103
«Керейдің төрт биі: Көкен, Бейсенбі, Құлыбек, Топан деген адамдар.
Құнанбай Керейдің төрт би сайлағанын дәріптеп былай депті: Құдайдан түскен үл-
кен кітап төртеу еді: Таурат, Забур, Енжіл, Құран. Құдайдың ең жақын періштесі
төртеу еді: Жабырайыл, Ғазырайыл, Ысрафил, Микайыл. Мұрсал пайғамбарлар –
Құдайдың ең жақын досы – төртеу еді: Мұса, Дауыт, Ғайса, Мұхамбет. Мұхамбет
пайғамбардың серігі - төртеу еді: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали. Ислам дінін та-
ратқан имам төртеу еді: Ахмет, Мәлік, Шайхи, Ағызам» («Жұлдыз» ).
Ережеп. Ражаб. Ай күнтізбесі бойынша жетінші ай. Ол – ислам дінінде қаси-
етті саналатын төрт айдың бірі.
«Қасиетті ережеп айы өтіп, ауыз бекітер рамазан айы басталған» (С.Жүнісов,
Ақан Сері.).
Ешен. Ишан. Орта Азия мен Қазақстанда жиі қолданылатын діни лауазым.
Діни
ілімі терең, артынан ерген шәкірттері көп ғалымға қолданылған.
«Қаладағы қарақожа ешен ел аралап жүр екен. Қолы тисе, жарықтықты
Науатқа Құран түсіруге шақыру керек еді» (К.Баялиев, Дегелек.).
«Бабата тағы сондай сан ата бәрі де әулие ешендердің мазарлары орнаса да,
арғы
көне замандардан, әр дәуірден келе жатқан кәрі кенттер екені даусыз»
(М.Әуезов, Алғы шептегілер).
Достарыңызбен бөлісу: