Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет


Плазмалемманың тасымалдаушы қызметі



Pdf көрінісі
бет7/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
Гисто-Цито.книга

 
Плазмалемманың тасымалдаушы қызметі. 
Сыртқы ортадан клеткаға əр түрлі заттар енетінін атап 
кеттік. Үлкен молекулалар жай өтеді де, кіші молекулалар 
жылдам өтеді. Ең жылдам өтетін су жəне оның құрамындағы 


15
ерітінділер екен. Егер эритроцитті өзінің цитоплазмасынан гөрі 
шоғырлануы аз тұзды ерітіндіге салсақ, онда сыртқы ортадан су 
клеткаға көп енеді де клетканың көлемі өсіп, оның сыртқы
мембранасы жарылып кетеді. Керісінше, егер эритроцитті 
шоғырлануы көп тұзды суға салсақ, онда клеткадағы су бөлініп 
шығады да, ол қабысып, жиырылып қалады. Клетканың сыртқы 
мембранасында линопротеин қабатында «порлар» болады, олар 
арқылы иондар жəне сулар өтеді. Осы мембрана арқылы К+ ,
N+ катиондары аса жылдамдықпен жүреді. Мембрананың 
тасымалдау қызметі: иондар мен судың шоғырлануы көп 
ортадан шоғырлануы аз ортаға (пассивті тасымалдау), жəне 
керісінше, шоғырлануы аз заттың Шоғырлануы көп ортаға 
енуін (активті тасымалдау) реттеп отырады. Активті тасымалдау 
энергия жұмсау арқылы өтеді (АТФ), Қ+, Nа+ -иондарының 
шоғырлануын 
реттеп 
тұратын 
К+, Nа+—«насосы» 
плазмалеммаға орналасады. Осы «насостардың» жұмыстарын 
зерттеу үшін эритроцитті алуға болады. Бұл клеткада К+, Nа+ 
иондарының шоғырлануы қанның плазмасына карағанда 
өзгеше болады (бірақ концентрациясының жиынтығы 
шамалас, клетканың сыртында жəне ішінде изотониялы). 
Белоктар, нуклеин қышқылдары, майлар, ыдырап барып 
мономерлер түрінде ғана плазмалеммадан өте алады. 
Кейбір жағдайларда макромолекулалар немесе ірі 
түйіршіктер клеткаға эндоцитоз процесі арқылы өтуі мүмкін. 
Эндоцитозды фагоцитоз жəме пиноцитоз деп екі түрге бөлуге 
болады: фагоцитоз процесі дегеніміз клеткалардың ірі 
түйіршіктерді кабылдап цитоплазмасына өткізуі. Бұл процесті 
бірінші рет зерттеген орыс ғалымы — И. И. Мечников. 
Пиноцитоз процесінде клетка цитоплазмасына ерітінділерді 
қабылдайды. Плазмалемма арқылы ішінде сұйық заттары бар 
көпіршіктердің клеткаға өтуін пиноцинтоз деп атаймыз. 
Эндоцитоздың 
бірінші 
кезеңінде 
(адсобция) 
энергия 
жұмсалмайды. Сырттан келген көпіршіктер плазмалемманы 
итеріп, ойыс жасап барып өтеді немесе плазмалемма өсінділері 
біртіндеп клеткаға енеді, клеткаға енген көпіршіктер 
плазмалеммадан жеке бөлініп барып орналасады. Клеткаға 
түскен түйіршікті заттар лизосомадағы гидролаза ферменттер 
арқылы 
қорытылады. 
Пиноцинтоз 
процесін 
көптеген 


16
клеткалардан, яғни өзіне қоректік заттарды сіңіретін, мысалы 
ішек 
клеткаларынан(энтороциттер) 
байқауға 
болады. 
Энтороциттердің жоғарғы (апикальді) бөлімінде пиноцитоз 
көпіршіктері орналасады, олар клеткаға ыдырап майларды, 
кемірсуларды т. б. өткізіп отырады. 
Пиноцитоз процесі арқылы клеткара заттардың өтуін 
жануарлар клеткаларынан, жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден
төменгі 
саңырауқүлақтардан, 
қарапайымдардан, 
тіпті 
бактериялардан да байқауғра болады. 
Плазмалемма заттарды клеткадан шығаруға эндоцитозға 
қарама-қарсы процесте — экзоцитозда маңызды рөл атқарады. 
Мысалға 
əр 
түрлі 
белок 
молекулалары, 
ферменттер, 
мукополисахаридтер, май тамшылары экзоцитоз арқылы 
клеткадан шығарылады. Клеткадан көп мөлшерде шыққан 
ферменттер 
клетканың 
жоғарғы 
бетіндегі 
гликокаликс 
қабатында жиналады. Ферменттер биополимерлерді жəне 
органикалык қосылыстарды мембранадан тыс ыдыратуда үлкен 
қызмет атқарады. 
Əр түрлі иммунологиялық əдістердің көрсетуі бойынша 
клетканың 
үстіңгі 
бетінде 
(илазмалеммада) 
антигенді 
компонеттер шоғырланады, олар антиденелерге керісінше əсер 
етеді. 
Антигендер 
көмірсулардан, 
гликолипидтер 
мен 
гликопротеидтерден тұрады. Осы глипопротеид мембранасында 
құрамында активті заттар болатын (гормондар, медиаторлар) əр 
түрлі рецепторлар орналасады. Жануар организміндегі əр түрлі 
клеткалар əр түрлі рецепторлардың жиынтығына ие болады, 
басқаша айтқанда, бір рецепторлардың əр түрлі ссзгіштік 
қасиеттері болады. Осы рецепторлар арқылы клетканың «күй-
жағдайы» туралы хабарлар беріліп отырады. 
Қорытып айтқанда, рецепторлар физикалық əсерлерге 
төтеп беруімен, əрі ерекше заттарды байланыстыруымен қатар 
клетканың бетіндегі хабарды клетканың ішіне өткізу қызметін 
де атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет