын алған» (ҚҰЭ).
Жазмыштан озмыш жоқ. Яғни тағдырға жазылғаннан озып кететін, оны өз-
гертетін нәрсе жоқ.
«Жазмыштан – озмыш озбас»
дегенді
Бекер деп пікір айту жарамайды.
105
«Алланың, адам басы добы» деген,
Қуса да қалай қарай домалайды» (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Жаид ديجلا – жақсы. Егер хасан ли зәтиһидің (өздігінен хасан, жарамды хадис)
дәрежесі сахих хадистің дәрежесіне жақындаса «жаид» деп аталады. Бұл жағдайда
жаид хадис сахих хадистен төмен дәрежеде болады (Р.Мухитдинов, Діни термин-
дер сөздігі).
Достарыңызбен бөлісу: