әрдайым қарсылас (антогонистік)
әсер ете бермейді, кейде антогонизм - абсолюттік емес. Мәселен, ішек
жиырылуы күшейіп кетсе, симпатикалық жүнке оны әлсіретеді не тоқтатады, ал ол әлсіреген сәтте әсер етсе,
онда ішек қимылы жиілеп күшейе бастайды, басқаша айтқанда жүнке әсері ішектің бастапқы қызмет
жағдайына байланысты. Мұнда абсолюттік антогонизм жоқ. Кейде қарама-қарсылық бар сияқты болып
көрінеді, бірақ әсер механизмінде бірлік байқалады.
Симпатикалық жүйке
көздің қарашығын кеңейтеді, ал парасимпа- тикалық жүйке оны тарылтады.
Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық, бірақ парасимпатикалық жүйке де симпатикалық жүйке де көз
қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді жиырылтады. Симпатикалық жүйке жиырылтып көз қарашығын
үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке жиырылтып көз қарашығын кішірейтеді (тарылтады). Сонымен көз
қарашығының үлкеюі және кішіреюі осы маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс. Бұл,
механизмде антогонизмнің
жоқтығын, керісінше, бірлік барын көрсетеді. Тағы да бір мысал. Вегетативтік
жүйке жүйесі бөлімдеріне - синергизм (қосарлас), яғни бірыңғай қимып жасау тән. Сілекей бөлінуін
симпатикалық жүйке де, парасимпатикалық жүйке де үдетеді, екеуі де секрециялық жүйке.
Кейде вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөлінетін медиаторлардың және бұлармен
әрекеттесетін қабылдағыштар түріне, сондай-ақ дәнекерші заттарды
ыдырататын ферменттердің
белсенділігіне байланысты.
Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау), ал
парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) үрдістерін күшейтеді; симпатикалық жүйке зат алмасу
қарқынын күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше оны төмендетеді.
Симпатикалық жүйке трофикалық (нәрлендіру) әсер етеді. Мұны бірінші рет тәжірибе жүзінде И.П.
Павлов дәлелдеп берді. Жүрек лүпілін күшейтетін жүйкені ол нәрлендіруші жүйке деп атады.
Симпатикалық жүйке жүйесінің нәрлендіру әсерін кейін Л.А. Орбели, А.Д. Сперанский зерттеді. Жүйке
жүйесінің нәрлендіру әсері әлсіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін. ВЖЖ
әрекеттерді, заттар алмасуы мен қоректенуді өзгерту арқылы да реттейді.
Жұлынның сегізкөз тұстас тармақтарында (сегменттерінде) тіршілік етуге өте-мөте қажет әрекеттерді
қамтамасыз ететін зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі орталықтағы
басқа бөлімдермен бірлесіп, адамның көңіл-күйін (эмоция)
қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны - адреналин көбейеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі атқаратын қызметтердің бірі - шеткі рефлекстер тууын қамтамасыз ету.
Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар:
1) Висцеро-висцеральдық (ағза-ағзалық) рефлекстер. Белгілі бір интероқабылдағышды тітіркендірсе,
екінші бір ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтың кілегейлі қабығын тітіркендірсе
жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін.
2) Висцеродермалық (ағза-тері) рефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза қабылдағышын тітіркендірсе, терінің
белгілі бір нүктесінің сезімталдығы шектен тыс күшейеді. Мәселен, қарынның кілегейлі кабығында жара
болса, адамның 12-ші кеуде омыртқасының артқы өскіні тұсындағы тері өте сезімтал болады да басқан кезде
қатты ауырады. Ауруды анықтауда мұндай рефлекстердің үлкен маңызы бар.
3) Дермовисцеральдық (тері-ағза) рефлекстер. Әрбір ішкі ағзаның тері бетімен байланысқан жері бар.
Сол жерге әсер етсе, онымен байланыскан ағзаның қызметі өзгереді. Мәселен, жылытса,
мұз қойса, ол
ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді.
Жатьфдың жиьфылуын күшейтіп, оның қан тамырларын тарылту үшін қүрсақтың (іштің) төменгі
жағына мұз қояды.
Вегетативтік шеткі рефлекстер жануардың жұлынын алып таста- ғанда да сақталады. Сондықтан бұлар
вегетативтік түйіндердің қатысуымен орындалуы мүмкін. Кейбіреулердің пікірі бойынша, шеткі рефлекстер
тек аксон тармақтары арқылы да орындалады.
Вегетативтік жүйке жүйесі бір кезде автономиялық жүйе деп аталатын. Өйткені ішкі ағзалардың
қызметін адам өз еркімен өзгерте алмайды. Адамның еркі (қалауы) — ми қыртысының қызметі, сондықтан
ми қыртысы вегетативтік әрекеттерге әсер етпейді деп есептелетін.
И.П. Павлов лабораториясында академик К.М. Быков басқарған ғалымдар ми қыртысының адам
денесіндегі барлық ағзаларға, олардағы үрдістерге әсер ете алатынын шартты рефлекс әдісімен және гипноз
қолдана отырып, дәлелдеп берді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің
қызметін гипоталамус, ескі және жаңа ми қыртысының нейрондары
бақылайды.
Вегетативтік жүйке жүйесі шеткі ағзалар қызметіне, зат алмасуына ішкі секрециялық (эндокриндік)
бездер арқылы да әсер ете алады.
Ішкі ағзалардағы вегетативтік ганглийлерді олардың орталық симпатикалық бөлім деп атайды да ВЖЖ
симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық деп үш бөлімге бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: