Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет390/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
451 
Егер ол қатынастардан шыққанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, білу - 
«Сеннің» алшақтауына әкеліп соғады.
«Мен және Сеннің» қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге болады. Махаббат 
сезімі бүкіл дүниені өзінің сәулесімен жарқыратып, гүлдендіреді. Махаббат 
аясындағы адам қайсыбір адамды, жақсы мен жаманды, сұлу мен түрсізді, ақылды 
мен наданды -бәрін де ерекше «Сен» ретінде қарайды. Алайда адам болмысының 
трагедиясы - «Мен және Сеннің» қарым-қатынасының сарқылу, я болмаса құралға 
айналу мүмкіндігінде. 
Экзистенциализм философиясының ірі өкілінің бірі - Виктор Франкл. Ол қазіргі 
қоғамдағы адамдардың қасіреті - ноогендік невроздарда, яғни адамдардың өмір 
сүрудің мән-мағынасынан айырылып қалуында деген пікірге келеді. Соңғыны 
В.Франкл «экзистенциалдық вақуум» деген ұғыммен береді. Өз болмысының мән-
мағынасынан айырылып қалған кейбір адамдар, рухани жүдеуліктен арылу үшін 
«Құдайды іздеу» жолына түссе, екіншілер нашақорлық пен ішімдіктің сағымында 
жүреді, үшіншілер қоғамдағы тәртіпке қарсы бағытталган қылмыстық іс-әрекеттерге,
тертіншілер суицидке (өз-өзін өлтіру) дейін барады. Өзінің гуманистік
көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмірдегі ахуал қандай қиын болса да, тіпті
жазылмайтын сырқат, өлімнің өзі болмасын, адам ез өмірінін мән-мағынасын 
жоғалтпауы керек, -деген терең ойға келеді. Өзінің екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 
Бухенвальд қонцлагерінде болған экзистенциалдық тәжірибесін сараптай келе
В.Франкл тек қана өз өмірінің мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан
құлылғанын, ал өмірдің мән-мағынасын жоғалтқан кепшіліктің «малға ұқсайтын
тобырға» айналып кұрығанын айтады. 
Әрине, реформа барысындағы бүгінгі қиын-қыстау жағдайларда біршама адамдар 
бүрынғы ұстаған жан дуниесіндегі құндылықтардан айырылып, сонымен қатар жаңа 
құндылықтарды қабылдай алмай, экзистенциалдық вакуумде жүргендері баршамызға 
аян, мұның өзі неше түрлі «әлеуметтік ауытқудың» түрлерін туғызып, реформаның әрі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет