116
қатысты ілім үйрену мен алған ілімді амалға қолдану және бұл ілімді басқаларға
жеткізуде көрініс табады. Шайтанмен күресу болса, ол шайтан адам көңіліне са-
латын күмәнділерге және шайтан әдемі көрсеткен шақуаттар мен ләззаттарға қар-
сы тұрудан тұрады. Кәпірлермен күрес қолмен(яғни соғыспен), қаржылай, тілмен
не жүрекпен(яғни олардың әрекеттеріне қатысты
ашық немесе құпия тілмен не
жүрекпен көзқарасын білдіру арқылы) іске асады. Ал зұлымдықтармен күрес ал-
дымен қол (яғни күш-қуат), сосын тіл, сосын барып жүрек арқылы болады», – деп
түсіндіреді. Демек, жиһад тек қарулы соғыстан тұрмайды, оның ауқымы кең. Ал
қарулы соғысқа келсек, ол ресми басшының бұйрығымен, шынайы ниет, түзу мақ-
сатта ғана дұрыс болып табылады. Бұған қоса қарияларды, әйелдер мен балаларды
және бейбіт дін қызметкерлерін өлтірмеу сияқты бірқатар тыйымдарды ұстану тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: