қамтамасыз етеді. Ортаңғы құлақта бір-бірімен тізбектеле жалғасқан үш дыбыс сүйегі бар. Олар: узеңгі,
балгашық, төс суйектері деп аталады. Балғашық дабыл жарғағының ортаңғы бөлігіне жалғасқан.
Жұқа жарғақшамен керілген екі тесік бар, олар дөңгелек және сопақша тесіктер деп аталады.
Сопақша
тесікке үзеңгі сүйегі тиіп, оны қозғалысқа келтіреді. Дабыл жарғағымен байланысты балғашық төс сүйекке,
одан соң үзеңгіге қозғалыс әсерін тигізеді.
Ішкі құлақ қуыстар мен иірімделген өзектер жүйесінен — сүйекті шытырманнан тұрады. Ол жарғақты
шытырманды құндақ тәрізді қаптап жатады. Бұл екеуінің аралығында өте тар қуыс бар. Ол қуыс мөлдір
сұйықтық — перилимфамен толы. Ал жарғақты шытырманның қуысы эндолимфа деп аталатын
сұйықтықпен толы. Шытырман кіреберіс деп аталатын бөлімнен тұрады. Оның алдында иірім,
артқы
жағында доға қуыстары бар. Иірімді түтік дөңгелек тесік арқылы ортаңғы құлақ қуысымен, ал кіреберіс —
сопақ тесікпен байланысты болады. Құлақтың есту мүшесі — иірім болып саналады. Иірім 2,5-тей айналым
жасайтын оралма тәрізді ширатылған иірімдік түтік каналы болып табылады. Оның иірімі өте жұқа дабыл
жарғағымен бөлінген. Бұл дабыл жарғағы оралма тәрізді иірімделген, оны иірімді түтіктің негізі деп атайды.
Дабыл жарғағы талшықты ұлпадан тұрады. Талшықты ұлпаның кұрамында шамамен 25 мың ерекше талшық
бар. Талшықтардың ұзындығы әр түрлі және олар иірімді түтіктің бойымен көлденең орналасқан. Бұл
талшықтардың үстінде сезімталдық қызмет атқаратын түкті клеткалар бар. Бұл есту анализаторларының
шеткі бөлімі — Кортиев мүшесі. Рецептор клеткаларының түктері иірімді түтіктің ішіне — эндолимфаға
бұрылған, ал одан есту жүйкесі басталады. Иірім түтік қуысының қалған бөлігі доға қуыстағы тепе-теңдік
мүшеге жатады. Қысқа талшықтар төменгі жағына, ұзын талшықтар ең үстіне орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: