ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ҚҰРАННЫҢ ИҒЖАЗЫ
Құран Кәрім Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи 
уәсәлләм) ең үлкен мұғжизасы. Аллаһ Тағаланың адамзатқа 
қияметке  дейін  жол  көрсетуші  ретінде  жіберген  соңғы 
нұсқауының  мұғжиз  (алдындағыларын  қайран  қалдырып‚ 
оларды  әлсірететін  дәрежеде)  болуын  қалаған.  Құранның 
адамзат  әлемінде  Хақтың  халыққа  дәлелі  болуын,  тәңірлік 
әлемнен келгендігіне қатысты белгілері болуын қалаған.
Адамды басқа жандылардан айыратын басты сипаттары – 
ақыл және баян. Құранның иғжазы да осы ақыл мен баянның 
аясында болған:
ن�َ�َ�ْ�ا ُ�َ���َ� َن� َ��ِ�ا َ�َ� َ� نآْ�ُ�ْ�ا َ���َ� ُ�َ� ْ����ا 
«Рахман Құранды үйретті. Інсанды жаратты. Оған баян-
ды үйретті» 
(Рахман, 1-4)
.
Құран Не үшін Мұғжиз?
Өйткені,  Құран  -  осынау  орасан  әлем  кітабының  әзәли 
аудармасы.  Әлемнің  жаратылыс  туралы  белгілерін  баян-
дайтын  түрлі  тілдердің  мәңгілік  аудармашысы.  Көрмес 
және  көрнеу  әлемнің  тәпсіршісі.  Аллаһтың  есімдерінің 
және  сипаттарының  жерде  және  көктегі  жасырын  рухани 
байлықтарының  ашушысы.  Құбылыс  жолдарының  астын-
да жасырын тұрған шындықтардың кілті. Көрнеу дүниедегі 
көрмес  әлемнің  тілі.  Осынау  көріністегі  әлем  пердесінің 
артынан  келген  мәңгілік  рахмандық  ілтипаттардың  және 
әзәли  сүбхандық  үндеулердің  қазынасы.  Исламият  рухани 
159

“Хикмет”
баспа үйі
әлемінің күні, негізі, жоспары. Ахірет әлемін киелі қаритасы. 
Аллаһтың  Зат,  сипат,  есім  және  істерінің  аудармашысы, 
ашықтаушысы  және  дәлелі.  Адамзат  әлемінің  тәрбиешісі. 
Адамзаттың  ең  алдыңғы  дәрежесі  болған  Исламияттің  суы, 
жарығы. Бүкіл адамзат баласының мойынсұнуы керек нағыз 
хикмет  пен  пікір.  Адамзатты  қуанышқа  жеткізетін  ақиқат 
жолды көрсетуші. Әрі адамзатқа бір шариғат кітабы. Әрі дұға, 
зікір және ғибадат кітабы. Әрі пікір мен хикмет кітабы. Әрі 
әмір  мен  дағуат  (баяндау)  кітабы.  Қорыта  айтқанда,  бүткіл 
адамзаттың әр түрлі рухани және ақыл-ой қажеттіліктеріне 
анықтама ретінде көп кітаптарды қамтыған қасиетті бір ұлы 
кітап.
1
Аллаһтың ұлы аршысынан (Арш ағзам), Оның ұлы есімі-
нен (Исми ағзам) және Оның әр есімінің ұлы мәртебеде көрініс 
тапқандығынан келгендігі үшін Құран – барлық әлемдердің 
Раббы сипатындағы Аллаһтың кәламы. Әрі бүкіл болмыстың 
құдайы атауымен Аллаһтың әмірі. Әрі бүкіл көктердің және 
жердің Жаратушысы атынан жасалған үндеу. Әрі Аллаһтың 
абсолютті  рұбибиеті  (раб)  жағымен  адамзатпен  тілдесуі.  Әрі 
пәк билеушілігі‚ патшалығы атынан бір мәңгілік құтпасы. Әрі 
әр нәрсені қамтыған кең рахметтің рахмани ілтипаттарының 
дәптері. Әрі ұлуһиеттің (тәңірліктің) айбындылығының ора-
сан  ұлылығына  нұсқауы  ретінде  бастарында  кейде  құпия 
болған бір хабарласулар жинағы... Сол себептен Кәламұллаһ 
атауы нақ лайықтылығымен Құранға берілген.
Иғжазүл  Құран  -  Құранның  ұқсасын  жасауда  адамдар-
ды  шарасыз‚  әлсіз  қылуы.  Жоғарыда  айтылған  ерекшелік-
терге  ие  болған  осындай  бір  кітаптың  ұқсасын  адамзаттың 
барлыққа келтіруі мүмкін бе? Жоқ! Міне сондықтан Құран он 
төрт ғасыр бойы былайша жекпе-жекке шыққан және шыға 
бермек: 
(Исра, 88)
,
1 
Б. Сайд Нұрси, «Сөздер» 382-383 беттер.
160

“Хикмет”
баспа үйі
ا�� ���� ا���� نأ ��� ّ���ا و ���ا ْ�َ�َ�َ� ْ�ِا ْ�ِ�َ� ْ�ُ� 
اً���� ���� ���� ن�� ��و ��ْ�ِ�ِ� ن���� � نآ���ا
Аяттың  түсінігі  мынадай:  «Құранға  жатпаған  және 
Құранның  нәрсесі  болмаған  адамдар  мен  жындардың  бүкіл 
әдемі  сөздері  жиылса  да  Құранның  ұқсасы  шықпайды. 
Өйткені, жын мен адам‚ тіптен‚ шайтандардың пікірлерінің 
нәтижесі  мен  қайраттарының  бірлесуінен  болған  барлық 
мәдениет атаулы Құранның үкімдеріне және хикметтерімен 
салыстырғанда мүлдем әлсіз».
2
Уахиға  алғаш  тыңдаушы  болған  арабтар  Хазіреті 
Пайғамбардан  Оның  (с.а.у.)  елшілігінің  растығына  дәлел 
талап  етті.  Сонда  Аллаһ  Тағала  Оның  (с.а.у.)  елшілігіне  ең 
үлкен дәлел және мұғжизаның Құран екендігіне былайша на-
зар аудартты: «Олар: «Оған Раббыңнан қалайша мұғжизалар 
түсірілмейді?»  дейді.  (Сен:)  «Мұғжизалар  –  тек  қана  Аллаһ 
алдында. Мен тек әшкере ескертуші ғанамын» деп айт. Оларға 
әрдайым оқылып тұрған кітапты саған түсіруіміздің өзі жет-
кілікті  емес  пе  (мұнан  артық  нендей  мұғжиза  болмақ)?» 
(Анкәбут,  50-51)
.  Міне  бұдан  байқағанымыздай‚  Аллаһ  Тағала 
уақытша бір заманда, белгілі бір жерде, санаулы кісілер та-
рапынан көрінген және жол көрсету жөнінен де (дәлел) одан 
артта  қалатын  мұғжизаларды  берудің  орнына  үнемі  және 
мәселеге  күшті  нұсқауы  бар  алдыңғы  да  жоғары  деңгейге 
үндеген* керемет бір мұғжизаны (Құранды) көздерінің алды-
на жайды.
2 
Сол туынды 432 бет.
* Мұғжиза деген кезде адамдардың ойына алғаш келетін таңғажайып істер. 
Мұндай мұғжизалар да пайғамбарлардың Тәңір қолдауымен жүргендерінің 
дәлелі болады. Бірақ пайғамбарлардың айтқандарына бұл мұғжиза істердің 
тікелей қатысы болмауы мүмкін. Алайда Құран мұғжизасы һидаятпен және 
пайғамбар с.а.у. уағыздаған ақиқатпен тікелей байланысты.
161

“Хикмет”
баспа үйі
Құран  өзі  түскен  ортаның  тым  дамыған  мамандығы  са-
налатын  шешендікке  байланысты  мұғжиза  етілген.  Бұл 
жағдайын  бекіту  үшін  ең  алдымен  Құран  жазушылар  мен 
ақындарға өзіне ұқсас бір сөз табуларың туралы жекпе-жек-
ке шақырды:
«Егер  олардың  айтқаны  дұрыс  болса,*  (қисыны, 
көркемдігі, баяндалуы) Құран сияқты бір сөз келтіріп көрсін» 
(Тұр, 34)
‚ - деді де‚ оларға ұзақ мерзім берді. Бірақ олар жасай 
алмады.  Кейін  негізсіз,  ойдан  шығарған  нәрселер  болса  да 
әсері  мен  шешендігі  жағынан  он  сүренің  ұқсасын  жасаула-
рын білдірді:
«Олар Құранды (Мұхаммедтің) өзі жасаған дей ме? Оларға 
айт:  “Айтқандарың  шын  болса,  Аллаһтан  бөлек  көмекке 
шақыра  алатындарыңды  шақырып,  сол  сияқты  он  сүре  жа-
сап көріңдерші!» 
(Һуд, 13)
 делінді. Олар оны да жасай алмады. 
Содан тағы бір сүре жасауларын қалады:
«Немесе олар: “Құранды Мұхаммет өзі ойдан шығарған” 
дей ме? (Ей, Мұхаммед! Оларға:) “Егер шыншыл болсаңдар, 
Аллаһтан басқа шақыра алатын кісілеріңді шақырып, осын-
дай  бір  сүре  шығарып  көріңдерші?  -  де»
  (Юнус,  38)
  -  делінді. 
Мұны  кейіннен  Бақара  сүресінің  23  -  аят  кәримасында  да 
қайталады. Одан кейін де олардың әлсіздіктерін Аллаһ Тағала 
былайша жария етті:
«(Ей, Мұхаммед!) “Егер адамдар, жындар осы Құранның 
бір  ұқсасын  шығармақ  болып  жиналса,  тіпті‚  біріне  бірі 
көмектессе де, оны жарыққа шығара алмайды» 
(Исра, 88)
.
Бұл  жекпе-жекке  шақыруда  ұқсасын  келтіріп‚  бәсекеге 
түсулері үшін маңызды себептер бар еді: Арабтардың ең көп 
көңіл бөлген мәселесі - қызыл тіл еді. Қоғамдық өмірлерінде 

Суюти, Итқан, ІІ 117 - бет.
* Яғни, «мүшріктер Құранның Аллаһ сөзі емес екендігіне сенімді болса..»
162

“Хикмет”
баспа үйі
ең  маңызды  орынды  бай,  қолбасшы,  діншіл  немесе  өнерпаз 
емес, ақын алатын. «Білетін адам»‚ данышпан ақын еді. Бір 
ақынның өлең жолдарымен қауымдар соғысты бастай алатын 
да‚ соғысқа қызып кеткендер тағы да сол ақынның өлеңінің 
әсерінде  қалып  бейбітшілік  орната  алатын.  Мысалы:  Тара-
фа’ның  бір-екі  жолы  асқақтанған  бір  қауымды  ұятты  әрі 
кінәлі күйге түсірген. Қоғамның ойы деген қаруы ақындардың 
қолында  болатын.  Жәрмеңкелерінде  басқа  заттар  секілді 
шешендік  пен  өлеңнің  де  құны  көрсетілетін.  Шешендік  пен 
әдебиет  мәжілістері  құрылып,  атақты  әдебиет  сыншылары-
нан  төрешілер,  сарапшылар  құрылып,  нұсқалардың  бағасы 
мен құны белгіленетін. Шешендікте жарысу бір әдет еді. Не-
гізінде‚  Құран  жекпе-жекке  шақырмаса  да  жарысуға  себеп 
бар еді.
Кейбіреулері тек істі кешіктіру немесе сол сәтте «жағдай-
ды  құтқару»  үшін  абстрактылы  пікір  ретінде  «Қаласақ 
мұндай  сөздерді  біз  де  айта  аламыз»
  (Әнфал,  31) 
деп,  «бізде  де 
бар» деп таласқан бала құсап, пікірлерін дәлелдеу үшін іске 
кіріскен еді.
Бұл жаңа дауыстың үнін өшіру, кеңістікке жаңғырықсыз 
қалдыру, қасиетін түсіру тілектері үшін болса да жарысула-
ры керек болатын. Өте жалынды сөздерді - қатты қиналған, 
жаны жанған, өш пен сүйініш секілді сезімнің күшті әсерінде 
болған кісілердің тілге келтіретіндігі баршамызға мәлім. Мі-
неки,  мүшриктердің  осы  өшпенділіктері  өзі  оларды  қатты 
қарсыласуға итермелеуі керек еді.
Бұл жерде мынаны ерекше ескерту маңызды: Құранның 
жекпе-жекке  шақыруы  бірдей  сөздермен,  бірдей  тәсілмен 
оның  мәтініндегі  шешендіктің  ұқсасын  келтіру  емес.  Басқа 
сөздерде  де  ондай  ұйқасын  келтіру  мүмкін  емес.  Өйткені, 
баяндау  тәсілі  -  сөйлеушінің  сипаты,  айнасы  іспеттес.  Әр 
кімнің өзіне тән сөйлеу тәсілі бар. Өзінің сөзін басқасыныкіне 
163

“Хикмет”
баспа үйі
ұқсата алғандар өте сирек шығады. Олар да ол сөздің тәсілін 
толық  меңгергендер  қасында  еліктеушіліктен  аса  алмай-
ды.  Адамдардың  Құранның  ұқсасын  келтіруде  дәрменсіз 
қалуларындағы мақсат мынау: сөз сөйлеу тәсілі мен баяндау 
ерекшелігі  қалай  болса  да  шешендік  пен  баяндау  жағынан 
ақиқатты  әсерлі  түрде  жеткізу  тұрғысынан  Құранның 
деңгейінде  бір  сөз  келтірулері  еді.  Бәрібір  жазушылар  мен 
ақындар  арасындағы  салыстыру  да  осы  жөнінде  мағынамен 
жасалған және жасалуда.
ИҒЖАЗ ТҮРЛЕРІ
Құран ілім, үкім және баян жағынан күллі мақлұқаттың 
шама-шарқы  жетпейтін  бірнеше  көркем  қасиеттерге  ие 
болғандығынан  иғжаз  дәрежесінде  болуы  зәрулік  қасиеті 
болған  және  кесімді  мәліметпен  белгіленген  иғжаздың 
түрлерін белгілеу мәселесінде ғалымдар қайран қалған.
4
 Бұл 
тақырыпта  пікір  айтқан  ғалымдардан  кейбірі  Құранның 
иғжазын белгілі мәселелерге шектеп қойған. Бірақ‚ көптеген 
ғалымдардың  айтқандарындай  иғжаз  түрлерін  шектемеген 
дұрыс еді. Біз бұл түрлерге төменде тоқталамыз:
1) Шешендік пен тәсілі.
2) Мазмұнының байлығы (жамийеті).
3) Қамтыған негіздердің адамзатқа жеткіліктілігі.
4) Ғайб хабарларын беруі.
5) Әрқашан жаңа болып, болашақтағы ашылулардан ха-
бар беруі.
6) Құран уахиының Пайғамбарымыздың (с.а.у) қалауына 
сай болмауы.
4 
М. Абдуһ-М. Р. Рыда, «Тәфсирул-Мәнар» І, 198 - бет.
164

“Хикмет”
баспа үйі
1) ШЕШЕНДІК ПЕН ТӘСІЛІ
Құран  Кәримнің  мұғжизалығы  түрлі  бағыттарда  болу-
мен  қатар‚  иғжазының  ең  жоғарғы  түрі  мәтініндегі  шешен-
діктен  туған  тілдік  иғжазында  еді.  Құранның  бұл  иғжазы 
адамзаттың күш-қуатының үстінде. Мұның іске асырылуын 
мына үш жолмен түсіне аламыз:
Бірінші  жол:  Әлгінде  ұсынғанымыздай,  Құран  түскен 
қоғамның ортасында ең көп сұраныста болған нәрсе шешен-
дік еді. Өйткені‚ арабтар сауатсыз болғандықтарынан тарих-
тарын,  мәдениеттерін,  барлық  қадір  тұтқан  нәрселерін  жа-
зумен  тіркеудің  орнына  өлең  және  шешендіктің  арқасында 
сақтап  отыратын.  Ибн  Аббас  (радиаллаһу  анһу)  бұл  жайлы: 
«Өлең - арабтардың құрылтайы (мемлекеттік тіркеу мекеме-
сі)» - деген. Бұл олардың тума қажеттері себебімен болған тіл-
дік жаратылыстары еді.
Арабтар  тек  қана  өздерінің  мақсаттарын  жеткізе 
алғандықтарын  түсінеді.  Ал‚  басқа  ұлттарды  сөз  түсіндіре 
алмайтын адамдар (ажәм) санайтынтұғын. (Араб тілінде араб 
сөзі: сөзі және тілі ашық, анық; ал ажәм сөзі болса; тілі тұтық‚ 
көркем болған кісіге немесе ашық сөзді емес дегенді білдіреді. 
Иғраб болса: Айтқан араб болмаса да «мақсатын дұрыс жет-
кізген» деген мағына береді. Сөздіктерден: әл-Уаситқа тиісті 
сөздерге қараңыз).
Ұлы  Раббымыздың  хикметі  -  елшілеріне  берген  мұғ-
жизалардың  олардың  қоғамдарының  ең  алда  кеткен 
мәселелерінде  іске  асуын  қалаған.  Осылайша  олардың 
көңілдерін аудару және адамзат күшінің шегінің қай жерде 
бітіп,  иләһи  құдіреттің  көрінуінің  қай  жерде  басталғанын 
өте  жақсы  түсінуді  қалаған  болуы  мүмкін.  Өйткені,  өзгеше 
бір  өнер  туындысын  лайықтылығымен  қабылдау  тек  істің 
маманына  тән.  Осы  хикметке  қоса  сиқыршылығы  дамыған 
Мысырға  жіберілген  Хазіреті  Муса  (а.с.)  мен  медецинада 
алға шыққан ортаға жіберілген Хазіреті Исаға (а.с.) берілген 
165

“Хикмет”
баспа үйі
мұғжизалардың  маңыздысы  –  сол  түрлерден  болған.  Соңғы 
Пайғамбардың  (с.а.у.)  алғашқы  тыңдаушылары  да  шешен-
дікте  тым  дамығандықтан  оның  басты  мұғжизасы  баян  ая-
сында болған.
Мінеки‚  мамандықтарының  аясына  кіргендігі  үшін  жа-
рысу  сезіміне  толы  «Құранға  ұқсасын  келтіру»  ісінде,  әрі 
Құран абыройына тиіссе де көкіректі болғандарымен ұқсасын 
келтіре  алмағандықтарынан  Құранның  иғжазы  күн  сияқты 
жарқырап шыққан.
Екінші  жол:  Сөздердің  қадірін  білуде  шебер  мамандық 
иесі  дос  және  дұшпан  ретінде  аятқа-аят,  сөзбе-сөз  Құранды 
тексергеннен  кейін  ондағы  қасиеттердің  адамның  сөзінде 
болмайтындығын мойындаған.
Үшінші  жол:  Уахидың  алғашқы  тыңдаушылары  болған 
арабтар  Хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.)  идеясын  сөзбен 
қайтаруға  көп  қажеттіліктері  бар  еді.  Құран  оларға:  «Иман 
етпесеңдер  лағынетсіңдер,  жәһәннамға  кіресіңдер.  Сен-
дер  жасайтын  мына  үш  нәрсенің  бірі:  Не  иман  етесіңдер, 
не  соғысасыңдар  немесе  жандарың  мен  малдарың  қатерде, 
соғысқа дайын болыңдар!» - дегендей еді.
5
Исламға  кіргеннен  кейін  дүниені  басқарған  ол  ақылды 
адамдар  ең  оңайы  және  ең  күштісі  болған  қаламмен  жау-
ап  беру  жолын  таңдап,  ақындары  бірнеше  сөзбен  қарсылық 
берсе  Құран  өз  дауынан  бас  тартатын  еді.  Өздері  де  заттық 
және  рухани  қауіптен  құтылатын  еді.  Алайда‚  шайқас  се-
кілді  қорқынышты  және  ұзақ  жолды  таңдады.  Демек, 
қаламмен  жауап  беру  мүмкін  болмағандықтан  қылышпен 
шайқасқа кірісті.
Құранның  ұқсасын  жасау  үшін  дұшпандардың  әуесі 
болғаны  секілді  еліктеу  үшін  достарының  да  талпыны-
5 
Б. Сайд Нұрси, «Сөздер», 384-385 беттер; Ишарат, 106-107 беттер.
166

“Хикмет”
баспа үйі
сы  бар  еді.  Бұл  екі  талпыныспен  немесе  басқа  себептермен 
жазылған  жүзмыңдаған  арабша  кітаптар  бар.  Олардың  еш-
бірі  Құранға  ұқсамайды.  Ғалым  секілді  қарапайым  біреу 
де  ұқсамағандығын  дереу  түсінеді.  Олай  болса‚  Құран  не 
бәрінен де төменгі деңгейде. Бұл тіпті‚ оның дұшпандарының 
барлығы  мойындағанындай  мүмкін  емес.  Немесе  бәрінен  де 
жоғарыда.
Бұған мысал алдыңғы бөлімде Құран тәсілінің басты ерек-
шеліктерін  ұсынуға  тырысқан  едік.  Сонда  ешқандай  сөздің 
онымен  бір  арадан‚  бір  деңгейден  табылмайтын  оның  ерек-
ше жоғары қасиеттерінен айтқанбыз. Ол жоғары қасиеттерді 
бір араға жинау былай тұрсын‚ олардың ешбірінің де Құран 
ауқымымен  ауқымдаса  алмайтындығын  түсінген  болатын-
быз. Бұл да оның (Құран) бұ дүниеден болмағандығынан еді.
Құраннан  мұғжиз  болған  бөлім  қысқа  да  болса  бір  сүре. 
Құран алғаш жекпе-жекке шақырғанда өзі секілді бір сөз ай-
туларын 
(Тур, 33-34)
 немесе шығарылған хикаялардан құралса 
да  он  сүре 
(Һуд,  13-14)
  кетірулерін,  еш  болмағанда  бір  сүре 
келтірулерін 
(Юнус,  38;  Бақара,  23)
  қаласа  да,  әр  мәртесінде  де 
алдындағыларының  әлсіздіктері  арқасында  да  айғарылып 
ашық тұрды. Мұнан түсінікті болғаны мұғжиз болғанның ең 
аз мөлшері бір сүре. Әйтпесе‚ Мұғтәзиләның айтқанындай не 
Құранның барлығы; не болмаса кейбіреулердің айтқанындай 
сүреден  аз  болса  да  «Құран»  дей  алатын  мөлшер  мұғжиз 
емес.
2) МАЗМҰНЫНЫҢ БАЙЛЫҒЫ (ЖӘМИЙЕТІ)
Иғжаз  ауқымды  түрде  көрініс  тапқан  бір  саты  да, 
Құранның  теңіне  кездестірмейтін  жәмийеті.  Бұл  сөзіндегі‚ 
мағынасындағы, 
іліміндегі, 
тақырыптарындағы 
және 
тәсілдеріндегі жәмийет болып бес бөлімге бөлінді.
167

“Хикмет”
баспа үйі
а) Сөзіндегі жәмийеті:
Құранның сөздері ерекше бір тәсілмен орналасқаны сон-
ша‚  әр  сөзінің‚  әр  сөйлемінің‚  әр  әрпінің‚  тіпті‚  кейде  бір 
сүкунның  түрлі  тұстары  болады  да‚  әр  тыңдаушысына  өзге 
терезелерден үлесін береді. Мысалы:
��َ� ٍّ�َ�َ� ْ�ُ�ِ� ى� ْ�َ� ُ�ْ� ���ا و
 
(Йәсин,  38)
*  сөйлеміндегі  (
ل

әрпі араб тілінде иеленуді, қатынасуды білдіретініндей, кей-
де  (
�َ�ِا
)  (ә,  а  күйі  жөнелу  жағдайы)‚  кейде  (
�ِ�
)  (де,  да  күйі, 
табылу жағдайы) мағыналарында қолданыла алады. Өйткені, 
мүстәқарр,  әрі  мекен‚  әрі  уақыттың  аты  ретінде  орналасқан 
жері немесе орналасқан уақыты мағыналарының біріне келеді.
Халық аят кәримәдағы 
ٍّ�َ�َ� ْ�ُ�ِ�
 сөзін, (
ٍّ�َ�َ� ْ�ُ� �َ�ِا
) (өзі орна-
ласатын  жеріне)  мағынасында  түсініп,  күннің  күндердің  бі-
рінде саяхатын аяқтап‚ өз жеріне жетеді деп түсінеді. Аллаһ 
Тағаланың  күнмен  байланысты  қылған  үлкен  нығметтерін 
ойлап‚ Оған шүкіршілік етіп, ұлықтайды.
Бір ғалым болса (
�َ�ِا
) мағынасында түсініп, бірақ‚ күнді 
жалғыз бір шам емес, бұдан басқа көктем және жаз тоқыма 
станогында  тоқылған  Раббыға  тән  тоқыманың  бір  шөлгірі, 
күндіз  бен  түн  парақтарында  жазылған  құдайы  хаттардың 
сиясы және нұрдан сия сауытын көз алдына келтіріп, күннің 
көрінген  қозғалысының  әлемдегі  жүйенің‚  тәртіптің  белгісі 
болып‚ ол жүйені нұсқағандығын ойлап ұлы Жаратушының 
өнерінің  алдында:  «Не  деген  әдемі  және  нәзік  жүйе! 
Машааллаһ!» - деп сәждеге барады.
Астрономия маманына (
�ِ�
) мағынасында мынадай шабыт 
береді: Күн өз орталығында және соның айналасында серіппе 
секілді қозғалатын жүйесін Аллаһтың әмірімен қозғалтады. 
Ол  да  осылайша  үлкен  бір  сағатты  жасап‚  басқарған  Жа-
*
 Күн де өз тұрағына қарай жүзіп барады.
168

“Хикмет”
баспа үйі
ратушы  Аллаһтың  бұл  орасан  істерінің  алдында  «Ұлылық 
Аллаһқа тән!» деп пәлсәпәні лақтырып, Құранның хикметіне 
үңіле бастайды.
Шешендік пен ақындық жаратылысы бар біреуге бұл аят 
кәримә мынаны сілтейді: «Күн – жарқыраған бір ағаш. Пла-
неталары  -  қозғалушы  жемістері.  Бірақ‚  жемістері  түспесін 
деп өзі де қозғалатын бір ағаш». Яки күн - шаттанып зікір са-
лушы имам. Зікір алқасының ортасында шаттанып зікір ете-
ді және зікір еттіреді.
Бұл жерде: «Құранның барлық осы мағыналарды мақсат 
еткенін  және  оларға  нұсқағандығын  қайдан  біле  аламыз?» 
–  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Оған  жауап  мынадай:  Құран  - 
қияметке  дейін  әр  түрлі  қатар  халінде  арт-артына  тізілген 
адамзат саптарына үндеген иләһи бір жол көрсетуші. Әлбетте 
түрлі  түсінік  деңгейлеріне  қарай  көптеген  мағыналарды 
қамтиды‚  әрі  сол  мағыналарды  мақсат  тұтады.  Тәфсир‚ 
ұсулүддин  және  ұсулүл-фиқх  ғалымдарының  бір  ауыздан 
келісіу  және  келіспеушіліктері  дәлелденгендей  арабшаға 
және  діннің  негіздеріне  сай  болу  шартымен  шешендік-
те  мақұлданған  барлық  жақтар  мен  мағыналар  Құранның 
мағыналарынан болады. Ол мағыналарға дәрежелеріне қарай 
Құран бірнеше белгі қойған. Мағынамен байланысты болған 
белгі не келесі сөз‚ не алдыңғы сөзден шығады. Немесе басқа 
бір  аятта  сол  мағынаға  нұсқаған  белгі  болады.  Біз  білетін 
мыңдаған томдық тәпсірлердің мазмұндары осы жәмийеттің 
дәлелдері еді.
ә) Мағынасындағы жәмийет:
Құран  аят  кәримелері  жақсы  мінез-құлықтың  әр  түрін, 
әлемдегі  жоғарғы  хикметтің  басты  қадірлі  заңдарын, 
адамзаттың  әрі  жекелік  әрі  қоғамдық  өмірінің  пайдалы 
басты  принциптерін  иләһи  мәліметтердің  каталогтарын, 
шешендіктің  әр  түрлі  тәсілін,  табиғи  ілімдердің  түйіндерін 
169

“Хикмет”
баспа үйі
және  негізгі  принциптерін,  ішкі  жан  дүние  мен  рухани 
өмірдің әр түрлі дәрежелерін қамтыған және осыншалықты 
түрлі‚ бір-бірінен кереғар мәселелерді қолға алумен кез-кел-
ген бір шатасушылыққа, тұрақсыздыққа жол бермеуі – ора-
сан зор иғжаз жүесінің жұмысы болуы мүмкін.
Ия,  адам  және  адамның  міндеті,  әлем  және  әлемді 
Жаратқанның,  көктердің  және  жердің,  дүние  мен 
ахіреттің,  өткен  мен  келешектің,  басы  да  жоқ‚  аяғы  да 
жоқ  жалпы  мәселерін  қамтумен  бірге,  жеу,  жату,  сөйлесу 
әдебінен,  адамның  қабірге  кіруінен,  ол  жерде  кездестіретін 
жағдайлардан,  жәннәт  пен  жәһәннамның  тұрғындарынан, 
жаратылыстың  басталуындағы  көктердің  тұман  болуы-
нан,  әр  жандының  судан  жаратылуынан,  дүниенің  сынақ 
үшін  ашылып-жабылуынан,  әлемнің  денелерінің  шексіз 
кеңістікке  таралып  қияметтің  қопарылуына  дейін  адамзат 
тарихында да болса; Хазіреті Адамның денесінің жаратылып‚ 
періштелердің  оған  сәжде  етуінен,  екі  ұлының  ұрысынан, 
Нұх  топанынан,  Перғауынның  суға  тұншығуына  дейін, 
көктердің  және  жердің  біртұтас  (ретк)  күйінде  болғаннан 
кейін  айырылуынан,  әлемнің  кеңейтілуіне  және  олардың 
қияметте Құдайдың құдіретімен түрілуіне дейін, әр адамның 
саусақ ұштарындағы өзгешеліктен, өлгеннен кейін қайтадан 
сол түрде жаратылуына дейін… нелер туралы айтылуда.
6
Өйткені‚ Құран исми ағзамның (Аллаһтың ең ұлы есімі) 
және  Оның  әр  есімнің  ұлы  мәртебедегі  көрінісінен  келуде 
және барлық болмысты қамтығанының өзімен әлемге сыйма-
уда. Мұны бір дәрежедей түсіну үшін ең бірінші ойға келетін 
мына аят кәримәлардағы түрлілікке қараңыз:
«Бір Аллаһтан басқа Құдай жоқ‚ ОЛ мәңгі тірі әрі күллі 
болмыстың  меңгерушісі.  Ол  қалғымайды,  ұйықтамайды; 
көк пен жердегінің баршасы Аллаһқа тән. Оның құзырында 
6
 Б. Сайд Нұрси, «Сөздер», 141 - бет.
170

“Хикмет”
баспа үйі
кім  Оның  рұхсатынсыз  біреуге  шапағат  қыла  алады? 
Аллаһ  олардың  алдындағы  (фәни  дүниедегі)  істерін  де, 
артындағы  (бақидағы)  істерінде  біліп  тұрады.  Олар  (Аллаһ 
қалағандардан тыс) Аллаһтың білімінен ешнәрсені аңғара ал-
майды.  Аллаһтың  күрсісі  (білімі‚  әкімшілігі)  көк  пен  жерді 
түгел қамтиды, көк пен жерді қорғау Оған ауыр келмейді, Ол 
бәрінен жоғары, бәрінен ұлы»
 (Бақара, 225)
.
«Шынында Раббыларың болған Аллаһ көк пен жерді алты 
күнде  жаратты,  онан  соң  аршқа  үкім  жүргізді.  Ол  түнмен 
(оның  қараңғылығымен)  күндізді  жапты,  түн  мен  күндізді 
бірін-бірі  қуалайтын  (алма-кезек  ауысатын)  етті.  Естеріңде 
болсын, жарату, әмір-жарлық түсіру Оған тән. Барша әлемнің 
Раббы Аллаһтың дәрежесі ерек жоғары» 
(Ағраф, 54)
.
«Ғайып қазынасының кілті Аллаһта. Оны Аллаһтың өзі 
ғана  біледі,  құрлықтағы,  теңіздегі  нәрселердің  барлығын 
(Аллаһ) біледі. Төгілген жапырақтың Аллаһ білмейтін бірде-
бірі жоқ. Қараңғы жер астына көміліп қалған бір тал дәнек 
болсын,  қураған  немесе  жас  өсімдік  болсын,  барлығы  да  кі-
тапта (ләухүл махфузда) жазулы» 
(Әнғам, 59)
.
«(Ей, Мұхаммед!) Былай деп айт: “Мүліктің иесі болған, 
ей‚  Аллаһ!  Қалаған  адамыңа  мүлік  бағыштайсың,  қалаған 
адамыңнан мүлікті аласың. Қалағаныңды әзиз‚ қалағаныңды 
қор  қыласың.  Барлық  жақсылықтың  кілті  өз  қолыңда.  Ра-
сында  барлық  нәрсеге  құдыретің  жетеді.  Түнді  күндізге, 
күндізді түнге кіріктіресің (сонымен күндіз бен түннің ұзын-
қысқалығы маусымдар бойынша кезектесіп тұрады), сондай-
ақ  өліден  тіріні,  тіріден  өліні  шығарасың,  қалаған  адамыңа 
есепсіз ризық бересің»
 (Әли Имран, 26-27)
.
«Дәндерді,  ұрықтарды  жарып  көктетуші  нағызында 
Аллаһ.  Өліден  тіріні  шығаратын,  тіріден  өліні  шығаратын 
да  Аллаһ.  Ендеше  қалайша  қыңырлыққа  басасыңдар? 
Қараңғыны  жарып,  таң  атқызушы  –  Аллаһ.  Ол  дамылдауға 
түнді,  уақыт  есептеуге  ай  мен  күнді  жаратты.  Міне  бұлар  – 
171

“Хикмет”
баспа үйі
бәрінен  үстем,  бәрін  білгіш  Аллаһтың  (өлшеулі)  орналасты-
руы»
 (Әнғам, 95-96)
.
«Сендерді  жаратып‚  (өлген  соң)  тірілту  тек  бір  адамды 
жаратып‚ қайтадан тірілтудей ғана. Аллаһ расында естіп те, 
көріп те тұрушы» 
(Лұқман, 28)
.
«Рас, біз аманатты (парыздарды, шариғатқа) көк пен жер-
ге, тауларға ұсындық. Олар оны үддесіне алудан бас тартты, 
одан қорықты. Оны адам баласы үддесіне алды – адам баласы 
тым залым және топас қой»
 (Ахзаб, 72)
.
«Олар  Аллаһты  нақ  мәнінде  тани  алмады.  Қиямет  күні 
жалпақ жер бүкілдей оның уысында болады, ал аспан әлемі 
оның оң қолында бүктетіледі. Аллаһ олардың (мүшриктердің) 
қосқан ортағынан пәк те жоғары»
 (Зүмәр, 67)
.
«Кезінде  Раббың  періштелерге:  “Мен  жер  жүзінде 
(Әмірлерімді орындап‚ Менің атымнан іс жүргізетін) бір ха-
лифа (адамзат) жаратамын” деген еді» 
(Бақара, 30)
.
«Онан соң аспанды жаратуға кірісті, ол бір тұман әлемінде 
еді.  Онан  аспан  мен  жерге:  “Ерікті,  еріксіз  түрде  келіңдер 
(әмірімді орындаңдар)!” деп пәрмен қылды. Ол екеуі: “Ерікті 
түрде келдік” деп үн қатты»
 (Фұссиләт, 11)
.
«Біз  расында  інсанды  жараттық,  оның  нәпсісінің  нені 
жыбырлағанына (тілейтініне) дейін білеміз. Біз оған күре та-
мырынан да жақынбыз»
 (Қаф, 16)
.
«“Адамзат  бізді  өздерінің  сүйектерін  жинай  алмайды” 
деп ойлай ма? Олай емес, оның (ең нәзік) саусақ сүйектерін де 
құрап қалпына келтіре аламыз» 
(Қиямет, 3-4)
.
«Ей‚  мү’миндер!  Өздеріңе  тіршілік  беретін  иманға 
шақырғанында,  Аллаһ  пен  пайғамбардың  тіліне  кіріңдер. 
Аллаһтың  адамның  өзі  мен  көңілінің  арасына  дейін  киліге 
алатынын біліңдер. Аллаһтың алдына жиналатындықтарың 
даусыз»
 (Әнфал, 24)
.
172

“Хикмет”
баспа үйі
«Олар ұлығаусар күнәлардан, жиренішті істерден аулақ, 
кіші-гірім кінәлары болса да. Расында Раббыңның кешірімі 
кең.  Ол  сендерді  жерден  жаратқаннан  және  шешелеріңнің 
құрсағында жылбысқа жететіндегі кездеріңнен бастап әбден 
біледі. Сондықтан өздеріңді пәк-кіршіксіз деп есептемеңдер. 
Ол тақуалық еткендерді де жақсы біледі» 
(Нәжім, 32)
.
«Көк  пен  жер  тұтасқан  бітеу  еді,  екеуін  бөліп  қойдық. 
Күллі жандыны судан жараттық, кәпірлер мұны көрмей ме? 
Сондай-ақ (Аллаһтың құдіретіне) сенбей ме?» 
(Әнбиә, 30)
.
Топаннан  кейін:  «“Ей‚  жер,  суыңды  жұт!  Ей‚  аспан, 
(жаңбырыңды)  сен  де  тоқтат!”  делінді  де,  су  тартылды,  іс 
орындалды» 
(Һуд, 44).
«Ей‚ мү’миндер! Қолдарыңдағы құлдарың мен күңдерің, 
балиғатқа  толмаған  балаларың  таң  намазының  алдында 
толмаған, түсте киімдеріңді шешкен (жататын) кезде, құптан 
намазынан кейін – осы үш уақытта жандарыңа рұқсат сұрап 
кірсін.  Бұл  сендердің  (тәндерің  ашылып  қалатын)  ұйятты 
мезгілдерің»
 (Нұр, 58)
.
«Ей, Мү’миндер! Бір қауым бір қауымды (бір топ енді бір 
топты, бір адам енді бір адамды) тәлкек қылмасын. Бәлкім‚ 
тәлкек  қылынғандар  олардың  өздерінен  жақсы  болуы 
мүмкін. Сондай-ақ‚ әйелдер де бірін бірі келемеж қылмасын. 
Бәлкім‚  келемежденгендер  келемеждеушіден  жақсы  болуы 
мүмкін.  Біріңе  бірің  мін  тақпаңдар,  біріңе  бірің  жаман  ат 
(лақап)  қоймаңдар.  Иманнан  кейін  жаман  ат  пен  шақыру 
– барыптұрған сұмпайылық. Кім (мұнысына) тәубе қылмаса, 
оның  залым  болғаны.  Ей,  мү’миндер!  Көп  күмәннан  аулақ 
болыңдар  (үй  іштеріңе  және  басқа  адамдарға  күмәнқор 
болмаңдар), күмәннің кейбірі расында күнә болады. Біріңді 
бірің аңдымаңдар, біріңді бірің ғайбаттамаңдар. Іштеріңнен 
біреулер  өлген  туысының  етін  жеуге  құштар  ма?  Әрине, 
мұны жек көресіңдер. Аллаһтан қорқыңдар. Аллаһ шынында 
тәубені қабылдаушы, өте мейірімді»
 (Хұжурат, 11-12)
.
173

“Хикмет”
баспа үйі
«Аллаһ  көздердің  қиянатын  және  көкіректердің  бүккен 
құпияларын біліп тұрады»
 (Мүмин, 19)
.
«Раббыларың  адам  балаларының  белінен  олардың 
нәсілдерін шығарды және оларды өздеріне куә қылып: “Мен 
сендердің Раббыларың емеспін бе?” дегенде, олар: “Әрине, біз 
(бұған) куәміз” деді. (Оларды мойындатуымыз) Қиямет күні: 
“Біз мұны ұқпаппыз” деп айтпауларың үшін» 
(Ағраф, 172)
.
«Күннің  нұры  өшкен  кезде.  Жұлдыздар  төгілген  кезде, 
Таулар құлаған кезде (…) Тозақ қыздырылған кезде. Жұмақ 
(имандыларға)  жақындатылған  кезде,  әркім  өзінің  істеген 
(жақсы-жаман) істерін біледі» 
(Тәкуир, 1-14)
.
«Ол  күні  талай  жүздер  нұрланады  да,  Раббысына  қарап 
тұрады. Ол күні талай жүздер томсарады. Олар өздерінің белі 
үзіліп, қинау көретініне көз жеткізеді» 
(Қиямет, 22-23)
.
Құран аспанының осы нүжумы*, көкте жүйесіз көрінген 
жұлдыздардың жағдайы секілді. Үстірт қараған белгісіз біреу 
оларды шашыраңқы деп ойлап қалады. Олардың арасындағы 
байланыстарды  білетін  астрономия  маманы  болса  қалайша 
еш  тоқтамайтын‚  не  шатаспайтын  бір  сағат  сияқты  жұмыс 
істеген бір жүйемен жүріп отырып әлемдегі сәйкестікті және 
теңдікті қамсыздандырғандарын біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет