Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет81/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Жарылқау. Құдайдан жолы болсын деп, алдын ашсын деп дұға жасау.
«жағдайын жасау», «көмектесу», «бар нәрсеге қарық қылу» деген мағыналарда да 
қолданылады.
Жаһаннам منهج – тозақ атауларының бірі.
«Тілі оның жаһаннамның ғақырайындай, 
Секілді айыр ағаш сирақтары» (Ғашықтық дастандар). 
«Өтірік айтқан сөзінің расын сонда таба алмай, 
Аман-есен кетпексің жаһаннамға қамалмай» (Дулат Бабатайұлы, Замана 
сазы). 


113
«Біләлға әмір қылды, жұртты жиды,
Мешітке сахабалар жиылды енді.
Жаннаты мен жаһаннамнан хабар берді,
Қуантты дін мұсылман барша ерді.
Қорқытты бір Құданың ғазабынан, 
Әртүрлі калам сөйлеп, інжу терді» (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шығ.).
Жаһил. Жаһіл. Надан. Діни үкімдерден хабары жоқ, надан адам. Діни мәтін-
дерде исламға дейінгі арабтарға, исламға дейін өзге діндеболған адамға да қолда-
нылады. Қазақ әдебиетінде жалпы надан, ғылымнан, діннен хабары жоқ адамға да 
қолданылады.
«Білмейсің десең, жаһил ашуланбақ, 
Мін көріп білмегенді мойнына алмақ» 
(Ә.Тәңірбергенов, Ұмытпаңыздар мені).
«Ғалымның сөзін тұтпасын, 
жаһилдің жолын ұстасаң, 
Көретін шырақ шілде жоқ» (Қазақ ақындарының щығармалары). 
«Иә, ең үлкен қасіреттің бірі – қайтадан жаһил болу. Өйткені адамның нәпсісі 
– оның ең үлкен жауы. Адамның да, Алланың да жауы» («Парасат»).
«Азаматтармен әмра бол 
– Көп жегілген шығырға! 
Жаһілдің жаққан отына 
Отырып жақын жылынба! (Омар Шораяқов, Шығ.).
Жауһар. Ақида ілімінде қолданылатын термин. Араб тілінде رهوج «жауһар» 
сөзі «бір заттың негізін, түбірін немесе негізгі шыққан жерін» білдіреді. Мысалы: 
өте керемет жасалған затты негізі жақсы екен, яғни жауһары жақсы екен деп айты-
лады. Ал терминдік қолданыста «бөлінбейтін бөлшекті» айтады. Бұл термин ақида 
ілімінде қолданылады. 
Ол Құдай тағаланың затына байланысты зерттеулерде кездеседі. Ислам сенімі 
бойынша, Аллаһ жауһар емес, Оны бөлшектерден құралған деуге болмайды. Алла 
қандай да бір бөлшектерден, шектелулерден, белгілі бір тараптан немесе орныққан 
орны болудан, жаратылған нәрселерге ұқсаудан пәк (Р.Батталұлы, Құран эгзегети-
касы).
Жәбәл нур. Жаббалы нұр. Нұр тауы. Мұхаммед пайғамбарға ең алғашқы уахи 
түскен Хира үңгірі орналасқан тау. Ол Мекке қаласына жақын жерде орналасқан.
«Баршасын сіз келдіңіз тамам айлап, 
Ақыры зияраттың жаббалы нұр.
Дәлелдер басқыш болып оңыңызда, 
Бірге еріп періштелер соңыңызда» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Жәббар. Алла тааланың көркем есімдерінің бірі. Қара: әл-Жаббар.
«Жәббар құдай пана бер, 


114
Жалғыз жүрген балаға. 
Жалғызды құдай ала ма?» (Батырлар жыры). 
«Жалғызыма жар бол деп, 
Жад қылады Жәббар құдайды» (Батырлар жыры).
Жәбрия ةيربج – адасқан ағымның атауы. Бұл ағымның түсінігі бойынша, адам 
барлық амалдарын мәжбүрлі түрде жасайды, оның ешқандай еркіндігі мен ықтия-
ры жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет