Философия в современном мире: стратегии развития


  ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет77/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80

786 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

«технологического»  человека  и  прочих  дефиниций  обусловле-

ны рыночной эпохой. Ясно также, что устойчивого равновесия 

на экономических рельсах невозможно достигнуть без наличия 

адекватных  бытийно-аксиологических  установок  в  социальной 

реальности.  Не  менее  важным  является  поворот  в  нашу  эпоху 

персонализации  социума  от  «вечного»  философского  вопроса 

«Общество  –  Личность»  к  соотношению  «Личность  –  Обще-

ство», т. е. к «жизненному миру». 

Здесь следует обратить внимание и на такое явление, как дети 

Индиго  (по  определению  американских  ученых).  Это  явление, 

как известно, без преувеличения можно определить как между-

народный тренд и бренд, являющихся предметом особого инте-

реса специальнонаучного знания (психология, педагогика), вне 

научных и околонаучных форм, теологов [4]. 

Принципиальные отличия детей Индиго – явление, все более 

уверенно заявляющее о себе в жизненной реальности. Вряд ли 

сегодня  найдутся  скептики,  оспаривающие  их  существование. 

На наш взгляд, необходимо не столько восхищаться, восторгать-

ся и умиляться маленькими «вундеркиндами», сколько вдумчи-

во, ответственно отнестись к этому явлению. 

Возникает закономерный вопрос, а что именно понимают ав-

торы, утверждающие, что дети Индиго есть духовные существа? 

Ведь, эти дети отнюдь не ангелы; напротив, в качестве характер-

ных черт, присущих им, такие факторы, как некоммуникабель-

ность, непослушность, игнорирование не только мнения других, 

но и их существования, поскольку для них на первом месте – их 

«Я». 


Вряд ли возможно в данном ракурсе получить какие-то объек-

тивные обобщающие результаты, данные. Речь о другом. О том, 

что Индиго как дети своего времени неизбежно должны нести 

и несут в себе все те признаки, которые присущи современной 

постиндустриальной  информационно-технической  эпохе.  По-

скольку этот культурно-исторический период отличается проти-

воречивостью, амбивалентным противостоянием полярных сил 

(сила – слабость, зло – добро), то такая, пронизанная дихотомич-

ностью  среда  просто-напросто  не  могла  породить  ангельских 

существ, лишенных конфликтности. Это в корне противоречит 



I Казахстанский философский Конгресс 

787 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

законам логики, диалектическому взаимодействию целое-часть, 

т. е. макрокосмос – микрокосмос. Вот почему необходимо не вос-

торгаться и выискивать детей Индиго, создавая им особые усло-

вия. Гораздо важнее использовать всю нашу мудрость, терпение, 

такт, любовь, чтобы развить их до подлинно духовного уровня. 

Ситуация усугубляется тем, что они сами прежде всего стра-

дают от своей индигости. У них намного обостренней воспри-

ятие  органов  чувств.  Они  более  ранимы,  тоньше  чувствуют  и 

более  болезненно  реагируют  на  отношение  к  себе  окружаю-

щих. Топорные методы, прямые указания, иерархия старший – 

младший, учитель – ученик, авторитарность здесь бесполезны 

и  могут  иметь  только  отрицательные  последствия.  Увы,  наше 

общество в целом слишком не соответствует тем идеальным ус-

ловиям,  которые  необходимы  детям.  Подчеркиваем,  не  только 

детям Индиго, но и всем детям. И в этом плане, дети Индиго 

как особенное предоставляют возможность философски осмыс-

лить, осознать и реактуализировать человеческое, просто чело-

веческое как всеобщее. 

Новые дети уже пришли. Их приход выдвигает принципиаль-

но новые задачи перед человечеством. Новизна состоит в том, 

что актуализируется проблема переосмысления содержания об-

разования, в том числе философского образования. Человечество 

избрало более «важные» приоритеты – знаниецентризм, разум и 

логику. И эта установка, несмотря на критический накал совре-

менных исследователей, по сей день является ведущей мировоз-

зренческой  константой  человеческого  бытия.  Выход  видится  в 

философском подходе к сути современного воспитательно-обра-

зовательного  пространства,  сущность  которого  должно  состав-

лять духовно-нравственное начало. В этом смысле современное 

образование актуализирует исходно смысловое содержание фи-

лософии как любви к мудрости. Увлечение письменных цивили-

заций древности сферой знания, поступательное развитие науки 

обусловили качественное переосмысление мудрости как синони-

ма знания, науки. Интенсивное развитие философии и науки как 

духовного производства привели к тому, что исходная глубинная 

суть философии как любви к мудрости (мудрости и любви) были 

забыты.  Ну,  скажем,  не  совсем  забыты,  поскольку  философия 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

788 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

пока еще числится в графе обязательных дисциплин, в отличие 

от культурологии, которая утратила эти позиции. Но в энергети-

ческом потоке философского знания, имплицированного в фило-

софских системах, направлениях, течениях не они делают погоду 

в философии в целом. 

Новые дети уже пришли. Следовательно, новое время выдви-

гает новые задачи, решение которых судьбоносно для будущего 

Земли и землян. В качестве такого рода пролегоменами востре-

бованы, на наш взгляд, философия, аккумулирующая духовный 

опыт в единстве прошлого и настоящего, истины, добра и красо-

ты в контексте социально-философского конструирования буду-

щего человечества. Поэтому философский анализ происходящих 

в современном мире радикальных социальных изменений – в том 

числе, и прежде всего, преобразования онтологической основы 

социального бытия – становится насущно необходимым как ни-

чем иным не заменимое интеллектуальное средство социально-

исторической рекогносцировки: осмысления того, где общество 

находится сейчас и куда оно движется. И здесь сегодня востребо-

ван футурологический ракурс осмысления человеческого бытия. 

Но если, как справедливо отмечает П. Штомпка, изучение со-

циальных изменений – вопрос, решенный в своих основаниях, 

то проблематика нового поколения во многом еще остается terra 

incognita. 



Литература

1  Дюркгейм  Э.  О  разделении  общественного  труда.  –  М.:  Канон, 

1996. – С. 349.



2  Бергер  П.,  Лукман  Т.  Социальное  конструирование  реальности. 

Трактат по социологии знания. – М.: Медиум, 1995. – С. 208.



3 Резник Ю.М. Введение в социальную теорию. Социальная эписте-

мология. Пособие. – С. 138.



4  Штомпка  П.  Социология  социальных  изменений.  –  М.:  Аспект 

Пресс, 1996. – С. 105.



I Казахстанский философский Конгресс 

789 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ФИЛОСОФИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ

Қаншайым ДАНЫСБЕКОВА, 

Гүлнар АДАЕВА (Астана)

Қазіргі  заманда  университеттің  білім  беретін  және  мәдени 

орта  ретіндегі  келбеті  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырап 

отыр.  Бұл  бүкіл  әлемдегі  университеттік  білім  саласындағы 

парадигмалардың ауысуымен байланысты құбылыс. Оқыту па-

радигмасынан білім алу парадигмасына көшу қажеттілігін білім 

беру  процесіне  қатысы  бар  адамдардың  барлығы,  әсіресе  сту-

денттер және оқытушылар айқын сезіп отыр. 

Философияны  оқыту  тәжірибеміз  көрсетіп  отырғандай, 

қазіргі  заманда,  құндылық  бағыт-бағдарлар  өзгеріп  жатқан 

жағдайда студенттерде гуманитарлық білімге пессимистік неме-

се тіпті нигилистік көзқарас, оқу барысында ақпаратты игеруге 

прагматикалық ұстаным байқалады. Студенттердің көпшілігінде 

коммуникативтік,  оқу  және  ғылыми  мәтіндермен  өздігінше 

жұмыс істей білу дағдылары тапшы. 

Университеттік білім беру саласында осы күнге дейін басты 

рөлді  оқытушының  атқарып  келуі  студенттің  талапсыздығына, 

жігерсіздігіне,  тіпті  жалқаулыққа  салынуына  мүмкіндік  беріп 

отыр.  Ал  студент  үшін  оның  оқу  әрекеті  болашақ  кәсіби 

белсенділігінің  бастамасы  болғандықтан,  қарым-қатынастың 

осындай негативтік стереотиптері университет түлегінің кейінгі 

ересек өмірінде де бекітіліп кету қауіпі әбден ықтимал. Аталған 

жағдайлар  оқытудың  интерактивтік  әдістеріне,  университеттік 

білім  берудің,  соның  ішінде  философиялық-мәдениеттанулық 

пәндер  шеңберінде,  өзекті  буыны  студент  болатын  тәжірибеге 

көшу қажеттілігін күн тәртібіне қойып отыр. 

Оқу процесін ұйымдастырудың интерактивтік әдістері ең ал-

дымен  студенттерде  оқу  барысында  ақпаратты  сыни  тұрғыдан 

талдап саралау, тиімді қарым-қатынас құру және коммуникатив-

ті болу икемдерін қалыптастыруға бағытталған. Университетте 

қалыптасқан  осы  дағдылар  студенттердің  бағдарламалық  ма-


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

790 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

териалды  игеруіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  болашақ  кәсіби 

әрекетте  де  қажетке  асатыны  даусыз.  Топта  жұмыс  істеу 

үшін  қажет  коммуникативтік  икемдер  мен  ептердің  тұлғаның 

әлеуметтік  хабардарлығын  және  оның  өмірдегі  қадамдарының 

табысты болуын қамтамасыз етеді деуге болады. Интерактивтік 

әдістер  оқу  процесінде  оқытушыға  ерекше  оқу  атмосфера-

сын жасауға, студенттердің білімдер мен ептіліктерді иемденуі 

барысында  белсенділіктерін  арттыруға,  сөйтіп  соңғыларға 

білімдерінің сапасын жақсартуға қол жеткізеді. Өз кезегінде, сту-

денттер де өздерінің оқуларының нәтижелеріне тікелей көздерін 

жеткізіп  отырады.  Білімдерін  бағалау  семестрдің  соңына  ысы-

рылып қоймай, үздіксіз жүзеге асырылып отырады және де бұл 

студенттің икемдері мен ептері негізінде белгіленеді. Оқу орта-

сы білім алу уәжін айтарлықтай өзгертеді: нәтижелердің сапалық 

және  сандық  сипаттамалары,  бағаның  көпшілікке  мәлімдігі, 

лидерлік  қасиеттерді  таныту,  өзінің  құндылығын  оқытушыға 

ғана емес, сонымен қатар референттік топқа мойындату сияқты 

түрткілер  іске  кіріседі.  Оқытудың  интерактивтік  әдістері  әрбір 

студенттің  қабілеттерінің  байқалуына  ғана  емес,  сондай-ақ 

олардың  қалыптасуына  және  әрі  қарай  жетілуіне  мүмкіндік 

береді.  Атап  айтқанда,  студенттердің  өздері  білімдерге  қол 

жеткізіп, соңғыларды құрастыруына жағдай жасауға мүмкіндік 

береді.  Болашақ  мамандықты  игеру  және  әлеуметтің  тәжірибе 

барысында қалыптасқан мұндай икемнің құндылығы күмәнсіз. 

Семинар  сабақтарында  философиялық  мәселелерді  талдау-

дың  ерекшелігі  –  оларды  шешуде  әр  түрлі  философиялық 

дәстүрлер  ұсынған  бірнеше  жолдарды  қарастыру,  салысты-

ру,  талдау  қажеттілігі.  Сабақ  барысында  білім  алушы  мен 

оқытушының,  білім  алушылардың  өзара  белсенді  пікір  алма-

суы  барынша  қажет.  Дәріс  сабағында  сабақ  кестесі  бойын-

ша, өкінішке орай, аудиторияда әлі де жүзге тарта, кейде одан 

да  көп  студенттер  қатысып  отыратындықтан,  аудиториямен 

сұхбат  құру  мүмкін  емес  екені  белгілі.  Сондықтан,  семинар 

сабағына  берілген  50  минуттық  уақытты  барынша  ұтымды 

пайдалануға тырысу қажет. Философия сабағында әрі көптеген 

философиялық бағыттар мен оның көрнекті өкілдерінің белгілі 

бір  мәселеге  қатысты  көзқарастарын  оқып  біліп,  есте  сақтауға 



I Казахстанский философский Конгресс 

791 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

жәрдемдесетін,  әрі  осы  алуан  түрлі  көзқарастарға  қатысты  өз 

пікірін қалыптастыруға және оны қысқа да нұсқа тұжырымдап 

айтуға  мүмкіндік  беретін,  студенттердің  өзара  пікір  таластыру 

машығын  жетілдіретін  тиімді  әдістердің  бірі  ретінде,  мынадай 

әдісті ұсынғымыз келеді (шартты түрде «Тик-бокс» деп атадық). 

Бұл  кестені  әр  тақырып  бойынша  жеке  дайындайтындықтан, 

нөмірлеген  тиімді.  Семинар  сабағының  сұрақтары  студентке 

алдын  ала  беріледі.  Сабақ  басталғаннан  кейін,  оқытушы  сту-

денттерге  кестелерді  таратады.  Ең  алғаш  рет  кестемен  жұмыс 

жасар  алдында  бұл  әдістің  шартын  түсіндіргеннен  кейін, 

осындай  әдіспен  өтетін  кейінгі  сабақтарда  түсіндіруге  уақыт 

кетірудің қажеті жоқ. Әр кестедегі сұрақтар қатары үш-төрттен 

көп  болмағаны  жөн.  Себебі,  сұрақтар  талқыланғаннан  кейін, 

міндетті  түрде,  қорытынды  жасалынуы  қажет.  Осының  бәріне 

уақыт  былай  бөлінеді:  әр  қатардағы  сұрақтарды  талқылауға 

және  қорытындылауға  10  минуттан  келсе,  төрт  қатарға  40  ми-

нут  кетеді;  5  минут  сабақ  басындағы  ұйымдастыру  мен  тағы 

5  минут  сабақ  соңындағы  қорытындылау,  студенттер  білімін 

бағалау сәттеріне жіберіледі. Студентке берілетін нұсқау: кестені 

толық оқып шығасыз; әрбір тұжырымның қай мектептің немесе 

философтың көзқарасы екенін анықтайсыз, қарама-қарсы тұрған 

екі пікірді салыстырасыз; қайсысымен келісесіз, соның тұсына 

белгі қоясыз; екеуімен де келіспесеңіз, ешқандай белгі қоймайсыз 

және онда бұл екеуінен өзгеше үшінші бір пікірді дайындайсыз. 

Барлық жағдайда жауабыңызды негіздейсіз. Пікіріңізді қорғауға, 

басқаша көзқарастағы адамға қарсы сұрақ қоюға дайындаласыз

Бұндай  әдіспен  өтетін  сабақта  оқытушының  міндеті  пікір 

таластың  сауатты  өтуін  кадағалап  отыру  болып  табылады.  Өз 

пікірін  соңғы  ақиқат  түрінде  ұсынып,  студентке  қысым  жа-

сауына  болмайды.  Әр  қатар  талқыланғаннан  кейін,  жоғарыда 

айтылғандай  қорытынды  жасалуын  қадағалау  оқытушының 

құзырында.  Окытушы  қорытынды  жасауды  бір  студентке  жүк-

теуі немесе өзі жасауына да болады [1].

Семинар сабағына бөлінген 1 сағат ішінде 2-3 көлемді, ақпа-

раттық  сұрақтарды  әр  түрлі  теориялық  және  методологиялық 

тұрғыда қарастыру қажет болған жағдайда студенттерді бірнеше 

топқа бөліп, әр топқа әр түрлі материал беріледі. Бұл әдістің атауы 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

792 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

«Мозаика». Әрине, бір жағынан, студенттер тек өздеріне берілген 

үзіндіні ғана игерген себептен әдістің тиімділігі төмендей түседі. 

Ал басқа жағынан, студенттерде тікелей диалог құру барысында 

әр түрлі көзқарастарды салыстыруға, философиялық-теориялық 

және  тәжірибелік  мәселелерді  сыни-рефлексивтік  тұрғыдан 

қарастыру ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігі пайда болады. 

1. Сонымен, оқытудың интерактивтік әдістерін үзінді түрінде 

қолдану,  оларды  аздап  өзгерту  уақыттың  тапшылығымен 

бірге  философиялық  мәселелермен,  ал  келтірілген  жағдайда 

мәтіндермен жұмыс істеу ерекшелігімен байланысты. 

2. Интерактивтік әдістер уақытпен қатар жұмысты атқару үшін 

айрықша ұйымдастырылған аудиториялық кеңістікті талап етеді: 

шағын  топтардың  дербес  жұмыс  істеу  және  «дөңгелек  үстел» 

принципі бойынша өзара талқылау мүмкіндігі болуы қажет.

3. Философия пәні бойынша белгіленген авторлық мәтіндер-

мен  істелген  нақты  жұмыс  тәжірибесі  көрсетіп  отырғандай, 

сол  мәтіндердің  ерекшелігіне,  атап  айтқанда  біртұтастығына, 

басқа  авторларға  және  идеяларға  сілтемелердің  көп  болуына, 

формализациялауға  келмеуіне  байланысты  жеке  үзінділерге 

бөлшектеп  тастау  мәтіннің  біртұтас  мағынасын,  қайталанбас 

авторлық  стильді,  біртұтас  контекстіні  жоғалтып  алуға  душар 

етеді.  Одан  да  басқа,  мәтінді  қайта-қайта  жеткізу  барысында 

авторлық идеялардың едәуір редукциялануы болмай қалмайды. 

Дегенмен,  атқарылған  жұмыстар  интерактивтік  әдістердің 

оңды  жақтарын  тиісті  бағалауды  талап  етеді.  Топта 

кооперативтік  стратегиялар  бойынша  атқарылған  жұмыс  білім 

беру  процессінде  психологиялық  және  когнитивтік  тұрғыдағы 

жаңа  түрткілерді  тұжырымдауға  мүмкіндік  береді.  Бұл,  бір 

жағынан, формалды емес ахуал, өзара ынталандыру, өз пікіріңді 

айту және ортақ тұжырымға келу мүмкіндігі. Екінші жағынан, 

жемісті сынды есепке ала отыра, өз көзқарасыңды түзеу, білім 

үзінділерін  бір  жерге  жинақтау,  топтың  интеллектуалдық 

күшін  біріктірудің  арқасында  зор  интеллектуалдық  шабыт  алу 

мүмкіндігі. Сондықтан, біздің ойымызша, интерактивтік страте-

гия ақпараттық технологияларды, электрондық білім беру орта-

ларын пайдалануды қамтуы тиіс. Соңғылар, кооперативтік оқыту 

әдістерін  қолданумен  бірге,  студентке  оқу  аудиториясындағы 



I Казахстанский философский Конгресс 

793 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

белсенді жұмысты оқу және ғылыми әдебиетті өз бетінше зерде-

леумен біріктіруге мүмкіндік береді.

Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу қазіргі 

заманғы білім берудің негізгі белгісі болып табылады. 

Инновациялық  бағдарламалар  жасампаз  тұлғаны  қалыптас-

тыруға, білім беру процесінің мазмұнын жаңартуға бағытталған.

Оқыту  –  шығармашылыққа  негізделген,  белсенді  процесс, 

сондықтан «интерактивті» және «студентке бағытталған» педа-

гогиканы дамыту маңызды болып табылады. Жалпы білім беру 

пәндерін оқыту үшін мына маңызды дағдылар қажет:

аналитикалық тұрғыдан оқу және логикалық ойлау



аргументтерге негізделген пікір-талас

академиялық хат



Бүгінгі  таңда  оқыту  саласында  инновациялық  технология-

ларды  пайдаланудың  мақсаты  студенттерде  оқуға  деген  келесі 

көзқарастарды дамыту болып саналады:

- Оқыту – ол өмір бойы жалғасып отыратын үрдіс;

- Әркім өзінің білімі үшін жауапты. 

- Оқытушының орны студентті қолдау мен бағыт беру ғана, ал 

студенттің орны одан әрі маңызды да, белсенді. 

-  Студент  оқытушыны  жай  ғана  тыңдаушы  емес,  ол  оқу 

процесінде өз белсенділігін көрсетуші. 

Оқытушының міндеттері келесі түрде болуы керек:

- Студенттерді дайын жауаптарға қанағат ете қоймай, ойлануға 

үйрету;


-  Студенттердің  қаралатын  тақырыптар  бойынша  зерттеу 

сұрақтарын қою қабілетін дамыту;

-  Студенттерді  академиялық  мәтіндермен  жұмыс  істеуге 

үйрету;


- Студенттердің академиялық ойлау дағдыларын дамыту;

- Аудиторияда еркін, ашық жағдай жасау және пікір-таласта 

барлық студенттердің қатысуына ерекше көңіл аудару;

- Аудиторияның динамикасын басқару.

Студент пәнді жақсы түсінуі және игеруі үшін тыңдаушы бо-

луы жеткіліксіз, сондықтан студенттің белсенділігін арттыратын 

және оның қызығушылығын тудыратын әдіс-тәсілдерді қолдану 

қажет. 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

794 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жалпы білім беру пәндерін оқытудағы тәжірибеміз көрсетіп 

отырғандай, студенттер оқу барысында жаңа хабарды меңгеруге 

деген үлкен қызығушылық білдіреді. Студенттердің көпшілігіне 

оқулықтармен  және  ғылыми  мәтіндермен  дербес  жұмыс  істеу 

дағдылары төмен. 

Білім  саласындағы  инновациялық  технологиялар  оқу  про-

цесінде оқытушыға ерекше оқу ортасын жасауға, оқу жағдайын 

шығармашылық  конструкциялауға,  білім  мен  іскерліктерді 

меңгеруде  студенттердің  белсенділігін  жоғарылатуға  және  оқу 

сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Философия курсын оқыту барысында пәннің негізгі мақсаты 

мәтінмен  жұмыс  істеуді  үйрету.  Мәтіннің  жазылған  уақыты, 

мәтіннің негізгі атауы және мәтіннің авторы. Осы бойынша, өтіп 

отырған  материалдың  құрылымын  түсіндіру  және  студенттің 

мәтінді талдау барысында тақырыпты игеру дәрежесін анықтауға 

болады. 

  Бұл  бойынша  тағы  да  бір  әдістерге  тоқталсақ, AQCI  әдісі, 

онда негізгі қолданылатын сөздер:

• 

Дәлел



• 

Сұрақ


• 

Байланыс


• 

Тұжырым


  Бұл  әдісті  қолданудың  басымшылығы:күнделікті  жазбаша 

жаттығулар  ретінде  жаңа  мәтінді  оқуға  пайдалануы  мүмкін; 

студенттердің  дәлелдерді  деректерден  ажыратуға  және  мәтінді 

біртұтас ретінде талдауға басқа мәтіндермен байланыс жасауға 

үйретеді;  әдеби  ұрлыққа  жол  берілмейді;  студент  автордың 

дәлелін пайдаланады және өз ойын өз сөздерімен айтады, тал-

дайды және тұжырым жасайды.

Тағы да атап өтетін болсақ, КВН түріндегі интерактивті әдісті 

қолданады. Онда афоризмді аяқтау, командалардың өзінің сұрақ-

жауап  сайысы,  капитандар  сайысы  және  жанкүйерлер  сайысы 

деген бөлімдерден тұрады. Бұл әдісте философия курсы бойын-

ша жалпы білім деңгейін көтеруге баса назар аударылады [2].

Келесі тағы бір жиі қолданылатын әдістердің бірі концепту-

алды  карта  және  диаграмма  жасау.  Концептуалды  картаның 

диаграммадан айырмашылығы сол, концептуалды диаграммада 



I Казахстанский философский Конгресс 

795 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

бір ғана негізгі концепцияны көрсете алса, ал екіншісі бірнеше 

концепцияны анықтауға мүмкіндік береді. Оны бірнеше тақырып 

өткеннен  кейін  барып  қолданса,  студенттердің  білім  деңгейін 

арттырары сөзсіз.

Тағы да Блум таксономиясы мен эссе жазу тәсілдерін, «Әлде- 

әлде»,  «Ми  шабуылы»  деп  аталатын  пікір  талас  түрлерін  атап 

өтуге болады. 

Оқытудың  интерактивтік  әдістері  әрбір  студент  қабілетті-

ліктерін  көрсетуге  ғана  бағытталып  қоймай,  сонымен  қатар 

олар студенттердің білімдерін дербес ашатын жағдайды жасауға 

мүмкіндік туғызады. Осындай ұйымдасқан іскерлік құңдылығы 

келешек мамандықты меңгеру барысында әлеуметтік тәжіибеде 

шүбә тудырмайды. 



Әдебиеттер

1  Адаева  Г.А.  Философия  пәнінен  семинар  сабақтарын  өткізу 

әдістері // Болон процесі және Еуразия ұлттық университеті. Ғылыми-

практикалық конференция материалдары. – Астана, 2012.

Адаева Г.А. Философия (студенттерге семинар сабағы мен өзіндік 

жұмысқа  дайындалуға  арналған  әдістемелік  нұсқаулар).  –  Алматы, 

2009

.


I Қазақстандық философиялық Конгресс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет