Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет391/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
452 
қарай өрлеуіне өзінің кеселін тигізіп отыр. Мұндай қиын жағдайда экзистенциализм 
ілімінің «әлеуметтік ахуалға» сілтегеннен гөрі, жеке тұлғаның ерікті іс-әрекетінен 
шығатын таңдауға, ал оның өзі белгілі бір жаңа ахуалды тудырып, өмірдің жаңа 
арнасын ашуының мүмкіндігін көрсетеді деген құнды пікіріне оқырманның назарын 
аударғымыз келеді. 
§ 6. XX ғ. діни философия 
XX ғ. ғылым мен техниқаның керемет жетістіктері - адамзаттың ғарышты игеріп өз 
пайдасына жаратуы, атомның ішкі орасан зор күш-қуатын адамзат игілігіне 
пайдалануы, осы екі мега-әлем мен микро-әлем арасындағы ашылған миллиондаған 
табиғат сырлары, бір қарағанда, діни философияны қоғамдық сананың шеңберінен 
алысқа ығыстырып тастаған болар деген ой келеді. Алайда мұндай пікір шындыққа сай 
келмейді, өйткені біздің жоғарыдағы ой-өрісіміз тек қана діннің гносеологиялық 
(танымдық) түп-тамырын ғана қамтыды. Ал оның өзін тереңірек қарар болсақ, «ұлы 
мәртебелі Табиғат» қаншама ішкі сырларын әлі де болса құлша сақтап, адамдарды 
адастыруда... 
Ал енді діннің әлеуметтік түп-тамырына келер болсақ, дүниедегі зұлымдықтың 
салмағы ең болмаса бір граммға кеміді ме екен?!! Хиросима мен Нагасаки, Бухенвальд 
трагедиясынан өткен адамзатқа мұндай сұрақты қоюдың өзі артығырақ болар. 
Енді діннін психологиялық түп-тамырын сараптасақ, біз жағдайдың бұрынғы 
дәуірлермен салыстырғанда өрши түскенін байқаймыз. Егер бұрын өлім мәселесі жеке 
адам толғанысының шеңберінен шықпаса, - қандай қантөгісті соғыс, я болмаса, 
эпидемия, жер сілкіну, топан-су болса да, бірде-бір адам бүкіл адамзат тарихының әрі 
қарай жалғаса береріне ешқандай күмән келтірмеген болса, - XX ғ. екінші жартысында 
ондай күдік пайда болып, өрши түсті (ядролық соғыстың салдарынан бүкіл жер 
бетіндегі тіршіліктің кұрып кету мүмкіндігі, сездірмей жақындап келе жатқан 
экологиялың апаттың үрейі т.с.с.). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет