Көздің құрылысы және қызметі Көрудің маңызы. Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады. Сыртқы ортадан
қабылдайтын ақпараттың 80—90%-ы көру мүшесі арқылы болады. Бұл — көру сезім мүшесінің маңызының
ерекше екенін дәлелдейді. Көз арқылы адам өзін қоршаған затты, әр түрлі денелерді, олардың пішінін, түрін,
түсін, қимылын, құрылысын кабылдайды. Адамның табиғатта және қоғамда толып жаткан өзгерістер
жасауы көру мүшесінен алынған ақпараттың жоғары ми қыртысында талданып, қорытындыланып, оның іс-
әрекетіне айналуына байланысты. Көру сезім мүшесінен түсетін ақпараттың ішкі мүшелердің қызметіне
әсері бар және ол адамның мінез-құлқын өзгертеді. Мысалы, көзден түскен жарық сезімі қан тамырларының
жұмысын қоздырып, жүректің соғуын жылдамдатады. Дастарханның таза, жақсы ыдыстармен және түсі
әдемі болып дайындалған тағамдармен әзірленуі көру мүшесінен қабылданған қозуды жүйке арқылы мидың
ас қорыту орталығына жеткізеді. Осының әсерінен сілекей бездерінен және ұйқы безінен сөл бөлініп, ас
жақсы қорытылады. Жалпы денсаулықты сақтауда көзден келетін ақпараттың маңызы аса зор.
Көздің құрылысы. Көз сезім жүйесі рецепторларынан, көз жүйкесінен, өткізу жүйесінен және үлкен
ми сыңарлары қыртысының шүйде аймағында жатқан көру жүйкелік орталықтарынан тұрады.
Көз — шар төрізді мүше. Ол бас сүйектегі көз шарасына орналасқан. Көздің қосалқы мүшелері бар,
олар — көзді қозғалтатын бұлшық еттер, май клеткалары, шырышты қабак, кірпік, қас, жас безі.
Көз, бір жағынан, бас сүйектегі көз шарасына бекініп, екінші жағынан, көз алмасындағы ақ
қабықтың үстіңгі бетіне орналасқан бұлшық еттің көмегімен кимылдайды. Көздің алдыңғы жағын екі
қатпардан тұратын тері қабақпен коршайды. Мұның ішкі бетін көздіңі дәнекер қабықшасы астарлайды.
Көздің қиығына орналасқан бездің өзекшесі арқылы шыққан жас көз алмасының бетін ылғалдап, жылытады
және көзге түскен нәрселерді жуып шығарып, көздің ішкі бұрышындағы жас ағатын өзекшенің бойымен
кеңсірікке ағады. Кірпік қас пен көзді шаң-тозаңнан, терден қорғайды.
Көз алмасы, негізінен, үш қабаттан тұрады: сыртқы — ақ қабық, ортаңғы — тамырлы қабық және
ішкі — торлы қабық. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігі қасаң қабық деп аталады. Ол мөлдір қабық жарықты
еркін, жақсы өткізеді. Тамырлы қабық көптеген қан тамырларынан құралады. Бұл қан тамырлары көздің
алмасын қоректендіріп отырады. Қабықтың ішкі бетінде жарық сәулесін сіңіріп алатын бояғыш зат қабаты
— пигмент бар. Көздің алдыңғы жағында ол қалыңдап, кірпікті дене құрады. Мұнда кірпікті бұлшық ет
болады. Бұлшық еттің жиырылуы әсерінен көз бұршағының түрі өзгеріп отырады. Кірпік денесі нұрлы
қабыққа жалғасады. Нұрлы қабықтың аралығында бояу клеткалары болады. Осы бояу клеткаларының
әсерінен көз түрлі түсті (ашық көк, көгілдір, күңгірт қызыл, қоңыр) болып келеді. Нұрлы қабықтың
ортасында жарық өтетін тесік орналасады. Оны көздіц қарашығы деп атайды. Қарашықты айнала сақиналы
бүлшық еттер орналасады. Бұлшық еттер жиырылған кезде қарашық тарылады. Нұрлы қабықтың бұлшық
еттері созылғанда, қарашықты кеңейтеді. Қарашық рефлексті түрде жарық мол жерде тарылып, әлсіз жарық
кезінде кеңейеді. Көз алмасының ең негізгі кабығы торлы қабық деп аталады. Торлы қабықта көз
рецепторлары — таяқшалар мен құтышалар орналасады. Адамның көзінде шамамен 130 млн таяқша мен 7
млн құтыша болады. Торлы қабықтың ортасында құтышалар, ал олардың шет жағына таяқшалар
орналасады. Бұл рецепторлардағы аралық нейрондармен жалғасқан жүйке талшықтарынан көз жұйкесі
пайда болады. Көз жұйкесінің көзден шығатын жерінде рецепторлар жоқ, сондықтан ол сезімталдық
қасиетінен айырылған. Бұл жерді соқыр дақ деп атайды. Торлы қабықтың соқыр дағынан сыртқа қарай
кұтыша топтасып жинақталған жерді сары дақ деп атайды. Торлы қабықтың артқы белігі — көз алмасының
түбі. Көздің ішкі бөлігін көлкілдеген мелдір зат — шыны тәрізді дене толтырып тұрады.