***
164 – Көк пен жердің жаратылуында, күн мен түннің
* Бұлар классикалық араб ақындығының тақырыптық жанрлары.
Мағынасы жоғарыдағы рет бойынша: мақтану, батырлық, үгіт, мақтау
және даттау.
128
“Хикмет”
баспа үйі
кезектесуінде, адамдардың пайдасы үшін теңізде жүзген ке-
мелерде Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы
үгілген жерді жандандыруында, сондай-ақ онда әр алуан жан-
жануарларды таратуында, (бағыт өзгертіп) соғатын желдерді
және жер мен көкті, араларындағы бағынышты бұлттарды
басқаруында ақыл иелері үшін (Жаратушының бірден-бір
екендігін дәлелдейтін) даусыз дәлелдер бар.
***
165 – Кей адамдар Аллаһтан басқаны (бұт-бұрқанды) құ-
дай көреді де, оларды (мұсылмандардың) Аллаһты сүйгенін-
дей сүйеді. Бірақ мүминдер Аллаһты артықша сүйеді. За-
лымдар азапты көрген кезде күллі күш-қуаттың Аллаһқа тән
екендігін, Аллаһтың жазасының қатты екендігін білсейші!
***
166 – Ілестірушілер сол кезде азапты көріп, ілесушілер-
ден безеді. Олардың араларындағы қарым-қатынас үзіледі.
***
167 – Ілесушілер: «Әттең бізге бір рет (дүниеге қайта)
қайтар күн болса, олардың бізден безіп кеткеніндей біз де
олардан безер едік» дейді. Аллаһ олардың істеген істерінің
өкінішін (көздеріне) осылайша көрсетеді. Олар тозақтан
шыға алмайды.
***
168 – Әй‚ Адамдар! Жер жүзіндегі адал, пәк азықтарды
жеңдер, шайтанның соңынан ермеңдер. Өйткені, ол –
сендердің әшкере дұшпандарың.
***
169
– Ол сендерді жамандыққа, жиіркенішті істерге,
Аллаһ туралы өздерің білмейтін сөздерді сөйлеуге жетелейді.
129
“Хикмет”
баспа үйі
170 – Оларға (Мекке мүшріктеріне): “Аллаһ түсірген
(Құранға) ұйыңдар” делінсе, олар “жоқ, біз ата-бабалары-
мыздан қалған дінге ұйыймыз” дейді, ата-бабалары ешнәрсе
ұқпайтын, тура жолды таба алмайтындар болса да (олар
солардың жолын қумақ па?).
***
171 – Кәпірлерді үгіттеуің айғайды ғана естіп, сөздің
мағынасын түсінбейтін малға айғайлағанмен бірдей. Олар
саңырау, сақау, соқыр (ақиқатты естімейді, сөйлемейді,
көрмейді). Сондықтан олар ешнәрсе түсінбейді.
***
172 – Ей‚ мүминдер! Өздеріңе берілген адал ризықтардан
жеңдер, егер Аллаға ғана құлшылық етер болсаңдар Оған
шүкіршілік етіңдер.
***
173 – Аллаһ сендерге өлексені (бауыздаусыз өлген малды),
қанды, доңыз етін, Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған
хайуанды жеуді арам қылды. Алайда кім амалсыз жағдайда,
еріксізден одан (жан сақтап қаларлықтай) өз лайығында
жесе, күнәға жатпайды. Өйткені, Аллаһ өте кешірімшіл һәм
ерек мейірімді.
***
174 – Аллаһ түсірген кітаптың (Тәурәттің) сөзін жа-
сырып, оны болмашы ақшаға сататындардың жеп қарнын
қампайтқаны тек от қана. Қиямет күні Аллаһ оларға тіл де
қатпайды. Олардың күнәларын да кешірмейді. Олар қатты
азапқа душар болады.
***
175 – Әне солар - туралыққа азғындықты, кешірімге жа-
заны (ұжмаққа тозақты) айырбастап алғандар. Олар тозаққа
не деген шыдамды?!
130
“Хикмет”
баспа үйі
176 – Бұл (қатты азап) Аллаһтың өз кітабын
(Тәуратты) хақ түсіргендігінен (олардың Тәураттағыларды
жасырғандығынан немесе өзгерткендігінен) болды. Кі-
тап турасында талас-тартыс шығарушылар өте ұзақ уақыт
қарсылықта қалды.
***
177 – Беттеріңді шығысқа немесе бастысқа қаратуларың
жақсы іске жатпайды. Қайта Аллаһқа, қияметке, періштелер-
ге, (Аллаһтан түскен) кітаптарға, пайғамбарларға шынайы
сену, Аллаһтың ризалығы үшін мал-мүлкінен жақындарына,
жетімдерге, міскіндерге, (мал-мүлкінен қол үзіп қалған)
жолаушыларға, қайыршыларға, құлдарды азат етуге заттай
көмек беру, сондай-ақ намаз оқып, зекет беру, уағдасына опа
қылу, жоқшылыққа , ауруға, (Аллаһтың жолындағы) соғыс
зардабына шыдамдылық көрсету – міне осылар жақсылыққа
жатады; нағыз адал адамдар, нағыз тақуалар міне осылар.
***
178 – Ей‚ мү’миндер! Кісі өлтіргендерден қан қарызын алу
(қысас) сендерге парыз етілді: азамат (азат адам) үшін азамат,
құл үшін құл, әйел үшін әйел (өлтіріліп қан қарызы алына-
ды). Өлтірілушінің жақын туысы белгілі дәрежеде кешірім
еткісі келсе (қан қарызын алудан кешсе) онда өз жөнімен
(кесімді құнды) талап етуі, (қылмыскердің де) құнды жақсы
мәмілемен толық төлеуі керек. Бұл үкім Раббыларыңның сен-
дерге істеген жеңілдігі әрі көрсеткен мейір шапағаты. Осы-
дан кейін, шектен асып кеткендер (құн алғаннан кейін қанды
қолды өлтіргендер) Алланың ауыр жазасына ұшырайды.
***
179 – Ей‚ ақыл иелері! сендер үшін қысас ішінде өмір бар
(біреуді өлтірген адам өзінің де өлтірілетінін біледі. Сондықтан
райынан қайтады). Бұл (қан төгуден) сақтанулары үшін.
***
131
“Хикмет”
баспа үйі
180 – Егер сендерден біреу өлер кезінде артына көп мал-
мүлік қалдырса, ата-анасына, жақын туыстарына адалдықпен
өсиет айтуы керек. Бұл тақуалар үшін нақты парыз етілді.
***
181 – Кімде-кім өсиетті (ет құлағымен) естігеннен соң оны
өзгертіп жіберсе, оның күнәсі өзгертушіге жүктеледі. Аллаһ
расында барлығын естіп, біліп тұрады.
***
182 – Кімде-кім өсиет айтушы ағат кетіріп немесе
қателесіп қалмасын деп оларды (өсиет айтушы мен өсиетті
тыңдаушыларды) жарастырып қойса, мұның оқасы жоқ.
Аллаһ - асқан кешірімшіл әрі рақымды.
***
183 – Ей, мү’миндер! Бұрынғыларға парыз болғаны
сияқты, сендерге де (күнәдан) сақтануларың үшін ораза па-
рыз етілді.
***
184 – Оразаның күні санаулы. Сендерден біреу ауру болып
немесе жолаушы жүріп (ораза ұстамаса), кейін сол күнінің
орнын толтырсын. Ораза ұстауға дәрменсіздер (кәрілер яки
әлсіздер) күніне жоқшылықтағы бір адам тоятындай федия
берсін. Кімде-кім (белгілемеден) артық берсе тіпте жақсы.
Білсеңдер, сендер үшін (ауыз ашық жүруден, бодау беруден)
ораза ұстағандарың әлдеқайда жақсы.
Дәл осы сүренің 264–253 бөліміндегі тарих және қисса,
255 - аят кәримәсінде тәңірлік қасиет тақырыптарына да
қараңыз. Мұның барлығында берілген үкімнің дұрыстығының
куәгерлерін табасыз.
132
“Хикмет”
баспа үйі
5) БІР СӘТТЕ ӘРҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙЛЕРГЕ ҮНДЕУІ
Құран мағыналарына ерекше бір тәсілмен сөз қалыбы
кигізілгені соншалық бір сәтте әр түрлі замандармен
өлкелерде өмір сүрген, білім денгейлері өте өзгеше болған
барлық адамдарға үндеуге қолайлы болған. Құранның
көптеген аят кәримәсі әрқандай денгейдегі көптеген ада-
мы бар мәжілісте оқылғанда, ол жердегі әрбір кісі іліміне
қарай түрліше түсінеді. Бұл аят кәримәдан қарама-қайшы
мағыналар шығады, қай жерге тартсаң сол жерге кете бере-
ді деген сөз емес. Шындығы мынау: мағына сол қалпында
қалумен қатар, бір топ аят кәримәлардың беті, тереңдігі және
түбірлері болуы мүмкін. Аят кәримәның тәсілі – бұл үш ерек-
шелікті де қамтыған. Халық (көпшілік) сыртқы көріністегі
бірінші үстірт мағынаны, зиялылар тереңдіктегі белгілі бір
мағынаны, мамандар болса мағынаның түптерінің көбісін
түсінеді және тіпті кейіннен келетін ұрпақтарға да басқа
ерекше мағыналары қалуы мүмкін.
Түрліше түсінілуі мүмкін аят кәримәларды алғашқы
мұсылмандар өз күйлеріне қарай, ал кейіннен келгендер бол-
са жеткен ілім денгейлеріне қарай түсінеді. Бірақ
‚ қайткенде
де бұл түсініктер – аят кәримәның жорамалдануы, әйтпесе
жасандылықпен
сөзге
жүктелмейтін
мағыналардың
зорлықпен жүктелуі емес. Тек мынау ғана бар, бұрын өмір
сүргендердің дәуірлерінде, кейіннен келгендер түсінген
мағынаға көңіл бөлетін мәселелер болмағандықтан, олардың
білулері әлбетте талап етілмейді.
Құранда мұның көптеген мысалдары бар. Әуелі заман-
ның айырмашылығын көрсетпей-ақ зейін, мәдениет және
көңіл қою деңгейімен байланысты бір мысал келтірсек. Мы-
салы, Ықлас сүресінің
ٌ� َ�َأ اً�ُ�ُ� ُ�َ� ْ� ُ�َ� ْ�� َو ْ�َ��ُ� ْ�� َو ْ�ِ�َ� ْ��
бөлігін алайық. Көп халық бұдан мынаны түсінеді: “Аллаһ
Тағала әкесі және баласы болудан, теңі және ұқсасы болу-
133
“Хикмет”
баспа үйі
дан пәк. Салыстырғанда, орташа денгейдегі білімділер бұдан
артығырақ мынаны түсінеді: «Аят кәримә сонымен қатар
періштелердің, Хазіреті Исаның немесе туылған кез кел-
ген бір жаратылыстың Тәңірі бола алатындығын да жоққа
шығаруда. Өйткені, іске аспайтын (мүмкін емес) нәрсені
қабылдау пайдасыз болғандықтан, шешендікте пайдалы
бір керек үкім мақсат етіледі». Яғни онсыз да белгілі болып
тұрған үкімнің астарлап керек еткен мағынасы білдіріледі.
Сондықтан затқа тән болған бала мен әкені қабылдамаудың
мақсаты астарлы түрде анасы, әкесі, баласы тең болғандардың
Тәңірі бола алмайтындығын білдіруде.
Бұдан алдыңғы дәрежедегісі болса мынаны түсінеді:
«Аллаһ Тағала болмысқа байланысты тууды және туылуды
еске түсіретін әр түрлі байланыстан да пәк. Ортақтасудан,
жәрдемшіден, ұқсастықтан пәк. Оның болмыстармен бай-
ланысы, тек олардың Жаратушысы екендігінен тұрады.
Оларды бар етуі Өзінің әзәлгі (ежелгі) қалауымен‚ тек “Бол”
деуімен ғана іске асды. Әйтпесе кейбір философиялық және
діни көзқарастардың пікірлеріндей қатты қажеттілік,
мәжбүрлік немесе мақсаты болмастан пайда болу (emanatіon)
жолдарының біреуімен болмыс алаңына шыққан емес».
Бұлардан да жоғары деңгейлердегілер болса мынаны
түсінеді: «Аллаһ Тағала - әзәли‚ әбәди (басы және соңы жоқ)‚
әууәл‚ ахір (ең бірінші және ең соңғы). Ешқандай түрде не
затында, не сипатында, не іс-әрекеттерінде оған ұқсас теңі,
қосағы, ұқсасы, түстесі, мысалы мүлдем жоқ.
Айтылған дәрежедегілерге арифтердің (көрегендердің),
шыншылдардың, ғашықтардың басқалай түсініктері де
қосылса болады.
15
Біздің байқауымызша бір аят кәриме бір-
біріне қарама-қарсы болмай, бір-біріне байланған шынжыр
іспеттес түрліше мағыналарды қамти алуда.
15
Б. Сайд Нұрси, «Сөздер» 433-бет.
134
“Хикмет”
баспа үйі
Енді уақыт, ілім және зауық өзгешеліктеріне қарай
түрліше түсініктер туралы бір мысал келтірейік: Нәбә
сүресінде ұлы Раббымыз
اًد��ْوَأ َل�َ� ِ�ْ�ا َو
аят кәримәсында, “та-
уларды жерге қазық” қылғандығын білдіруде. Халық сырт-
тай жерге қағылған қазық секілді тұрған тауларды көреді.
Олардағы пайдаларды және нығметтерді түсініп Жаратушы-
сына шүкір етеді.
Бір ақын осы сөзден мынаны сезінеді: Жер жүзін табан,
көк күмбезін электр шамдарымен сәнделген көрікті жасыл
бір шатыр және аспанның етектеріні бастарынан тірелген та-
уларды ол шатырдың қазықтары күйінде елестетіп, Жарату-
шысын шексіз құрметтейді.
Жағрафияшы ғалымға қарағанда, жер шары – ауаның
мұхитында жүзген кеме, таулар да ол кеменің үстінде тепе-
теңдікті сақтау үшін орналастырылған қазықтар және
діңгектер болып табылады. Ол да, жер шарын ретке келті-
рілген кеме пішінінде жасап, біздерді де ішіне салып, әлем
теңізінде кезген шексіз құдірет иесі Раббымызға шүкір етеді.
Қоғамдық өмірмен айналысатын бір ойшыл: Жер
жүзінің өмірі - бір үйдің өміріндей, осы үйдің орта діңгегі –
жандылардың өмірі. Жандылардың өмірінің діңгегі олардың
өмір сүрудегі шарттары болатын су, ауа және топырақ. Су,
ауа және топырақтың діңгегі мен қазығы болса таулар.
Өйткені, таулар – судың қоймасы, ауаны зиянды газдар-
дан тазалауы жағынан ауаның сүзгісі. Батпақтанудан және
теңіздің жайылуынан қорғаушы ретінде де топырақтың
қамқоршысы. Сондай-ақ‚ адам өмірінің өзге қажеттіліктері
үшін де біршама қазына. Осылайша ойлау арқылы алып та-
уларды өмір атты үйіміз болған жер жүзіне діңгек қылған
және қорегімізге қазына ретінде белгілеген ұлы және ізгілік
иесі Жаратушымызға мадақ мен тағзым етеді.
135
“Хикмет”
баспа үйі
Табиғи ілімдермен шұғылданған біреу болса‚ жер
шарының ішінде оттың болуы себебінен кейбір төңкерістер
және бірігулер нәтижесінде іске асатын сілкіністер таулардың
пештің түтігі сияқты міндет атқаруымен тынышталады. Жер
шарының орбитасындағы тұрақтылығына және жердің сіл-
кінуіне қарамастан жылдық орбитасынан айырылмауына
себеп болған нәрсе таулардың бар болуы еді. Осылайша жер
шарының асып тұрған күштілігінің таудың тесіктеріменен
демалғандығын ойлайды, таулардың дерлік аманат тетігі
күйінде болғандығын түсінеді. Қазіргі жағрафияның кей-
інгі уақыттарда түсінген және іsostasy атауын берген «жер
жүзінің теңдік заңында» таулардың ең маңызды элемент
екендігін еске түсіреді.
16
Қазықтың жер үстіндегі бөлігіндейінің жерге қадал-
ғандығын ойласақ осы аят кәримәның таулардың жерге
қадалғандығын білдіретіндігін айта аламыз. Шындығында
басқа бір аят кәримәда «Оған тауларды мызғымас қылып
орнатты»
(Назиғат, 32)
делінген. Сондай-ақ‚ қазіргі таңдағы бі-
лім айтқанындай таулардың кедір-бұдырлығына сәйкес жер
астында жер жынысының да сондай өлшемде кедір-бұдыры
бар екені Құран білдіргендей таулардың «берік қазықтар се-
кілді» болғандығы жақсылап анықталған.
Аят кәримә мұның барлығын ашық түрде дәлелдеуде‚ со-
нымен қатар теңдессіз тәсілімен адамдардағы білім деңгейіне
қарай түсініктерін аздап түрту арқылы, бүтіннің кейбір
жақтарын көрсетуменен осылайша бүкіл адамзатқа пай-
дасын тигізуде. Бұл жағдай, яғни жаңылыссыз бір сөзбен
осыншалық кең уақыт, мекен, ілім және тыңдаушылардың
сансыз дәрежелеріне зарар тимейтіндей түрде үндеу жасауы
- жеке басына бір мұғжиза.
16
Уахдидуддин Хан, «әл-Исламу ятахадда», 218-бет.
136
“Хикмет”
баспа үйі
6) ӘДЕБИ ТҮРЛЕРДІҢ АРАЛАСЫП КЕЛУІ
Құранның әңгімелері және тақырыптары көбінесе
араласқан түрде келеді. Басқа кітаптарда кездесетіндей
тақырыпқа қарай реттелмеген. Зерттелген тақырыптардың
барлығы бірден араларында бірлік болмай-ақ бір-біріне
жалғанады, бір-бірімен байланады.
Исламға қарсылардың ауызына қараған кейбір адамдар,
Құранның бұл мәселесін бір кемістігі ретінде көрсетіп күмән
тудыра алатындықтарын ойлаған. Алдымен бұл сіңісудің
және қайнасудың неден пайда болғандығы туралы сұрақ
қойып, жауапты да өздерін толғандырғандай былайша берген:
«Бұл - бәдәуиліктен (көшпенді араб тайпалары)‚ мәдениетсіз
және шығарманың қарапайымдылығынан туындаған». Бұл
сөздердің астарында ашық түрде айта алмаған бір күмән жа-
туда. Ол күмән Құранның бір адам тарапынан жазылғаны
және шашыраңқы пікірлердің жиынтығы болғандығы де-
мектері еді.
Негізінде, бұл ерекшелік те Құранды адам жазбаған-
дығының дәлелі болып табылады. Оның әдеттен тыс жалғыз
ерекшелігі бұл ғана емес. Өткен тақырыптарда Құранның
өзіне тән кейбір қасиеттерін ұсынған едік. Бұл солардың бі-
ріншісі.
Екіншісі‚ Құранның әдіс-тәсілін зерттегенде адамзаттың
бүгін, кеше немесе алдағы бір уақытта мақұлдап бекітетін
қандай бір шығарма не әдеби шарттардың аясында бағалау
керек.
Жазушылардың кітаптарын тақырыптарына қарай бір-
сыпыра бөлімдерге‚ ол бөлімдерді өз ішінде тағы кішкене
бөлімшелерге бөлулер онша зәру іс емес. Иегердің бұл реттеу
ісі кітаптарында діттеген мақсаттарына байланысты. Бұл
көбінесе әдет-ғұрып мәселесі болып‚ уақыт өте келе ауыса
137
“Хикмет”
баспа үйі
беретін нәрселерден еді. Ол негізінде Аллаһтың Кітабын өз
үкіміне бағындыратын тұрақты, өзгермейтін ақиқат емес.*
Мұны да баяндағаннан кейін істің негізіне кіріп бы-
лай дейміз: Жаңа ғана баяндағанымыздай бір кітаптағы
мәселелердің бірдей тақырып астында бөлінуі қадағаланған
мақсаттарға қатысты. Енді осы принципті өлшеу негізін-
де алып қарайтын болсақ‚ Құранның бұл қасиеті Құрани
мағынаның тұтасының айналасында айналсоқтаған жоғарғы
хикметтен туындағанын көреміз.
Ол хикмет мынау: Құран қамтыған бұл неше түрлі
тақырыптардың және бөлшектелген мағыналардың барлығы
бір ғана күлли (жалпы) мағынаның төңірегін айналсоқтауда:
Бұл жалпы мағына болса‚ ол адамдарды өз пікір және
қалауларымен Аллаһқа құлдық етуге шақыру. Ия, Аллаһ
пенделерін қалайша ықтиярсыз құл ретінде жаратқан бол-
са, еріктерімен де сол құлдықтарын қабыл етулерін, өздерін
Жаратушыға қарай тәртіпке салуларын және алдарында
бақыттылық не бақытсыздықпен өтетін бұ дүние өмірінің
оның қасында түкке тұрмайтын мәңгілік өмірдің бар екендігін
білулерін қалаған. Мінеки Құран, бүкіл әлемнің жаратылыс
негізін құраған осы жалпы мағынаны заң, үкім, тарих, дау,
бейнелеу, уа’д (жәннатпен қуанту) және уайд (жәһәннаммен
қорқыту) секілді түрлі тақырыптардың барлығына рух
қылған. Бұл рух сол түрлі тақырыптарға ықпалын таратып
оларға өмір беруде. Сондықтан бұл да Құранда кездестірген
* Шах Уәлиуллаһ Дыхләуи бұл мәселеде мынадай ой айтады: «Ұлы Жарату-
шымыз, топырақ адамға сөз сөйлейтін кезде адамдардың бір бөлігіне ұнап,
бір бөлігіне ұнамайтын белгілі бір қалыптармен емес, жалпыға ұнйтын
ортақ қалыппен сөз сөйлеуді қалады. Мәликуль Мулк Аллаһ, Адам бала-
сына жолын көрсететін кезде дәуірлер мен аймақтардың ауысуымен ол да
ауысып кететін кәдімгі заңдарды емес, өзінің қарапайым заңдарын бекітуді
қалады. Белгілі бір қағидаларға байланып қалмай сөз бен істің ойықтары
мен кедір-бұдырларын көпшіліктің бәріне бірдей теңдестіре білу тек Ұлы
Аллаһқа ғана тән құдірет пен қабілет» (Әл-Фәузуль Кәбир, 90-95 б.б.)
138
“Хикмет”
баспа үйі
мағыналардың сіңісіп, қайнасулары арқылы ортаға шығарған
көріністермен болады.
Сондықтан Құран бір қиссаны баяндағанда оған беріліп
негізгі мақсатты ұмытуға жол бермейді. Үгіт, уа’д, уайд т.б
тәсілмен бұл мақсатты қиссалардың ара-арасына шеберлік-
пен орналастырады. Бұлай жасауы баяндалған қиссалардан
күтілген мақсатты жүзеге асыру үшін еді. Ақыл мен пікірдің
майда-шүйде‚ төмен деңгейде қалуынан құтқарып, оны не-
гізге қайта оралту үшін еді. «Өйткені, мақсат - тек баяндау
емес. Мақсат, ақылда орнықтыру және қайталану арқылы
пайдаландыру. Сондықтан бұл мағына ретсіз, яғни бөлімдері
ретімен тізілмеген мәтінде тым күшті және толық.»
17
Құлшылыққа немесе дүниелік мәмілелерден қайсы бі-
ріне тиісті үкім қоярда да Құран сол тәсілді қадағалайды.
Бұл үкімдерді бір заң кітабы секілді өзінше тәуелсіз ілім
тәртібі бойынша оқуыңызға мүмкіндік бермейді. Баяндалған
мәселемен қатысы жоқ, Аллаһтың барлығын және ұлылығын,
бақылап тұрғандығын немесе ахіреттің бір жағдайын ойға
түсіру арқылы ұсақ-түйекті‚ егжей-тегжейді әкеліп негізге
байлайды.
Айталық Құран мәселелердің түсіндірілуінде адамзат
шығармасының тәсілдеріне қарай әрекет жасап, ақайд не-
гіздерін бір бөлімге, жәннат және жәһәннам ақуалын бір
бөлімге, заң үкімдерін тағы бір бөлімге, тарих пен қиссаларды
бір бөлімге жинақтаса не болар еді? Ия, егер Құран бұл әрекет
үлгісін қолданғанда, негізгі мақсатты іске асыра алмай, бұл
бөлектер мен бөлімдер рухсыз қалып, барлығының қамтып
көрсетуі қажетті болған жоғарғы жалпы мағына жарқырап
көрінбей қалатын еді. Оқыған кісі оны бір жерде ғана көріп,
басқа бөлімдерге өткенде ұмытатып қалатын.
17
Шах Уәлиуллаһ, Фәуз, 98-бет.
139
“Хикмет”
баспа үйі
Тақырыптары мен мәселелері, мағыналары мен тәсілдері
және бірсыпыра әдеміліктері жағынан Құранның ора-
сан жинақылығы бар. Иләһи мәліметтердің көрсеткіш-
мазмұндары, тәухид пен Аллаһты танудың дәлелдерін,
көптеген мәміле-қатынастардың үкімдерін, көптеген тарихи
шындықты және қиссаларды, жақсы мінез-құлықтың ба-
стыларын, түрлі ғылымдардың салаларына кірген көптеген
ғылыми шындықтардың негіздері мен өзектерін, адамның
жекелік не қоғамдық өмірінің бүкіл пайдалы ережелерін,
түрлі ахіреттік жағдайларды және ұқсас ақиқаттарды т.б
түрлерді бір араға жинаумен қатар Құран тұрақсыздықтан,
байланыссыздықтан және шатасушылықтан аулақ халде.
Мамандану тудырған кемшіліктен, жалпыны қадағалап‚ на-
зар салудың жоқтығынан және рухани күйзелуден адамды
құтқаруда.
Құран аяттарына ізгі ниетпен көңіл қойып қаралса оның
ұсынысы басқа кітаптардағыдай бір-екі мақсатты қуалағаннан
кейін барып басқа мақсаттарды баяндайтын‚ біртіндеп жоғары
көтерілетін пікір тізбегінің ұсынысына ұқсамайтындығы
көрінеді. Бірге келген паршаларының өзі бөлек ұзақ бір жер-
ден келген өте шынайы және маңызды бір хабарласудың
жеке-жеке, қысқа-қысқа бір бейнеде келгендігінің нышан-
дары көрінеді.
18
Денені құрастырған және бір қарағанда әр
жерде тұрған бірнеше мүше қалай органикалық бүтіндікке
кедергі келтірмесе, қайта солай бөлек-бөлек жерлерде болуы
дененің өмір сүруінің шарты болса, ал Құрандағы әр түрлі
тақырыптардың арасына үйлесіммен сәйкестіру түрінде не-
гізгі мағынаның жан-жаққа таратылуы жан беретін рухтың
дененің әр тарапына жайылуы іспеттес.
Аллаһтың сансыз мақлұқтарынан тұратын күллі бол-
мыстағы басқаруы бөлек-бөлек. Құран: «Әр сәт бір іс үстінде
18
Б. Сайд Нұрси, «Сөздер», 423-424 беттер.
140
“Хикмет”
баспа үйі
болған» әлемдердің Раббысының жаратқан нәрселерімен
сөйлесуін және ондағы басқарушылығын көрсетеді. Жеке-
жеке адам ретінде біздің де жекеше өміріміз (араласқан
емес) шатасқан (complexe) күйде. Есіміздің саулығын және
бүтіндігімізді толығымен қорғаған кезде арт-артынан топ-
топ мәселелермен айналысамыз. Осылайша материалдық
дүниелер бізге бір жағынан бытыраңқы, араларында бір
ажыраушылығы бар бөлек-бөлек халде көрінеді. Бірақ‚
маңыздысы сюжеттің күйі және сюжеттегі шашыраңқылық
емес, бүтіндік (толықтық) бар және бөлек-бөлек жағдайлар
туралы да‚ олар қажет еткен бөлек-бөлек міндеттер атқарған.
Сондықтан Құран қатысты болған екі жақтың мәселелерімен
соншалықты сәйкестікте. Былайша: Бір тараптан Құранда
сөйлеп тұрған және Құранмен әлемді сөйлеттірген әлемдердің
Раббысыменен келесі тараптан Құран өзіне үйретілген жа-
уапты адамның өзгешеліктерімен жанасуда. Ойымызша
Құранның мына бөлігі шындықты білдіріп тұрғандай: «Өте
Рақымды Аллаһ. Құранды үйретті. Інсанды жаратты. Оған
сөйлеуді үйретті»
(Рахман сүресі, 1-4)
. Рахман - Құран – адам
(баян). Құран бұл екі бағыт арасында байланысу дәнекері
ретінде көктен келген және ол жерге көтеретін хаблуллаһұл-
мәтин еді (Аллаһтың берік жібі). Ия, Құранда (адамда да
солай) analytіgue (талдау) бүтіндік және бірлік емес, synthe-
tіgue (жинақтау) бүтіндік және бірлік бар. Адам өмірінің ша-
шыранды, бөлек-бөлек тұстарды бірдей (делінетіндей жақын)
сәттерде бір жерде болдыратын органикалық бүтіндігі
Құранмен сәйкеседі. Олай болса Құранда бөлім емес, өмір
бар. Қажеттісі де осы.
Өзгеше шарттарда, бөлек уақыттарда және түрлі
тақырыптарда кенеттен бір нәрсені білдіруі және жоққа
шығаруы бейне бір миға құйғандай етіп‚ өзге бір әдемі бел-
гілерін ашықтан-ашық өз бойында көрсеткен‚ өте маңызды
хабарласудың деректері болған уахи жиынтығы - Құран
141
“Хикмет”
баспа үйі
бөлек-бөлек бөлімдерден тұрғанымен ол бір жиынтық іспет-
тес. Негізінде Оның әрбір бөлімі тәуелсіз жалғыздық (бірлік)
ұсынған кейбір бөлшектерден құралады. Әр бөлшектің бұл
бөлімде өзіне тән бір жағдайы бар. Қисса, заң, дау, бейнелеу
түріндегі бөлімдердің бірінен екіншісіне қалай өткендігі, яғни
араларындағы үйлесімділік тәпсірлерде ерекше көрсетілген,
оларға қарауға болады.
«Кейбір надандар Құрандағы осы түсінік тұтастығының
маңызсыз және назар аударарлық жайт емес» деп ойлай-
ды. Тіпті мұның и’жаздың, негізгі ерекшеліктерінен екен-
дігін мүлдем түсінбейді. Бұларға жауап ретінде жазушы
қаламгерлердің сөздерін назар аудара зерттесін дейміз. Егер
өздерінде оларды зерттейтіндей жоғары мәдениеті немесе
әдеби зауқы болмаса, әдебиет сыншыларының олар туралы
айтқан сөздеріне құлақ салсын. Бұл сыншылар шешендердің
мақсаттарын жеткізуде жасаған қателерін көрсетіп және
баяндамаларындағы бөлімдердің тұтастықтан мақрұм екен-
дігін ашыққа шығарған. Осы жөнінен ақындар бір қасидада
бір мақсаттан екінші мақсатқа өтулерінде су-и тахаллу-
спен (бұзық, тұрақсыз өткел жасау) айыпталған. Жазушы-
лар, ғалымдар және авторлар бұл кемшілікті кетіру үшін
мақсаттарының біреуінен екіншісіне өтерде есімдік белгілер,
демеулік шылау қолдану (
نإ �أ ا��
) *, нөмірлеу, бөлімдерге
бөлу, тақыраптар қою жағына баруға мәжбүр болды. «Кітап
– түрлі бөлімдерге бөлінген. Бірінші бөлім мына тақырыпты
ішіне алуда т.б. Бұл бөлім де бірнеше баптарға бөлінген, бі-
ріншісі осылай., «Таңба», «өтініш», «нәтиже», «…ге келген-
де», «енді» түріндегі мағыналар осы сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |