Вегетативтік жүйке жүйесі Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерек- шеліктеріне байланысты денелік
және вегетативтік деп екіге бөледі.
Денелік жүйке жүйесі (ДЖЖ) қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы
ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет
болғандықтан денелік жүйке жүйесін кейде анимальдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі
(ВЖЖ) ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді. Бұл жүйенің аты латынның
vegetativus - өсу, өсімдік деген сөзінен алынған. Дегенмен де вегетативтік жүйке жүйесі тек өсімдіктерге тән
істерге ғана емес, ол жануарлар мен өсімдіктерге ортақ үрдістерге әсер етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері Вегетативтік жүйке жүйесін денелік жүйке жүйесімен салыстыра отырып, олардың морфологиялық
(құрылысындағы) және физиологиялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:
1. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын ве- гетативтік жүйке жүйесінің
нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан. Парасимпатикалық жүйке
жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде, ал
симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның кеуде-бел бөліміндегі сегменттердің бүйір ашасында орналасқан.
2. Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі
шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері - ағзалар ішіндегі
интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның
екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде
жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында - шапақ тәрізді түйін, шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың
орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік (ганглийге дейінгі) талшықтар деп аталады. Олар
серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді.
Екінші нейрондардың жүйке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады,
олар постганглийлік (ганглийден кейінгі) деп аталады.
3. Вегетативтік жүйке денелік жүйкеден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы миелинді,
оның диаметрі 3,5 мкм. Постганглийлік талшық миелинсіз, диаметрі 0,5-2 мкм. Парасимпатикалық
постганглийлік талшықтар өте қысқа болады.
4.Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.
Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:
1. Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан
ағзаларға жеткізеді (орталықтан тепкіш жүйкелер). Бірақ вегетативтік жүйкелер ішінде 10%-тей афференттік
жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағза қабылдағыштарынан орталыққа жеткізеді (орталыққа
тепкіш жүйкелер).
2. Вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне (СЖЖ) қарағанда
әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары. Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы - 3-8,
ал СЖЖ хронаксиясы - 0,04-0,75 с. ВЖЖ-нің лабилдігі - 10-15 гц, ал СЖЖ-де - 1000 гц. Осыған орай
рефрактерлік кезең ВЖЖ-де өте ұзақ.
3. ВЖЖ-нің талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. “В” тобына жататын миелинді талшықтарының
қозу өткізу жылдамдығы секундіне 3-18 мс, ал миелинсіз талшықтар “С” тобын құрады, олардың қозу өткізу
жылдамдығы 0,5-3 мс.
4.Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады (50-80 мс).
Денелік жүйке жүйесінде бұл потенциал 15-20 мс-тай. Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе
гиперполяризация фазасы өте созылыңқы келеді (300-1000 мс).
5. Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу: біріншіден, қозу жүйке талшықтарынан өте баяу
өтеді, екіншіден, түйіспелерде медиатор жәй бөлінеді және холиностеразаның белсенділігі төмен
болғандықтан келесі қозу кеш туады.
6.Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар - аце- тилхолин не адреналин бөлінеді.
Медиатордың түріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергиялық (ацетилхолин бөлетін) және
адренергиялық (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергиялық жүйкелер тобына:
1) парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер; 2) парасимпатикалық постганглийлік
жүйкелер; 3) симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүнкелері жатады. Адренергиялық жүйкелер
қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік
симпатикалық жүйкелер болады. Сонымен холинергиялық жүйкелер саны адренергиялық жүйкелер
санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар (серотонин, гистамин, АҮФ,
ГАМҚ т. б.) бөлінуі мүмкін.