ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

3
  Сөздің  соңы  басымен  байланысты 
және  бір  тақырыпта  болса,  түсінікті  әрі  қабылданған  бір 
үйлесімділік  бар  болғаны.  Әр  түрлі  себептерге  және  бір-бі-
рімен  қатысы  жоқ  мәселелерге  тиісті  болса,  ашық  түрдегі 
үйлесімділіктің  болмағандығы.  Демек,  үйлесімділік  жағ-
дайы  ашық  болумен  бірге‚  кейде  жасырын  да  болады.  Бұл 
жасырындық  -  аяттардан  гөрі  сүрелер  арасында  көрінеді. 
Өйткені,  тақырыптың  бір  ғана  аятпен  аяқталуы  өте  си-
рек:  тә’кид  (күшейту)  немесе  тәфсір  (ашықтау),  истисна 
бөлекке  шығару  немесе  хаср  (шектеу)  и’тираз  (қарсылық) 
және  тәзйил  (толықтыру)  мақсаттарының  біреуімен  аят-
тар  қатарласып  келеді.  Осылайша  байланыс  пен  бүтіндік 
пайда болады. Аяттар арасындағы байланысты байқау үшін 
Құранды оқыған кісі, кейде әдеби зауқын, кейде тума ақыл-
парасатымен басқарып, мән беріп отыруы керек. Осылайша, 
аяттағы  сөздердің  терминдік  мағынасы  мен  философиялық 
түсініктемесін  білсе  де,  білмесе  де  жалпыға‚  не  жекеге  тән 
жайттар мен субъектив‚ не обьектив болсын, ақылдық, сезім-
дік  немесе  қияли  бірнеше  байланыстар  құра  алады.  Аяттар 
арасындағы  тәләзүм,  көптеген  жағдайда  себеп-нәтиже  бай-
ланысымен  жалғасады.  Егер  оншалықты  қажеттілік  болма-
са,  бір  нәрсенің  екі  ұшын,  қарама-қарсы  жағын  көз  алдыға 
келтіріп,  көзделген  мақсат  жеткізіледі.  Азаптан  кейін 
рахметтің, жәһәннамнан кейін жәннаттың айтылуы, ақылды 
қозғағаннан  кейін  жүрекке  үндеу,  үкімдерді  баяндағаннан 
кейін  жүректі  жұмсартатын  зүһд  пен  қиссалардың  баянда-
луы осы ерекшеліктен туындаған.
Аят  пен  сүрелер  арасындағы  үйлесімділікті  көрсету 
тұрғысында  шынайы  тәпсіршілер  орынсыз  түсініктеме  бе-
88
3
 С. Салих, Мәбәхис, 152-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
руден  қашқан  және  бұл  ұқыпты  әрекеттері  мейілінше  та-
бысты  болған.  Бейне  бір  бақшаның  ең  жақсы  жемістерін 
жинағандай. Жиырма үш жыл бойы түрлі себептермен және 
түрлі  шарттарға  байланысты  түскен  Құран  Кәрімнің  әр 
сүресінде аяттар нақты орындарын тапқандығын дәлелдегені 
сонша  көптеген  жердегі  үйлесім  -  нүзул  себебінің  болып  - 
болмағандығын іздестіруді ойға да алғызбайтындай дәреже-
де.  Баяндалуындағы  көркем  тілділігі,  үйлесімділігі  сол 
аяттың қашан түскенін іздестіруге қажеттілік қалдырмайды 
әрі  інжудей  тізілген  аяттарымен  114  сүре,  114  алқа  түрінде 
заманның мойнын сәндейді.
4
Осылайша Құран аяттарының арасындағы байланыс түрі 
мен  үйлесімі  дерлік  нүзул  себептерінің  орнын  алатындай 
тәсілде құрылған. Өйткені, нүзул себебі білінбеуі мүмкін. Не-
месе білінсе де бізге жетпеген болуы мүмкін немесе жетсе де 
кең тарамаған болуы мүмкін. Бірақ‚ мәтін өз көздерінің ал-
дында болғандықтан адамдар қаласа да‚ қаламаса да осы бай-
ланыстар туралы ой жүгіртетіні даусыз.
ҚҰРАННЫҢ  БӨЛШЕК-БӨЛШЕК  ТҮСУІ
Құран  мәтінінің  барлығы  бірден  түспеген.  23  жылдық 
пайғамбарлық дәуірі бойында бөлшек-бөлшек болып жіберіл-
ген. Құранның әр паршасына нәжм атауы беріледі. Бұл сөздің 
басты  мағыналарының  бірі  –  «жұлдыз».  Құран  аспанының 
жұлдыздарының бөлек-бөлек уақыттарда шығуына да нәжм 
сөзінің  түбірінен  туындаған  бір  мағына  ретінде  Құранның 
тәнжимі деген ат берілген. Құран – алғашқы тыңдаушылары 
мен  жауаптылары  -  Расулұллаһ  (с.а.у.)  пен  сахабалардың 
қажеттіліктеріне жауап беретін деңгей түскен.
Құранның өзі бұл ерекшелігінің басты хикметтерін мына 
аяттарда  білдіреді:  «Құранды  адамдарға  байыппен  оқып 
89
4
 С. Салих, Мәбәхис, 157-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
беруің үшін біз оны даналап, бөлімдерге (аяттарға) бөліп, бір-
бірлеп  түсірдік» 
(Исра,  106)
.  «Кәпірлер:  «Құран  неліктен  оған 
бір жолда түсірілмеді» - дейді. Біз (Құранды) сенің көкейіңе 
ұялатып,  жүрегіңді  бекемдеу  үшін  оны  бір-бірлеп,  бөлек-
бөлек  аян  еттік» 
(Фұрқан,  32-33)
.  Бұл  соңғы  аят  қарсылықтың 
болғандығын,  әрі  оған  қарамастан  иләһи  хикметтің  әдейі 
осылай ендірілгендігін ортаға салады.
Бұл  мәселе,  Құранның  тұңғыш  тыңдаушысы  мен  жау-
аптысы  әрі  баяндаушысы  болған  тұлға  мен  тұңғыш  жауап-
тысы болған адамдардың Құран ілімінде, Құран қоғамы мен 
мәдениетінде  не  үшін  бірінші  қатарда  таңдаулы  орынға  ие 
болғандықтарын  және  солай  болуы  керектігін  де  ашықтан-
ашық  көрсеткен.  Қияметке  дейін  жалғасатын  үмметтің 
негізінің тым бекем болуы шарт еді. «Мінез-құлқы Құраннан» 
болғанға дейін Расулұллаһтың (с.а.у.) және асхабы-кирамның 
ауыздарымен  оқығаны  секілді,  аяттарды  халдері  және  іс-
әрекеттерімен де оқитындай көрініске ие болғанға дейін, сон-
дай-ақ кейінгі ұрпақтарға жақсы сабақ берулері үшін жақсы 
үйренулері және есте сақтап қалулары керектұғын. Мінеки, 
осы жақсылап жетілдіру - елшілік аспанында Құранның бір-
бір жұлдыздар күйінде шығуымен болады. Мұның хикметте-
рін былайша түйіндеп бөлуге болады:
1)  Басқа  мүминдер  секілді  Расулұллаһ  (с.а.у.)  та,  адам 
ретінде  мүшриктердің  адасушылықтан  қайтпай,  өз  жол-
дарын  ұнатуларынан,  ақиқатқа  қарсы  көр  болуларынан, 
мазақ  етулерінен,  тағы  басқалай  азап  етулерінен  жағымсыз 
әсерленгендіктен  жұбатуға  (бірақ  адамдардыкіне  емес, 
бір  әлпештегеніне  дүниенің  құны  тұрмайтын  Рахманның 
жұбатуына)  қажеттілік  және  сағыныш  сезінетін.  Қайғы 
мен  қиыншылықтың  бола  беруіне  қарсы,  жұбату  мен 
қуаттандырудың жаңаланып отыруы - Оған барлық тартқан 
қасіреттерін  ұмыттыратын.  Бұл  қуаттандырып  отыру  да 
түрлі  тәсілдер  түрінде  болатын.  Кейде  бұрынғы  елшілердің 
90

“Хикмет”
баспа үйі
тап  болған  жағдайлары  түсіндірілетін 
(Һуд,  120)
.  Кейде  сабыр 
етуі  айқын  ескертілетін 
(Мүзәммил,  10;  Ахкаф,  35)
.  Кейде  реніш-
ке тыйым салынатын 
(Йәсин, 75; Кәһф, 6 т.б)
. Кейде Аллаһтың өз 
пайғамбарын қорғайтындығына және Оны (с.а.у) әлдендіре-
тіндігіне кепілдік берілетін 
(Мәйдә, 67; Тур, 48)
.
Жәбірейіл  сияқты  иләһи  хабаршының  дүниеден  сан-
сыз  мәрте  артық  достығымен  тіреу  болып,  қуаттауы  осы 
жұбаныштың ерекше бір көрінісі.
Уахидің  бөлек-бөлек  түсу  барысында  келген  әр  уахи 
бөлімінің  ұқсасын  әкелуден  қарсыластарының  әлсіздігі 
көрінгенде, тағы бір мұғжиза жүзеге асқан болатын. Бұл да 
хақ иелерін қуантқан да адасқандарды болса түңілдіретін.
2) Құранның жаттауын жеңілдету және мазмұнын қорыту.
Құран бір мәртеде тұтас түссе, сахабалар оны жаттай ал-
майтын  еді.  Сондай-ақ‚  барлық  нұсқауларын  бірден  игеріп, 
жүзеге  асыра  алмайтын  еді.  Әсіресе  Құран  түскен  ортаның 
сауатсыз  орта  болғандығын,  оқып-жазатындар  санының 
және  жазу  құралдарының  аздығын  еске  алсақ,  біртіндеп 
үйретіп, ілгерілетуінің не деген үлкен хикмет және нығметті 
қамтығандығын  тіпті оңай түсіне аламыз.
3) Құран - белгілі, басты-басты Ислам үкімдерін, мүжмәл 
(жалпы)  немесе  мұфассал  (егжей-тегжейлі)  түрде  қамтиды. 
Құранның  алғашқы  тыңдаушылары  Исламнан  бұрын  да  әр 
түрлі  шектеулерден,  міндеттеулерден  азат‚  ерікті  еді.  Олар-
ды шектейтін ешқандай заң немесе жүйе жоқ болатын. Сон-
дай күйде тұрғанда бірден жеке тұлғалық, қоғамдық, дүние-
мүліктік,  басқарушылық  және  жазалаушы  үкімдердің 
барлығына тәуелді болулары өте қиын болар еді. Сондықтан 
Аллаһ  Тағала  үкімдерін  аз-аздан,  біртіндеп  түсіріп  тамам-
даған.  Бұхари  Хазіреті  Айшаның  осы  тақырыпта  келтірген 
мына  маңызды  мағлұматын  бізге  жеткізген:  «Құран  уахиі 
91

“Хикмет”
баспа үйі
бастапқыда жәннат пен жәһәннам туралы қысқа бір сүремен 
басталды. Адамдар Исламға жиналғанда халал мен харамдар 
енді. Егер бірінші «Ішімдік ішпеңдер» деп әмір етілсе, олар: 
«Ішкіліктен  мүлдем  бас  тарта  алмаймызң  дейтін  еді.  (Істің 
әу басында) «зина жасамаңдар» үкімі енсе, «зинаны мүлдем 
тастамаймызң дейтін еді».
Құран  -  тұлғаның  болсын,  қоғамның  рухында  болсын 
үстінде болғандар мен тереңде орналасқан элементтер арасын 
айырып көрсеткен. Тұлға мен қоғам болмысының тереңдігіне 
тамыр жайған жағдайларды өзгертуде асығыстық жасамаған. 
Жоспарланған осы кешігудің, әр нәрсені араластырған түрде 
жарыққа шығарудан жақсырақ екендігіне сенген. Ішімдік пен 
өсімге тыйым салулары, намаз және зекет әмірлері, құлдық 
тақырыбындағы  жақсарту  осылайша  тәдрижи  (біртіндеп‚ 
мөлшерлеп) болған. Ал бұған қарама-қарсы тереңдіктерге та-
мыр жаймаған, бірақ‚ адамзаттық өмірде күнә болған үстірт 
мәселерге  тән  үкімдер  бір  мәртеде  айқындалған,  тәдрижиге 
жөнелмеген.  Зина,  ұрлық,  өлім,  тартып  алу,  алдау  секілді-
лерге арналған тыйымдар осыларға жатады.
5
Құранның  мүминдердің  қажеттіліктерін  ашатын  түрде 
енуінің  тағы  бір  ерекшелігі  –  жаңартылған  оқиғаларда 
мүминдердің  қажеттіліктері  мен  түйінді  мәселелерін  ше-
шіп, оларға үнемі жол бастау еді. Мұның сансыз мысалы бар. 
Барлық  нүзул  себептері  осыған  мысал  болады.  Осылайша 
Құран - Ислам үмметі құрылысының негізі саналатын саха-
балар қоғамын рухани тұрғыдағы мақсаттарымен бірге жану-
арлар  дүниесіндегі  секілді  организм  құрылысының  табиғи‚ 
іштей  жетілуіне  ұқсас  бағыттаған.  Яғни  зорлықпен  бірден 
жетілдіруді орынды көрмеген.
6
4)  Құранның  тек  әлемдердің  Раббы  болған  Аллаһтың 
сөзі  болғандығына  меңзеу.  Құран  аяттары  (үйлесім 
92
5 
Сол жерде, 57-58 беттер.
6
 М. С. Рафий, Иджаз, 34-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
тақырыбында  көргеніміздей),  23  жылдай  ұзақ  уақытқа 
созылған,  түрлі  жағдайлар  себебімен  енсе  де,  аяттардың 
орындарынан  қимылдата  алмайтындай  дәрежеде  орын-ор-
нында тұрулары, адам күші жетпейтіндей иләһи бір туынды 
болғандығын  көрсетеді.  Кез-келген  шебер  бір  жазушының 
өмірдің ағысындағы түрлі жағдайларға орай өте өзгеше ілім 
бұтақтарының  түрлі  тақырыптарынан  алып,  жиырмадан 
астам  жылда  жазған  жүздеген  бөлімнің  барлық  тақырып, 
сөйлем мен сөздерінің мағына және сөзбе-сөз нақ орындарын 
табуы  қандай  қиын,  тіпті‚  мүмкін  емес  болса,  Құранның  да 
адамның сөзі болуы мүмкін емес.
Өйткені,  уақыттың,  мекеннің,  себеп,  жағдай  және  та-
қырыптардың өзгешелігі, кәдімгідей бытырап бөлшектенуге, 
байланыссыздыққа және таралуға жол ашады. Бірақ‚ Құран 
ерекше жағдай көрсетіп  бөлек-бөлек келсе де, нәтижеде бір-
ден  жазылғандай  ретті  болып  тамамдалған.  Тағы  да  мына 
оқиға ойға келсе бұл мұғжиза одан сайын айшықтана түседі. 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  келген  аяттарды  «пәленше  сүренің, 
пәлен  жеріне  орналастырыңдар»  -  дейтін.  Алайда  уахидың 
үздіксіз  келуінен  ол  сүренің  ақыры  қандай  болатындығын 
білмейтін. Міне, осыдан-ақ Құранның: «Бәрін білуші Аллаһ 
жағынан келген, аяттары өте орынды, ашық баяндалған кі-
тап» 
(Һуд, 1)
 екендігі өте түсінікті. Мысалы: Адамның ең ше-
шені  саналған  бір  жазушы  Расулұллаһтың  (с.а.у.)  сөздерін 
жинақтап  бір  кітап  жазатын  болса‚  оның  кітабында  дәл 
Құрандай мінсіз‚ берік байланыстың іске асуы мәңгі мүмкін 
емес еді!
НӘСХ  МӘСЕЛЕСІ
Нәсх  -  сөздікте  нақыл  немесе  жою  мағыналарына  келе-
ді. Діни терминде болса: «Шариғдің (Аллаһ пен Расулы үкім 
беруші)  шарғы  үкімді  кейіннен  келген  шарғы  бір  дәлелмен 
93

“Хикмет”
баспа үйі
алып  тастауы».  Нәсх  еткен  аятқа  нәсих,  үкімі  жойылған 
аятқа мәнсух, мәнсух болмаған аятқа мұхкәм аты беріледі.
Нәсх  -  бір  жағынан,  уахидың  ақырын-ақырын  ендірілуі-
нің көрінісінен тұрады. Ұлы Аллаһ ең қайырлы үммет ретін-
де  белгілеген  соңғы  үмметтің  құрылысының  іргесі  іспеттес 
міндет  атқаратын  және  қияметке  дейін  келетін  ұрпақтарға 
үлгі болатын сахабаларды жәһилийеден Исламға көпір етті. 
Дұрысырағын  жәһилийе  тамұғынан  шығарып,  үлгілі  ұрпақ 
күйіне  көтеру  үшін  олардың  құрылысының  әр  кірпішін  бе-
рік  қылуды  қалаған.  Нұсқауын  олардың  ақылдарына  және 
жүректеріне  сіңдіріп  тұрып  орналастырған.  Жоғарыда 
айтылған  хикмет  себебімен  оларға  арнайы  ерекшелік  беру 
-  Аллаһтың  адамзат  қоғамы  өміріне  қойған  жүйесінің 
қажеттігінен.  Бұл  нәсіл  -  адамзаттың  жәһилийеден 
Исламға, ширктен тәухидқа көшуінде көпірдің басы болған. 
Түсіндірудің қажеттілігі жоқ, «өтпелі дәуірлер, яғни қоғам-
ның  тұтас  ауысым  кезі  белгілі  бір  уақыт  үшін  жасалған 
кейбір ерекше жағдайларды қамтиды».
7
Аллаһ  Тағала  әзәли  және  әр  нәрсені  қамтыған  ілімімен 
мәнсух үкімнің мәңгі емес, уақытша екендігін біледі. Бірақ 
онымен  бірге  бұл  уақытшалықтың  нәсих  үкімнің  баянымен 
шектелетінін де біледі. Аллаһтың ілімі есбаб пен мүсеббебатты 
(себептер мен нәтижелерді) бөлек-бөлек емес‚ барлығын бір-
ден  қамтығанындай,  нәсх  пен  мәнсухты  да  тұтас  қамтиды. 
Демек, нәсх - Аллаһқа қарата айтқанда соңғы үкімді баян-
дау,  ал  құлдарға  қарата  айтқанда  күшін  жою.  Тек  бірінші 
үкімнің  күшін  жоятын  уақыты  білдірілмегендігінен,  екін-
ші  үкімнің  келуін  біз  шектеулі  білімімізге  сүйеніп‚  «ауыс-
тыру»  деп  санадық.  Аллаһ  Тағала  кейбір  үкімдерін  келесі 
кейбір  үкімдерге  ауыстырғанда,  Оған  бұдан  бұрынырақ  жа-
94
7 
Аднан  М.  Зарзур,  әл-Фәлсәфәтүт-Тәрбәуийя  линнәсхи  уә-л  мәнсүх,  әл-
Уммә (Қатар), 3 (1981, Қаңтар), 81-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
сырын  болған  бір  жағдай  жарыққа  шықты  дей  алмаймыз. 
Өйткені, Ол нәсихты да, мәнсухты да мақлұқатты жаратпа-
стан  бұрын  білетін.  Бірақ,  ұлы  хикметімен,  мәнсух  болған 
алғашқы  үкімнің  белгілі  бір  уақытта  бітетін  бір  хикмет 
және жақсартылумен шектелетіндігін де біледі.
Құран Кәрімде нәсхтың бар екендігі мына аят кәримәдан 
анықталады:  «Қайсы  аятты  күшінен  айырсақ  та,  яки 
ұмыттырсақ, оның орнына онан да жақсысын немесе сол тек-
тесті келтіреміз. Аллаһтың барлық іске құдыретінің жететі-
нін білмейсің бе?» 
(Бақара, 106)
.
Нәсхқа  бір  мысал  келтірейік:  Бақараның  180-ші 
аят  кәримәсы  артына  мал  қалдыра  алатын  жағдайдағы 
мүминдерге, өлместен бұрын анасына, әкесіне және туған-ту-
ыстарына өсиетпен мал айыруын парыз қылған еді. Бірақ кей-
ін түсіп, мирас үлестерін егжей-тегжейлі білдірген Нисаның 
11-12-ші  аят  кәримәларымен  (ашық  баяндалғанымен,  үкім 
бойынша) өсиет нәсх етілген. «Мирасшы үшін өсиет жоқ» де-
ген Пайғамбар (с.а.у.) хадисі де бұл нәсхты баяндаған.
Бірақ  Құранда  негізгі  нәрсе  -  нәсх  емес  үкім  беру.  Яғни 
негізінен  аяттар  мәнсух  емес,  мұхкәм  деп  қабылданады. 
Онсыз  да  бұған  қарамастан  нәсхтің  күшінде  болғандығын 
қабылдамаған  кейбір  ғалымдар  болған.  Кейбір  тәпсіршілер  
мәнсух деп жорамалдаған аят кәримәлардың көбісі, негізінде 
«қажетті уақытына дейін баянның кейінге қалдырылуынан» 
тұрады.  Бұған  қатысты  нәсхтің  тақырыбын  құрастырғаны 
туралы айтылған бір тақырыпты мысал келтірейік:
Кейбір  тәпсіршілер  сәйф  (қылыш)  аят  кәримәсінің* 
болу  себебімен,  мұсылман  еместер  хақындағы  бейбітшілік, 
95
*  Бұл  аят  Тәубе  сүресінің  5-ші  аяты,  мүшриктердің  қай  жерде  болса  да 
Исламды қабыл етпеген жағдайда өлтірілулері керек екендігін бұйырады. 
Мужтәһид имамдардың бұл жайында түрлі көзқарастары бар, кеңірек білу 
үшін тәпсір кітаптарына қараңыз.

“Хикмет”
баспа үйі
сабыр  және  материалдық  күш  қолданбауды  талап  еткен 
аяттардың мәнсух болғандығын жазған. Бұлай болғанда, бұл 
мәселеге байланысты қырыққа жуық аят кәримәның мәнсух 
болғандығы белгілі. Бұл тұрғыда ғылымды жетік меңгерген 
ғалым  Б.  Зәрқашиге  (ө.  794/1391)  қарағанда  Аллаһ  Тағала 
мұсылмандарға  әлсіз  болғандарында  сабыр  және  бейбіт-
шілікті,  ал  қуатты  болғандарында  соғысуды  әмір  еткен. 
Әйтпесе  екіншісі  біріншісін  нәсх  еткен  емес.  Ол  мұны  ұзақ 
түсіндіргеннен кейін тағы да былай дейді: «Бұл жүргізілген 
зерттеуменен  жеңілдетуді  баяндаған  аят  кәримәлардың, 
сәйф  аятымен  мәнсух  болғандығына  қатысты  көптеген 
тәпсіршілердің  айтқан  сөздерінің  негізі  көрінеді.  Жағдай 
мүлде  бұлай  емес.  Бұл  аят  мүнсә’  (кешіктірілген)  түрінен. 
Яғни түскен әр әмірге бұл үкімді қажет еттірген себептің сал-
дарынан  белгілі  бір  уақытқа  дейін  мойынсұну  парыз,  кейін 
себептің  кетуімен  (шарттардың  өзгеруімен)  басқа  бір  үкімге 
өтеді.  Бұл,  нәсх  емес.  Нәсх:  Бір  үкімді  енді  онымен  мәңгі 
амал  етуге  болмайтын  түрде  жоюдан  тұрады».
8
  (Суюти  де, 
одан дәл осы сөзді нақыл етеді, Итқан, ІІ, 21). Көптеген зерт-
теуші ғалымдар мәнсух болған аят кәримәнің мөлшерінің өте 
аз  болғандығын  айтады.  Суюти  де  (ө.  911/1505),  Е.  Ибнул-
Араби
9
  (ө.  543/1148)  секілді,  тек  20  аят  кәримәның  мәнсух 
болғандығын айтады. Шах Уәлиюллаһ Диһлеви (ө. 1176/17-
62) болса‚ тек 5 аяттың мәнсух болғандығын баян етеді.
ҚҰРАН  ҚИССАЛАРЫ
Көлемі  жағынан  қиссалар  Құранның  жартысына 
жуығын  құрайды.  Сондықтан  тоқталуға  тұрарлық  құнды 
тақырыптардың бірі. Қиссаның бірінші мағынасы – «біреудің 
ізіне  түсіп,  артынан  еру».  (Мысалы,  Кәһф  64;  Қасас  11-аят 
кәримәларында  қасса  етістігі  осы  мағынада  қолданылған). 
96
8 
 Зәрқаши, Бұрһан, ІІ, 42.
9
 Суюти, Итқан, ІІ, 23.

“Хикмет”
баспа үйі
Екінші мағынасы - «біріне-бір сөзді баяндау», «бұл Құранды 
саған  жіберу  арқылы  өзіңе  қиссалардың  ең  жақсысын  ба-
яндаймыз  (нақуссу)» 
(Юсуф,  3)
  деген  аят  кәримә  міне  осы 
мағынада.  Осылайша  қасса  етістігі  «оқиғаларды  қадам  сай-
ын бақылап, нүктесіне шейін білдіру» деген сөз болып, сөздің 
үшінші  мағынасы  -  «түсіндіру,  әңгіме  айту»  деген  түрде 
қолдану арқылы бірінші‚ екінші мағынасын шектейді. Мұнда 
қисса  орнына  хикая  сөзін  қолданбау  керек.  Өйткені‚  хикая 
өмір  шындығында  болмаған  жағдайларды  баяндаса,  қисса 
ежелде болған оқиғаларды баяндап‚ адамдарға сабақ алулары 
үшін сол кезеңдегі жағдайды білдіруді мақсат етеді.
Қисса - Құранның негізгі мақсатын іске асыру тәсілдерінің 
бірі.  Құранның  негізгі  мақсаты  -  Аллаһты  және  ақиретті 
таныту.  Сол  арқылы  әділетті  жүзеге  асыру.  Құрандағы 
қиссалардың  тақырыптарында  болсын,  баяндауларында 
болсын  және  қиссалардағы  оқиғалалардың  бағытталуында 
болсын  құр  өнер  мақсаты  көзделмейді.  Бірақ‚  қиссалардың 
істің негізі болған діни мақсатқа қызмет етуі - оқиғалардың 
ұсынылуында  өнерге  лайық  ерекшеліктердің  көрінуіне  ке-
дергі  болмайды.  Құранның  баяндауы  -  ортаға  шығарған 
көріністерде  діни  мақсаттар  мен  әдеби  мақсаттарды  бірле-
стіріп,  адамның  рухына  өнер  әдемілігімен  үндейді.  Мұндай 
керемет  өнер  ерекшелігін  түсіну  болса  -  тыңдаушыны  діни 
әсер  алуға  дайындайды.  Қозғалған  пікірдің  шынайылығы 
туралы алдындағы адамға нұсқау беру көбіне оңай емес. Бұл 
мәселелерде алдындағы адам оған қарсы тұру сынды психо-
логияда болады. Алайда‚ пікір сезім арқылы жібітілген түрде 
ұсыныла  алады.  Осылайша  жоғары  шеберлікпен  сомдалған 
әдебиет  туындылары  түсіндіргісі  келген  шындықтарды 
айқындыққа  шығарады.  Ұсынылған  пікірлер  ақылмен 
дәлелденуі  қажет  болмай-ақ  алдындағы  адамға  пайдасы  ти-
еді.  Демек,  қиссалардың  Құран  Кәрімде  көп  орын  алуының 
басты хикметтерінің бірі де осы үгіттеу сыры болуы мүмкін.
97

“Хикмет”
баспа үйі
Бір жағынан «тәухид ақидасының тарихы» деп аталатын 
қиссалардың  көбісі,  пайғамбарлардың  дағуаттарын  және 
оларға  қарсы  үмметтерінің  жағдайларын  білдіреді.  Демек‚ 
Құранда Адам, Нух, Ибраһим, Юсуф, Мұса, Иса, Мұхаммед 
(алейһимүссәләм) қиссаларына ерекше көп орын берілген.
Қиссалардың  мақсаттары
Қиссаның  мақсаты  «Құранның  ендірілу  мақсаттарын 
жүзеге  асыру»  сөйлемінде  қысқаша‚  берілсе  де,  біраз 
ашықтап,  мақсаттарын  топтарға  бөле  сөйлеу  болады.  Олар 
мыналар:
1) Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығын дәлел-
деу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзі секілді қауымы бұ дүниеден 
өткен  пайғамбарлардың  және  үмметтердің  жағдайларынан 
еш  хабарсыз  еді 
(Юсуф,  102;  Қасас,  44-46)
.  Осындайда  Құран 
арқылы  оларды    дұрыс  бір  жолмен  түсіндіруі  -  Аллаһтың 
уахиына 
лайықты 
болғандығын 
көрсетеді. 
Құранда 
түсіндірілгендердің  кейбірі  Тәурат  қиссаларына  ұқсаумен 
бірге,  кейде  маңызды  мәселелерде  олардан  бөлінуі,  әсіресе‚ 
сол  бөлінген  мәселелерде  олардың  қате  болып,  бертін  кез-
дерде  қателерінің  түсінікті  болуы,  Құранның  сөзсіз  уахи 
болғандығын көрсетіп, ешбір күмәнға орын қалдырмайды.
2)  Бүкіл  пайғамбарлардың  Исламды  дағуаттағандарын 
көрсету. Бұл шындықты бекіту үшін Құран пайғамбарлардың 
қиссаларын көптеген жағдайда бірінің артынан бірін баяндай-
ды.  Әнбия  сүресінің  48-92  пассажы  мұның  әдемі  бір  мысалы 
және соңғы аят осы ұзын мағынаның негізгі мақсатын білдіре-
ді: «Сөзсіз сендердің бұл үмметтерің - тек бір үммет (діндерің 
де  тек  бір  дін).  Мен  де  сендердің  Раббыларыңмын.  Олай  бол-
са‚ (өзгеге емес) маған құлшылық етіңдер». Екінші мақсаттар 
болса, қиссалардың арасында әңгіме етіледі. Ағраф 59-85, Һуд, 
25-99; Шұғара, 10-191 - пассаждары осы мазмұнда.
98

“Хикмет”
баспа үйі
3)  Алдындағылардың  сабақ  алуларын  қамсыздандыру
Адам қиссаларда образдары жасалған жақсы кісілерге қарап, 
оларға ұқсауды қалайды. Жамандарын жек көріп, ондай мі-
незде  болып  қалудан  сақ  болу  керектігін  сезінеді.  Өйткені‚ 
адамдар  тарихи  шындық  бойынша  әр  екі  топтың  ақырғы 
сәттері ашық түрде ортаға қойылғандығын көреді. Халықтар 
-  түрлі  ерекшеліктерімен  тарихтың  алыс  бір  түкпірлерінде 
өмірге  келіп-кеткен  бірнеше  қауым  ғана  емес,  қайта  алуан 
түрлі мысалдары әр уақытта табыла алатын бірнеше үлгі ре-
тінде ұсынылады.
Ғибраттың  тағы  бір  түрі  -  әсіресе  пайғамбарлардың 
мұғжизаларында  кездескен  ғылыми  дамуды  қолдаушы 
қасиетіндегі нұсқауларда көрінеді. Ислам ғалымдары әр аят 
кәримәның  түрліше  тәрбие  тәсілдерін  қамти  алатындығын 
айтады.  Әрбір  аяттың  өзінен  түрлі  дәлелдер  арқылы  түрлі 
мағыналар  шығаруы  мүмкін.  Пайғамбарлардың  рухани 
қасиеттерінің түсіндірілуі арқылы тыңдаушы олардың кемел-
діктерінен үлгі алуға ынталандырылатыны сияқты олардың 
мұғжизаларының  түсіндірілуі  арқылы  пайғамбарларды  ол 
жағынан да үлгі тұтуға  астарлы түрде ынталандырған болуы 
мүмкін. Құрандағы бұл астыртын иршад түрін төмендегі бір-
неше мысалдармен ашып көрелік:
Сәбә  сүресінің  12-ші  аят  кәримәсында  «Біз  Сүлейменге 
таңертеңгі  жеткені  бір  айлық,  кештегісі  де  бір  айлық 
қашықтығы  бар  желді  бағындырдық.  Оған  еріген  мыстан 
бұлақ ағызып бердік» - деп баяндалады. М. Хамди Языр бұл 
аят  кәримәға  қарап  Хазіреті  Сүлейменнің  бір  күнде  1800 
шаршы  метр  қашықтық  жол  жүргенін  есептейді.  Бұл  аят-
тан  аэродинамика  заңдарын  пайдалануға  жасырын  ынта-
ландыру  сезіледі.  Өйткені‚  (мұғжиза  болғанымен)  Хазіреті 
Сүлеймен бұл істі еш дәнекерсіз жасаған жоқ. Ауа (жел, са-
мал) арқылы ауаның ерекшеліктерін пайдалана отырып іске 
асырған. Ауаның әрекет ету заңдарына көңіл аударту хикме-
99

“Хикмет”
баспа үйі
ті болмағанда Аллаһ Тағала оны дәнекерсіз ол аралықтардан 
асыратын  еді  және  Кітабында  да  ауаны  себеп  қылып,  бұл 
мұғжизаны  жүзеге  асырғандығын  білдірмейтін  еді.  Аяттың 
соңғы бөлігі мысты сел секілді ағызуды Хазіреті Сүлейменге 
берілген  тәңірлік  бір  қайыр  ретінде  бейнелейді.  10-аят 
кәримәда да Хазіреті Дәуітке «темірдің жұмсарғандағы» ай-
тылады. Зерттеуші тәпсіршіміз М. Хамди Языр нақыл еткен 
басқа тәпсірлердегі әлсіздіктерді нұсқап және аят кәримәдағы 
ғылыми жолға көңіл аударту үшін, «Біз мұның бір иләһи сый 
болған  ғылыми  өнермен  ағызылғандығын  бәрінен  маңызды 
көреміз»  -  дейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет