басталады. Рецепторлар сезім мүшелерінде, бұлшық еттерде, буында және ішкі мүшелерде болады.
Рецепторлар — белгілі бір тітіркендіргіш түрінің әсерін қабылдауға арналған, өте кішкентай (миниатюрлік)
аппарат. Олардың негізгі қызметі — ақпараттарды (сигналдарды) организмнің сыртқы және ішкі ортасынан
қабылдау. Рецепторлар қабылдаған ақпарат және оған жауап рефлекторлық доғамен өтеді.
Организмге тиетін әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерлері туралы ақпаратты қабылдаушы шеткі
(рецепторлар) және орталық жүйке құрылымының жиынтығы сенсорлық (латынша sensus — сезім,
қабылдау) жуйе немесе анализатор (талдауыш) деп аталады.
Рецепторлардың қызметі. Рецепторлардың құрылымы тітіркендіргіштер туралы ақпаратты
кабылдауға сәйкес болады. Мысалы, көру мүшесінің (көздің) рецепторлары жарықты және әр түрлі түстерді,
ал есту мүшесі (құлақ) — дыбысты қабылдауға бейімделген. Теріде толып жаткан рецепторлар бар.
Олардың бірі — жылуды, екіншісі — суықты, үшіншісі — жанасуды, қысымды және т.б. әсерлерді сезеді.
Бұлардың маңызын бассейнге суға түскенде немесе қолымызбен қарды ұстағанда сеземіз. Мысалы,
ваннадағы судың температурасы неғұрлым жоғары (40°С) болса, оның әсерін соғұрлым тез қабылдаймыз.
Бірақ бірнеше минут өткен соң оның температурасын аса сезбейміз. Суық суға түскенде, терідегі суықты
сезетін рецепторлар оны қабылдайды. Шамалы уақыт өткеннен кейін суық су
сезімі жылы сияқты болып,
сезім тудырады. Жылы және суық су әсерінен рецепторларда адаптация құбылысы өтеді, сондықтан олар
алғашқы сезімдерін өзгертеді. Кейбір рецепторлар бірнеше әсерді қатар қабылдай алады. Мысалы, терідегі
рецепторлар температураны, ылғалды, тұманды, желді, күннің радиациясын және т.б. қабылдайды. Өкпе
рецепторлары ауаның ылғалдылығын, атмосфера қысымының өзгеруін, температураны, ионизацияны және
т.б. факторларды сезіп қабылдайды. Көру, есту, дәм, иіс сезу рецепторлары арқылы біз атмосфера ауасының
тазалығын, найзағайды, күннің күркіреуін, дауылды, желді,
теңіздің толқынын, ылғалдылықты,
өсімдіктердің және гүлдердің иісін, дәмнің түрлерін ажыратып, сеземіз, қабылдаймыз. Бұл құбылыстар әр
климат жағдайларында алуан түрлі үйлесімде болып келеді. Соған сай ыстық, суық, теңіздік, таулы климат,
жазық дала климат жағдайлары болады. Рецепторлар бұл климат жағдайларына бейімделеді, өзінің
көрсеткіштерін олардың әсер ету қасиеттеріне байланысты өзгертеді. Жаңа
климат жағдайларына адам
алғашқы рет келгенде, оның рецепторларының қызметі басқа деңгейге ауысып, сол климат факторларының
әсеріне сай бейімделіп, денсаулықты сақтауға, қалыпты еңбек етуге мүмкіндік туғызады.
Рецепторлар әсерлерді қабылдап қана қоймайды, олардың аппараты өздері қабылдаған әсерлерді
талдауға түсіреді. Соның нәтижесіңде қозу пайда болады. Пайда болған қозу белгілі ақпарат түрінде
жүлындағы немесе мидағы жүйке орталығына жетеді. Жүйке ортальнында тағы талдауға түседі және
қорытындыланады, одан шыққан импульс белгілі бір мүшеге келіп, онда физиологиялық реакция тудырады.
Сөйтіп, рецепторлар арқылы қабылданған әсерге жауапты мүше кайтарады. Мысалы, қолдың терісіне ыстьқ
зат әсер етсе, біз тез арада қолымызды одан тартып аламыз. Бұл қаңқа бүлшық еттерінің жиырылуынан
туған жауап (реакция).
Әр рецептор белгілі әсерлерді (химиялық,
ғарыштық, механикалық, температура) кабылдауға
бейімделген. Бұл организмнің сыртқы жағындағы рецепторларға (яғни экстрарецепторларға — көру, есту
және т.б.) әсерін тигізіп қана қоймайды, олар оның ішкі мүшелеріндегі рецепторларға да әсер етеді.
Мысалы, қанның құрамында және клеткаларда су мөлшері азая бастаса,
осыдан минералды заттардың
концентрациясы жоғарылайды. Клеткалардағы рецепторлар бұл өзгерісті сезіп, оған сай реакциялар пайда
болады. Адам тұздалған тамақ ішкеңде шөлдеп, суды іше беретіні осы рецепторлардың қозуына байланысты
болады. Мұндай рецепторлар түрін осморецепторлар деп атайды. Егер қанның құрамында оттектің
концентрациясы азайып, көмірқышқыл газының концентрациясы жоғарыласа,
онда химиялық заттарға
сезімтал рецепторлардың активтілігі артады. Адам көп мөлшерде дене еңбегін атқарғанда, оның қаңқа
бұлшық еттері активті созылып, жиырылып, жұмыс істеуге жағдай туады. Бұл кезде жүмыс істеген бүлшық
еттерде зат алмасу және оттекті пайдалану жоғарылайды, температура көтеріледі. Мұндай жағдайда
химиялық, ғарыштық, механикалық (қысымды қабылдайтын), температураны (терморецепторлар)
қабылдайтын рецепторлар бірден активтендіріледі. Олардың әрқайсысының
активтілігінен оттек, қоректік
заттар, минералды заттар, витаминдер, су үлпаларға жеткізіліп, жүмыс кезінде
пайда болған улы заттар,
кейбір заттардың артық мөлшері қанға өтіп, бұлшық еттердің физиологиялық жагдайы бұрынғы қалпына
келеді. Егер оттектің концентрациясы ете төмендеп, клеткалардың тынысына, энергия қорын (АТФ) түзуіне
жағдай ауырласа, онда ауырсыну (бас ауырады, бұлшық еттер ауырсынады) сезімі пайда болады. Ауырсыну
сезімін қабылдап, ол туралы хабар туғызатын рецепторларды ноцицепторлар деп атайды. Ноцицепторлар
организмнің барлық жерінде бар. Сондықтан адам қай жеріне қандай зиянды әсер тисе де, тез арада одан
ауырсынуды біліп, өзін қорғай алады.
Достарыңызбен бөлісу: