Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Ө к п е д е г і газ а л м а с у п р о ц е с і н е м е с е с ы р т қ ы т ы н ы с алу п р о ц е с і



Pdf көрінісі
бет45/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Ө к п е д е г і газ а л м а с у п р о ц е с і н е м е с е с ы р т қ ы т ы н ы с алу п р о ц е с і . Қан 
мен альвеола арасындағы газ алмасу процесінің жүруі өкпенің құрылысына байланысты. Адамда өкпе 
альвеолының шамасы 700 миллионға жуық болады. Өкпеде газ алмасу процесі журуі үшін, альвеола 
ауданының маңызы зор. Ол ерлерде 130 м
2
, ал әйелдерде— 103,5 м
2
шамасына тең болады. Ал балаларда 
альвеола ауданы үлкен адамдардың альвеола ауданымен салыстырғанда (1 кг дене салмағында) көп болады. 
Әр минутта өкпе арқылы өтетін қанның мөлшері де, балаларда көп болады. Балаларда өкпе 
капиллярларының көп тарамдалуы альвеола ауасы мен қанның жанасу бетін, аумағын арттырады. 
Альвеола ауасы мен вена қанының арасындағы газ алмасу процесі, екеуіндегі екі газдың порциялық 
қысымының айырымына байланысты. Сонда оттегі 107—37=70 мм с. б. және көмір қышқыл газы 46—40 = 6 
мм с. б. болады. Осы қысымдардың қатынасы екі газдың диффузия арқылы орын алмастыруына жеткілікті 
болып табылады. Оттегі альвеоладан қысымы аз қанның құрамына өтеді де, ал оттегнің орнына көмір 
қышқыл газы қаннан қысымы аз альвеолаға өтеді. 
Т к а н ь д е г і газ а л м а с у п р о ц е с і н е м е с е ішкі т ы н ы с алу процесі. Зат алмасу 
процесінің нәтижесінде тканьде кемір қышқыл газының кернеуі 60-70 мм с. б., тең, ал вена қанында оның 
кернеуі 46 мм с. б. тең болады, сондықтан көмір қышқыл газы тканьді аралай отырып вена қанына өтіп, 
кейін вена қанынан — альвеола ауасына өтеді. 
Артерия қанындағы оттегінің кернеуі 100 мм с. б. тең болса, тканьде зат алмасу процесі кезіндегі 
оттегінің кернеуі пайдаланылғандықтан, нольге дейін төмендейді. Сондықтан оттегі артерия қанынан 
тканьге өтеді де, вена қанында оның кернеуі 37 мм с. б. дейін төмендейді, ал ткань сұйықтықтағы кернеуі 
20—37 мм с. б. тең болады. Ткань артерия қанындағы оттегін әдеттегі күйде 40% пайдаланса, жұмыс 
ауырлағанда оттегін кебірек (50—60%) жұмсайды. 
Ал сутегі ион концентрациясының мөлшері қандағы көмір қышқыл газының мөлшеріне байланысты 
болады. Қанда көмір қышқыл газының қысымы қаншалықты төмен болса, гемоглобин соншалықты 


оттегімен оңай әрекеттеседі: Ткань — сутегі ион концентрациясының ең көп жері, ал өкпе альвеоласы сутегі 
ион концентрациясының ең аз жері. 
Оттегімен әрекеттескен гемоглобинді оксигемоглобин, ал көмір қышқыл газымен әрекеттескен 
гемоглобинді карбогемоглобин деп атайды. 
Оксигемоглобиннің диссоциациялануына температура әсер етеді. Температураның көтерілуі 
оксигемоглобиннің диссоциациялануын тездетеді, бірақ гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуін баяулатады. 
Дене еңбегімен шұғылданғанда еттер арасындағы қан тамырларымен ағатын қанның құрамында көмір 
қышқыл газының қысымы артады, сутегі ионының концентрациясы және температура жоғарылайды, 
оттегінің еттерге мол өтуіне мүмкіншілік туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет