Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет17/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Ми, оның бөлімдері 
Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Құрылымдық 
айырмашылықтарына, даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялық және клиникалық 
талдау жұмысын жеңілдету үшін ми артқы ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми деп аталатын 
бес бөлікке бөлінеді. Артқы ми құрамына сопақша ми мен варолий көпірі, ортаңғы ми құрамына қызыл 
ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым, аралық миға - көру төмпешігі көру төмпешігі 


астындағы құрылым, алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты түпкі (базальдық) 
ядролар кіреді. 
Сопақша ми мен көпір, ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанының құрады. 
Сопақша ми 
Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ заттардан тұрады. Алайда ондағы сұр зат, 
жұлындағыдай бірақ жерге топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген 
ядроларға, қызметі әртүрлі орталықтарға айналған. Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар 
қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа 
бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары 
осы мида бір-бірімен қиылысып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң 
жаққа шығады. Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрондардан тұрады, рефлекстік қызмет атқарады. Бас 
сүйектен шығатын 12 жұп ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII, ЕХ, X, XI, XII) ядролары мен бірқатар аса 
маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін реттеуде маңызды рөл атқаратын 
торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан. Сопақша мидың нейрон шоғырлары (жүйке орталықтары) 
адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын алады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңітетін, 
жүрек соғуын баяулатып сирететін (тежейтін) тіршіліктік орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса 
да адам өледі. Сопақша мида сондай-ақ көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу түшкіру, тер 
шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін 
шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Бұл орталықтардың да өмірді сақтауда маңызы аз емес. 
Мәселен, эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса (бульбарлық паралич) жаңа туған бала анасын 
емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш арқылы қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге 
құйылады да, бала өкпесі қабынып және ашығып өледі. Сопақша мидың мойын және көз еттерінің тонусын 
өзгертетін көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бірге статикалық және 
статокинетикалық (вестибулярлық) рефлекстерге қатысады. 
Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады; а) жұ- лын қызметін күшейтіп не 
әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы кұрылымымен бірге мидың басқа 
бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер. 
Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы 
әсер ете алады. Ми қыртысының сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген 
мысалдардан көруге болады. Емізер алдында баланың жаялығын құрғатып құндақтап отырса, балада осы 
қимыл әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндақтай бастасымен онда ему рефлексі басталады. 
Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан көруге болады. Аузына ас аларда оның шірік 
иісін сезсе, шірік-ау деген ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті құсуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе гипноз 
(иландыру) жағдайында анық байқалады. Артистер сахнада жүріп, қажет болса көз жасын төгіп жылай 
алады. Бұл айтылғандар сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді. 
Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. 
Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ зат негізінен жұлынның жоғары өрлеуші 
және мидың жұлынға қарай (төмен) құлдыраушы жолдары. 
Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек-ми 
жүйкелерінің V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс 
орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. 
Бұлармен қатар көпірде дем алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратын пневмотаксис орталық пен 
тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейзистік орталық орналасқан. 
Мишық 
Әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында, сопақша мидың үстінде орналасқан қос жарты 
шардан және ортаңғы бөліктен тұрады. Бұл жарты шарда қалындығы 1-2,5 мм жұқа қыртыс қабығы, ақ 
заттың ішінде теңбілденіп сұр заттар — ядролар бар. Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен 
төменгі, ортаңғы, жоғарғы аяқшалары арқыпы жалғасқан. Осы аяқшалар арқылы, жұлыннан, кіреберіс 
(вестибула) ядролардан, торлы құрылымнан келіп түсетін серпіністер мишыққа тоғысады. Мишықтан 
шыққан эфференттік талшықтар одан әрі ми қыртысына, қыртыс астындағы ядроларға, ми бағанының торлы 
құрылымына, көру төмпешігіне, қызыл ядроға, сопақша миға, жұлынға жетқізіп тұрады. Ми қыртысының 
және мишықтың қозғалтқыш аймақтары өзара тығыз байланыста болады. Сонымен жоғарыда айтылғандай 
мишық мидың барлық бөлімдерімен қызметтес мүше. 
Мишықтың ең бас қызметі - адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттерді 
үйлестіріп отыру. Қандай да болсын қимыл-әрекеттің дәлме-дәл орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа 
байланысты. Алайда мишық қызметі толық бұзылса да, тіршіліқ тоқтамайды, ал мишық біртіндеп көп 
жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері, әсіресе ми қыртысы өзіне алып 
қимыл әрекеттерін түзете алады. 
Тәжірибе жасап (Л. Лючиани, XIX ғасыр) белгілі бір жануардың мишығын жартылай не түгелдей алып 
тастаса, дененің қимыл-әрекеті әжептәуір бұзылатыны айқын көзге түседі. Адамның мишығына кенеттен 
қан құйылса да осылай болады. Иттің мишығын мүлде алып тастаса атаксияға (жүріс-тұрыстың бүлінуі) 
ұшырайды: ол жүрген кезде тәлтіректейді, теңселеді (мас адам сияқты) сирақтарын адуындап алшақ басады. 
Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдында, соңында еріксіз және керексіз қимылдар (астазия) жасайды - 
теңселіп, шайқалады. Дене еттері солғын тартып қүшінен (астения), табиғи тонусынан айырылады (атония), 


дәлірек айтсақ дистония туады, яғни ет топтары тонусының біркелкілігі, осыған орай қимылдың да 
біркелкілігі (дәлдігі) бұзылады (дисметрия) және дененің екі жағыңдағы бірыңғай еттер қимылының 
біркелкілігі бұзылады (асинергия). Әсіресе өте тез орындауды қалайтын мақсатқа сәйкес қимыл-әрекеттері 
орындалмайды (адиадохокинез). Мишығы зақымдалған адам әдеттегіден желдіріп табиғи екпінмен сөйлей 
алмайды: біресе жай, біресе созып, біресе жедел сөйлейді, оның дауысы бірде қатты, бірде ақырын шығады 
(дизартрия). 
Мишықтың бір жақ жартысың алып тасталса, сол жақтың ғана қимылы өзгереді. Өйткені жұлынға 
барар жолда мишықтың жүйке талшықтары екі жерде, яғни қызыл ядродан жоғары және одан төмен жерде 
(Форель түйіспесінде) қиылысып мишықтың бір жағынан екінші жағына өтеді. 
Денесінің бір жағы ғана гипотонияға ұшырауына байланысты жануар зақымданған жағына қарай 
айнала береді. Өйткені сау жағында адымы әдеттегіден әлдеқайда ұзарыңқы болады. Жоғарыда келтірілген 
мысалдар мишық өте нәзік шебер қимылдар жасап, олардың дәл орындалуын қамтамасыз ететінін көрсетеді. 
Мишық қыртысында дененің әрбір етімен байланысқан аймақтар бар. Бұлар қызметі жағынан ми 
қыртысының дәл осындай қимыл (моторлық) аймағымен тығыз байланысқан. Мишық жұлынмен торлы 
құрылым, қызыл ядро, Дейтерс ядролары арқылы байланысқан. Мишықтың көзбен, құлақпен байланысқан 
ядролары да бар. 
Академик Орбели мишықтың вегетативтік қызметтерді реттеуге де қатысатынын көрсетті. Оның кейбір 
бөліктерін электр тогымен тітіркендірсе, ішек жиырылуы, сөл шығару, қоректік заттардың ішектен қанға 
сіңуі, қандағы қант деңгейі, тер шығуы өзгереді. Мишық сондай-ақ сопақша мидағы вестибулярлық 
ядролармен де тығыз байланысты. Маймылға тәжірибе жасап, оның мишығын алып тастаса, дене тепе-
теңдігі бұзылады (дисэквилибирация). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет