Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет52/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Углеводтардың алмасуы. Углеводтар — организмдегі ең негізгі энергия көзі. Углеводтардың 
ыдырауы ауыз қуысындағы сілекей ферменттерінің әсерінен басталатындығы белгілі. Ас қорыту каналының 
мұнан кейінгі бөлімдерінде бұл процесс жалғаса келе, ішектен қанға оңай өтетін өнімдер — моносахаридтер 
(глюкоза, біраз пентоза) түзіледі. Сонымен бірге глюкоза бауырда амин қышқылдары, дезаминдену процесі 
кезінде белоктан да жасалады. Глюкозаның майдан жасалуы қиынырақ.
Май мен белоктарға қарағанда, углеводтар оңай ыдырайды. Бұл ыдыраудан пайда болған энергия дене 
температурасын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі және скелет еттерінің қызметін реттейді. Мұнымен 
қатар, углеводтар нерв системасының да қалыпты қызметіне қатысады. Егер қанттың қандағы мөлшері 
азайса (гипогликемия), дене температурасы темендейді, скелет еттері тез шаршап қалады, бас айналып, көз 
қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз 
уақыттың ішінде-ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.
Қалыпты жағдайда организмде қанның құрамындағы глюкозаның мөлшері түрақты 0,1—0,12% болады. 
Ішектен қанға өткен моносахаридтер қан арқылы түрлі тканьдерге жеткізіліп, ол жерде протоплазма 
құрамына кіретін жануар крахмалы — гликогенге айналады. Гликоген қорға жиналатын негізгі органдар — 
бауыр мен ет. Бауырдағы гликогеннің мөлшері ересек адамда 150—200 г болады. Ас қорыту каналына 
углеводтар түссе, олардың ыдырауы біртіндеп жүреді және бұдан пайда болған моносахаридтер қанға өткен 
соң түрлі тканьдерде гликогенге айналып үлгереді, сондықтан бұл жағдайда қандағы қант мөлшері шамадан 
артпайды. Егер күрделі углеводтардың орнына адам қант немесе глюкоза қабылдаса, бұлар тез қанға өтеді 
де, ондағы қант мөлшері шамадан артық көбейіп кетеді. Бұл құбылысты тамақтың гипергликемия деп 
атайды.
Гипергликемия кезінде қанттың артық мөлшері несеп кұрамына өтеді (глюкозурия) де сол арқылы 
сыртқа шығарылады. Глюкозурия қандағы қант мөлшері 0,15—0,18 процентке жеткенде басталады. 
Организм ұзақ уақыт ашыққанда да қандағы қант мөлшері өзгермейді. Егер бір себептен қандағы қант 
мөлшері азая бастаса, бауырдағы және еттегі қор зат — гликоген ыдырап, пайда болған глюкоза қанға етеді. 
Организмдегі углеводтардың ыдырауы анаэробты жолмен оттегінің қатысуынсыз да және оттегі қатысатын 
аэробты жолмен де жүреді. ЬІдыраудың ақырғы өнімдері есебінде су мен көмір қышқыл газы түзіледі. 
Углеводтардың ыдырау процесінде фосфорлану фазасы қажетті кезең болады. Өйткені бұл кезде 
глюкозаның кепшілігі Кребс циклындағы (үшкарбон қышқылы циклы) езгерістерден соң тотықтырғыш 
фосфорлану цикліндегі АТФ синтезделуге жұмсалады..
Оттегі жоқ болғанда АТФ гликолиздің яғни углеводтардың анаэробты ыдырауынан пайда болған 
энергияның есебінен де түзіледі. Бірақ энергиялық түрғыдан қарағанда тотықтырғыш фосфорлану
гликолизден гөрі пайдалы. Тотықтырғыш фосфорлану арқылы глюкозаның бір молекуласына АТФ-
нің 38 молекуласы, ал гликолиз арқылы не бары екі молекуласы түзіледі.
Гликолиз кезінде сүт қышқылы да түзіледі. Ол қанға өтіп, одан әрі бауыр клеткалары арқылы ұсталып, 
онда гликоген синтездеуге пайдаланылады. Кребс циклында ыдырауымен бірге глюкоза тағы бір жолда — 
пентозалық шунт (пентозофосфат немесе гекеозомонофосфат жолы) деп аталатын жолда өзгерістерге түсе 
алады. Бірақ бұл жол глюкоза үшін негізгі емес. Клеткалардың көпшілігінде оның басты міндеті — 
цитоплазмада НАДФ—Н2 түрінде қайта қалпына келтіргіш түзу болып табылады. Бұл қызмет әсіресе қайта 
қалыпқа келу процесі, май қышқылдары мен стероидтар синтезі қарқынды жүріп жатқан клеткалар үшін 
(бауырдың, сүт бездерінің, май тканінің, бүйрек үсті бездерінің клеткалары) аса маңызды. Бұл жолдың 


екінші қызметі — нуклеин қышқылдарының синтезі үшін керек пентозаларды «дайындайды». Үшіншіден, 
С0
2
-ден глюкоза түзілу процесіне қатысады.
Әдетте, ет жұмыс істегенде ең бірінші рет ондағы қорға жиналған (1—2%) гликоген ыдырайды, содан 
соң ол қор заттары таусылғаннан кейін ғана тікелей қан арқылы етке келетін глюкозаны пайдалана 
бастайды. Қанға өткен глюкоза жоғарыда айтылғандай, бауырдағы гликогеннің ыдырауынан түзіледі. Ал 
жұмыс аяқталған соң ет те, бауыр да, жұмсаған гликогендерінің орнын қайта толтырады. Ересек адам бір 
тәулікте 500 г углевод қабылдауы тиіс. Жұмыс істегенде, бұл мөлшер 700—1000 грамға.дейін жетеді. 
Мектеп жасындағы балалар 1 кг салмаққа 8—9 грамнан 12— 15 грамға дейін бір тәулікте углевод 
қабылдаулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет