Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Жаңа туған баланың бірінші рет тыныс алу себептері



Pdf көрінісі
бет44/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Жаңа туған баланың бірінші рет тыныс алу себептері 
Бала анасының ішінде жатқанда оның газ алмасу процесі кіндік арқылы, яғни анасының қанымен тығыз 
байланысты болады. Бала шыр етіп жерге түскенде, бұл байланыс үзіледі де, баланың оттегіне мұқтаждығы 
артып, қанда көмір қышқыл газының концентрациясы молаяды, ол тыныс алу орталығын қоздырады, сөйтіп 
бала алғаш рет тыныс алады. 


Бұл процесс басталу үшін эмбриональдық тыныс алу кенеттен тоқтап, кіндік тамырлары бірден қысылу 
керек, ал егер, кіндік тамырлары бірден қысылмай бірте-бірте қысылса, тыныс алу орталығы қозбайды 
да, бала тұншығып өледі. 
Т ы н ы с а л у д ы ң х и м и з м і . Қанда азот (N), оттегі (0
2
), көмір қышқыл газы (С0
2
), аздаған 
аргон (Аг) ізі, көміртегі тотығы (СО) және метан (СН
4
) т. б. заттар болады. 
Азоттың мөлшері артерия қанында да, вена қанында да, бірдей болады. Азот (N) газ алмасу процесіне 
қатыспайды. 
Оттегі (0
2
) артерия қанында 96%, ал вена қанында— 66% болады. Дененің температурасы қалыпты 
жағдайда альвеола ауасында оттегі қысымы 107 мм с. б. болғанда 100 г қан 0,31 мл оттегін еріте алады. 
Сонда организмге қажетті барлық оттегінің тек қана 0,3 процентін қан физикалық ерітінді күйінде жеткізсе, 
ал қалған 97 пронентін гемоглобинмен химиялық қосылыс күйінде жеткізеді. 
Көмір қышқыл. газының (С0
2
) қандағы ерігіштігі оттегі ерігіштігінен басым болады. Қанда көмір 
қышқыл газының шамасы өзінің ерігіштігінен 17—18 есе көп болса да, қандағы көмір қышқыл газының 
көпшілігі ерімейтін химиялық көмір қышқыл газының байланыстары күйінде болады. 
Т ы н ы с а л ғ а н д а к і р г е н , т ы н ы с ш ы ғ а р у к е з і н д е ш ы қ қ а н а у а және 
а л ь в е о л ауасының құрамы. Тыныс алғанда кірген атмосфера ауасының құрамы біршама тұрақты 
болады. Құрамында 20,93% оттегі, 0,03%— көмір қышқыл газ және 79,03% азот болады. 
Тыныс шығарғанда шыққан ауаның құрамында 16,3% оттегі, 4,1%, көмір қышқыл газ және 79,7% азот 
болады. Ауа құрамының бұл көрсеткіші температурасы 0°, қысымы 760 мм с. б. болғандағы жағдайға сәйкес 
келеді. Қалыпты жағдайда тыныс алғандағы ауаның құрамында су буы аз мөлшерде ғана болса, ал тыныс 
шығарғандағы ауа су буларына қанық болады температурасы - 37 градустан аспайды. Су буының қысымы 
бұл температурада 50 мм с. б. тең болады. Сондықтан да құрғақ ауа мен тыныс алғанда қысым 760 мм с. б. 
тең болса, ал альвеоладағы газдардың қысымы 710 мм с. б. тең болады. Альвеола ауасының құрамында 14,2-
14,6% оттегі, 5,5-5,7% көмір қышқыл газы және 80—80,5% азот болады. 
Альвеола ауасы мен вена қанының арасындағы газ алмасу процесі оттегі мен көмір қышқыл газының 
меншікті қысым айрымына байланысты жүреді. 
Газдар 
Альвеола ауасы 
Вена қаны 
Оттегі (0
2

107—110 мм.с.б. 
37—40 мм с. б. 
Көмір қышқыл газы (С0
2

40 мм с. б. 
46 мм с. б. 
Бұл екі газдың меншікті қысымы таблицадағыдай болады. 
Альвеола ауасындағы газдардың меншікті қысымдарын оңай есептеп шығаруға болады, егер олардың 
проценттік шамасы белгілі болса, мысалы егерде оттегі 15% болса, оның қысымы 106,5 мм с. б. тең болады. 
710 мм с. б. х 15% = 106,5 мм с. б. 
100 
Альвеола ауасының құрамындағы көмір қышқыл газының шамасы жасқа, жынысқа, дене қызметіне 
және ауа барометрлік қысымына байланысты езгеріп тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет