Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет75/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80

767 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Нужно вытягивать себя из вещей, которые нас убивают. Вы-

тягивать из повседневной рутины, небытия. Это сложно, трудно, 

но, поверьте, возможно.

И помощь тут – не только Пруст, но и, к примеру, православ-

ная аскетика. Кстати, Пруст цитирует в письме Жоржу де Лорису 

Евангелие от Иоанна (12, 35): «Трудитесь, пока есть свет». Ци-

тата не точна (хотя эта неточность, которая многого стоит!). В 

Евангелии сказано: «…ходите, пока есть свет, чтобы не объяла 

вас тьма» А всё-таки (хоть это – и кощунственно звучит) у Пру-

ста лучше: трудитесь.

Прустом и Мамардашвили проделан ошеломительный бытий-

но-личностный эксперимент. Вызывает удивление тот факт, что 

он –эксперимент! – практически не изучен. Всё, что написано о 

Прусте и Мамардашвили, идет как бы по касательной к тому, чем 

они хотели поделиться с нами.

Разумеется, термин «бытийно-личностный», да ещё – «экспе-

римент» –это не слова Мамардашвили по отношению к нему са-

мому. Автор терминологии – Ю. Сенокосов. Но Мамардашвили, 

описывая  этот  феномен  в  «Психологической  топологии  пути», 

говорил, что этот феномен обладает бесконечной ценностью, ко-

торая нужна – как никогда – сейчас человечеству.

По мнению Мамардашвили, на такой феномен способна толь-

ко  сильная  классическая  душа,  а  она  –  по  определению  –  со-

вмещена с сильной формой, которая в какой-то мере случайна, 

т. е. текст Пруста, каким мы его знаем (как образчик реального 

философствования), мог и не состояться., поэтому он и повторял 

часто, что не хотел бы еще раз прожить жизнь, потому как мала 

вероятность выйти на верный Путь.

Главное в реальном философствовании – страстное желание 

встречи с самим собой. «Жить в состоянии поиска и обретения 

себя – это значит жить в Пути» (Г. Батищев).

Как-то на уровне нутряном не прививается мысль, что главное 

– жить для роста своей души, выращивать глебинное «я», которое 

обогатит вселенскую семантику. Постоянно тянет на иное – поиски 

Альбертины или Туле. Это я вспомнила пассаж из «Топологии»:

– Так вот, перефразируя Петрарку и выражая тем самым точ-

ный смысл прустовской жизни и самого того факта, что он взялся 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

768 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

писать роман, можно сказать так: «Альбертины-то я не нашел, 

займусь  поиском  в  себе  самого  себя».  Потому  что  под  видом 

Альбертины (или под видом Тулеу Петрарки человек искал са-

мого себя».

Есть вещи, которые нас убивают, ибо мы потратились на них, 

и эта трата нас «держит». А реальная философия (и литератур-

ный текст как реальная философия) нас освобождают.

Освобождение  от  «держания»  –  трудный  процесс.  Дело  в 

том, что трата сцеплена с острым сознанием несправедливости и 

горя, но «пока я имею острое сознание горя и несправедливости, 

я ещё не имею понимания» (М. Мамардашвили).

Реальный философ нетематичен, как нетематична сама жизнь 

– гармоничная целостность, которая лишь для удобства изучения 

дробится. И живет эта философия не интересами, не исследова-

ниями, а – исканиями.

Главное – иметь философскую жизнь и о ней рассказывать, 

повествовать, делиться ею.

Верно заметил В. Подорога, что «Мераб Константинович от-

крывал себя, чтобы кто-то в его мысли находился и мог жить».

Реальное философствование безусловно спонтанно. Немец-

ко-грузинский философ и писатель Гиви Маргвелашвили сказал: 

«Мераб диалогичен, как философ, он сократичен. Он не кабинет-

ный философ. Кабинетный философ – это тот, который начитал-

ся и всё знает. Но это не философ. Он всё знает, но это не то со-

знание, которое прыгает, как лошадь на лугах, и вдруг нападает 

на что-то совершенно новое и абсолютно непонятное».

И  это  непонятное  он  должен  раскрыть  с  помощью  техники 

«расшифровки впечатления», о котором мы уже говорили.

Я уже писала, что совершенно непонятно, почему такой оше-

ломительный  опыт  создания  себя  до  сих  пор  не  востребован 

даже теми, кто восхищается Прустом и Мамардашвили, пишут 

о них, читают лекции. Недаром концепция «второго рождения» 

(реального  философствования)  так  актуализировалась  в  наши 

дни. Особенной популяризацией этого феномена заняты супруги 

Грофы, одна из книг которых так и названа: «Неистовый поиск 

себя».  Нам  –  и  преподавателям  и  студентам  –  явно  не  хватает 

этой неистовости.



I Казахстанский философский Конгресс 

769 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ ТАНЫМ ӘРЕКЕТІН 

ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Күміс МОЛТОБАРОВА

(Алматы) 

Қазіргі кезеңде ерекше өзекті мәселе гуманизм идеяларының 

терең  дағдарысымен  сипатталатын  жағдайды  мәдени-

философиялық  тұрғыдан  зерделеу  болып  отыр.  Қазіргі  со-

циумда  күйзеліске  ұшырап  отырған  әлдебір  жекелеген 

дәстүрлер  немесе  қоғамдық  тұтастық  элементтері  ғана  емес, 

әлемдегі  сана  мен  өзіндік  сананың  тәжірибесін  көрсететін 

гуманистік  дәстүрдің  тілі.  Атап  айтқанда  классикалық 

мәдени  құрылымдарда  «Меннің»  онтологиялық  үздіксіздігін 

қамтамасыз  ететін  сол  болатын.  Мұндай  жағдайды,  ең  алды-

мен,  ойшыл,  шығармашыл  адамдар  зерделейді  және  осы  кон-

тексте  Ф.  Ницшенің  биік  адамгершілік  құндылықтардың  иесі 

болып  табылатын  «жоғары  адам»  идеясының  маңызы  арта 

түседі.  Сондықтан  жоғары  оқу  орнындағы  болашақ  мамандар-

ды  осы  идеяға  сай  жаңа  құндылықтардың  иеленушілері  деп 

білсек,  онда  шығармашыл  тұрғыда  олардың  кәсіби  дағдысын 

дамыту үшін түрлі инновациялық технологиялар, прогресивтік 

әдістермен қатар мәселелік оқыту технологиясында еңгізу қажет. 

Педагогикалық  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай-ақ,  мәселелік 

оқыту  тыңдаушылардың  таным  процесінің  өзіне  шынайы 

берілгендікпен  қатар,  олардың  зерттеуге  деген  бейімділігін 

дамытып,  практикалық  іскерлігін  шынықтырады.  Осыдан 

мәселелік  оқытудың  негізгі  мән-мағынасы  болашақ  маманның 

танымдық іскерлігін басқару болып табылады. Ал оның негізінде 

терең және баянды білім алу мүмкіншілігін тудыру үшін, мәселе 

қойған  кезде,  оның  шешімін  табуда  білім  алушы  өзі  тікелей 

қатысу  керек.  Мұндай  принципті  ұстанған  кезде  нақты  кәсіби 

шешендігі қалыптасатын жағдай жасалып, мәселені шешудің өзі 

шығармашыл тұрғыда өтеді, ал сабақ кезінде алған информация 

іскерлік тұрғыда қабылданады. Олай болса мәселелік оқыту де-

ген ұғымға алдымен анықтама беріп алайық. 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

770 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Мәселелік  оқыту  –  ғылымның  дайын  қорытындыларын 

игеруімен  байланысты,  тыңдаушылардың  жүйеленген  дербес 

ізденіс  іс-әрекетімен  ұштасып  жататын,  даму  тұрғыда  білім 

берудің  типі.  Осы  тұрғыда  білім  берудің  мақсатына  жету  үшін 

үздіксіз интеллектуалдық жаттығу, іс-әрекет процесін және оның 

нәтижесін бағалау үшін арнайы психологиялық көніл күй туды-

рып, ойлау процесінің икемділігіне назар аудару қажеттігі туады. 

Мұндай  жағдайда  мәселелік  оқыту  аталған  процестің  дамуына 

ықпал ететін тәсілдердің бірі бола алады. Бұл шараларды іске асы-

ру кезінде тыңдаушының жалғыз ақыл-парасаттылығына ғана ден 

қоймай  оның  жан-дүниесіне,  рухына  мән  беру  керек.  Бәрімізге 

белгілі «Батыста туған адамдар мен шығыста туған адамдардың 

ойлау  мен  тіршілік  ету  жүйесінің  ерекшелігі  олардың  миының 

жұмыс  істеу  ерекшелігінде:  мидың  сол  жақ  бөлігі  –  әлемді 

абстрактілі тануға, ал оң жақ бөлігі – әлемді нақты түрде көңіл-

күй-сезіммен  тануға  жауапты»  деген  пікірмен  санасу  да  қажет. 

Өйткені, қазіргі кезде батыстың білім жүйесіне ауысып, оны ой 

елегінен өткізбей олардың жалғыз логоцентристік ойлау жүйесіне 

бет  алсақ,  онда  шәкірттерімізді  рухани  бастауларымыздан  айы-

рылтып аламыз. Айырылтып алдық та. Өйткені, батыстық білімге, 

тәлім-тәрбиеге бейімделеніп, табиғи өмірдің жылуы мен берекесін 

кетіріп жатқанымыз айқындалып жатыр. Бұл тек жалғыз менің жан 

айқайым  емес,  барлығымызды  ойландыратын  жәй.  Сондықтан 

мәселелік  оқыту  кезінде  мидың  сол  және  оң  жақ  бөлігінің 

мүмкіншілігін  бірдей  іске  асырғанда  ғана  тындаушылардың  ой-

лау  мүмкіншілігімен  қатар  олардың  өнегелік  императивінде 

дұрыс бағытқа бейімдей аламыз. Әсіресе, біздің ақпарат ағынына 

толы,  ілім-білімнің  маңызы  арта  түскен  уақытымызда  Френсис 

Бэконның:  «Уақыттың  күші  –  білімде»  деген  ұстанымы  шын 

мәнінде  күн  тәртібіне  қойылып,  бүгінгі  заманауи  ғылымдардың 

зерттеу нысанына айналған шақта мұның маңызы арта түспекші. 

Америкалық  әлеуметтанушы  Тоффлердің  «Болашақтан  қорқу» 

деген  кітабінің  атында  бүгінгі  қоғамдағы  жылдам  орын  алған 

әлеуметтік  және  техникалық  өзгерістер  процесімен  байланысты 

өзекті сауал тұр. Урбанизация, маскүнемдік, қылмыс, есірткімен 

ауру,  т.  с.  с.  Бұл  процестердің  барлығы  салқын  санаға  ерудің 

әсерінен пайда болып, басқару аясынан шығып барады.



I Казахстанский философский Конгресс 

771 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Дүниені  көкірек  көзімен  танып,  қоршаған  ортадағы 

өзгерістерді  тұла  бойымен  сезіне  алатын  ерекше  қасиетке  ие 

ұстаздар  ғана  жақсылық  ауылына  бастайтын  сара  жолды  тура 

тауып,  жастарды  жамандық  атаулыдан  сақтандыра  алады. 

Бүгінгідей  адами  бастаулардың  дүниеге  келуі  қиындап  кет-

кен  өркениет  ғасырында  солар  ғана  тындаушыларды  өз  сана-

сына,  өз  жан-дүниесінің  терең  қатпарларына  үңілуге  үйретіп, 

жақсылық  пен  имандылық  әлеміне,  ізгілік  пен  адамгершілік 

дүниесіне бастайтын тура жол тауып бере алады. Жасандылық 

пен табиғилық шекарасы жойыла бастаған кезеңде нағыз өнер 

мен жасанды өнердің шекара сызығын ажырату қиындап бара-

ды емес пе? Мұның бір дәлелі ретінде «мазмұны – социалистік, 

формасы  –  ұлттық»  атанған  мәдениеттің  шаңырағы  ортасына 

түскенін айтсақ та жеткілікті. Өмірде де солай, ақылдың «азабы» 

арқасында бәрі-бәрі: тамақ та, киім де де жасанды болып бара-

ды. Біздің санамыздың түпкі мүмкіндіктерін ешкім де түбегейлі 

зерттеп, түбегейлі сараптай алған жоқ, біздің ақыл-ойымыздың 

тереңіне  ешкім  де  бойлап  болған  жоқ,  адамдар  өздері  дүниеге 

әкелген миға сіңбес «қайта құрулар» арқылы өзіне-өзі қандай ор 

қазып жатқанын сезе ме екен?

Ал тіршілік әлемінің басты мазмұны мен басты құндылығы 

– адам, бәрі де адамға қатысты, ал, адам сол бәрі-бәрі үшін жа-

уапты, өйткені Жер атты планетадағы тіршілік атаулы сол адамға 

тәуелді.  Егер  адам  табиғаты  күйрейтін  болса  жер  бетіндегі 

барлық жетістіктер, қайта жаңғырулар мен алға жылжулар ақыр 

соңында кері кетуден басқа түк те емес. Мұндай жағдайды еске-

ре отырып, әсіресе философия пәні бойынша өтетін сабақтарда 

тындаушылардың  назарын  ұлы  ойшылдардың  міне  осы  жай-

ында,  техниканың  бақылаусыз  дамуының  арқасында  тотыға 

бастаған  адам  санасы  мен  кір  шалған  жан-дүниеміз  хақында 

сыр  шертетіндігіне  ерекше  назар  аударған  орынды.  Мысалы 

Ницшенің көпшілікке жақсы белгілі «Құдай өлді» деген сөзінде 

–  адамның  өлетін,  яғни  өмірбаянының  да  жоқ  болатын  күні 

алыс емес деген терең мағына бар. Мұның бейнесін, қарапайым 

адамның бір күнмен ғана тіршілік ету тенденциясы, бейсаналық 

ымырты,  маргиналды  ішкі  дүниесінің  үзік-жұлықтығы  орын 

алып отырған қазіргі мәдени өмірден көруге болады. Тап осы-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

772 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

дан да келіп ұстаздар қазіргі замандағы рухсыздықтың барлық 

көрінісіне  қарсы  тұра  алатын  метафизикалық  тірек  нүктелерін 

көрсете  отырып,  «адамды  рухтандырудың»  жаңа  құралдарын 

іздеу  керек.  Ал,  белгілі  философ  М.  Мамардашвилидің  мета-

физиканың  адамның  мәртебесімен  байланыстылығы  туралы 

негіздемесіне  сүйеніп  айтқанда:  «метафизика  –  жеке  тұлғаның 

ыдырамауының кепілі мен шарты» (Мамардашвили М. Необхо-

димость себя: Введение в философию: Докл., ст., филос. замет-

ки. – М.: Лабиринт, 1996. – С. 112).

Сондықтан мәселелік оқыту кезінде, тындаушыларды жалғыз 

логоцентристік  принципте  ойлау  қабілетін  дамытып  қана 

қоймай,  олардың  рұхтанған  ақыл-парасатына  назар  аудару  ке-

рек. Осы орайда әл-Фарабидің екi түрлi құбылысты – шындық 

пен  «сезiмтал  жанның  қасиеттерiн»  тiкелей  байланыстырып 

қарастырғанын  да  еске  алайық.  Сонда  біз  оларға  қазіргі  бағыт 

алған білім жүйесіне сай өзіндік жұмыс дайындығын жүргізуге, 

өзін-өзі  ұйымдастырушы  адам  ретінде  сезінуге  мүмкіншілік 

бере  аламыз.  Бұл  жерде  тындаушыларға  сенім  артып,  оның  өз 

ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен қадір қасиет 

сезімін дамыта аламыз. Сонда мәселелік оқыту сабағы – әрбір 

онда қойған мәселені бағалаудың катализаторы болып шығады. 

Өйткені онда ашылған мән оңай болмау керек. Тындаушыларда 

өзің ашу, өзің үшін ашу, өзің өзгерту үшін ашу процесі іске асу 

керек. Мұндай сабақта нағыз жан өңдеу, жан мен жүректі өңдеу 

жүру  керек.  Нәтижесінде  тындаушылардың  тәртібі  өзгереді, 

өз  іс-әрекетінің  мағынасын  іздеу  қабілеті  дамиды,  оның  ішкі 

әлемі  мен  әлеуметтік  қарым-қатынастар  жүйесінің  байланы-

сы тереңдейді, тұтастай алғанда сабаққа және шығармашылық 

тұрғыда  талдауға  деген  қызығушылық  пайда  болады,  өзін  өзі 

бақылауы арта түседі. Ал, ең тиімдісі тындаушылардың қуаныш 

сезімі сублимацияланып, оқуға деген құштарлығы да арта түседі. 

Енді  олар  әр  бір  сабақта  қойған  мәселе  бойынша  дискурсқа 

түсіп, өз ойларын өрістетуге дайын тұрады. Адамның ойы өзге 

дауысқа түскен бөгде оймен, яғни өзге сөзбен жеткізілген сана-

мен жанды қарым-қатынасқа түскенде ғана нағыз ой, яғни идеяға 

айналады  емес  пе.  Дауыс-саналар  қарым-қатынасының  осы 

нүктесінде идея дүниеге келеді де, өмір кешеді де. Ал бізге ең 



I Казахстанский философский Конгресс 

773 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ұтымдысы тындаушылардың сабақ үстінде дискурсқа қатысып, 

олардың барлығының өзара интеллектуалдық тұрғыдан өсуіне, 

ал  талқыланған  мәселенің,  идеяның  барынша  өзекті,  өміршең 

болуына  ықпал  етуге  жағдай  жасау.  Басқаша  сөзбен  айтқанда, 

дискурстар фигурасы әлдебір тәндік көрінісі бар динамикалық 

сурет немесе өмір қозғалысы, өмірге еліктеу кодының қозғалу, 

пайда болу, қалыптасу үдерісі. Мысалы, осы ретте Платонның 

«Сұхбаттары» – мәселені әр қырынан қарастыратын, көрсететін 

сұхбаттастардың  ой-толғаулары.  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  «Той» 

сұхбатын атап айту керек: сұхбаттастыққа түсетін идеялар, ой-

лар  неғұрлым  көп  болса,  мәселе  соғұрлым  көпқырлы,  тұтас 

қарастырылады. Сұхбаттастықтың Платон алдын ала белгілеген 

полифониялық  формасы  оған  қатысушылардың  барлығының 

өзара  интеллектуалдық  тұрғыдан  баюына,  ал  талқыланған 

мәселенің,  идеяның  барынша  өзекті,  өміршең  болуына  ықпал 

етеді. Ал адамның ойы өзге дауысқа түскен бөгде оймен, яғни 

өзге,  сөзбен  жеткізілген  санамен  жанды  қарым-қатынасқа 

түскенде  ғана  нағыз  ой,  яғни  идеяға  айналады.  Дауыс-саналар 

қарым-қатынасының осы нүктесінде идея дүниеге келеді де, өмір 

кешеді  де.  Сондықтан  «бұлақ  көрсең,  көзін  аш»  деп,  қисыны 

келген  тақырыпта  көтерілген  мәселелерді  тындаушылардың 

болашақ  өмірімен  байланыстырып,  олардың  танымдық  іс-

әрекеттілігін нығайтып, сұхбатқа бейімдеу керек. Өйткені, «болу 

–  сұхбаттастық  қарым-қатынас.  Сұхбаттастық  біткенде  бәрі 

де  бітеді».  Бахтиннің  осы  сұхбаттастық  тұжырымдамасының 

әдістемелік  негіздерін,  әсіресе,  философия  пәні  бойынша 

өтетін  сабақтарда  ұтымды  пайдаланып,  М.  Мамардашвали 

айтқандай  тындаушылардың  «ойлау  қуанышын»  оята  аламыз. 

Сонда  олардың  әрбір  тақырыпты  оңай  игеру  мүмкіншілігі 

арта  түседі.  Жалпы  түсінудің  өзі  сұхбат  кезінде  орын  алады 

емес пе?! Оған сәйкес, адамның өмірінің өзі, оның санасы мен 

өзгелермен  қарым-қатынасының  өзінің  сұхбаттастық  табиғаты 

бар.  Адамдықтың  негізінде,  Бахтин  бойынша,  адамаралық, 

интерсубъективтілік  және  интериндивидуалдық  жатады.  Екі 

адами мән өмір мен болмыстың ең азын құрайды. Бахтин адам-

ды,  шынайы  өмірін  онымен  сұхбаттастық  құра  алғанда  ғана 

білуге болатын қайталанбайтын жеке болмыс және тұлға орай-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

774 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ында  қарастырады.  Егер  осылай  болса,  онда  М.  Бахтиннің 

көзқарастарына сәйкес, тындаушыларды осы өмірлік шындықтың 

өзінің  іргелі  экзистенциалды-онтологиялық  негіздеріне 

ұмтылдыру  керек.  Ол  үшін  экзистенционалды-рухани  фило-

соф  ретінде,  болмыстың  эстетикалық  көріністері  әу  бастан-ақ 

өмірдің әртүрлі саласы – мәдениет ритуалдарында, адамдардың 

қарым-қатынасында,  адам  айтатын  сөздер  өмірінде,  дауыстың 

ырғағы  мен  бөгеліс-іркілістерінде,  мәтіндер  мен  таңбалық 

мәдениет  шығармаларында  тамырланғанына  мейлінше  сенім 

арту керек. Әсіресе, қазіргі кезде адамның әлеуметтік болмысы 

қоғамдық өмірдің әрбір саласындағы кең көлемді құбылыстарға 

және процестерге тәуелді болып тұрған кезде. Мұндай жағдайда 

тыңдаушыларды  өзінің  өмірлік  бағдарламасын  айқындайтын, 

өзіндік дамудың субъекті ретінде алға шығуға тиісті екеніне сенім 

арттыру керек. Бұл ретте оның кәсіби бейнесін оқу орнындағы 

білімдік процеспен тығыз байланыста қарастырып, білімнің мән-

мағынасын түсінуге бейімдеу керек. Ал білім – ғылыми хабарлау, 

әлеуметтік және кәсіби тәжірибенің, тұлғаның қалыптасуы, оның 

дүниетанымын,  мәдениетін  табыс  ету  және  игерудің  бірегей 

механизмі.  Бұл  тұрғыда  білімнің  қалыптастырушы  міндеті 

ең  негізгі  болып  шығады.  Өйткені,  болашақ  кәсіби  іс-әрекет 

динамикалық, қайшылық, және әр алуан өзгешелікке ие болған-

дықтан,  жоғары  оқу  орнындағы  білімдік  процесте  болашақ 

маманның қалыптасу жүйесінің құрылуын жан жақты қарастыру 

керек.  Әрбір  заттың  мәніне  терең  үңілу  үшін  оған  оперативтік 

тұрғыда ойлайтын, ынталық қасиеті бар креативті тұлға болу та-

лабын алдына қойып, жанының тереңінен шығу қажет. Өйткені, 

философиялық  қызметте  «әлемнің  шашылған  мағыналарын» 

жинайды да өтпелі үшін, әлемдегі өтпелі болмыс пен мәңгілікке 

қатысы  бар  оқиғалық  құнды  салмақ  алатын  сезімдік  эквива-

лент  пен  құндылық  ұстанымдарын  жасап  шығарады.  Мұны 

ой  елегінен  өткізген  болашақ  маман  экзистенциалдық  таңдау 

кеністігінде дұрыс бағыт-бағдар алу қабілетке, кәсіби қызметте 

ақталған  өнегелік  императивке  ие  болады.  Өйткені,  тұлға 

күрделі әлеуметтік-мәдени континуумда қалыптасатыны белгілі, 

оның  ішкі  жан  дүниесінде  сантүрлі  әлеуметтік-мәдени  өзара 

байланыстардың драмалық өрімі көрінеді.



I Казахстанский философский Конгресс 

775 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Өз  кезеңіндегі  психология  –  «жан  туралы  ілім»  ахуа-

лын  сипаттай  келе  Юнг,  оның  психотехника  және  психотера-

пия  көмегімен,  академиялық  шектеулерді  бұзып,  тәжірибелік 

деңгейге  шығатынын  атап  көрсетеді.  Жанды  рухани  өмірдің 

формасы  ретінде  қарастыра  келе  Юнг,  жанның  мәнін  «өзіндік 

және  өзі  үшін  зат»  деп  танымайды,  бірақ,  тұлғаның  әртүрлі 

психикалық  көріністеріндегі  сырлы  болмысы  деп  таниды.  Ру-

хани  өмірді  зертханалық  жағдайларда  зерттеу  мүмкін  бол-

мағандықтан,  психолог,  жан  өмірінен  әлденелерді  анықтауға 

мүмкіндік  беретін:  поэзия,  әдебиеттану,  эстетика  сынды  өзіне 

бөгделеу салаларға енуге мәжбүр. Бүгінде бұл тізімге біз өз та-

рабымыздан басқада гуманитарлық пәндерді, соның ішінде фи-

лософияныда қосуымыз қажет. Сондықтан мәселелік оқытудың 

ең негізгі элементі мәселелік жәй деп түсініп, тындаушылардың 

ойлау  қабілетін,  танымдық  сұрауын  күшейту  керек.  Бұл  шара 

іске  асу  үшін  мәселелек  жәйді  жасаудың  келесі  тәсілдерінің 

типтерін  білу  қажет.  Олар:  тындаушылардың  практикалық 

жұмыстарын ұйымдастыру; оларды бір мәселені басқаға қарсы 

қойып  немесе  салыстыруға  талаптандыру;  жаңа  фактылардың 

негізінде алдын ала қорытынды жасауға ниеттендіру; зерттеулік, 

ізденіс тапсырма жасау және т. б. Осыларды білудің нәтижесінде 

мәселелік  оқытуды  дұрыс  ұйымдастыруға  болады.  Ол  үшін 

тындаушылардың  ойлау  мүмкіншілігінің  ішкі  жайын  да  білу 

қажет.  Олар:  оқып  жатқан  тақырып  бойынша  білімінің  саты-

сы,  интеллектуалдық  мүмкіншілігі  және  оның  даму  сатысы. 

Осы  тұрғыда  мәселелік  оқыту  кезінде  жалғыз  ақыл-парасат 

мүмкіншілігіне  ғана  ден  қоймай,  тындаушының  жанына,  ру-

хына  әсер  ететіндей  сауалдарға  назар  аударған  ұтымды  бо-

лып  шығады.  Мысалы  жастардың  аксиологиялық  бағытына 

үнделіп,  олардың  өмірімен  іс-әрекетінің  әр  алуандылығына 

деген құндылық қатынысқа өз көзқарасын қалыптастыруға бо-

лады.  Өйткені,  олар  тындаушылардың  өміріне  сұлулық,  білім, 

ләззат, шығармашылық, руханилық әкеледі. Ал немқұрайды не-

месе жағымсыз реакция қашанда затты жұтаңдандыратын және 

бұзатын реакция.



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

776 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА «ТӘУЕЛСІЗ» 

БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

(философия пәнін оқыту мысалында)

Ерлан АРИНОВ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет