Мухитдинов на печать indd


Жәбірейіл. Жебірейіл. Жәбірайыл. ليربج – пайғамбарларға Аллаһтан уахи  жеткізуші ең ұлы періште. Жәләл



Pdf көрінісі
бет82/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Жәбірейіл. Жебірейіл. Жәбірайыл. ليربج – пайғамбарларға Аллаһтан уахи 
жеткізуші ең ұлы періште.
Жәләл. Аллаһ тағаланы ұлықтау мақсатында айтылатын сөз. 
«Бисмиллә деп сөйлесем
Тілге жәрдем бере көр
Тіл жаратқан жәләлім. 
Жанға жәрдем бере гөр
Жан жаратқан жәләлім» (Үш ғасыр.).
Жәлләлә ةللاج – нәжіспен қоректенген мал.
Жәми мешіт عماجلا دجسملا – жұма намазы оқылатын үлкен мешіт. Қара: Жамиғ 
мешіт.
Жәрекімалла. Араб тіліндегі الله كمحري «ярхумука Аллаһ» сөзінен алынған. 
Мұсылмандық әдеп бойынша түшкірген адамның «Әлхамдулиллаһ» деп Аллаға 
айтқан мадағына «Алланың рақымы тисін» деген тілек мағынасындағы жауап сөз. 
Өйткені Мұхаммдед пайғамбар: «Түшкірген адам «әл-хамду лилләһ» десе, оған 
«ярхумука Аллаһ» деп айтыңдар», – деген. 
Жәһәләту әс-сахаби يباحصلا ةلاهج – сахабаны білмеу. Сахабалардың барлығы 
әділ және сенімді деп есептеледі. Сол үшін сәнадтағы сахабаны білмеудің еш зияны 
жоқ. Және ол хадистің сахихтығына әсер етпейді.
Жәһәлә ةلاهجلا – білместік. Хадис ілімінде қолданылатын термин. Ол рауи-
дің өзін немесе қал-жағдайын білмеу. Яғни ол рауи туралы жарх және таъдилда 
(сынау және ақтау) не айтылғандығын білмеу. Білместіктің екі түрі бар: لوهجم 
نيعلا (жажһул әл-айн) рауидің өзін білмеу және لاحلا لوهجم (мажһул әл-хәл) рауидің 
жағдайын білмеу. Рауиді білмеудің үш себебі болады: 1) Рауидің көп сипаттары 
болса. 2) Риуаяттары аз болса. 3) Рауидің атын ашып айтпаса. Егер де рауиден бір 
ғана адам (басқа рауи) риуаят етсе, оны «рауидің өзін білмеу» деп атаймыз. Егер де 
рауиден екі немесе одан да көп адам риуаят еткен болса, бірақ ол рауидің сенімді 


115
екендігі анықталмаған болса, «рауидің жағдайын білмеу» деп атаймыз. 
Жәһилия ةيلهاجلا – қараңғылық, надандық. Жәһилия заманы – Ислам діні кел-
генге дейінгі кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет