ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

7
Мінеки,  Құран  және  басқа  кітаптар!  Құран  сияқты 
жәмийетке (жинақылыққа) ие болған басқа кітап бар ма екен?  
Және  осыншалық  дәрежеде  бытыраңқы  тақырыптарды  бір-
біріне біріктіріп‚ байлаған кітап табылады ма? Құран бұларды 
осылайшама баян етеді, ол баян бүкіл әлемді бір сарай секіл-
ді басқарған, дүние мен ахіретті екі бөлек секілді ашып жа-
батын,  жер  жүзін  бақша,  көкті  болса  шамдармен  әсемдеген 
күмбез  секілді  әшекейлеген  және  өткен  мен  келешекті  арт-
*
 Нәжм сөзі (көпше түрі нужум) араб тілінде жұлдыз мағынасына келуімен 
қатар, Құранның бөлік-бөлік әрбір түскен тобына да айтылады.
7
 Сол туынды, 144 - бет.
174

“Хикмет”
баспа үйі
артынан  келген  түн  мен  күндіз  секілді  көзінің  алдында 
тұрған  екі  парақ  түрінде  тамашалаған,  ежел  мен  мәңгіліке‚ 
кеше  мен  бүгін  секілді  бүкіл  іс-әрекеттер  тізбегі  (оқиғалар 
мерзімінің) біріккен «қазір» ретінде қараған Аллаһқа (жәллә 
жәләлүһү)  жарасатын  жалғыз  баян  тәсілі.  Керемет  бір  ұста 
соғып,  тұрғызған  екі  үйдің  жоспарын  және  жұмыстарының 
тізімін  жасаса,  Құран  да  осы  әлемді  жасап,  басқарған  және 
істерінің тізбегін жасаған Оның баяны.
8
 Онда ешбір жасанды 
еңбек  көрінбейді.  Күндіздің  жарығы  қалайша  «мен  күннен 
келдім»  десе,  Құран  да:  «Мен  әлемнің  Жаратушысының 
бұйрығымын. Одан келдім» дейді. Бұл баянның ұқсасын жа-
сау кімнің қолынан келмек? Оған ие болу кімнің қолында?
Мазмұнының  байлығы  және  осы  мазмұнның  көптеген 
элементтері  арасында  сәйкестік  құру  жағынан  Құранның 
ең  жоғарғын  иғжаз  дәрежесінде  болғандығы  мына  мысал-
мен  түсіндіруге  болады.  Кең  бір  ғайб  пердесінің  артында 
жасырынған,  айналасына  бұтағын  жайған  орасан  үлкен 
ағашты елестетейік. Бізге мәлім, әр адамның мүшелерінің ара-
сында байланыс пен сәйкестіктің бар болғанындай ағаштың 
да  мүшелері  саналатын  талдары,  жапырақтары,  гүлдері 
және  жемістерінің  арасында  сәйкестік  бар;  әрбір  бөлігі  ол 
ағаштың мәніне қарай түр алады. Міне, еш көрінбеген (және 
әлі көрінбейді) ол ағашқа тиісті бірі шықса, перденің үстінде 
оның  әрбір  мүшесіне  қарсы  сурет  сызса,  шеттерін  сызса, 
талдан  жеміске,  жемістен  жапыраққа  сәйкестендіріп  сурет 
сызса және бір-бірінен шексіз алшақтықта болған мәбдә мен 
мүнтәһасының (басы мен соңының) ортасында, мүшелерінің 
басқа түрі мен бейнесін көрсететін лайықты сызықтармен су-
реті  бітсе,  әлбетте  ол  суретші  сол  ғайб  ағаштың  әр  тарапын 
ғайбты көрген назарыменен көріп, аңғарып, кейіннен сурет-
теуіне күмән қалмайды. Дәл осы секілді баяны мұғжиз болған 
Құранның  өзі  болмыстардың  мәндері  туралы  баяндауда. 
8
 Сол туынды, 416 - бет.
175

“Хикмет”
баспа үйі
Мұны  жасарда,  әлемнің  басталуынан  бастап,  анау  ахіреттің 
ең  ақырына  дейін  ұзарған  жаратылыс  ағашына  қатысты 
мәлімет  берерде,  әрбір  бөлікке,  мүше  мен  жеміске  сондай 
лайықты  бейне  бергені  сонша‚  бүкіл  зерттеуші  мамандарға 
«Машааллаһ, әлемнің жұмбағын тапқан жалғыз сен екенсің‚ 
ей‚ Құран Кәрім!» - деген екен.
9
Аллаһтың  сипат,  есім  және  іс-әрекеттерінен  ең  кішкен-
тай бір әдептілік қағидасына дейін Құранның өз сәйкестігін 
сақтауына жалпы дәлел, Құранның аят кәримәларынан және 
нұсқауларынан шыққан ұлы Исламның шариғатындағы ке-
мелді жүйе мен тепе-теңдік еді.
Алайда  адамзат  туындылары  адамзаттың  ең  күшті 
ақылдарынан шыққан пікірлердің нәтижелері болса да‚ бұл 
үлкен шындық ағашының тек бір-екі талына жабысып, оның 
тек  жемісі  немесе  жапырағымен  әуреленеді.  Басқасынан  не 
хабары  жоқ‚  немесе  қарамайды.  Ия,  абсолютті  ақиқат  шек-
теулі  назарлармен  аңғарылмайды.  Аңғару  үшін  Құрандыкі 
секілді жалпы назар қажет. Құраннан сабақ алғандардың өзі 
азғана ақылдарымен бүтін ақиқаттың тек бір-екі жағын толық 
көріп  онымен  айналысады.  Немесе  асыра  сілтеушілікпен  не 
шегіне  жетпеумен  ақиқаттар  арасындағы  болуы  керек  тепе-
теңдікті бұзады. Мысалы: Әр-түрлі асыл тастармен толы бір 
қазба  байлықтың  теңізге  түскендігін  және  сүңгуіршілердің 
ол  қазынаны  іздегендерін  елестетейік.  Сүңгуіршілердің 
көздері  жабық  болғанда  бірінің  қолына  ұзындау  бір  алмас 
тигенде  қазынаның  алмастардан  тұратындығына  үкім  бе-
ріп;  достарынан  да  басқа  асыл  тастардың  болғандығын  есті-
генде, өзінің тапқан алмасының өзгеше түрден және қырлы 
өрнекті  жүзіктен  тұратындығын  ойлайды.  Сүңгуіршілердің 
бірінің қолына домалақ бір лағыл (рубин), бірінің қолына ян-
тар бөлшегі т.б тиеді. Әрқайсысы қолымен ұстаған гауһарды 
ол  қазынаның  бастысы,  қалғандарын  да  ұсақ-түйегі  деп  ой-
9
 Сол туынды, 146, 458, 462 - беттер.
176

“Хикмет”
баспа үйі
лайды;  олай  болғанда  да  ақиқаттардың  теңдігі  бұзылады. 
Көптеген  ақиқаттың  нағыз  таза  реңін  көру  үшін  жобалау-
лар мен қиындықтарға шыдауға мәжбүр қалады. Кейде тіп-
тен қарсы шығуға дейін барады. Құранның аят кәримәлары 
да  ол  теңіз  ішіндегі  қазыналардың  сүңгуірі.  Бірақ‚  көздері 
ашық  болғандықтан  ол  қазынаның  әрбір  жағын  игеріп, 
не  бар‚  не  жоқ  екенін  көреді.  Ол  қазынаны  осылайша  тепе-
теңдігімен  суреттейді.  Шындықтарды  Құраннан  дәріс  алса 
да  көп  құдайшыл  пәлсәпәшілердің,  Мұғтәзиләның,  сондай-
ақ‚ сүннеттің таразыларымен ғана тартпай тек көрегенділік 
пен  аянға  сүйеген  сопылықтың  кітаптарын  назар  аударып 
оқығандар  осы  үкімді  бекітеді.  Сүннетке  мойынсұнбай 
мәселелердің тереңдігіне батқан және жарты жолдан қайтып‚ 
бірнеше сектаның басы болған адасқан мәзһәбтардың имамда-
ры ақиқаттардың арасында теңдікті құра алмағандықтарынан 
бір  топ  мұсылмандарды  жаңылыс  жолдарға  түсірген.  Міне 
олардың осы әлсіздіктері Құранның иғжазын көрсетеді.
Кейбіреулері  Құранның  әлем  туралы  пән  білімдері 
сияқты  айтпағандығын,  оның  да  кейбір  жақтарға  аса  назар 
аударғанын алға тарта алады. Бұған берілетін жауап мынау:
Уахидан бастау алмайтын адамзаттық көзқарас болмыстың 
мәндерін және ерекшеліктерін нақтылап түсіндіреді. Бірақ‚ 
олар Жаратушыларына деген міндеттерін түк аузына алмай-
ды.  Барлығы  дерлік  әлем  кітабының  тек  нақыштары  мен 
әріптерінен баяндайды. Ал‚ мағынасына мән бермейді. Құран 
болса,  дүниеге  «өткінші,  алдаушы,  тұрақсыз»  деп  қарайды. 
Болмыстың  заттық  мәндерінен,  ерекшеліктерінен  қысқаша 
сөз етеді. Бірақ‚ Жаратушының оларға берген міндеттерінен
Оған  дәлелдерінен  және  Оған  деген  жағдайларынан  егжей-
тегжейлі  түрде  баяндайды.  Қалайша  қолымыздағы  (секунд 
пен  минут  көрсеткіші  болмаған)  сағат  сыртқы  көріністе  еш 
қозғалыссыз  көрінсе  де,  ішіндегі  шарықтарында  үздіксіз 
әрекет  бар.  Иләһи  құдіреттің  үлкен  сағаты  болған  дүние  де 
сырттай  тұрақты  көрінсе  де  зауалға  қарай  дөңгелеп,  ауып 
177

“Хикмет”
баспа үйі
барады.  Уақыт  деген  мезгіл  араға  кіргеннен  бастап  түн  мен 
күндіз  ол  үлкен  сағаттың  секунтары,  жылдар  минуттары, 
ғасырлар  болса  сағаттары  үкімінде  болады.  Бұдан  басқа  ме-
кен жағынанда әлемде бір өзгеру бар. Мінеки, дүние негізінде 
аққан су секілді ағып жатса да ғапылдықпен қатып қалған, 
табиғатшылдық пікірімен тығыздалған күйі лайға ие болып 
ахіретке перде болған. Адасқан пәлсәпә табиғат пікірімен қоса 
думаншыл мәдениеттің көрікті және қызықты элементтерімен 
дүниенің  күңгірттігін  арттырып,  ғапылдықты  қалыңдатып, 
Жаратушыны  және  ахіретті  ұмыттырады.  Құран  болса: 
��ر���ا
 
��
 
��ر���ا
 «Үрейлі уақиға (қиямет). Үрейлі уақиға де-
ген  не?»  деген  секілді  аят  кәримәларымен  қияметті  қопару 
арқылы  дүниені  түтілген  мақта  секілді  шашып  тастайды. 
«Көк пен жер тұтасқан біреу еді, екеуін бөліп қойдық. Күллі 
жандыны судан жараттық, кәпірлер мұны көрмей ме? Сондай-
ақ (Аллаһтың құдіретіне) сенбей ме?»
 (Әнбия, 30) 
деген секілді 
баяндарымен  дүниеге  мөлдір  танымын  ұсынып  лайлығын 
кетіреді.  «Дүние  тіршілігі  тек  ойын-күлкі,  алданыш  қана» 
(Анкәбут,  64)
  деген  секілді  ескертулерімен  мұз  қатқан  дүние 
өмірін ерітеді. «Аспан жарылған кезде, жұлдыздар саудырап 
төгілген  кезде,  теңіздер  бір-біріне  қосылған  кезде,  қабірлер 
асты-үстіне аударылған (өліктер тірілген) кезде, әркім өзінің 
ілгерінді-кейінді  нелерді  істегенін  біледі» 
(Инфитар,  1-5) 
деген 
секілді баяндарымен дүниенің қиялдағы мәңгілігінің парша-
паршасын  шығарады.  «Сендер  қайда  болсаңдар,  Аллаһ  сен-
дермен бірге» 
(Хадид, 4)
. «Барлық мадақ хамд Аллаһқа. Аллаһ 
сендерге  нышандарын  көрсетеді  (сонда)  оны  танисыңдар. 
Раббыларың  істеген  істеріңнен  хабарсыз  емес»  де» 
(Нәміл,  93) 
деген  секілді  көктің  күркіреуі  сияқты  қорқынышты  да  ай-
бынды  айқайларымен  табиғатшылдық  пікірін  (тек  табиғат 
құбылыстарына сену) тудырған ғапылдықты таратады.
10
Демек  Құран,  әлемнің  Жаратушы  назарындағы  айқын 
10
 Сол туынды, 457-458 беттер.
178

“Хикмет”
баспа үйі
мәнін,  шындық  және  динамикалық  күйін,  мағынасын  аша 
баяндайды.  Материалистік  көзқарас  болса‚  Хақ  жаратқан 
ұлы  әлемнің  әріптерін,  нақыштарын  сөз  етіп,  қиял  мен 
статикалық  (елесіне)  дүние  танымына  қарай  жүріп, 
мағынасыз нәрселермен уақытты бос өткізуге апарады.
3)  ҚАМТЫҒАН  НЕГІЗДЕРІНІҢ  АДАМЗАТҚА  ЖЕТКІ-
ЛІКТІ БОЛУЫ
Қазіргі таңдағы адамзаттың қолында жобамен айтқанда 
отыз миллиондай кітап бар. Бұлардың қайсысы қайсыларынан 
жоғары,  нақтырақ,  әдемірек  және  кең  ауқымды  қамтыған 
деген  сұрақ  алдында  адамзат  өркениетінің  белгілі‚  басты 
бөлігін зерттеген әділетті бір адамды ойлайық. Ол адамзатқа 
терең әсер қалдырған дін кітаптарынан табады‚ мәселен‚ Тау-
рат, Інжілдер, Авеста, Үнді кітаптары, Конфуций жазбалар-
ды  тапса‚  әдебиет  кітаптарынан‚  мәселен  Гомер,  Шекспир, 
Молиер,  Данте,  Толстой,  Тагор  т.б.  ғылыми-философиялық 
кітаптарда‚  ал‚  ойшылдардың  кітаптарынан  Платонның 
“Жумхуриеті”, Сократтың Диалогтары, Аристотель, Декарт, 
Кант, Гегель, Дарвин, Эйнштейн, Фрейд, Маркс т.б. кітапта-
рын  кездестіреді  (Мұсылман  ғалымдарының  кітаптарының 
Құранннан  бастау  алғаны  үшін  әдейі  айтпай  тұрмыз.  Себе-
бі‚ біз Құранды танымайтын бір адамды мысалға келтіруіміз 
үшін).
Ол діндердің киелі кітаптарының кейбіреулерінде тірші-
лік  үшін  жұмыс  істеуді  және  байлықты  жамандау,  ақылға 
мән бермеу, қалауларға қарсы шығумен енжарлыққа апарып 
соқтыру  т.б  түрлерінде  жаратылысқа  кереғар  жақтарын  та-
бады.  Қоғам  үшін  жеке  басты  өлтірген  тарихи  материализм 
мифтерді  үйреткен  кітаптарды  көреді.  Уақыттың  өтуімен 
ескірген ғылыми-ой кітаптарына тап болады. Осы күннің бір 
университет  студенті  медицинаны  Гипократтан,  геометрия-
ны Оклиттен, астрономияны Коперниктен көп білуде. Тіпті‚ 
179

“Хикмет”
баспа үйі
ғылыми  еңбектерге  қарағанда  өшпестей  болған  әдеби  және 
мінез-құлықтық кітаптардан да жарығы мен оты өшкендерді 
көреді.
Ал‚  егер  ол  студент  оларды  тастап  Құранға  қараса‚  нені 
табатын  еді?  Нақтырақ  айтатын  болсақ‚  әр  алаңда  адамзат-
ты  көтеретін  негізгі  принциптерді  қамтығандығын  көретін 
еді. Бүкіл кітаптар ішінде жеке тұлға мен қоғам, рух пен дене 
өмірін  кемелді  түрде  реттеген  принциптерді  тек  Құранның 
қамтығандығын  көретін  еді.
11
  Құран,  адамзаттың  жер 
жүзіндегі қысқа өмірі үшін керекті рухани, қоғамдық, мінез-
құлықтық, басқарушылық және экономикалық негіздерге ие 
болғандығы секілді келешектегі ахірет өміріне қатысты негіз-
дерді де қамтуда. Тіпті‚ бұл негіздерді толықтай ашықтаумен 
қатар‚ оларды он төрт сөзден ғана тұратын ең қысқа сүрелердің 
өзінде  (Аср  сүресінде)  толықтай  жинақтауы  Құранның  си-
рек касиеттерінің бірі. Мәселен‚ «Заманмен серт: Иман кел-
тіріп,  ізгі  істер  істеген,  бір-біріне  ақиқатты,  сабыр-тақатты 
өсиеттеген адамдардан басқаның барлығы зиян тартады» 
(Аср, 
1-3)
.
Адамға өзінің және өзге болмыстардың кім және не екен-
діктерін, міндеттерін және алдағы нәрселерін білдірген, осы-
лайша аяғын жерге нық басуына кепілдік берген, топырақты 
аяғының астына қойып‚ таюдан құтқарған, қорыта айтқанда 
әр  нәрсені  орны-орнына  қойған  жалғыз  Аллаһқа  иман  кел-
тіреді.  Одан  кейін  де  осы  иманнан  бастау  алған‚  ол  жерде 
жасаған  істерін  және  сыйлығын  тауып,  берекетті  сулары-
мен  қауымды  нұрландырған  «пайдалы  істер»  келеді.  Бұл 
пайдалы істерді, ақиқатты тек жеке тұлға ретінде қабылдап 
өмір  сүру  жеткілікті  емес.  Бұл  иман  және  акция  (бір 
мақсатқа жету үшін істелетін әрекет) шындығын бұдан алы-
ста  болғандарға  да  түсіндіру  керек.  Бірақ  бұл  шақырудағы 
11
 Али Тантауи, «Назарат фил-Құрани-л Кәрим», «әл-Уайул-Ислами», №1-
126 8-14 беттер.
180

“Хикмет”
баспа үйі
хақ  пен  ақиқатты  жеткізу  әрқашан  оңай  жылжымайды. 
Қиыншылықтарға,  сынақтарға  толы  болады.  Сондықтан 
бұл  жағдайда  болғандарға  болсын,  осы  дүние  деген  қонақ 
үйінде  бәле  мен  ауыртпалықтарға  душар  болғандарға  бол-
сын,  сабырмен  қайралып  жарқылдайтындықтарын,  жат 
нәрселерден  арылып  таза  күйге  келетіндіктерін,  осылай-
ша  Аллаһқа  лайықты  құл,  жәннатқа  лайықты  бір  тұрғын 
болатындықтарын адамдардың бір-бірлеріне айтып, жеткізу-
лері керек. Бұл сүренің лезде және қысқа бір ойлаумен ортаға 
шыққан осы мазмұны да Имам Шафидің мына сөзін бекітпей 
ме?: «(Құраннан) басқа ешбір сүре түспесе де, тек осы қысқа 
сүренің  (адамдардың  дүние  және  ахіреттік  бақыттарына 
кепілдігі)  өзі-ақ  жететін  еді.  Тек  осы  сүренің  өзі-ақ  Құран 
Кәрімнің барлық ілімдерін өз құшағына алған».
Құран  ешбір  нәрсені  жарым-жартылай  қалдырмаған. 
Бірақ‚  бұл  онда  оқушы  дәптеріндегі  математикалық 
мәселелердің  шешімі,  грамматика  кітаптарындағы  сөйлем 
талдаулары,  түрлі  химия  мен  физика  формулалары  және 
тығыздықтары бар деген сөз емес. Былай айталық: Құран сізге 
бір сандық алма бермейді. Оның орнына жер-жүзіне еніп алма 
ағашына  ие  болатын  қабілет  береді.  Физиканың  заңдарын 
тізбектемейді.  Бірақ‚  физиканың  заңдарын  үйренуге  және 
қолдануға бағыттайды. Бір француз мақаласында: «Балықты 
сыйға  тартқан  адамыңды  бір  күн  тойдырарсың.  Бірақ‚ 
балық  аулауды  үйреткен  адамыңды  күн  үшін  өмір  бойы 
тойдырарсың» - деген. Мінеки‚ Құран осыған нұсқайды.
Әлемнің сырларын ашу үшін Құран жақсылап ойлануды, 
ақылға жұмыс істетуді қалайды. Нақты дәлелге мойынсұнуды 
шарт  қылады,  әмір  және  үкімдерінің  себептерін  мәңгілік 
бейнеде  көрсетеді.  Бұрысқа  сенуге  тиым  салады.  Қоғамдық 
заңдарына меңзегеніндей‚ табиғат заңдарына да меңзейді.
Көптеген  ілімнің  тақырыбы  ретінде  тәңірлік  туралы 
181

“Хикмет”
баспа үйі
мәліметтер‚  діни  сенім  негіздері,  ғибадаттың  үкімдері,  аб-
зал  істер  мен  әдептер,  саяси,  мәдени  және  қоғамдық  ере-
желерді  қамтуда.  Рух  тазалығы,  жүрек  тазалығы,  жүректі 
нәпсінің  қалауларынан  тыю,  ар-ұждан  тәрбиесі,  дененің 
саулығы, үй басшылығы, құқық, қарым-қатынас т.б секілді 
ілімдердің басты принциптерінің кестесі - Құранда. Көптеген 
жағдайда  Құран  негізгі  принциптерді  қойып,  бірақ  олар-
дан  шығарылатын  үкімдерді  және  ол  негіздерге  құрылатын 
бөлшектерді ақылға және тәжірибеге тапсырған.
Осындай  кітаптың  қамтыған  ілімдерінің  үштен  бірінің 
өзі  адамзат  деңгейінің  өте  жетілген  қоғамда  өмір  сүрген  ең 
ақылды адамында да болмайды. Сондықтан ар-ұжданы таза‚ 
ынсапты  адам  бұл  кітаптың  барлық  кезеңдерде‚  әсіресе‚ 
бұдан бұрынғы ғасырларда адамзат тарапынан жазылуының 
мүмкін еместігін қабылдайды.
Құранның адамзаттың қажеттіліктеріне жеткілікті болуы 
-  әр  ғасырда  және  әр  жерде,  басқа  ешбір  дінде  және  жүйеде 
кездеспейтін түрде адамдарға туралықты көрсетуі еді.
Құран  адамдарды  тәрбие  жолымен  мәбдә  мен  мә’адтың‚ 
дүние мен ахіреттің шындықтарына бұрған. Аллаһқа, періш-
телерге,  кітаптарға,  елшілерге,  ахіретке  иман  тұрғысында 
шындықты білдіріп, бұрыс сенімдерді жойған.
Адамдарды нәпсілерді тазалайтын, рухтарды қоректенді-
ретін ерікті күшейтетін, әрі тұлғаға‚ әрі қоғамға пайда келті-
ретін оңай және қарапайым құлшылықтарға бағыттаған.
Мінез-құлық арнасында адамдарға басты қасиеттерді әмір 
етіп  жамандықтардан  тыйған‚  адамдағы  ақыл,  шәһуәт  және 
күш жұмсау секілді басты қасиеттердің шегінен шығуына‚ не 
тым әлсіз болып қалуына тыйым салып‚ орташа жол ұстануға 
бағыттаған.
Сенім  жүйесінде  болғаны  сияқты  қоғамдық  жүйеде  де 
182

“Хикмет”
баспа үйі
адамдарды  тәухидқа  бағыттап,  айырмашылықтарды  және 
өзгешеліктерді белгілі топтардың кейбір құқықты иеленулері-
не  жол  бермей‚  оларды  бір  отбасының  тең  мүшелері  санаған. 
Үстемдіктің жалғыз жолы – Аллаһқа деген тәуелділікте еді.
Абсолютті  әлідет  пен  теңдікті  орнатып,  еңбектің  ақысын 
хақ  қабылдау  арқылы,  уәдеге  адалдық,  қарым-қатынастарда 
адамгершілік  қағидаларына  бағынуды  әмір  етіп,  зұлымдық 
қылу, қиянат, алдау және нақақ жолдармен пайда табу, пара 
беру, өсім алу, дін мен бұрыс сенім саудасын жасау секілді жа-
ман істерді тиған.
Ысрапты  жойып,  үнемшіл  болуды,  сондай-ақ‚  малды 
қорғауды, адал табысты әмір етумен экономикалық реформаны 
жүзеге асырған. Ақыл мен пікірлерді еркіндікке қауыштырып, 
әсіресе дін тұрғысында зорлық-зомбылықты тиған.
12
Осыларды  білетін  адам  Исламның  қайбір  «діндердің  бі-
реуі»  еместігін,  басқа  діндермен  арасындағы  ұқсастығының 
тек есімде болғандығын түсінеді. Мысалы: Басқа діндерің түп 
нұсқаларындағы бірдей болған сенім жүйесін алайық. Ислам 
мен яһудилікті және христиандықты салыстырайық. Құранның 
қандай мәселелерде оларды жоққа шығарғанын қарастырайық. 
Сөйтсек‚  олардың  арасында  айырмашылықтардың  өте  көп 
болғандығын көреміз. Сонымен бірге «сенім негіздерінде Құран 
оларды қайтал
аған» деген  пікірдің негізсіз‚ керісінше‚ оның 
бір қазы ретінде басқару жағдайында екендігін түсінеміз.
13
 
Бұл  жерде  кейбіреулердің  ойына:  «Құран  түрлі 
ғылымдардан  кейбір  түйіндерді  (қорытындылар)  алған.  Бір 
кісінің тек басты мазмұндарды білуімен ол ерекше саналмай-
ды?»
14
 - деген ойдың келуі әбден мүмкін. Бұл күмәнді былай-
ша  қайтаруға  болады.  Құрандағы  қорытындылар  кездейсоқ 
12
 Зәрқани, Мәнәхил, ІІ, 351-352 беттер.
13 
Сол туынды, ІІ, 343-351 беттер.
14
 Б. Сайд Нұрси, Ишарат, 98 - бет; Сөздер, 425 - бет.
183

“Хикмет”
баспа үйі
түйіндер емес. Ол тек толық нақтылықпен лайықты бір орын-
да және бір жерде естілмеген көптеген белгілерді қамти оты-
рып қолданылған әрі тұқым секілді егілетін қорытындылар. 
Мұндай нәтижелер толық бір мамандық пен қабілеттіліктен 
кейін  ортаға  шыға  алатыны  соншалық‚  әрбір  түйін  тиісті 
пәннің немесе ілімнің қорытындысы үкімінде болады. Демек‚ 
бұлардың барлығы бір ғана кісіден табыла қоймайды.
Енді мына төмендегі ережелерге мән берелік:
1) Бір кісі көптеген пәндердің маманы бола алмайды.
2)  Екі  бөлек  кісінің  айтқан  бірдей  мәндегі  сөзі 
жағдайларына қарай екі бөлек үкім алуы әбден мүмкін. Яғни‚ 
біреуінің  ойына  алтын,  ал‚  екіншісінің  көзінде  көмірдің 
ұнтағы болуы мүмкін.
3)  Пәндер  –  пікірлердің  бірлесуімен  пайда  болып,  уа-
қыттың  өтуімен  дами    береді.  Әйтпесе,  бір  кемеңгердің  өзі 
кенеттен  бір  пәнді  ойлап  тапқанымен‚  оны  дамытуға  күші 
жетпейді. Ол пән өсіп жатқан бір бала секілді соңғылардың 
дамытуымен біртіндеп пісіп жетіледі.
4) Бұрынғылардың тек ойлағандары мен қиялдағандары 
болған  кейбір  күрделі  мәселелер‚  қазіргі  замандағылардың 
әдеттегі мәселелеріне айналған.
5) Өткен заман қазіргімен салыстырылмайды, араларын-
да көп айырмашылықтар бар, үкімдері өзгеше.
6) Шөлейт жердің тұрғындары ақ көңіл және қарапайым 
адам  болғандықтарынан,  қазіргі  таңның  адамдарының 
мәдениет  пен  нәзіктік  пердесінің  астында  жасыра  алатын 
қулық-сұмдықтарын білмейді. Жасыра да алмайды. Олардың 
әр істері ерлік еді. Жүректері мен тілдері бір еді.
7)  Көптеген  ғылым  мен  пәндер  әдеттердің  ықпалымен, 
тәжірибелердің  артуымен  үйретілуімен  және  ортаның 
жәрдемімен  шығады.  Алайда‚  Құранның  мұндай  тәжірибе-
184

“Хикмет”
баспа үйі
лермен анықталмайтын көптеген тұстары бар.
8)  Адамзаттың  табиғи  өмірі  болатыны  секілді  жасаған 
заңдардың да табиғи бір өмірі бар. Құранның үкімдерін заман 
ескірте алмаса‚ бұл оның иләһи болуынан еді.
Мінеки‚  осы  қарсылық  жасалмайтын  нақты  ереже-
лерді  ақылға  жақсылап  орналастырып,  қазіргі  кезеңдегі 
адамдардың армандары мен қиялдарынан‚ қоршаған ортаның 
шүбәсі  мен  аңыздарынан  (теріс  нанымдарынан)  сыдыры-
лып,  осы  ғасырдың  жағалауынан  сүңгіп  кіріп‚  осыдан  он 
төрт  ғасыр  бұрынғы  адамдардың  жайымен  Хижазға  барып‚ 
Меккенің  михрабынан  және  Мәдинаның  мінберінен  Құран 
тыңдаса мәселе өте әдемі түрде түсінікті болар еді.
4) ҒАЙБ ХАБАРЛАРЫН ҚАМТУЫ
Құран  Кәрім  Хазіреті  Пайғамбар  (с.а.у.)  секілді  кісінің 
білуі  мүмкін  емес  жағдайларды  білдіргендіктен,  Алләмүл 
ғұюбтан  (барлық  жасырын  халдерді  білгеннен)  келгендігін 
көрсеткен. Құранның ғайбтан хабар беруін екіге бөлуге бола-
ды.
а) Өткен шаққа қатысты ғайбтық жағдайларды білдіруі.
Құран  сауатсыз  қауым  ішінде  жетілген  үмми  (оқу-жазу 
білмейтін) бір кісінің тілімен, Хазіреті Адамнан бақыттылық 
ғасырына  дейінгі  көптеген  Пайғамбарлардың  үмбеттерімен‚ 
олардың  араларында  өткен  түрлі  оқиғаларды  қамтиды. 
Олардың  едәуір  бөлігінің  Хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.) 
өлкесінде  бұрын  белгілі  болмағаны  анық.  Шын  мәнінде 
Құран,  Хазіреті  Мәриямның  туу  қиссасы 
(Әли  Имран,  44)
  мен 
Хазіреті  Юсуфтың  қиссасынан 
(Юсуф,  102)
  кейін,  ол  жерде-
гі  түсіндірілген  оқиғалардың  ғайб  екендігін  білдіргеніндей 
Хазіреті  Нұх  қиссасының  артынан:  «(Ей,  Мұхаммед!)  Міне 
бұлар - ғайып әңгімелері, мұны саған уахи етіп отырмыз. Сен 
185

“Хикмет”
баспа үйі
де, қауымың да мұнан бұрын мұны білмеуші едіңдер» (
Һуд, 49)
‚ 
- деп ескертеді. Құранның бұл жағдайды мүшриктерге қарсы 
дәлел ретінде айтуы және олардан ешбір қарсылықтың бол-
мауы  да  бұл  мәселелердің  ол  төңіректе  бұдан  бұрын  белгілі 
емес екенін ашық көрсетуде.
Мұсылман  еместердің  Інжілдердің‚  әсіресе‚  Таураттың 
заманы  жағынан  бұрын  болғандығынан‚  бұл  мәліметтердің 
олардың  алынғандығы  жөніндегі  жорамалдарының  қолдау 
табатын  жағы  жоқ.  Өйткені,  оларда  көптеген  жағдайда 
Құрандағы  түсіндірулер  бар  болғанымен‚  бұрмаланған 
Таураттың түсіндіруінен кейде аз‚ кейде көп айырмашылық 
бар.  Бұл  айырмашылық  болған  мәселелерде  тарих  ғылымы 
Құрандағы мәліметтердің дұрыстығына куә болуда. Мысалы‚ 
доктор  Маурисе  Букайлле  (Maurіce  Bucaіlle)  «Киелі  Кітап, 
Құран  және  Білім»  деген  кітабының  315-354  беттерінде  бұл 
мәселені мысалдармен зерттеп‚ дәлелдеп көрсеткен. Әлемнің 
жаратылуы,  Нұх  топаны,  Хазіреті  Мұсаның  (а.с.)  Исрайл 
ұлдарымен бірге Мысырдан шығуы, Мысыр Перғауынының 
соңғы  сәті  туралы  тақырыптарын  егжей-тегжейлі  зертте-
геннен  кейін‚  ол‚  жоғарыда  айтылған  пікірдің  ұстанатын 
дәлелінің  жоқтығын  көз  алдыға  жайған.  Өйткені‚  көптеген 
мәліметтер  Таурат  немесе  Інжілдерде  орын  алса  да  Құранда 
орын  алмаған.  Керісінше,  оларда  болмаған  кейбір  белгілер 
Құранда  білдірген.  Қиссалардың  ол  кітаптардағы  түріне 
қатты қарсылықтар болғанымен, Құрандағы нақылды жоққа 
шығаратын  ешқандай  қарсылық  туылмады.  Бұл  да  оның 
(Құран) Аллаһ тарапынан уахи етілгендігін көрсетуде.
Әрі Құран бұрындары өтіп кеткен жағдайларды көз алды-
да болғандай етіп түсіндіруде. Өйткені‚ ол ұзақ бір оқиғаның 
ең  маңызды  түйіні  мен  жанын  алға  тартып‚  өз  мақсатына 
кіріспе  жасайды.  Демек,  Құрандағы  бұл  қортындылар  ол 
–  бұрынғы  оқиғаларды  осылайша  түйіндеп,  барлық  өткенді 
186

“Хикмет”
баспа үйі
бүкіл жақтарымен көреді. Өйткені‚ бір кісінің кез келген бір 
салада маман болуы түйіндейтін кейбір үкім және пайдалану-
ларымен түсінікті болады.
ә) Болашаққа тиісті ғайб хабарлары.
Құранның  түскен  уақытына  қарағанда  болашақта  іске 
асатын  ғайб  хабарларынан  әркім  түсіне  алатындарының 
өзі  да  үлкен  орын  алады.  Хабары  берілген  жағдайлардың 
нақты  жүзеге  асуы  Құранның  әлемді  басқарған  және  бүкіл 
кезеңдерді қамтыған Заттың (Аллаһ) бұйрығы болғандығын 
көрсетеді. Өйткені‚ адамзаттың көзқарасы болашаққа ықпал 
етпейді.  Өте  күшті  қарсылықтарға  тап  болған  ең  кішкен-
тай  бір  қателігі  себебімен  дін  жаю  ісінде  жеңіске  ұшырау 
ықтималы  болған  Хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.)  тілінен 
кішкентай да күмән сезінбестен‚ толық бір сенімділікпен бір-
талай  оқиғалардың  болатындығын  білдіруі  оның  Аллаһтан 
үйреніп‚ жеткізгендігін дәлелдейді.
Құран  елшіліктің  алғашқы  жылдарында  (миләди,  614), 
Сасанилерден  енді  орынан  тік  тұруы  мүмкін  еместей  болып 
ойсырай  жеңілген  Византиялықтардың  таяу  арада  оларды 
жеңетіндіктерін білдірген және жеті жылдан кейін бұл жеңіс 
жүзеге асқан. 
(Рум сүресі, 1-5)
. Мұндағы 4 - аят кәримә осы жеңіс 
болар кезде мү’миндердің де мүшриктерге қарсы жеңіске же-
тетіндерін білдірумен, себептер әлемінде еш болжамы жаса-
лынбайтын Бәдір жеңісінен де хабар берген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет