Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Көру сезімінің пайда болуы. Рецепторлардың атқаратын қызметі



Pdf көрінісі
бет67/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

 
Көру сезімінің пайда болуы. Рецепторлардың атқаратын қызметі. Көз алмасының торлы 
қабығында орналасқан таяқша жөне құтыша рецепторларының атқаратын қызметінің айырмашылығы бар. 
Таяқшалар күн сәулесіне, жарыққа сезімтал келеді. Таяқшаның сезімталдығы оның ішіндегі родопсин деп 
аталатын кызыл түсті затқа байланысты. Көзге жарық сәулесі түскенде родопсин ыдырайды, соның 
нәтижесінде ол қызыл түстен сарғыш түске айналады. Родопсиннің қызыл түстен сары түске айналуы 
нәтижесінде таяқша рецепторында жарықты қабылдау сезімі туады. Сөйтіп, біз жарықты сеземіз, жарықтың 
күшті немесе әлсіз екенін анықтап айырамыз. Құтыша рецепторы арқылы түрлі түсті сәулелерді, боялған әр 


түрлі заттарды сеземіз. Себебі, онда иодопсин деп аталатын сезімтал зат бар. Ол қараңғы жерде ыдырайды, 
ал жарық жерде 3—5 минут ішінде қайтадан түзіледі. Иодопсиннің жарықтың әсерінен ыдырауынан көз сан 
алуан түстерді қабылдай алады. Торлы қабықта сезімтал құтыша рецепторлары, негізінен, қызыл, жасыл, 
көк түстерді сезеді. Құтышаларда қозудың пайда болу күшіне және қоздырғыш туғызатын кұбылыстардың 
өзара араласып кездесуіне байланысты басқа түстер мен олардың түрлерін ажырата аламыз және бұл 
рецепторлардың жаттығуына байланысты. Мысалы, жай адамдар қара түсті матаның немесе жіптің 3—4 
түрін ғана ажырата алатын болса, мата тоқумен шұғылданатын кәсіпорындағы адамдар қара түсті матаның 
40 шақты түрін жақсы ажырата біледі. Адамның көзі жарты миллионға жуық түс пен олардың түрін анықтай 
алады. Жарық неғұрлым көп болса (ашық күн, үлкен шам жанған бөлме), құтышаларда қозу туып, соғұрлым 
сезімталдығын арттырады. Сондықтан оларды күндізгі көру рецепторлары деп атайды. Себебі, таяқшалар 
кешкі, күннің жарығы азайған уақытта қозады. Родопсин жарықта ыдырап, ал қараңғы жерде (30 минутта) 
қайта түзіліп отырады. Мысалы, біз жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге кіргенде, алғашқы уақытта 
айналадағы заттарды көрейміз. Ал шамалы уақыттан кейін сол бөлмеде жүріп, сонда тұрған заттарды толық 
ажырата аламыз. Себебі, ыдыраған родопсин қайтадан түзіліп, сары түстен қызыл түске айналады. Тағы бір 
мысал келтірейік. Егер біз өте жарық жерде ақ қағазға жазылған таңбаларды біраз уақыт отырып оқысақ, 
родопсиннің көпшілігі ыдырайды. Ыдыраған молекулалар қайтадан қосылып, родопсин түзе алмайды. 
Осының әсерінен көз шаршайды, жасаурайды, бұлдырап, қағаздан жазуды ажырата алмайды. Мұндай 
жағдайда жарықты азайтып, көлеңке жерге отырып, жұмысты жалғастыра беруге болады. Кейбір оқушылар 
көздерін жыпылықтатып, қабақтарын тез-тез кетеріп, жаба береді. Бұл көздің қалыпты қызмет етуіне 
родопсин мөлшерінің жетіспеуінен болады. Егер мүндай адам көзін жұмып, бірнеше минут тыныш
отырса, родопсин молекулаларының қосылысы көбейіп, таяқша рецепторларының сезімталдығы қалыпты 
жағдайға келеді. Родопсиннің түзілуі А витаминіне байланысты, оның жетіспеуінен родопсиннің түзілуі 
бұзылады. Содан "ақшам соқыр" деп аталатын ауру пайда болады. Мұнымен ауырған адамдар кешке 
айналадағы заттарды көре алмайды. Көз рецепторларының айналадағы заттарды жарықтың шамасына қарай 
сезе алатын қабілеті бейімделу (адаптация) деп аталады. А витамині мен оттек жетіспегенде және адам 
шаршағанда, бейімделу өзгеріп, нашар көретін болады. Биік тау басындағы аппақ қарға көзге қорғаныш 
жасайтын түсті көзілдірік кимей қарағанда, көз көрмей қалуы мүмкін. Оны көздің қарығуы дейді. Күннің 
сәулесі мен жарқыраған ақ қарға қарағанда родопсин өте көп ыдырайды. Ал таудың биіктігінде оттектің 
парциалдық (үлестік) қысымының төмен болуынан ыдыраған молекулалардың қайта түзілуі қиын жағдайға 
ұшырайды. Сондықтан адамның кейде соқыр болып қалуы да мүмкін. Үнемі түсті көзілдірік киіп жүру — 
рецепторлардың қозғыштығын төмендетеді. Түсті көзілдірікті көз емдейтін дәрігердің рүқсатынсыз 
пайдалануға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет