Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Мидың түпкі (базалдық) түйіңдері



Pdf көрінісі
бет22/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Мидың түпкі (базалдық) түйіңдері 
Ми сыңарларының мандай бөлімінде, оның түп жағына жақын ақ заттар ішінде екі бөліктен тұратын 
сұр түйін - жолақты дене, солғын шар орналасқан. Бұлар таламус астындағы ядро (люкс денесі) және 
ортаңғы мидың дофаминэргиялық қара затымен қосылып, біртұтас стриопаллидарлық (жолақты жамылғы) 
жүйе құрады. 
Жолақты дене ұсақ нейрондардан құралған құйрықты ядро мен қабықтан тұрады. Бұл құрылымдарға ми 
қыртысының сезім-қимыл, көру, дыбыс есту аландарынан, таламустың бейарнамалы ядроларынан, қара 
заттың дофамин бөлетін құрылымдарынан афференттік серпіністер келеді. Ал солғын шар үлкен 
нейрондардан тұрады. Бұлардың талшықтары аралық ортаңғы мидың, әсіресе қызыл ядро арқылы 
стриопаллидарлық жүйенің эфференттік жұлынға баратын жолын құрады. Мұнымен қатар солғын шардың 
ішкі ядроларынан эфференттік серпіністер таламустың превентраль- дық және вентролатеральдық ядролары 
арқылы ми қыртысының қозғалыс алаңына барады. Сонымен жолақты дене мен солғын шар арқылы ми 
қыртысының сезім, қозғалыс аландары таламуспен ілмек тәрізді көптеген тура және кері байланыстар 
жасайды. Осылардың арқасында түпкі түйіндер ми қыртысының сезім және қимыл аландарымен қосылып 
мидың қимыл рефлекстерін үйлестіру (координациялау) қызметіне және ерікті, еріксіз әрекеттеріне 
қатысып, оларды бірлестіреді (интеграциялайды). 
Осы күнге дейін түпкі түйіндердің қызметтері туралы мәліметтер толық емес. Бірақ клиникалық 
бақылауларда ауру адамдарда кездесетін саусақтардың құрт тәрізді баяу еріксіз қимылдары (атетоз) және 
беттің мимикалық еттері мен аяққол еттерінің әлсін-әлсін қатты тартылуы (хорея) жолақты дененің 
паталогиясымен байланыстырылады. Паркинсон синдромы - акинезия, гипотонус, статикалык тремор 
(қимылдамаған кездегі діріл) бүкіл стриопаллидарлық жүйе қызметінің бұзылу белгілері екені туралы да 
пікір бар. 
Ал базалды ганглий құрылымдарының қызметтік маңызын анықтау үшін электрмен тітіркендіру немесе 
бөлек ядроны алып тастау тәжірибе нәтижелері кейде қарама-қарсы пікірлер тудырады. Олай болғанымен де 
клиникалық және маймылдарға койылған тәжірибелер солғын дене бұзылса, кимылдың азаятынын 
(гипокинез) және еттердің тонусы жоғарылайтынын (гипертонус) көрсетті. Бұл тәжірибелердің 
қорытындысын кесте арқылы көрсетсе жолақты дене мен солғын шардың қызметінде қарама-қарсылық 
байкалады. 
Жолақты дене филогенездік даму барысында кейін пайда болған құрылым және дофамин бөлетін 
құрылымдармен байланысты болғандықтан ол солғын шардың қызметін бақылап, тежеп отырады. 
Дофаминдердің әсерін тоқтататын зат қолданылса жолақты дененің солғын шарды тежейтін әсері тоқтайды. 
Жолақты дененің жеке ядроларын тітіркендірсе (мысалы құйрықты ядроны) бастың бірыңғай еріксіз 
қайталамалы қимылы байқалады, ал қабықты тітіркендірсе қолдың діріл қимылы (хорея) пайда болады. 
Құйрықты ядромен қабықты бұзса, қимыл созыңқы және жай болады (гипокинез), бет еттерінің ширақтығы 
жоғарылайды (гипертонус), мимика жоғалып адамның бет келбеті тостаған тәрізденеді. Жолақты дене 
қимыл бағдарламаларын жаттап алу, белгілі қимылдарға үйрену және есте сақтау үрдістеріне де қатысады. 
Бүкіл стриопаллидарлық жүйе адамның қимылымен байланысты бағытталған іс-әрекетінің бағдарламасын 
жасауға және іске асырылуын қамтамасыз етуіне қатысады. 
Лимбиялық жүйе 
Бұл жүйенің аты латынның limbus - жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми 
қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршаған құрылымдар жатады. Олардың көбі ми 
сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орналаскан: белдеуші қатпар теңіз жылқысы 
қатпары, миндаль (бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез, ғиппокамп, мамиллярлық дене. Бұл 
құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет жағынан таламустың алдынғы ядролары 
мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған 
құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігін көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин (америка 
ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді. 
Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың 
белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке 
тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді 
кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас 
қорыту ағзаларының қызметі, ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейіп, шайнау, жұту қимылдары пайда 
болады. Мұнымен қатар, қуық, жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялық 
жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Айтылған вегетативтік әсерленіс гипоталамусты 
жеке тітіркендіргенде кездесетін әсерленістерге ұқсас, дегенмен тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен 
вегетативтік әрекеттердің реттелуі гипоталамустан көп жоғары дәрежеде өтеді. 
Лимбиялық қыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаж- дығын қамтамасыз ететін ісәрекеті мен 
эмоцияның қалыптасуына қатысады. 
Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз апіу, ызалану, бой бермей 
шабуын жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын 
шабуыл жасауға әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның ас 


іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, 
вегетативтік және денелік, эндокриндік әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінін көрсетеді. 
Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гип- покампын алып тастаса, жақын арада 
болған барлық оқиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе
бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. 
Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудың нейрондар тізбектері арқылы айналып жүруіне 
керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің негізін құрады. Есте сақтау бұл 
гиппокамп пен жаңа қыртыстың қызметі. Гиппокамп арқылы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, 
маңдай бөлімдерімен байланысады. 
Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз 
байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру 
жұмыстарына қатысады. 
Ежелгі және ескі қыртыс 
Ми сыңарлары қыртысы алдыңғы мидың құрамына кіреді. Алдыңғы ми сұр және ақ құрылымдардан 
құралған екі үлкен жарты шардан тұрады. Бұлардың нейрондары (сұр құрылым) шардың сыртына (бет 
жағына) жиналып қалындығы 1,5-3 мм қыртыс қабатын құрады. Ал шардың ішін ақ құрылым — ми 
қыртысы нейрондарының талшықтары және ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерін, жұлынды 
байланыстыратын талшықтар толтырады. Бұлар атқаратын қызметтеріне байланысты ассоциативтік 
(ұластырушы), комиссуралдық (байланыстырушы), проекциялық (жобаланыс) болып үш топқа бөлінеді. 
Ассоциативтік қысқа талшықтар жарты шардың бір бөлімінің нейрондарын бір-бірімен, ал ұзын 
талшықтар әртүрлі бөлімінің нейрондарын ұластырады. 
Комиссуралдық талшықтар сүйелді дене арқылы өтіп, екі жарты шарды, әсіресе олардың аттас 
бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 
Проекциялық талшықтар ми қыртысымен мидың төменгі бөлімдерін, жұлынды афференттік және 
эфференттік жүйкелер арқылы байланыстырады. 
Адамның ми қыртысында 12-18 миллиардқа жуық нейрондар бар. Олар құрылымдық және әрекеттік 
ерекшеліктеріне қарай 6 қабат кұрады; молекулярлық (I), сыртқы түйіршікті (П), ұсақ пирамидтік (Ш), ішкі 
түйіршікті (IV), үлкен пирамидтік (V), полиморфтық (VI) жасушалар. 
Нейрондық қабаттар ми қыртысының барлық аймағында біркелкі болғанмен ондағы нейрондардың 
саны, түрі, көлемі, пішіні, дендриттерінің бұтақтары әртүрлі. Мәселен, үлкен пирамидтік нейрондар 
моторлық аймақта көп болса, кіші пирамидтік және түйіршікті жасушалар (Ш-ІV қабат) сезімдік аймақта 
басымырақ болады. Демек, ми қыртысы бірыңғай қызметті (эквипотенциалдық) құрылым емес. Бұл пікір 
түрлі әдістер қолданылған тәжірибелер арқылы дәлелденді және ми қыртысының цитоархитектоникалық 
қартасы жасалды. Бұл қартада адамның ми қыртысы 52 морфофункцияық алаңға бөлінді (Бродман). 
Ми сыңарларының қыртысы 
Ми сыңарлары қыртысы тарихи дамуына байланысты ескі (көне) (архикортекс), ежелгі (палеокортекс) 
және жаңа қыртыс (неокортекс) болып үш бөлімге бөлінеді. Ежелгі қыртыс құрамына иіс төмпешігі, бадам 
тәрізді дененің сыртындағы аудан және латералдық иіс қатпары кіретін болса, ескі қыртысқа үлкен шардың 
ішкі бетіндегі құрылымдар; белдеу қатпар), гиппокамп, тісті қатпар және ішкерленіс иіс пен иіңді қатпар 
жатады. 
Ежелгі қыртыс иісті қабылдаумен қатар оған байланысты сақтық иіс-әрекетін қамтамасыз етеді. 
Ескі қыртыс вегетативтік әрекеттерді реттейді және тағамдық, жы- ныстық, қорғаныс инстинктердің 
орындалуын іске асырады. Эмоцияны қалыптастыруға және мидың еске сақтау қызметіне де қатысады. 
Ежелгі және ескі қыртыс гипоталамус, торлы құрылым бірігіп лим- биялық жүйе құрайды. Ол жүйе 
гомеостазды, жануарлар түрін, өзін-өзі сақтау қызметін де орындайды. 
Жаңа қыртыс. Ондағы әрекеттік аймақтар мен орталықтар 
Адамның екі жарты шары қыртысының 96%-ы жаңа қыртыс. Жо- ғарыда көрсетілген 6-шы қабат 
құратын нейрондық құрылым жаңа қыртысқа тән. 
Жаңа қыртыстың әрекеттік маңызы өте күрделі, ол туралы мәлімет- тер осы оқулықтың жоғары жүйке 
іс-әрекеті тарауында берілді. Бұл арада И.П. Павловтың ми кыртысы қызметі туралы белгілі қысқа 
анықтамасын еске түсірғен жөн. И.П. Павловтың айтуынша ми қыртысы организм тірлігінің ең жоғары 
басқарушысы және орнын тауып ұйымдастырушысы. Осыған орай әрекеттердің жаңа қыртыстағы орны 
(орталығы) туралы зерттеулер жүргізілді. 
Ми қыртысы бірнеше әрекеттік аймаққа (зонаға) бөлінеді. Ми сыңарларының сезімдік (сенсорлық) 
аймағы қыртыстың әжептәуір бөлігін қамтиды. Бұлар көбінесе шеттегі қабылдағыштардың ми 
қыртысындағы проекция орны. Мидың әр сыңарының артқы орталық қатпарында денелік (тері, ет, буын 
қабылдағыштары) және вегетативтік сезім проекциясы орналасқан. Мұны І-ші денелік- сезімдік аймақ деп 
атайды, Ал ІІ-ші сезімдік аймақ І-аймақтан ішкері, Сильвиев санынан тысқары орналасқан. Оған 
таламустың артқы және вентральдық арнамалы ядроларынан мәліметтер келіп түседі. 
Денелік-сезімдік аймақтарда талдау, бірлестіру және тітіркендіргіштің әсеріне, әсер еткен қабылдау 
аясына байланысты түйсік дәрежесі өзгерістерін анықтау үрдістері жүреді. Мидың шүйде бөлігінің ішкі 
бетінде тепкі сайы тұсында, 17, 18, 19 алаңда көздің торлы қабығының проекциялық алаңы орналасқан. 6, 7, 
8 аймақтарда дәм, иіс, ішкі ағзалардың хеморецепторларының проекция аймақтары бар. 


Есту аймағы 41 және 42 аландарында негізінен жоғарғы самай бөлігінің латеральдық сайында, ал 
көлденең қатпарының 20-21 алаңдарында сезімдік сөйлеу, тіл орталығы (Вернике) орын алған. 
Моторлық сөйлеу орталығы сол жақ жарты шардың маңдай бөлімінің төменгі қатпарында орналасқан. 
Бұл орталық бұзылса адам сөйлей алмайды, бірақ басқалардың сөзін естиді және түсінеді. 
Моторлық аймақ организмнің ерікті қозғалыстарын қамтамасыз ететін орталық алдыңғы орталық 
қатпарда 4-6 аланда орналасқан. Ми сыңарларының ішкі бетінде және мандай бөлімінде қосымша моторлық 
аймақ бар. 
Мидың екі жарты шарының қызметі бірдей еместігін 1981 жылы Роджерс Спери (Нобель сыйлығының 
лауреаты) дәлелдеп берді. 
Спери мидың сол жақ қыртысы көбінесе екінші сигналдық жүйе қызметін атқарады, яғни сөйлеу, санау, 
дерексіз ой, дүние тану, пікір тудыру, келешекті болжау. Мұнымен қатар сөйлеу мен қозғалыс қимылдарды 
үйлестіру қызметін атқарады. Мидың бұл сыңарын дүние тану қызметіне байланысты “оптимист ми” деп 
сипаттайды. 
Мидың оң жақ сыңарының қызметі музыканы түсіну, көргенді дәл суреттеу, сыртқы ортаға бейімдеу, 
бағдарламалық және қабылдағыштардан түскен хабарларға байланысты ой, пікір тудыру, өткен-кеткен 
оқиғаларға қарайлау. Бұл мидың қызметі көбінесе мидың сезімдік аймағымен байланысты. Мидың оң 
сыңарын көбінесе “пессимист” ми деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет