(Қарағанды)
Білім беру өте маңызды, күрделі, әрі өте жауапты үдеріс. Әсі-
ресе тәуелсіздігін енді алған «жас» ел үшін білім беру саласын
дұрыс жолға салу кезек күттірмейтін мәселе. Мәселенің маңыз-
дылығы бөгде елдің отары болған елдің тәуелсіздік алғаннан
кейін білім беру саласын отарлаушы елдің бөгде сана шырма-
уынан дер кезінде «сауықтыру» керектігімен айқындалады.
Бүгінгі жастар болмысының ертең қалай қалыптасарына білім
берудің әсері зор. Еліміздің өркениетті елдер көшінен қалмай,
басқалармен терезесін тең ұстауы да білім-ғылымды дамыту-
мен байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, «дүнияда
ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін, елсізді елдіге
теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнер» [1, 214 б.].
Ғылымның елді елмен, халықты халықпен теңгеретіні заман
шындығы.
Қазақ халқын жаппай сауатты болуға шақыру, зайырлы білім
беру ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қолға алынды. Әсіресе
ХХ ғасырдың басындағы Алаш Ордашылар бұл істі жүйелі түр-
де жүргізді. Олар отаршылықтан құтылудың бірден-бір жолы
халыққа білім беру арқылы санасын жаңғырту деп білді. Мектеп-
тер мен медреселерде жүргізілетін оқу жүйелерін «жаңа әдіске»
(жадид) сай реформалап, діни сабақтармен қатар ғылымның әр
саласынан хабар беретін арифметика, жағырапия, тарих, жара-
тылыстану, тіл пәндерін жүргізуді алға қойды. А. Байтұрсынұлы,
М. Жұмабаев, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов т. б. қазақ зиялыла-
ры қазақ даласында жаппай сауат ашуды, Ресейдің миссионер-
ғалымдары әкелген отарлық біліміне төл сананы жаңғырту
арқылы төтеп беруді қолға алды.
В.В. Григорьев, Н.Ф. Костылецкий, И.К. Березин, Н.И. Иль-
минский, А.Е. Алекторов, В.Н. Витебский, Н.П. Остроумов,
А.П. Харузин сияқты т. б. орыстың миссионерлері қазақтың
I Казахстанский философский Конгресс
777
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
жерінде орыстың тілін таратуда және қазақ халқына бойында
Ресейдің отарлық санасын арқалаған, қазақ ұлтына пайдасыз
білімдерін беруде шешуші қызмет атқарды. Бұған Н.И. Ильмин-
скийдің 1891 жылы 27 желтоқсан күні В.Н. Витебскийге жазған
мына бір хаты дәлел бола алады. Хатта: «Бұратаналарға білім
беру жүйесінің түпкі мақсаты – бұратаналарды орыстандыру
және дінін де, тілін де мүлдем ұмыттырып, бүтіндей орысқа
сіңіріп жіберу. Міне, соған ұмтылуымыз керек», – деп ашық
жазылған [2, 55 б.]. Ресей отаршылығы кезінде қазаққа білім
берудің мақсаты осындай болған еді. Отаршылдардың қазаққа
білім беріп, мектеп ашуларының астарында орыстандыру са-
ясаты жатты. Бұл Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың білім алу,
ғылым меңгеру туралы ойларына мүлдем кереғар саясат еді.
Мәселен, Абай жұрт ісін түзейтін оқу-тәрбие жұмысы екендігін
жақсы түсінген. Бірақ бұл іс өз тілінде, халықтық тәрбиеде
жүргізілсе құба-құп. «Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ
құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса бо-
лады» [3, 399 б.]. Абай бірден орыс ғылымын меңгер демейді, ал-
дымен түркі танырлық сауатыңды аш, өз халқынның мәдениетін,
тарихын, дәстүрін, дінін біл. Одан кейін «араб, парсы керек» [3,
399 б.]. Араб пен парсы мәдениетінің қазақпен рухани байла-
нысы, ортақ тарихы мен ортақ діни мүддесі бар. Өз жұртынның
дүниетанымы бойынша негіз қалыптастыр, сосын барып орыс
мәдениетін меңгеруге кіріс және оқығанда да, «қазаққа күзетші
болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық
қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек»
[3, 400 б.]. Абай ұсынған оқудың мақсаты осы. Орыс ғылымын
«соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен» деп емес, қазаққа
күзетші болайын деп оқы, халық қатарына қосылудың қамын
же. Бұл орыс миссионерлерінің ағарту жүйесіне мүлдем қарсы
мақсат еді.
Өте ұзаққа созылған отарлық білім берудің нәтижесінде
ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін ұмытқан, отаршылдардың
сойылын соғатын адамдар, өзінің бойынан не төл мәдениеттің
болмысын, не бөгде мәдениеттің болмысын таппай шатасқан,
шекаралық халдегі мәңгүрттер қалыптасты. Мұндай адамдар
үшін ұлттық болмыс, ұлттық сана, ұлттық рух, ұлттық дәстүр,
ұлттық мақтаныш және тағы сол сияқты ұғымдар жат. Олар үшін
I Қазақстандық философиялық Конгресс
778
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
«ұлттық» деген мәселенің қойылуы да жөнсіз. Жөнсіз болатыны
пайдасыз, тәрбиесіз алынған білімдер бұл ұғымдарды санадан
өшіріп тастаған.
Сананың өшуін мәңгүрттік, санасы өшкен, өткенін ұмытқан
адамды мәңгүрт адам деп жатамыз. Ал осы мәңгүрт адам
қалай жасалады? Мәңгүрттікке отарлық білім берудің қатысы
қаншалықты?
Мәңгүрт адам жайлы Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да
ұзақ күн», Әбіш Кекілбаевтың «Күй» шығармасынан кездестіруге
болады. Мәңгүрт жасаудың адамның шашын алып тастап, басы-
на түйенің терісін кигізіп, күннің астына байлап тастау немесе
үңгірлерде тамшылап тұратын су тамшысының астына бірнеше
күн отырғызу секілді әдістері белгілі. Бұл әдістер адамды
физикалық күштер арқылы мәңгүрт қылдырады. Сонымен қатар
адамды рухани күш, яғни білім арқылы да мәңгүрт қылуға бола-
ды екен. Мұны Шыңғыс Айтматовтың романынан көруге болады.
Мәңгүрттік және білім арқылы мәңгүрттендіру мәселесін
алғашқы болып Шыңғыс Айтматов көтерді. Оның «Ғасырдан да
ұзақ күн» романы КСРО заманының шынайы бет-бейнесін егжей-
тегжейлі ашып көрсеткен роман. Тәрбиесіз, пайдасыз алынған
білімнің адамның адамшылығын бұзатыны, адамның бойындағы
ұлттық намысын, ұлттық мінезін жоятыны, тарихи сананы
ұмыттыратыны өте шебер бейнеленген. Романның кейіпкері
Сәбитжан – пайдасыз білімді бойына сіңірген азамат. Автор
оны былай сипаттайды: «Бір қарасаң – тәп-тәуір жігіт сияқты.
Білмейтіні жоқ, жағын безеп сайрап тұр, ал бірақ, берекесіз
болғанда берекесіз. Әкесі марқұм оны оқытпаған интернат, ин-
ститут атаулы бұл төңіректе, әй, қалмаған шығар. Бірақ не керек,
жөнді адам шыға қоймады [4, 21 б.]. Сәбитжанның бар болмысы
әкесі Қазанғаптың қазасынан кейін, Қазанғапты жерлеу кезінде
барынша көрінеді. «Сөйтсе айналайын білімпаз Сәбитжан әкесін
құрметтеп шығарып салу үшін емес, апыл-ғұпыл көме салу үшін
келген болып шықты. Ау, жер түбіндегі Ана-бейітке сандалып
не керек, табалдырықтан аттап шықсаң дүниенің қиырына дейін
Сарыөзектің қу даласы көсіліп жатқан жоқ па? Жер жетпей ме сон-
ша!» [4, 29 б.]. Қазақ халқында өсиет деген, адамның өлер алдында
айтқан соңғы сөзі, соңғы тілегі деген ұғымдар бар. Соңғы тілекті
орындау парыз. Қазанғап өзінің Ана-Бейітте жерленуін тілек
I Казахстанский философский Конгресс
779
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
қылған. Ана-Бейіт – мәңгүрт ұлының (Жоламанның) қолынан
қаза тапқан Ананың зираты еді. Қазанғаппен талай жыл қызмет
жасасқан Едіге оның соңғы тілегін орындауға дайын болғанмен,
танымы бөлек мәңгүрт Сәбитжан бұған қарсы болады. Сәбитжан
үшін парыз, өсиет ұғымдарының еш мәні жоқ. Парызды орын-
дау қиынға түсуі мүмкін болғандықтан, ол ата жолына қолын
бір сілтеп, өзіне ыңғайлысын жасамақшы. Әкесінің соңғы сөзін
орындамай, алыстағы Ана-Бейітке жерлемей-ақ, жақын жерге
жылдамырақ жерлей салғысы келеді. Романда Сәбитжанның
әйелінің, балаларының атасын соңғы сапарға шығарып салудың
орнына, оның өліміне қайғырудың орнына, білім алу жолында
аянбай еңбектеніп жататыны да суреттелген. «Әйелінің келмеген
себебі: шетелдік меймандар қатысатын әлдебір конференцияда
болуы керек екен. Сәбитжанның әйелі болмаса, конференция
қараң қалатындай. Ал марқұм Қазанғаптың немерелері неге кел-
меді деп ешкім қазбалап жатқан жоқ. Сәбитжанның балалары
бoлашақта институтқа түсу үшін тәуір аттeстат алмақ бoлып,
oқу үлгeрімі жoлында күрeсіп жатса кeрeк. «Бұл жұрт не болып
барады! – деп Едігенің жаны жай таппады: – «Бұлар өлімді сый-
ламаса, тіршіліктің қадірін қайдан білсін! Бұлар қалай, не үшін
өмір сүріп жүр өзі? Өмірдің мәні не сонда бұлар үшін?» [4, 31 б.].
Сәбитжанның мәңгүрттігі әкесін жерлеп болғаннан соң
мейлінше көрінеді. Олар Қазанғапты Ана-Бейітке жерлеуге келе
жатқанда кедергіге тап болады. Ол кезде Ана-Бейіт орналасқан
аймақ қоршалып, зират жойылып, сол жерге космодром салы-
найын деп жатқан еді. Ана-Бейітке жете алмай, Қазанғап соның
маңындағы бір төбеге жерленеді. Жерлеу рәсімі аяқталған соң
Едіге Сәбитжанды шақырып алып, қасиетті зират жайын сөз
етеді. Сауаты бар, оқымаған кітабы жоқ, қызметі облыста, кез
келген адаммен сөйлесе алатын Сәбитжанға Едіге: «Ана-Бейітті
жермен-жексен етуге болмайды ғой. Бұл тарих қой» – дейді.
Сонда Сәбитжан: «Оның бәрі ерте-ертедегі ертек қой. Бұл ара-
да қазір әлемдік, космостық мәселелер шешіліп жатыр. Ал, біз
барып әлдебір зират туралы арыз айтқанымыз жараспайды ғой.
Кімге керек ол? Олар үшін ол дегенің – тіфу! Қойсаңшы, шал, бос
әуре ол. Мен барады деп иегің қышымай-ақ қойсын. Маған оның
түкке де керегі жоқ» [4, 335 б.] – дейді. Сәбитжанға халқының
тарихының, халық үшін қасиетті саналатын Ана-Бейіттің түкке
I Қазақстандық философиялық Конгресс
780
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
де керегі жоқ. Себебі Сәбитжан – мәңгүрт. «Ақыл сұрап, көмек
күтетін адам Сәбитжандай бола ма, құдай-ау? Сауатты, оқыған
бала, мұндайлар мен сияқты қарапайым жұмысшыны тез түсініп,
тіл табысады деп үміттеніп қалды ғой. Оның түрлі курстарды
тауысып, бәленбай институтта оқығанынан не пайда? Мүмкін,
оны дәл қазіргісіндей қайырымсыз болсын деп оқытқан шығар.
Сәбитжанның дәл қазіргідей Сәбитжан болып шығуы үшін көп
күш жұмсаған әзәзіл біреу отырған шығар бір жерде.
– Мәңгүртсің сен! Нағыз мәңгүрттің өзісің! – деп ашына
күбірледі Едіге Сәбитжанды әрі аяп, әрі құсықтан да жек көріп»
[4, 337 б.]. Білім арқылы мәңгүрт жасауды Шыңғыс Айтматов
осылай бейнелейді.
Білім берудегі отарсыздану үдерісі отаршылық әкелген бөгде
санадан, мәңгүрттіктен арылудың бірден бір жолы. Білім са-
наны ағартады, отарлық сананың шеңберін бұзады және жаңа
көзқарас қалыптастыруға негіз болады. Бұл жерде мәселе
білімнің төл санаға пайда әкелетін немесе пайда әкелмейтін
түрлерін дұрыс анықтап алуымызда. Осы жерде қазіргі заманғы
тәуелсіз еліміздің философиясының орны да, маңыздылығы да,
құндылығы да анықталмақ. Төл санаға пайдалы не пайдасыз
білімдерді неліктен философия анықтауы керек деген сұрақ ту-
ындауы мүмкін. Себебі сана, төл сана және бөгде сана ұғымдары
философияның категориялары. Мектептерде, колледждерде,
ЖОО-да беріліп жатқан білімдердің, әсіресе дүниетанымдық
маңызы бар пәндер бойынша білімдердің жай-күйін философия
анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отыруы қажет-ақ.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласында жаңа сапа-
лы реформа жасау қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздігімізді
алғаннан бері елімізде білім беру саласында біршама реформа-
лар жасалды, әлі де жасалып жатыр. Алайда бұл реформалар-
ды мазмұнды реформалар деп айта аламыз ба? Білім беруде
отарсыздану үдерісі жүргізілді ме? Білім саласы отарлық сана
қалыптастырған дүниетанымдық негіздерден арылды ма? Дж.
Неру «Өмірбаян» деген кітабында: «Менің елімнің тарихы
ағылшындардың көзқарасымен жасалған тарих еді» [5, 423 б.]
деп жазған екен. Біз отарлаушылар жазып берген тарихымыз-
ды қайта қарай алдық па? Қазақ халқының тарихына, қазақ ой-
шылдарына объективті пікір бере алдық па? Әлем халықтары
I Казахстанский философский Конгресс
781
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
философиясының көлеңкесінде келген қазақ халқының төл
философиясының жағдайы қандай? Колледждерде, ЖОО-да фи-
лософия пәнін оқыту арқылы оқушылардың, студенттердің бой-
ында «тәуелсіз» сана қалыптастыра алып жүрміз бе?
Философия оқушының дүниеге, қоғамға қатысты көзқарасын
қалыптастырады. Білім беруде философия пәнін оқытудың
маңызы философияның көзқарас қалыптастырушы қызметімен
айқындалады. Философия пәнін оқытуда шешімін таппаған
мәселелер де жоқ емес. Ондай мәселелер қандай дегенге келсек,
біріншіден, философия пәнін оқытуда туындайтын мәселенің
ең негізгісі – қазақ философиясын барлық мамандықтардың,
яғни жаратылыстанулық, техникалық, қоғамдық, медициналық
білімдер саласының мамандықтарының студенттеріне оқытуда
туындайды. Оқу жоспарына сәйкес дәріс тақырыптары сағаттарға
бөлінетіні белгілі. Мәселен, академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінде барлық мамандықтарға
оқытылатын философия пәні 20 дәріс сағатын қамтиды. Соның 1
сағаты ғана қазақ философиясына арналған. Еуропа философия-
сы көне замандағы грек философиясынан бастап, ХХІ ғасырға
дейінгі постмодернизм философиясына дейінгі аралық кезең-
кезеңімен оқытылады. Ал қазақ философиясына берілгені тек
1-ақ тақырып. Мұндай оқу жоспарымен қазақ философиясының
мәнін ашып көрсету мүлдем мүмкін емес. Қазақ философия-
сын өзіміз оқымағанда, елімізде оқытпағанда кімге оқимыз,
қайда оқытамыз? «Тәуелсіз» төл философияны оқыту отарлық
дәуірде санамызға сыналап енген мәңгүрттік санадан арылудың
жолы емес пе? Себебі философия сананы ағартады, тәуелсіз сана
қалыптастырады. Осы жерде екінші мәселенің шеті шығады.
Екінші мәселе, философия пәнінен қазақ тіліндегі оқулықтар
мәселесі. Оқулықтардың жайын реттемей тұрып қазақ фи-
лософиясын оқыту ісі алға баспайтыны анық. Өкінішке
орай, оқулықтардың көбінің қазақ философиясына келгенде
кемшін тұстары көп. Сонау Қорқыт заманынан бастап қазақ
елі Ресейдің отары болмай тұрғандағы заманға дейінгі ара-
лықтағы ойшылдардың дүниетанымдық мәселелерін, Ел мен
Жер идеяларын, қазақ елі отар болғаннан кейінгі «зар заман»
ойшылдарының зарын, қазақ философиясында «ағартушылық
дәуір» деп аталатын кезеңдегі ойшылдардың һакімдігін, ХХ
I Қазақстандық философиялық Конгресс
782
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ғасырдағы ойшылдарымыздың басты мәселелерін толықтай
қамтыған оқулықтар жоқтың қасы. Көптеген оқулықтарда қазақ
ойшылдарының философиялық ойларынан гөрі ағартушылық
идеялары, әлеуметтік-саяси ойлары басым көрсетіледі. Мыса-
лы, Абайдың ғақлия сөздері, адам болмысы, ақыл, жүрек, жан
мен тән, Алланы тану жайлы айтқан ойларына қарағанда оның
әлеуметтік-саяси ойлары, халықты білім алуға шақыратын
«ағартушылық» идеялары көп жазылады. Бұлардың бәрінен
елімізде қазақ тілінде сапалы философия оқулықтарының
жетіспеушілігі мәселесін шешу, философия пәнін оқытуды қайта
жоспарлау қажеттілігі туындағандығы көрінеді.
Бірлік пен жасампаздықтың XXI жылдық тарихын басы-
мыздан өткіздік. Тек бірліктің мағынасын дұрыс түсінгеніміз
жөн. Бірлік, Абай айтпақшы: «бірлік – ақылға бірлік, малға
бірлік емес...» [3, 362 б.]. Сондықтан бірлік дегенде ақылға
бірлік, ұлттық рухқа, намысқа бірлік, ұлттық танымға бірлік
деп түсінгеніміз жөн. Сөзіміз бен ісіміз бір жерден шықпай,
қазақтың тарихын, ұлттық болмысын, ойшыл ғұламаларын
танудағы өлшемдеріміз қазақтық өлшемдерге сай келмей жатса,
антұрғандықтың басы осы. Қате өлшем ақиқатқа бастамайты-
ны белгілі. Жалған сананың құрсауында қалып қойғымыз кел-
месе, дүниетанымдық өлшемдерімізді өзгертуіміз және тәуелсіз
елімізде отарлық дәуірде қалыптасқан Сәбитжандай мәңгүрт-
терді дайындайтын отарлық білім беру жүйесін қайта қарап,
білім беру саласында жаңа, сапалы реформа жасау қажет-ақ.
Тәуелсіз жаңа Қазақстанда өмір сүріп отырып «тәуелсіз» білім
беру жүйесін жасай алмауымыз, санамыздағы отарлық сана са-
лып берген өлшемдерден арыла алмауымыз тәуелсіздігімізге сын.
Әдебиеттер
1 Ахмет Байтұрсынұлы. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.
2 Жұртбай Т. Сүре сөз. – Алматы: Экономика, 2005.
3 Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер. – Алматы:
Жібек жолы, 2005.
4 Шыңғыс Айтматов. Ғасырдан да ұзақ күн. – Астана: Аударма, 2011.
5 Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Он томдық. Әлемдік та-
рихи ой. – Астана: Фолиант, 2006.
I Казахстанский философский Конгресс
783
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
НОВОЕ ПОКОЛЕНИЕ В КОНТЕКСТЕ ПРОБЛЕМЫ
СОЦИАЛЬНО-ФИЛОСОФСКОГО КОНСТРУИРОВАНИЯ
РЕАЛЬНОСТИ
Нургали АРШАБЕКОВ
(Павлодар)
Социально-исторический мир человека – реальность особого
типа, содержащая коллективные представления, которые явля-
ются неотъемлемыми элементами ее онтологии и модельно-по-
рождающими структурами ее собственной динамики. Поэтому
от того, как люди осмысливают, оценивают, переживают обще-
ственные явления, от того, какого рода картинами, моделями,
концепциями, нормами и идеалами социального устройства мо-
тивируют и ориентируют свои поступки, в решающей степени
зависят характер и направление онтологических преобразований
социальной реальности.
В социологии существует так называемая «Теорема Томаса»:
«Если люди определяют ситуации как реальные, то ситуации ре-
альны по своим последствиям». Ценностно-целевые структуры
деятельности продуцируют такого рода социально осмысленные
определения реальности, которые, как «самосбывающиеся про-
рочества», обладают потенциалом самоосуществления, объекти-
вирования в социальном процессе. Социальные идеи и идеалы
выражают не только представления о должном или желаемом со-
стоянии общества, но направляют и опосредствуют социальные
преобразования. «В самом деле, что такое идеал, как не пред-
восхищаемое представление о желаемом результате, реализация
которого возможна только благодаря самому этому предвосхи-
щению?», – задавал риторический вопрос Эмиль Дюркгейм [1,
с. 349].
Более того. В современных версиях развиваются концеп-
ции социальной трансформации, в которых пересматриваются
традиционные представления о механизмах, движущих силах,
субъектах социальных изменений. За этими концепциями стоит
реальный исторический опыт социального конструирования ре-
I Қазақстандық философиялық Конгресс
784
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
альности, поскольку теории «...сочиняются для легитимации уже
существующих социальных институтов. Но случается и так, что
социальные институты изменяются для того, чтобы они соответ-
ствовали уже существующим теориям» [2, с. 208].
Иными словами, социальная реальность – это взаимодействие
жизненной действительности и философско-научной культуры,
взаимно коррелирующих друг друга. И только подобная взаимо-
комплиментарность придает жизнеспособность как жизнебы-
тию социума, так и развитию социогуманитарного познания.
В связи с изложенным, встает проблема переосмысления со-
временной социальной реальности. Здесь нас интересуют два
аспекта. Первое – общество как целостность; второе – молодое
поколение как важная, более того, наиболее актуальная часть со-
временного социума.
Начнем с последнего. Новое поколение. Каково оно? Что оно
из себя представляет? Органичный Космос? Или разбегающую-
ся Вселенную? Возможно, ли моделировать/репрезентировать
социальный портрет современной молодежи? Или это неразре-
шимая задача? – Эти и многие другие вопросы задает сегодняш-
нее бытие, которое наглядно свидетельствует о неординарности
молодых. Поиск ответов на эти и другие вопросы существенным
образом осложняется тем, что понятиям «социальное», «соци-
альная реальность», «общество» придается различный смысл – в
зависимости от исходных мировоззренческих установок, кон-
цептуально-методологических парадигм и проблемно-тематиче-
ских ориентаций исследования. В одних случаях социальное как
синоним общественного бытия освещается в его специфическом
отличии от личностного, индивидуального. Для других исследо-
вателей социальное есть совокупность нормативно опосредство-
ванных и институционально заданных взаимодействий между
людьми как представителями различных групп и общностей (со-
циальное как синоним социетального, описывающегося социо-
логическими понятиями «социальная структура», «социальный
статус», «социальная роль» и т. д.).
Остается также открытым вопрос о том, является ли социаль-
ная реальность системной целостностью по своим онтологиче-
ским основаниям и основным формам существования. Некор-
I Казахстанский философский Конгресс
785
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
ректно a priori отвергать возможность того, что форма системы
является исторически обусловленной формой существования
социальной реальности наряду с другими типами бытия. Вме-
сте с тем, существует мощная традиция философско-историче-
ской, культурологической, социальной рефлексии, утверждаю-
щая принципиально внесистемный характер экзистенциальных,
смысложизненных феноменов. Следовательно, продуктивна ме-
тодология, согласно которой, морфология социальной реально-
сти создается взаимодействием, параллельным сосуществовани-
ем высокоупорядоченных структур и внесистемных феноменов.
Разумеется, формат настоящей статьи не допускает возмож-
ности, да и сама проблема не предполагает необходимости из-
ложения результатов скрупулезного анализа всего многообразия
философских, общенаучных, междисциплинарных и специаль-
но-научных теорий сложноорганизованного многообразия соци-
альной реальности. Представление о расколотости социального
мира, сложной сети взаимоотношений личности и общества,
включающего в себя конфликтующие структуры и даже антаго-
нистические противоречия, стало основанием социально-фило-
софских теорий таких философских направлений, как романтизм,
экзистенциализм и персонализм. С позиций феноменологии это
противоречие осмыслено Ю. Хабермасом как двухполюсная или
двухуровневая организация социального мира, феноменологи-
чески выступающего одновременно как «система» и как «жиз-
ненный мир» [3]. И эта дифференциация концептуально-методо-
логических средств социально-философского анализа отражает
реальное разделение общественного целого.
В рамках обсуждаемого вопроса видимо назрела необходи-
мость в социально-философском осмыслении нового поколения,
этой становящейся реальности, статус которой возрастает по на-
растающей. Иными словами, это – самая динамичная часть соци-
ума, вызывающая источник «возмущения» в обществе. Ситуация
усугубляется тем, что в концепциях «неомодернизации» понятие
современная личность «...не рассматривается более как символ
желаемого эффекта процесса модернизации, а признается, ско-
рее, непременным условием экономического старта». Понятно,
что принятое редуцирование на «экономического» человека,
I Қазақстандық философиялық Конгресс
Достарыңызбен бөлісу: |