118
еді: Жабырайыл, Ғазырайыл, Ысрафил, Микайыл. Мұрсал пайғамбарлар – Құдай-
дың ең жақын досы – төртеу еді: Мұса, Дауыт, Ғайса, Мұхамбет. Мұхамбет пайғам-
бардың серігі – төртеу еді: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали. Ислам дінін таратқан
имам төртеу еді: Ахмет, Мәлік, Шайхи, Ағызам» («Жұлдыз» ).
Заққум. Заққұм. موقز – тозақтағы күнәкарлар азық ететін жемісі удай ащы
ағаш. Алла тағала Құран кәрімде: «Негізінде, (тозақтағы) заққум ағашы – күнәһар-
дың тағамы! (Кәпірлердің) іштерінде балқыған жездей қайнайды, ыстық судың қай-
нағанындай! («Духан» сүресі, 43-аят).
Замана – мұсылмандық құқықтағы кепілдік түрі; қарыз алушы қарыз беруші-
ге қарызын уақтылы қайтара алмаған жағдайда қарыздар кісінің жауапкершілігін
басқа
біреудің өз мойнына алып, төлеуге міндеттенуі.
Достарыңызбен бөлісу: