29
Зинаға тиым салумен‚ жыныстық қатынастан жұғатын
соз ауруларының алды алынып, ұрпақтардың қорғалуын
қамсыздандырған. Өлексені, қанды, доңыз етін жеуге тиым
салған. Медицинада бұлардың көптеген зияндары бар екені
қазіргі таңда әбден анықталған. Спирттік ішімдіктерге тиым
салудағы‚ дене және ауыз тазалығының, дәреттің‚ намаздың
және оразаның адам руханына болған ерекше ролындай
тәндік пайдаларын да қабылдамау мүмкін емес.
Бұл кітапта өзіміз үшін сызылған шектен сыртқа шықпау
ойыменен, көптеген мысалдардан таңдап, өте қысқа түрде
анықтап берген үлгілерден Құранда пән білімдерінің аясы-
на кірген және оның түскен уақытында ғайб (сырлы) болған
көптеген шындықтарға нұсқағандығы қазір белгілі болу-
да. Мұнда тек мынау есте ұсталуы керек: Пән білімдерінің
мақсаты - әлемдегі құбылыстарды бақылау және сынау
тәсілдерімен бөліп, меңгеру болса, Құранның мақсаты
– бүкіл ғылымдарға қатысты принциптерді ашу және олар-
дан пайдаланған адамдардың һидайәты, дұрыс түсінуі, дүние
және ахірет бақыты болып табылады.
28
Ж. Кыржа, 176-177 беттер. (Бұған қатысты аяттың мәліметтері үшін сол
жерге қараңыз)
29
М. Х. Языр, ІІІ, 2153.
200
“Хикмет”
баспа үйі
«Тоқсан ауыз сөздік тобықтай түйіні ретінде былай дей
аламыз, “ғылымдардың жеткен нәтижелері - тәжірибеге
сүйенген шындықтар. Мұнымен бірге ілім адамдардың қиялы
мен елестерінің әсерінде қалуы мүмкін. Тіпті‚ адамдардың
ойындағы аңғарттықтары да қол жеткізген нәтижелерге әсер
ете алады. Сондықтан‚ ғылыми нәтижелерді бұл шектеулер
мен өлшемдер шеңберінде қабылдау керек. Бұл жағдайымен
ғылыми нәтижелер де саны жағынан мәлімет пен тәжірибенің
шекарасы ішінде қалуға мәжбүр».
«Негізінен ілімдер, жорамалдармен басталып, жо-
рамалдармен аяқталуда. Ілімде соңғы жетістік жоқ.
Сондықтан‚ ашылған жаңалықтар‚ нәтижелер қорытындыға
жақын тұжырымдар. Өлшем мен бағалауларда қателесу
ықтималдығы әр уақыт болуы мүмкін. Шыққан қортындылар
жалпы алғанда жеке тұжырымдар болып, әр уақыт арту не
кему жолымен бір өзгеріске душар болатындықтан ең соңғы
қорытынды деп есептелмейді. Қазіргі таңда адамзат әлемі бір
заң немесе бір көзқарасқа жеткенде «осы күнге дейінгі жет-
кен ең соңғы ғылыми шындық осы» делінеді және әр уақыт
жорамалдау есігін ашық қалдырады. Өйткені, келешекте
өзгерістер енгізуді керек ететін мәліметтер мен жаңалықтар
пайда болуы мүмкін».
30
6) ҚҰРАННЫҢ ХАЗІРЕТІ ПАЙҒАМБАРДЫҢ (С.А.У)
ҚАЛАУЫНА САЙ КЕЛМЕУІ
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) Құранға танытқан сый-
құрметі әдепті бір шәкірттің ұстазына деген сый-құрметі
сияқты болып, Оның Құранда кішкентай да үлесінің
болмағандығының анық белгісі. Бұл жағдай Ол күткен
жағдайларда уахидың келмеуі немесе оны ескерткен бірнеше
аят кәримәлардың келуі түрінде көрінеді.
30
С. Кутуб, «Фи Зилалил-Құран», ІІІ, 7-ші жүз, 229 бет.
201
“Хикмет”
баспа үйі
а) Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) күткен жағдайларда уахи-
дың келмеуі:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) машақат-қиыншылыққа,
қайғыға толы, сабыр тауысарлық ұзақ елшілігі бойынша
ауық-ауық бір үкім беруін, бір нәрселер айтуын керек еткен
сондай оқиғаларға тап болатын. Осындай жағдайларда бір
нәрселер айтуға қатты мұқтаж болатыны сонша сөз айту би-
лігі өзіне тән болғанда‚ сөз сөйлемей қалуы әсте мүмкін емес
еді. Соның өзінде күндер өтіп жатса да адамдарға оқитын бір-
неше Құран аят кәримәсын таппағаны көп болған.
Ифк оқиғасы бұл мәселедегі ең көрнекті мысалдардың
бірі еді. Бәни Мұсталық соғысынан ораларда Хазіреті Айша
(р.а) аманат болған алқаны жоғалтып алып, соны іздеп аз
уақыт артта қалып қойған еді. Осы кешігуді сылтау еткен
кейбір мүнәфықтар оның намысы жөнінде өсек-аяң айтып,
жасырын түрде жайған, кейіннен жаман ой туындаған.
Мүнәфықтар өсек-аяң қазанын бар күштерімен қайнатып‚
мұсылмандардың көңілдерін астан-кестең етуге тырысып
жатқан еді. Күндер өтіп‚ жүректер ауыздарға тығылды. Өсек-
жала көшкін бұлт елді кеулеп кеткен жатыр еді. Сыбыстар
шығар-шықпастан Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Айшаға
(р.а.) әкесінің үйіне баруына рұқсат берді. Аллаһтан уахи кел-
мегендіктен оған нақты ешнәрсе айта алмады. Тек: «Қазірге
дейін мен Айшаның жақсы істерінен басқа еш нәрсесін
көрмедім» - деген. Мәселені сұрастырып, жақын асхабымен
ақылдасып‚ бұл туралы барлық қайратын көрсетті. Сол ара-
да толық бір ай өтті. Бірақ‚ кім болса да ол туралы күмән
туғызатын ешбір іс-әрекетіне жолықпағандықтарына куәлік
етіп, айтып жатты. Оған қарамастан Оның (с.а.у.) айтқан
соңғы сөзі мынау болды: «Қара, Айша! Сен туралы мынадай
нәрселердің айтылғандығын есітідім. Егер күнәсіз болсаң
Аллаһ сені ақтайды. Жоқ‚ егер бір күнәға кірген болсаң‚
Аллаһтан кешірім тіле». Бұл, міне осындай жағдайда‚ тек бір
Пайғамбардың ғана айта алатын сөзі еді.
202
“Хикмет”
баспа үйі
Осы сөзді айтқаннан кейін дереу Нұр сүресінің басқа аят-
тары түсті. Онда Хазіреті Айшаның (р.а) күнәсіздігін былай-
ша жария етті:
31
“11. Сендерден бір топ адам (Айша туралы) өсек таратты.
Сендер оны өздеріңе залалды деп есептемеңдер, қайта ол сен-
дер үшін хайырлы болмақ. Өсек өргізушілерден кім қаншалық
күнә өткізсе, оған соншалық жаза беріледі, өсекті бас болып
көбірек таратқандар ауыр азапқа душар болады. 12. Бұны
естігендер ер-әйел мүминдер (діндестері үшін) хайыр ойлап:
“Бұл бір ап-анық өсек” деуге қалайша ауыздарың бармады?
13. Олар бұған неге төрт айғақ келтірмеді? Айғақ келтіре
алмаған екен, ендеше олар Аллаһтың қасында суайт санала-
ды. 14. Сендерге дүниеде және ахіретте Аллаһтың кеңшілігі,
мархаматы бұйырмаған болса, өсек айтып даттағандықтары
үшін әрине ауыр азапқа душар болар едіңдер. 15. Сол кез-
де ауыздарыңа келгенді көкіп, өздерің білмейтін қауесетті
тараттыңдар, мұны жеңіл іс деп санадыңдар, Аллаһтың
қасында ол (жала) үлкен күнә деп есептеледі. 16. Оны есті-
ген шақтарыңда сендер: Мұндай сөздерді айту бізге мінәсіп
емес. Иә, Аллаһ, сен пәксің! Мұнау бір сұмдық жала деп неге
айтпайсыңдар. 17. Егер мүмин болсаңдар, Аллаһ сендерге
ендігәрі мұндай сөзді қайталамауға насихат етеді”
(Нұр, 11-17)
.
Мұнда
мынаған
көңіл
аудару
керек:
бұл
аят
кәримәлардағы шеберлік, өктемдік (беделділік) тәсілімен
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) тартыншақтаған, сақтық
сөзі арасында бір байланыс бар ма? Егер оның Құранда өте
кішкентай үлесі болғанда өзінің дәрежесін, намысын, сон-
дай-ақ‚ жұбайының намысы мен қадірін өсек-аяңнан ақтау
үшін осы сөзді бірден мәселенің басында айтып, жала жапқан
өсекшілердің ауыздарын жабар еді. Бірақ, Аллаһ Тағаланың
31
Бұл оқиғаның егжей-тегжейлі білдірген хадис Бухари мен Муслимде бол-
са керек. (Бухари, К. Тәпсір, Нұр сүресінің тәпсірі).
203
“Хикмет”
баспа үйі
атымен өтірік айтудың жауапкершілігін өте жақсы білетін
Ол болғандықтан, адамдардың не айтқандарына қарамай,
толық мойынсұнушылықпен Оның үкімін күткен еді.
32
Бір
сағат күтуге де шыдам жетпейтін бұл жаланың анық-қанығы
туралы Аллаһтың хақ аяты толық қырық күн өткеннен кейін
келеді.
Тағы бір оқиғаға назар аударалық: Расулұллаһ (с.а.у.)
Кағбаның құбыла болуын ішінен қалайтын-ды. Ол жайлы
бір уахи келе ме деп күшті ынтамен күтуде еді. Осылайша
он жеті ай күткеннен кейін Кағбаға бұрылуды білдірген бір
аят кәримә
(Бақара, 144)
33
келді. Егер Құран өзіне тән болғанда
әрі өзінің, әрі өзіне бағынғандардың бұл қалауларын дереу
жүзеге асырып, қиындықтан арылтпайтын ба еді?
Хазіреті Пайғамбардан (с.а.у) Асхабы Кәһф, Зұлқарнайн
және рух туралы сұралғанда, ол да: «Ертең жауабын беремін»
деп‚ «иншааллаһ» деуді ұмытып кеткен еді. Іс жүзінде жауап
көп кешікті. Құрайш мүшріктері оны «өтірікші»деп шығар-
ды. Міне осыған байланысты: «Сен ешбір істі “Ертең соны
сөзсіз істеймін» деме. «Егер Аллаһ бұйырса» деген сөзді қосып
айт. (Бұл сөзді) ұмытсаң Раббыңды есіңе ал да: «Раббымның
мені дұрыстыққа мұнанда жақынырақ жолға салуын үміт
етемін” деп айт» - деген аят кәримәлары түсті. Уахи бірнеше
күн кешіккенде Пайғамбарымыз (с.а.у.) Жәбірәйілден (а.с.)
себебін сұрады. Аллаһ Тағала да Жәбірәйілге (а.с) былай де-
уін уахи етті: «(Жәбірейл‚ айт): Біз (дүниеге) Раббыңның
әмірімен ғана түсеміз, біздің алдымыздағы, артымыздағы
және осы екі арадағы істерді білу Аллаһқа тән. Раббың әсте
ұмытпайды»
(Мәриям, 64)
.
32
М. А. Дераз, «ән-Нәбәул-Азим», 17 - бет.
33
«(Мұхаммед ғ.с.) Сенің жүзіңнің көкке қарап жүргенін әрине көрудеміз,
сондықтан да өзің разы болған қыблаға қаратамыз. Енді жүзіңді Харам Ме-
шітіне қарай бұр! (...)». (Бақара, 144)
204
“Хикмет”
баспа үйі
Бақара сүресінің 284 және Тәубе сүресінің 80 - аят
кәримәларының түсу себептеріне және тәпсірлеріне қарау
арқылы уахидің Пайғамбарымыздың (с.а.у) қалауына сай
келмегендігіні көреміз.
ә) Ескерту және сөгу аят кәримәлары:
Құран Кәрімнің түрлі аят кәримәларында Расулұллаһқа
(с.а.у.) кейбір берген үкімдерінде қателескендігін
34
білдіріп
оны ескертеді. Кейде тәтті, кейде қатты сөгіс алады. Құран
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі болғанда адамдардың
үнемі тиләуәт, тәпсір және ашықтайтындықтары, тіптен
ғибадаттарын сол арқылы қылатын Кітаптарында өзінің кем-
шілік жақтарын үнемі тіркеуін, ақылды да ынсапты адамның
қабылдауы мүмкін емес.
Уахи, кейде оның қалауына қайшы түрде келіп, Оның
пікірінің қате екендігін білдіреді. Әйтпесе‚ қаланбаған бір
мәселеге рұқсат беретін еді. Кейде ең кішкентай бір себеп-
тен қатал түрде сынға және сөгіске душар болатын. Бұған
қатысты мысалдар келтірейік:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) бал шәрбәтін өте жақсы көретін.
Әйелдерінің бірі Хазіреті Зейнептің бөлмесінде болғанда, ол
34
(( Расулұллаһтың (с.а.у) үкімінің нәтижесінде қателесуі – бүлік шығару
болмағандықтан оның күнәдан тазалығына зиян бермейді. Расулұллаһ
(с.а.у) адамдардың әр жағынан да тәлімгері ретінде жіберілгендіктен, иләһи
хикмет оның да ойланып кейде дұрыс істей алмауын қалаған. Осылайша
адамдар ақылдарын істетіп пікірінің дамуынан артта қалмауға ұйғарылған
еді. Ең кемелді жол бастаушы Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) өзі ой және
керек кезде (уахи келмегенде) қателескендігіне қарағанда адамдардың
оны бұл мәселеде де үлгі тұтулары қаланған. Осы маңызды өзгешелікте
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) қатесін жалғастырмаған. Қатесі міндетті түрде
Аллаһ тарапынан түзетілген. Өзге мүжтәһидтер үшін мұндай бір кепілдік
жоқ. Оның ойында қателесуі сонымен бірге адам екендігін және құл екен-
дігін еске түсіртіп, уахи болмаса ең жоғарғы адамның өзі қатеден аман-сау
болмайтындығын көрсетеді. Аллаһ Тағаланың нұсқауы болған мәселелерде
пайғамбарлардың қатесі болмайды. Тәрк-и әула (өте нақты болғанды жаса-
мау) немесе соңында зәллә сөз болуы мүмкін.
205
“Хикмет”
баспа үйі
бал шәрбәтін берген еді. Пайғамбарымыз (с.а.у) да ол жерде
күндегісінен көптеу уақыт болған еді. Бұл жағдай Хазіреті
Айшаның қызғануына жол ашып, әйелдерінің бірі Хазіреті
Хапсаға Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) қасына келгенде қалжың
мақсатымен одан магафирдің иісі шығып тұрғандығын ай-
туын өтініп, осыны араларында ойластырған еді. Магафир
– ағаштың шайырының сасыған иісі. Олар ойлағандарын
істеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) магафир жемегендігін, бал
шәрбәтін ішкендігін айтты. Сонда олар Пайғамбарымызға
(с.а.у.) балды жасаған аралардың ол жаман сасыған ағаштан
алуы мүмкін екендіктерін айтты. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
ендігәрі бал шәрбәтін ішпейтіндігін білдірді. Сонда мына аят
кәримәмен басталған Тахрим сүресі түсті:
йЕй, Пайғамбар! Аллаһтың саған халал еткен нәрсесін
қалайша жұбайларыңды ризаламаққа бола арам етесің?
Аллаһ өте кешірімді, өте мейірімдій
(Тахрим, 1)
.
Бәдір жеңісінде тұтқынға алынған мүшриктерге не
істеу керек тұрғысында Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) асха-
бымен ақылдасып, нәтижесінде толымды болған пікір-
ге қарай қимылдап, фидия алып‚ оларды қоя берген еді.
Осыған орай түскен аят кәримәлар кәпірлердің алдыңғы
қатардағыларының өлтірілулерінің басқа кәпірлерге мүлдем
жақсы сабақ болатындығын баяндады:
«Жер жүзінде дұшпанды көбірек жоймай тұрып, тұтқын
ұстау ешбір пайғамбарға лайық емес. (Әй, мұсылмандар, сен-
дер төлем алып) дүние пайдасын көздейсіңдер Аллаһ сендерге
ахіретті тілейді. Аллаһ – аса үстем, хикмет иесі, Аллаһтың
(ашық тиым салынбаған істі (жаза) істегендерді жазаламау
деген) бұрынғы үкімі болмаған болса, (тұтқындардан) бодау
алғандарың үшін ауыр жазаға душар болатын едіңдер. Олжа
ретінде алған алал, таза нәрселерді жеңдер және Аллаһтан
абай болыңдар. Расында Аллаһ өте кешірімшіл аса мейірім-
206
“Хикмет”
баспа үйі
ді»
(Әнфәл, 66, 68)
.
Бұл бөлімде қатты назар аударарлық жағдай бар. Ал-
дымен бұл істің қате екенін білдіріліп, қатаң түрде жоққа
шығарылып, артынан дереу қабыл етіліп, Расулұллаһтың
(с.а.у.) көңілі ауланады. Тіпті‚ бұл әрекет кейіннен бір ере-
же қалпына келтіріледі. Ашудың гүрілдеумен ризалықтың
күлімсіреуінің арасы бөлінбей‚ оны бөлетін ешбір нәрсе кір-
мей-ақ‚ бір кісіден бір сәтте көрінуі мүмкін емес. Бірақ‚ оның
мүмкін екендігі түсінілгенде, екінші ризалық пікірі бірінші
болған ашуды өшіреді. Бұндай жағдайда егер қойылған үкім
де сол бағытта болса‚ ашуды білдірген сөзді айтуы назарды ау-
дармайтын еді. Психология ғалымдары бұл бөлімді оқығанда,
мұнда бір-бірінен бөлек екі мінездің бар екендігін, бұл
сөздің былай деген төрешіге тән болғандығын қабылдайды:
«Жасаған ісің тым жақсы емес, мұнымен бірге сені кешірдім
және бұл тұрғыдағы істе саған рұқсат бердім».
35
Құранның отбасылық өмірде жасаған төңкерістерінің
бірі - бала асырап алу (тәбәнни) дәстүрін жойып, отбасы
қатынастарын табиғи негізге қарай реттегені. Сол кезге дей-
ін арабтар, асырандыны шын әкесіне бағыттап емес, асы-
рап алғанға қарай ат қоятын. Бұл әдет Ахзап сүресінің 5 аят
кәримәсымен жойылды.
Расулұллаһ (с.а.у.) Зәйд Ибн Харисәні қатты жақсы
көретін. Пайғамбарлықтан бұрын оны асырап алып, кейін
азат етіп, азат еткен күңі Үмму Әйманмен үйлендіріп, одан
кейін тағы апасының қызы Зейнеппен некесін қиған еді.
Өйткені ол Зейнеп Зәйдпен тұра алмады. Себебі, өзіндей
текті азат құл болған Зәйдке лайық көрмеген еді. Тек Ха-
зіреті Пайғамбардың (с.а.у.) көңілі үшін Зәйдті қабыл
еткен еді. Оған бір түрлі жылына алмады. Тектілігімен
мақтанатын еді. Бас қосулары бір жылдан асты. Зәйд бі-
35
Сол туынды, 17-18 беттер.
207
“Хикмет”
баспа үйі
раз сабыр етсе де, соңында Пайғамбарымызға (с.а.у.) барып
ажырасқысы келетіндігін айтты. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у)
да бірге тұра алмайтындықтарына көзі жетіп, Зәйдке ашып
айтпай: «Әйеліңді жаныңда ұста» - деді. Аллаһ Тағала ел-
шісіне Зәйдтің оны талақ ететіндігін және өзінің онымен
үйленетіндігін көңіліне салған еді. Расулұллаһ (с.а.у.) тек
өзінің кірісуімен болған бұл үйленуден апасының қызы
Зейнептің және жанұясының қадірсіз қалған мәртебесін
қалпына келтіру үшін олар ажырасқанда‚ өзінің Зейнепке
үйленуін орынды деп түйді. Сонымен бірге‚ Аллаһ Тағала
тәбәнни (бала асырап алу) әдетін мүлдем ортадан қалдырып,
асыранды баласының ажырасқан әйелімен әкенің үйленбеу
әдетін жоймақ еді. Әдеттер рухтардың тереңдіктеріне та-
мыр жайғандықтан оларды өзгерту оңай емес еді. Кейде жол
бастаушылардың істеуін керек ететін. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
Исламның теңдік принцибін көрсету үшін, тұқым қуалаған
тап айырмашылықтарын қабыл етпейтіндігін білдіру үшін,
баласы ретінде болған Зейдке апасының қызын алып берген
еді. (Өзі онымен үйленгісі келсе, мұны оңай-ақ істей алатын
еді және онсыз да апасының қызы болған Зейнептің жанұясы
бұл істен мәртебе табатын еді).
Иләһи хикмет Расулына (с.а.у.) жүктеген елшілік
жүктерінің арасында асыранды жүйесінің нәтижелерін
күшінен қалдыру және асыранды баласы Зейдтің ажырасқан
әйелімен үйлену ісімен оны сынаған еді. Әлгінде ғана
айтқанымыздай Аллаһ мұны оған аян еткен. Иман тұр-
ғысында ешбір нәрседен тартынбаған, батыл Расулұллаһ
(с.а.у.) мәселе өз жеке басымен байланысты болғандықтан бұл
істе іштей қауымына жаман көрінгісі келмей‚ мұны кешікті-
ріп жатқан еді.
36
Аллаһтың білдіруімен істің келмегендігі де‚
Одан (Аллаһтан) ашық әмір келмегендігі үшін қауымының
бұл іске тым қатты қарсы шығуынан шегініп тұрған еді.
36
С. Кутуб, «Фи Зилалил-Құран», Ахзаб сүресінің тәфсирі, 22 жүз, 27 - бет
208
“Хикмет”
баспа үйі
Әйтпесе‚ бұл істің кешіктірмекші емес еді. Ақыры Зәйд Зей-
непті талақ етті. Бірақ ол екеуі де өздерін күтіп тұрған соңғы
істерден мүлде хабарсыз еді. Зейнеп иддәтін бітіргеннен кейін
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) Аллаһтың әмірімен оған үйленді.
Бұл кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) 54 жаста‚ ал Зейнеп болса
36 жаста еді. Мінеки, мына сөгіс аят кәримәлары осы оқиғаға
қатысты түскен:
«Аллаһ та жақсылыққа кенелткен, сен де игілікке ке-
нелткен адамға: «Әйеліңді қоя берме, Аллаһтан қорық»
дедің. Аллаһ аян етпек болған істі сен көңіл түкпіріне бүктің.
Ел-жұрттан (кекеп, мұқай ма деп) қорықтың. Әсілі Аллаһтан
қорқуға тиісті едің. Мүминдер асырап алған балалары
әйелдерімен бітіскен (ажыраған) кезде олардың әйелдерін өз
некесіне алудан қиналмауы үшін біз Зәйд (яғни Пайғамбардың
(с.а.у.) асыранды баласы) әйелін шығарған соң оны (Зей-
непті) сенің некеңе бұйырдық. Аллаһтың (сенің Зейнепті
алуың туралы) әмірі, сөз жоқ, орындалады. Пайғамбарларға
Аллаһ бұйырған істе күнә болмайды. Бұрынғы өткендерге де
Аллаһтың тұтқан жолы осы еді. Аллаһтың әмірі - өзгермес
үкім. Олар (пайғамбарлар) Аллаһтың әмір-пәрмендерін жет-
кізеді. Аллаһтан қорқады. Одан басқа ешкімнен қорықпайды.
Есеп алуға Аллаһтың күші қаптал жетеді»
(Ахзаб, 37-39)
.
Хазіреті Айша (р.а.) бұл мәселе туралы: «Егер Расулұллаһ
(с.а.у.) өзіне уахи етілген Аллаһтың кітабынан бір нәрсе
жасырған болса, мына: «Аллаһ аян етпек болған істі сен көңіл
түкпіріңе бүктің. Ел- жұрттан қорықтың. Әсілі Аллаһтан
қорқуға тиісті едің» - деген бөлікті жасыратын еді» - деген.
37
Қорытынды ретінде мына бір оқиғаны мысал етейік. Ха-
зіреті Пайғамбар (с.а.у) Құрайш қауымының атақтыларының
кейбіреулеріне дінді түсіндіріп жатқан еді. Оның бұл ісінен
хабары жоқ соқыр Абдұллаһ Ибн Үмми Мәктум есімді мұсыл-
37
Табари, Тәфсир, ХХІІ, 11.
209
“Хикмет”
баспа үйі
ман оның қасына барып: “Аллаһтың саған үйреткендерінен
маған да үйрет, уа Расулаллаһ!” - деді және ол сөздерін бір-
неше рет қайталады. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.у) Уәлид
немесе Үмяйя Ибн Хамд секілді қоғамға ықпалы күшті
басшылардың бірін көндіруге тырысып жатқан еді. Бұл адам-
дар өздерінің жанында кедейлер болып, олардың сөзге арала-
суларын жақтырмайтын еді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) осы
қысылтаяң жағдайда оның осылай айтып, өз сөзін бөлуінен
қысылып, қабағын түйіп‚ басқа жаққа бұрылды. Осыған орай
мына сүре түсті (Бұдан кейін осы кісі қасына әр келген сайын
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Ей, сен арқылы Раббым мені
сөккен кісі! Қош келдің!» - деп және шапанын оның астына
жаятын):
«Жанына соқыр келіп еді,
қабағын шытып, теріс айналды
Сен қайдан білесің (сенен алған тәліммен), бәлкім ол та-
зарып
‚ пәк адам болып шығар
Немесе насихатты естіп, оған тәрбие қонар
Ал
‚ енді ісі түспейтіндей сердең біреулер келсе
Оларға икемделесің.
Ол тазарып ағармаса саған не түспек?
Ал Аллаһтан қорқып, саған жүгіре басып келген адамға
нараусың»
(Абәсә, 1-10)
.
Бұл сөгіс аят кәримәларының тағы басқа бірнеше мысал-
дары бар.
Осы сөгіс тудырған барлық жағдайлар көз алдынан
өткізілсе‚ ол сөгістердің мына мәселелерден болғандығы
анықталады: Расулұллаһ (с.а.у) мұбах болған екі жорамал-
дың арасында қалғанда тыңдаушылардың һидайәтына,
210
“Хикмет”
баспа үйі
жақындарына мархаматқа және дұшпандарының көңілдерін
табуға ең ыңғайлысын, дөрекіліктен, қаттылықтан және дін-
ге күмән келтіруден алыс болғанын таңдайтын. Ашық әмір
болмағандығы үшін осы оймен қателескен бір мүжтәһид не-
месе абзал болғанын орындамаған адамның күйінде болады.
Яғни‚ кешірілген әрі сауапқа жеткен халде болады. Ескерту
алған оқиға адамзаттық ойларымен болған және нәтижеде ең
нақты үкімді Аллаһ жіберген әрі ол үкімге мойынсұнған.
38
Құран Кәрім болса иләһи хикмет таразысында‚ тіпті‚ нақты
болғанын білдірген. Негізінде ақылмен қарасақ бұл сөгістерге
себеп жоқ. Тек Рұбубийет (Әлемді тәртіпке салған Рабб)
билігінің ұбудийет (құлдық) мәртебесіндегіні үйрету және
тәрбиелеу сатыларында жоғарылатуы деген еді.
Қорыта айтқанда, Құранның тек уахи болғандығын
ортаға салады. Хазіреті Пайғамбар өз пікірінің нақты еме-
стігін білсе де‚ өзі туралы осы секілді ащы сөздер қолданып‚
осылай қатаң түрде сөгер ме еді? Керісінше‚ бұл мәселерде
үндемеумен өзінің кемшілігін жауып және төңірегінің өз
пікірлеріне деген құрмет әрі құлақ асуын сақтау қамына
түспейтін бе еді? Құран оның өзінен бастау алатын бір сөз бол-
са, аз дегенде осыларды жасырар еді.
39
***
Осының барлығынан білетініміз Құран - Әлемдердің Раб-
бы сипатымен Аллаһтың сөзі. Оның пәк билігінің мәңгілік
бұйрығы. Басында кейде құпия белгі болған өте маңызды
нұсқаулар журналы.
38
Бәдір соғысының тұтқындарымен болған жағдайдағы секілді бірне-
ше жерде Хз. Омар керемет даналық көрсеткен. Бұл даналық шешімдері
көбіне оның табиғи қаталдығынан болған. Дәл осы қаталдығы Худәйбия
оқиғасында оны Аллаһтан ұзақтата жаздаған болатын. Олай болса оның
асқан дәлдікпен төрелік етуі тек Аллаһ ж.ж. біле алатын ақиқаттарды бі-
луінен емес, кездейсоқтық деп білу дұрыстау болады. (Мұхаммед А. Дераз,
Ән-Нәбәуль-Азим, 19 - бет)
39
М. А. Дераз, «Ән-Нәбәул-Азим», Нәбә, 18 - бет.
211
“Хикмет”
баспа үйі
Болмыс жұмбағының сырын және иләһи қазыналарының
есігін ашқан кілт.
Бізге көрінген әлемдегі көрінбейтін әлемнің тілі
Ахіреттік әлемдердің қасиетті картасы
Рұбубийеттің ең үлкен көрінісімен аспаннан сарқырап‚
әзәлді мәңгілікке‚ жерді аршқа байлаған нұрлы шынжыр.
Аллаһтың берік жібі.
Исламиет рухани әлемінің ірге тасы. Жоспары. Геоме-
триясы.
Адамзаттың әрі пікір, әрі хикмет кітабы. Әрі мінез-
құлықтың әрі құлдық кітабы. Әрі үкімдері. Шариғат кітабы.
Әрі барлық рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын,
көп кітаптардың негізгі өзегін қамтыған бейне қасиетті бір
кітапхана.
Орасан әлем кітабының адамзат сөзіне мәңгілік аударма-
сы.
Қайнары - иләһи уахи. Мақсаты - адамзаттың дүние
және ахіреттік бақыты, іші таза һидайәтқа толы болған,
әдеміліктері таусылмаған, қайталануынан зерігілмеген,
уақыттың өтуімен ескірмей үнемі жаңа болған, ақылдарды
және жүректерді баураған шынайы жолбасшы‚ ақиқи ұстаз.
Өмір осы әлемнен сүзілген бір нәр, бір қайнар болғаны
секілді, Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)
материалдық және рухани өмірі де өмірден және әлемнің ру-
хынан сүзілген нәрдің нәрі. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у) ел-
шілігі әлемнің негізгі өзегі және нұры болғанындай, Құран
уахиы да бұл өмірлік шындықтарының куәлігі мен әлем
өмірінің рухы және әлем санасының ақылы.
Ия, ия, ия… Егер әлемнен Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у)
елшілігінің нұры шығып кетсе, әлем өлетін еді. Егер Құран
212
“Хикмет”
баспа үйі
кетсе, әлем ақылы ауысып, жер шары басын - ақылын
жоғалтып‚ бәлкім ақылсыздықтан басын бір планетаға соғып,
қияметті қопаратындай қорқынышты делсапдығымен өлетін
еді. Сөйтіп бұл сынақ әлемі де толығымен жоғалатын еді.
40
40
Б. Сайд Нұрси, «Сөздер», 115,140 - беттер.
213
Достарыңызбен бөлісу: |