17
деп атайды. Ал осындай қасиет клетканың плазмалеммасының
бетінде жатқан химиялық қосылыстардың ерекшеліктерімен де
сипатталады.
1— жай байланыс, 2 — «қүлып» , 3 — тығыз түйықтаушы
байланыс, 4 — десмосома, 5—саңылаулы байланыс.
Клетка аралық байланыстардың механизмі əлі толық
зерттеліп біткен жоқ. Əйтсе де кейбір мəліметтер бойынша,
бұларды байланыстыратын плазмалеммадағы липопротеидтер
мен гликокаликс арасындағы өзара байланыстар екен.
Эмбриональды клеткалардың
плазмалемма мембраналарының
арасындағы осындай байланыстар саңылауы 20 нм
шамасыидай болады. Ал саңылаудын, əзі гликокаликске бай
болып келеді.
Атқаратын қызметтеріне қарай клетка байланыстарын
айырғыш, механикалык,, химиялық деп үш түрге бөледі.
Бірінші
топқа жай, «құлып» тəрізді жəне десмосом
байланыстары жатады. Екінші топқа тығыз байланыс,
үшіншісіне саңылау арқылы қосылатын байланыстар жатады.
Жай байланыс жолымен көптеген клеткалар қосылысады, мұнда
екі плазмалемманың арасындағы кеңістік 15—20 нм-ге дейін
барады. Плазмалеммаға
цитоплазма жағынан ешкандай
қосымша құрылыс келіп жалғаспайды. Тіпті байланыс
(«құлып»), əсіресе эпителий ұлпаларында көп кездеседі,
мұнда клетканың плазмалеммасы бір-біріне инвагинации жасап
қосылады. Десмосомды байланыста мембрана аралығында
тығыз орналасқан заттарға цитоплазма
жағынан электронды
тығыз орналасқан жіңішке талшықтар (тонофиб-риллдер) келіп
түйіседі. Десмосома аумағы 0,5 мкм ша-масындай. Десмосомдар
механикалық қызмет атқарады. Тығыз байланыста екі
плазмалемманың сыртқы беттері бір-біріне түйісіп қалыңдығы
2—3 нм-дей бір қабат түзеді. Бұл мембраналардың түйісетін
нүктелері болады. Тығыз десмосома
байланысын толық көру
үшін күрделі əдістер қолданылады (мембраналарды мұздатып
18
барып қақ бөледі). Сонда цитоплазма жағынан бұл аймаққа
көптеген жіңішке жіпшелердің орналасатынын көреміз. Тығыз
байланыстар арқылы молекулалар
мен иондар алмасуы
жүрмейді. Мұндай байланыстар эпителий, эндотелий жəне
мезенхима клеткаларының аралықтарынан байқалады.
Саңылаулы байланыстардың негізгі қызметі — клетка
аралық қатынастарды реттеу, атап айтқанда,
химиялық
заттардың алмасуын, əсіресе дамып келе жатқан клеткалардың
байланысын күшейтіп, төменгі молекулалы қосылыстардың бір
клеткадан екінші клеткаға өтуін реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: