Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Ғұмар Қараш саржасы.  Саржасының  кірісі,  Тартуға  келмей  үзілді  (ҚЖ,  21);  Саржа



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

Ғұмар Қараш
саржасы.  Саржасының  кірісі,  Тартуға  келмей  үзілді  (ҚЖ,  21); 
Саржа-лукь съ инкрустаціями изъ кости. Саржа – қару екендігін 
Ж. Досқараев қолдайды. Сарыжа – сүйек ойып әшекейлеген садақ, 
жақ (лук с костяными инкурстациями). Ильм., 156; Уб.КО; Ир.АО 
(Аман., 403); Саржа ататын қару емес, оны иініне қойылған сары 
сүйек – дейді
 [105, 16 б.]. 
Олай болса, ақын сарыжа сөзі арқылы 
қазақтың қаруының бір түрі садақты айтса керек.
Шындығында  да,  сарыжа  сөзі  ауыз  әдебиетінің  маржандары 
саналатын  тарихи  жырларда  жиі  кездеседі.  Соның  бірі  –  Орақ-
Мамай жырындағы («Нұртуған нұсқасы») қолданыс. Мәселен: 
Иулі тұрған сарыжа
Жауырыны қиғаштап, 
Тартатұғын ер керек, 
Қайраты асқан дүр керек
 [106, 28 б.]

Жалпы  алғанда,  Ғұмар  Қараш  шығармашылығында  тарихи 
сөздер,  сондай-ақ  араб,  парсы  тілдерінен  енген  кірме  сөздер  көп 
қолданылған.  Әрі  қарай  ақын  осы  «Замана  жайынан»  өлеңіндегі 
өткен  дәуір  келбетін  суреттей  отырып,  төмендегі  теңеулерді 
көркемдік нақышпен қолданады:
Шағаладай, шаңқан боз үйлер, 
Бетегелі бұйра, ну жерлер
Бәрі кетті қазақтан
 [2, 47 б.].
 
Осы  үзіндіде  ақын  «шағаладай»  деген  теңеуді  орынды 
қолданады,  өйткені  даланың  төсінде  жайыла  орналасқан  киіз 
үйлер,  шындығында  да,  ақ  шағалаларды  көзге  елестетеді. 
Үзіндідегі шаңқан сөзі «ақ», «аппақ» деген мағыналарды жамайды, 
сондықтан, әдеби тілде ол кейде түпмағынасымен қатар да айтыла 
береді. Мысалы; «Ақ шаңқан үйлер». 
Автордың толғаулар түзілімінің келесі бір тобы – адамгершілік 
категорияларға арнайы тоқталатын шығармалары. Мұнда да ақын 
теңеулерді емін-еркін және өмірдегі құбылыстарды бір-бірімен тура 
сәйкестендіріп барып қолданады. Мысалы, «Талап» атты өлеңінде 

259
4. Көркемдік пен ғибраттылық
ақын адам бойындағы игі қасиет – Талапты қасиетті жүйрік атқа 
былайша балайды: 
Қайтейін қылығыңды қайран талап, 
Жете алмай істерінің бәрін санап.
Шығынып құрық алып кетсе мұрат
Жүйріктей ат ұстайтын шықтың жанап
 [2, 59 б.].
 
Ақынның бұл теңеуді қолдануы жайдан-жай емес. «Қай кезде 
де қазақ үшін жүйрік ат – ер қанаты, оның жан серігі». Қасында 
сенімді аты болмаса, жігіт те өз мақсатына жете алмақ емес. Адам 
бойындағы  талап  та  осы  жүйрік  ат  сияқты  қызмет  атқарады, 
«адамды  ерттеп  мінгізіп,  мақсатына  қарай  құйғыта  жөнелмек» 
деген сияқты ой тізбегімен келіп жалғасқан ақынның шеберлігі тек 
сыртқы  пішінге  ғана  емес,  оның  мазмұнға  келіп  сәйкестенуімен 
үндесіп отырады. Сондықтан кез-келген ұлы мақсатқа жетелейтін 
талапты  жүйрік  атқа  балау  –  халқымыздың  ділі  мен  таным-
түсінігінде құпталатын жайт.
«Әдеп»  деп  аталған  этикалық  сарынды  өлеңінде  ақын 
әдепсіздіктің  түп-төркіні  надандықта  жатқандығын  айтады  және 
теңеуді  пайдалана  отырып,  оны  соқырлыққа  балайды:  Көзі  жоқ 
надан соқыр нені көрген?! 
Наданның исі шығып білінеді
Сәлемді жетіп келіп берген жерде
 [2, 29 б.].
 
Сондай-ақ  наданды  бір  сөзінен-ақ  аңғару  қиын  емес  деп 
троптың түрі – синекдоханы қолданады. Яғни ақын «салем» деген 
бір сөзден надан адамның тұтас болмысын тануға болады деген ой 
ұстынын жеткізеді.
Қазақилық басты этикалық ұғымдардың бірі болып саналатын 
–  «Ұят»  атты  өлеңінде  ақын  адам  бойындағы  ұятсыздық  деген 
кеселді зұлымдық атаулының ошағы ретінде қарастырады:
Анасы бар бұзықтың ұятсыздық
Жоқ мұндай бұ жиһанда құдай ұрған.

260
Ғұмар Қараш
Ұрлық, кісі өлтіру, мәтке басу – 
Ұятсыз деп біліңіз бәрін қылған
 [2, 30 б.]

Көріп, отырғанымыздай, Ғ. Қараш ұятсыздықты бар бұзықтың 
анасына  балайды,  осылайша,  оны  адам  бейнесіне  келтіру,  яғни 
кейіптеу арқылы ойын ұтымды жеткізген. Сондай-ақ ұяттан жұрдай 
болған адамды сипаттаған кезде «құдай ұрған» деген фразеологизмді 
де орынды қолданады. Яғни, «құдай ұрған», «құдайдың қарғысына 
ұшыраған» деген тіркестер – қазақ қоғамында оңалуына үміт жоқ, 
бойындағы адамшылық сәулесінің бәрі сөнген кезде қолданылатын 
ой оралымдары. 
1911 жылы Үпідегі «Шарқ» баспаханасынан шыққан «Тумыш» 
жинағында ақын қазақ түсінігіндегі Ағалық мәртебенің сол кездегі 
келбетіне  көңілі  толмайтын  толғауларын  ұтымды  теңеулермен 
былайша көркемдейді:
...Бастағы өз міндетін өтеп тұрған, 
Әйтпесе бұ күнде де аға бар ма?!
Сұңқардай қалықтаған ой жүгіртіп, 
Халқының жай-жапсарын шамалар ма?!
Қадалған жел бетінде ықтырмадай, 
Ығына келіп жұрты паналар ма?!
Қосаттап күн-түн қатып іздесе де, 
Біздің ел мұндай аға таба алар ма?!
Айрылып пана болған ағалардан
Күн қалған тұқым бұзар таналарға»
 [2, 61 б.]
.
Қазақтың  жазира  даласында  қалықтаған  сұңқар  құстың 
асқақтығын аңдай білген ақын, жақсы ел ағалары мен олардың іргелі 
ой-мақсаттарын осы құсқа теңейді. Ел ағасы халқын небір зұлматтан, 
қауіп-қатерден  қорғайтындай  болуы  тиіс  екендігін  толғай  келе, 
оларды келесі кезекте, желге, дауылға қарсы тұратын «ықтырмамен» 
теңестіріп  отыр.  Осы  жолдарда  ХХ  ғасыр  басындағы  тағы  бір 
зобалаң – халық қамын ойлаған зиялы, озық ойлы ер-азаматтарды 
қуғындау саясаты да көрініс береді. Халықтың зиялы қауымы мен ел 
үшін шын жаны ашитын ұлтжанды азаматтардың тарих сахнасынан 
еріксіз  жойылуына  күйінген  ақын  «қосаттап  күн-түн  қатып  іздесе 

261
4. Көркемдік пен ғибраттылық
де» оларды таба алмасың аян деген пікірлерін ұсына келе, олардың 
орнын басқандарды таналарға теңейді, «тұқым бұзар таналар ғана 
жүр» деп ұтымды метафора қолданады. Ақын елінің емес, өзінің ғана 
қамын ойлап жүрген «шолақ белсенділерді» тұқым бұзар таналарға 
балауы – бір күндік думанды, ойын-күлкіні ермек етіп жүргендерден 
келер  ұрпаққа  берілер  өнегенің  зардаптары  туралы  болып  келеді, 
жастар  да  ертеңгі  күні  сол  іс-әрекетті  қайталамақ.  Осыдан  келіп 
ұрпақ  пен  тұқымның  бұзылуы  туралы  түйіндер  пайымдалады. 
Яғни, ақынның өлеңдерінде қолданған кез-келген әдеби айшықтау 
құралдары  тек  қана  толғаудың  көркемдігін  арттыру  үшін  емес 
екендігін,  астарында  үлкен  мән  жатырғандығын  аңғара  аламыз. 
Ақынның теңеуі мен метафорасы да қолданылу мәнері жағынан әр 
қырлы болып келеді. Мысалы: «Әділ қазы бар еді, Алмасқа қылыш 
ұсаған. Батырлар, ерлер бар еді, Аш маралға ұқсаған» деген жолдар 
эпитеттің  жүрнақтар  арқылы  емес,  ұқсағандығын  арнайы  ашып 
көрсету негізінде пайымдалған
 [2, 75 б.]

Шындығында  да,  әділ  қазы  қара  қылды  қақ  жарар  «алмас 
қылыштай»  болуы  керектігі  белгілі  болса,  батырдың  сыртқы 
келбетін «аш маралға» теңеуі қазақ әдебиетінде сирек кездесетін 
ерекше  құбылыс.  Осы  орайда,  Зейнолла  Қабдоловтың:  «Егер 
жазушы  әр  сөздің  әр  сипаттағы  тура  һәм  туынды  мағыналарын 
жіті  айыра  танып,  әрқайсысын  тек  өз  орнында  ғана  ұтымды 
қолдана  алса,  сөзбен  жасалған  суреттегі  ой  мен  ұғым,  сыр  мен 
сезім дәлдігіне жетеді де осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялық 
күш дарытады» деген пікірі де сөз қуаты мен көркемдік мәнердің 
бірлігін паш етеді
 [107, 221 б.]

Қай  кезде  де  қазақ  қоғамында  елін,  жерін  жаудан  қорғаған, 
ел азаттығы үшін басын өлімге тіккен ерлердің, қоғамға пайдасы 
тиетін игі істер атқарған, озық ойлы және парасатты тұлғалардың 
қадір-қасиеті  аса  жоғары  бағаланған.  Ақын  Ғ.  Қараш  та  «Замана 
жайынан»  атты  өлеңінде  бұл  ахуалды  мынадай  теңеулермен 
өрнектейді:
Білім нұры жарқырап
Жарық күнге ұсаған, 
Шалқып шыққан лебізі

262
Ғұмар Қараш
Тасқын суға ұсаған, 
Сабырлы келген мінезі
Қара жерге ұсаған
Жүрегіндегі асылдық
Жердегі кенге ұсаған
Көн терілі көнімді 
Ер қадірін кім білер?
 [2, 75 б.].
 
Бұл  тұста,  «Шын  суреткердің  өзіне  деген  талғам-талабының 
әрбір жаңа шығарма тұсында түлеп, өзгеріп басқа қалыпта көрініп 
отыруы  творчество  табиғатына  етене,  искусствоның  заңды 
құбылысы.  Дүниені  алдымен  өз  зердесіне  тоқып  алып,  содан 
кейін барып бұрын қолданбаған тәсіл-амалдарды байқап көру, бір 
жағынан қызықты, үмітті болып көрінсе, екінші жағынан қауіпті де 
қатерлі», – деген тұжырымдар да Ғұмар Қараш шығармашылығы 
мен көркемдік шабытына сәйкестенетін нұсқалар деп айта аламыз
 
[108, 63 б.]

Байқағанымыздай, ақын өз туындыларында теңеулерді орынды 
пайдаланып,  өлеңдеріне  өзіндік  ажар  берген.  Ғ.Қараш  қолданған 
теңеулердің барлығы дерлік жоғарыда, айтып өткеніміздей, қазақ 
дүниетанымына етене таныс ұғымдардан құралған. 
Ауыстыру тәсілдерінің бірі – метафораны қолдануды осылай 
жетік  меңгерген  ақын  бір  затты  екінші  бір  затқа  ұқсата  білуде 
көркемдік  және  танымдық  ойлауды  шебер  үйлестірген  деп  айта 
аламыз. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, яки 
метафора  (грекше  metaphora  –  көшіру)  –  сөз  мәнін  өңдендіре 
өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, 
ажарландыра  түсу  үшін  оларды  өздеріне  ұқсас  өзге  затқа  не 
құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың 
мағынасын  үстеу,  мазмұнын  тереңдетіп,  әсерін  күшейту
  [103,  58 
б.]
 екендігін ескерсек, Ғұмар Қараш оны да әр кезде түрлендіріп 
пайдаланудың  шебері  болып  шыққандығына  көз  жеткізе  аламыз. 
Ақынның  «Тумыш»  өлеңінде  мынадай  метафоралар  түзілімі 
логикалық жүйемен құрылады:
Шын сопы ғылым иесі – о бір гауһар, 
Мысалы надан сопы – бір қара тас. 

263
4. Көркемдік пен ғибраттылық
Халық соры осы күні кесірлі су
Надан шейх, тентек сопы – екі жолдас.
Надан шейх діннің соры, күннің соры
Бір қашпа надан шейхтан, мың кері қаш.
Құран – шам, ақыл – басшы, ғылым – құрал
 [2, 63 б.]

Осы жолдарда ақын ақиқи дін ғылымның тереңінен нәр алған 
сопыны  «гауһар  тасқа»  баласа,  надан  сопыны  –  мелшиген  қара 
таспен  теңестіреді.  Өйткені  жан-жағына  нұрын  шашатын  гауһар 
тас ілім-ғылымның нұрын халқының жүрегіне де ұялатпақ деген ой 
ниеті үстемеленеді. Ал «қара тастың» халыққа еш пайда болмасы 
анық, керісінше, олар – халыққа «кесірлі судан» да бетер теріс әсер 
етуде деген ой иірімдерін де байқаймыз. Осы үзіндінің соңында ақын 
құранды  шамға  ұқсатады,  бұл  жердегі  шам  –  ұтымды-логикалық 
метафора. Өйткені құран халық санасындағы қараңғылық бұлтын 
сейілтіп,  «ненің  дұрыс,  ненің  бұрыстығын»  көрсететін  жарық 
«шамның» қызметін атқарады. Қолына шам ұстаған адам ақ жолдан 
адаспайтындығы белгілі. Демек, надандық пен білместік қараңғы 
түнге теңессе, одан жол табу үшін жарық шам керек. Сондықтан, 
надандық пен шамның шендестірілуі, түптеп келгенде, Құран мен 
шамды тура сәйкестендіретін метафорамен өрнектеледі. 
Өлең жолдарындағы әрі қарайғы толғау «ақыл – басшы» деген 
метафорамен сәнді жалғасын табады. Бұл тұстағы метафора: ақыл 
– ашуды жеңетін, сезімге берілуді шектейтін т.б. психологиялық-
психикалық басқарушы деген ой түйінімен жеткізілген. Ал «ғылым 
– құрал» деген метафораның мазмұны ғылымды адамды мұратына 
жеткізетін басты қару ретінде көрсетуден туындаған. Ойы сергек, 
көкірегі  ояу  ақын  өзі  өмір  сүріп  жатқан  дәуірдің  басты  қаруы  – 
ғылым  екендігін  ерте  аңдап,  соны  халқының  жүрегіне  жеткізуге 
тырысқандықтан, оны көркемдеп берудің сан қырлы тәсілдерін де 
еркін қолданған. 
Жалпы,  Ғ.  Қараштың  қай  өлеңін  алмайық,  мейлі,  оның 
азаматтық  позициясы,  азаматтық  үні  алыстан  байқалып  тұрады. 
«Поэзиядағы  азаматтық  әуен  де  ең  алдымен  ақынның  азаматтық 
тұлғасына байланысты. Әдебиеттің халық алдындағы биік мақсат-
мұратын  дұрыс  түсініп  бағалаған,  сөз  өнерінің  күнін  ардақтай 

264
Ғұмар Қараш
сыйлаған,  өмір  шындығын,  қат-қабат  құбылыстарын  оның  терең 
мазмұнына  үңіле  отырып  суреттей  алған  ақын  жыры  әрқашан 
қоғамдық,  азаматтық  мәселелерді  көтереді.  Ақынның  азаматтық 
тұлғасын  оның  шығармаларының  азаматтық  үні  ғана  таныта 
алады», – деп байыпталған тұжырым да [109, 159–160 бб.] Ғұмар 
Қараштың  шығармашылығы  мен  талантына,  толғауларының 
мазмұнына  тура  сәйкестенеді.  Сондықтан  ол  қоғамдағы  өткір 
әлеуметтік мәселелерді де толғана отырып, оны көркемдік тілмен 
еркін жеткізеді. Мысалы, «Тумыш» өлеңдер циклінде әйел адамның 
қоғамдағы  рөлін  сипаттай  келе,  жанұялық  үйлесімділіктің  озық 
үлгісін беру үшін мынадай метафоралар қолданады:
Білмеген қолындағы гауһар қадірін
О дағы бір айуан жөнге жүрмес.
Ері – қанат, әйел – құйрық, бірігісіп, 
Күнелту жөн дегенім – бұл бір кеңес
 [2, 69 б.]. 
Осы  тұста  да  ақын  гендерлік  теңдік  мәселесіне  орай,  әйел 
адамды гауһарға балайды. Әрі қарай ері отбасын мақсат-мұратына 
жеткізетін қанат десе, әйелді оған дем беретін құйрыққа ұқсатады. 
Осылайша, ақын әйел мен ер арасындағы қатынастың өзіндік бір 
үндестігін паш етеді. 
Келесі «Жаңа шыққан жастарға» өлеңінде ақын жастарға үлкен 
үміт артып, өзінің пафосқа толы келесі жолдарын арнайды:
Балапаннан бау тағып, 
Талпынып қолда өсірген
Сұңқарларым сендерсің.
Құлын күннен ардақтап, 
Сүттеп сұлы жем берген
Тұлпарларым сендерсің.
Қараңғыға жарық беріп
Жиһанға тегіс нұр шашқан
Толған айым сендерсің.
Ақынның негізгі үміті – жастар. Өйткені, заман аңысын аңдаған 
жастар ертеңгі күні елін өркендету жолында адал еңбек етсе екен 

265
4. Көркемдік пен ғибраттылық
деген  ниет  оларды  «мәпелеп  өсірген  сұңқарға»,  «баптап  өсірген 
тұлпарға», «айналасына тек жарық нұрын төгетін айға» балаумен 
сабақтасады. Ақын ойтолғамдарын әрі қарай ақыл-өнеге айтумен 
сабақтастырады. 
...Халық деген қауымың, 
Қаны бірге бауырың, 
Бір туып, бір кететін
Жаны бірге денеңіз.
Осы орайда, ақын халықты өзіңнің жаны бір, жүрегі бір денең 
дейді. Әркім өзінің денесінің бір мүшесінен жиреніп, одан айрылмақ 
емес. Ақын метафораларды орынды қолдана отырып, оқырманның 
жүрегін қозғайтын, халқының мұңлы, қайғылы күйін көз алдыңа 
әкелетіндей етіп жаза білген. Қолданылып отырған метафора бүкіл 
ұлтты тұтас ағза ретінде қарастыратын тәсілге келіп жеткен. 
«Ретті  сөзді  көп  айттым»  өлеңіндегі  мынадай  жолдар 
метафораның ғарыштыққа жуықтату мазмұнымен келіп тоғысады:
Хан дегенде қазағым, 
Білемісің кім еді?
Жаһанға жарық нұр берген
Мысалы оның күн еді.
Байқасақ,  Ғұмар  Қараш  өлеңдерінде  жақсылық  пен  игілікті 
істің барлығы – жарық шашатын заттарға, құбылыстарға баланады. 
Өйткені,  олар  көпшілікке  өзінің  жарық  нұрын  сыйлайды,  бірақ 
есесіне  ешнәрсе  талап  етпейді.  Дәл  солай  хан  да  халқы  үшін 
жарық күннің қызметін атқарып, оларға өзінің нұрын, жақсылығын 
сыйлауы тиіс. Нұр – ұлттық таным түсініктегі эстетикалық және 
философиялық категория. 
Мәселен,  кері  шегініс  жасап,  қазақ  әфсаналарының 
біріндегі  оқиғаға  тоқталсақ:  «Бәйтеректің  түбінде,  Нұрбұлақтың 
қасында  Нұрдан  жүкті  болған  Қанбибі  тоғыз  ай  өткенде  сол 
жерде  босанатындығы  [110,  160  б.]  туралы  айтылса,  ұлттық 
дүниетанымды зерделеуші Ғ.Ақпанбек тұжырымдағандай: «Адам 
бойындағы жақсы қасиеттердің негізі он нұрдан бастау алады және 

266
Ғұмар Қараш
«Нұр –мәңгілік, оған адамның ақылы жетпесе керек» [111, 43 б.], 
–  деп  ой  түйіндейді.  Нұр  түсінігі  қазіргі  отандық  философтарда 
да  ұмыт  болмай  сабақтасқан  категория  ретінде  де  қолданылады: 
Руханилықтың  негізгі  келбеті  –  адамның  өз  бойындағы  барлық 
жақсы  қасиеттерін  әлемге  паш  ету  дайындығы,  яғни  ақылын, 
дарынын,  қабілетін,  шеберлігін,  ішкі  нұрын,  жүрек  жылуын 
адамдарға, табиғатқа, Ғаламға беруге ұмтылысы [112, 16–38 бб.]. 
Міне, ұлттық таным түсініктегі Нұрдың философиялық мағынасын 
ұғынғаннан кейін, біз Ғұмар Қараш поэзиясындағы Нұрға теңелген 
метафораның мәнін де тереңірек түйсіне аламыз. 
Ақын  айшықтау  тәсілдерін  кеңінен  қолданғандықтан,  оны 
түрлендіре  келе,  көркем  сөзінің  қадірі  мен  әсемдігін  арттыруға 
үнемі  назар  аударып  отырған.  Соның  бірі  –  ауыстыру  тәсілі.  Ол 
«Тұрымтай» жинағындағы алғашқы өлеңінде бұл тәсілді былайша 
қолданады:
Үлгілі сөз бір сұлу қыз, 
Теңіне тегін берілер.
Тең табылып салса көз, 
Таранар, сұлу, керілер.
Саналы жүрек, терең ой
Түбіне зейін сала бер, 
Алдыңда сұлу сұнды бой, 
Мал берместен ала бер
 [2, 119 б.]. 
Бұл  үзіндіде  ақын  сөзді  сұлу  қызға  теңеп,  оның  теңіне 
берілетіндігін айтады. Бұл жердегі «теңі» – сөз парасын түсінетін, 
көзі ашық, көкірегі ояу жандар болуға тиіс. Егер ойлы көз сөздерге 
зер  сала  оқитын  болса,  ол  одан  сайын  сұлуланып,  мағынасы 
тереңдей түспек. Демек, ақын парқын түсінетін адам болса, өзінің 
өлеңін  оқырманға  «қалың  малсыз,  тегін  берілген  сұлу  қызға» 
балайды.  Оның  теңеулері  мазмұны  жағынан  көркемделумен 
қатар, терең мағыналы философиялық сипатқа да ие болып келеді. 
Мысалы, «Өмір пәлсапасы» атты өлеңінде: 
Мысалы мынау жалған бір жел қайық
Қылт етіп қия бассаң кетер тайып.

267
4. Көркемдік пен ғибраттылық
Таяныш, тұрағы жоқ болғаннан соң, 
Бұлайша мысал етсек болар лайық»
 [2, 122 б.], – 
деп  теңестіру  мен  ұқсатуға  қалай  келгендігі  туралы  ойтолғам 
жолын да көрсетіп береді: «не себепті ол қайық болуы тиіс» деген 
сауалға өзі жауап береді. 
Қорыта айтқанда, Ғұмар Қараштың сөз саптауы мен өз ойын 
халыққа,  оқырманға  әсерлі  жеткізуге  деген  талпынысы  және 
қол  жеткізген  нәтижесі  туындыларының  ішкі  терең  мағынасын 
арттырады және көпшілікке қолжетімді болуып шығуына септігін 
тигізеді.  Себебі,  ақынның  өзі  де  шығармашаларын  халыққа 
жеткізуге баса назар аударған, қоғамдық пікір қалыптастыруға аса 
көңіл бөлген ойшыл. Сондықтан ол шебер ақын ретінде де халық 
жадында мәңгілік сақталады. 
4.3  Дарын  иесінің  идеяларындағы  психологиялық  ой-
пікірлер түзілісі
Ғұмар  Қараш  арнайы  кәсіби  психолог  болмаса  да,  оның 
атқарған  қызметінің  сан-салалы  болып  келуі,  көптеген  ғылым 
салаларын  игеруі,  ақындығы  мен  философиялық  дүниетанымы, 
тәлімгерлік  ой-пікірлерінің  белгілі  бір  қырлары  психология 
ғылымына келіп жанасады. Сонымен қатар, ұлттық сипат алатын 
қоғамдық ғылымдар еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің тарихи-
танымдық  даму  бағытын,  эволюциясын  қайтадан  таразылап, 
батыстық парадигмалардан арыла келе, психологиялық ой-пікірлері 
бар тұлғаларымызды жарыққа шығару үстінде екендігін ескерсек, 
Ғұмар  Қараш  та  адамның  жан  дүниесі  туралы  толғанған  айтулы 
тұлғалардың қатарына ілігеді деп айта аламыз. 
Батыс  еуропалық  ғылым  соңғы  уақыттарда  өзінің  қасаң 
талаптарына  өзі  қарсы  шығып,  таза  кейпіне  түсу  үшін  барынша 
еркіндік  ала  бастаған  болатын.  ХХ  ғасырдағы  постпозитивизм, 
постмодернизм,  релятивизм  сияқты  ағымдар  ғылым  дегеннің 
қалыптасып  қалған  кейбір  шарттарына  қарсы  шықты.  Бұл  бір 
қырынан,  тым  жалпылықты  және  стихиялықты  туғызса,  екінші 
бір  қырынан,  дәстүрлі  қоғам  халықтарындағы  «ғылымиға 

268
Ғұмар Қараш
жуықтайтын»  ойларды  да  ғылым  ретінде  бағалауға  мүмкіндіктер 
ашты.  Мұның  ықпалы  да  біздің  ғалымдарға  әсер  етпей  қоймайды. 
Осыған орай, қазақ философиясы, қазақ психологиясы, этнопедагогика 
сияқты  арнайы  ілімдер  пайда  болып,  ол  өзінің  қалыптасу  тарихын 
жасақтау  қажеттілігіне  келіп  тірелген  еді.  Осы  орайда,  ұлттық 
психология да қарыштап дами түсті. Оның да тамыры тым тереңде 
екендігі дәлелденді. Әрбір кезең нысанаға алынып, сол кезеңдегі әрбір 
тұлғаның психологиялық көзқарастары зерттеле бастады. 
Соның бірі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы 
көрнекті тұлға – Ғұмар Қараш болатын. Ойшылдың психологиялық 
көзқарасы  арнайы  диссертациялық  жұмыстар  немесе  іргелі 
еңбектер бойынша зерттелмесе де, ол туралы азды-көпті пікірлер 
айтылды. Мысалы, Қ. Жарықбаев ХХ ғасырдың басындағы ұлттық 
психологияның дамуына ықпал еткен М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов 
сияқты  көрнекті  тұлғалардың  еңбектерін  саралай  келе:  «Мәжһүр 
Жүсіп, Ғұмар Қараш артына көптеген еңбектер қалдырды», – деп 
олардың  жантану  ғылымына  қосқан  үлестері  туралы  атап  өтеді 
[113, 7 б.]. Олай болса біз де, бұл тұлғаны жан-жақты қарастырып 
отырғандықтан,  оның  психологиялық  көзқарастарын  қысқаша 
сараптап өтуді жөн көрдік.
Бұл  зерделеу,  біріншіден,  жалпы  қазақ  дүниетанымындағы 
психологиялық  пікірлердің  тереңнен  тамыр  тартатындығына, 
яғни, халқымыздың психологиялық пікірлерді ұсынуға және адам 
психикасын саралауға бейімділігіне сүйеніледі.
Екіншіден, Ғұмар Қараш көптеген еңбектер жазған талантты 
ақын, белсенді публицист, философ, көрнекті педагог болғандықтан, 
қоғамдық өмірдің саласына араласқандықтан, психологиялық ой-
пікірлері де болмауы мүмкін емес екендігін басшылыққа аламыз. 
Идеяларын  зерделей  келе,  оның  философиялық  көзқарастары 
мен  педагогикалық  пікірлерінің  кейбірі  психологиялық  бағдарда 
құрылғандығына  көз  жеткізе  аламыз.  Сонымен  қатар  оның 
әдеби  туындыларындағы  психологизмдер  де  осы  сала  бойынша 
зерттеулер жүргізуді қажет етіп отыр. 
Үшіншіден,  ол  өз  дәуірінің  білікті  маманы,  әдебиетші 
болғандықтан,  қазақ  халқының  психологиясы  мен  ділі  туралы 
ерікті-еріксіз  түрде  жазады.  Тіпті  арнайы  айналыспаса  да,  оның 

269
4. Көркемдік пен ғибраттылық
әрбір шығармасында өз халқының мінез-бейнелері анық байқалып 
тұрады және солай болуы да тиіс еді.
Төртіншіден,  ол  Абай  сияқты  «қазақ  қоғамының  әлеуметтік 
сыншысы»  және  өзін-өзі  сынаушы  болғандықтан,  халқындағы 
керітартпа әдеттерді, сол әдеттердің шығу тегін де зерделеп өтеді, 
кемшілік  тұстарын  ашып  көрсетуде  және  бұл  жағдаяттардың 
бәрі  қоғамдық  психологиядан  туындап  жатқандығын  сараптау 
мақсатында  әлеуметтік  психологиялық  мәселелерді  де  жанап 
өтпеуі мүмкін емес.
Бесіншіден, ол өзі де дін өкілі ретінде және дін философиясымен 
шұғылданушы ретінде, дін психологиясымен арнайы шұғылданбаса 
да, ол туралы мәселелерді назардан тыс қалдыра алмайды. 
Осындай  алғышарттарды  негізге  ала  отырып,  біз  зерттеу 
бағдарымызда  психологияның  тек  батыстық  парадигмасын  ғана 
емес,  ұлттық  таным  бойынша  да  екі  ұстанымды  қатар  қолдана 
отырып  зерделеуді  мақсат  етеміз.  Мұндай  ұстаным,  әрине,  кей 
жағдайда,  психология  іліміне  қатыссыз  мәселелер  сияқты  болып 
көрінеді.  Бірақ  қазақтану  мен  ұлттық  болмысты  зерделеудегі  ең 
басты мәселе – ұлттың ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін 
ашып  көрсету  болғандықтан,  халқымыздың  таза  жан  дүниелік 
толғаныстары  мен  ішкі  рухтық  өзгерістерін  және  ол  туралы 
пайымдауларға көбірек үңілуіміз қажет. Сондықтан, кей уақыттарда 
біз  батыстық  психологиядан  алшақтап  кетуімізге  де  тура  келеді. 
Себебі,  ұлттық  психологияның,  оның  ішінде  Ғұмар  Қараштың 
психологиялық  көзқарастарын  шынайы  зерттеу  бізді  осындай 
ұстанымдар мен әдіснамаларға жетелейді. 
Жалпы  Ғұмар  Қараштың  психологиялық  көзқарастарын 
зерделеуде  біз  оның  шұғылданған  мәселелер  ауқымын  шартты 
түрде мынадай салаларға бөліп қарастырып алғанымыз жөн: 
-  ұлттық  психология  мен  халқымыздың  мінез-бейнелерінің 
ерекшеліктері, демек, этноәлеуметтік психология;
-  бұдан  туындайтын  психологиялық  ұғымдар  (категориялар) 
жүйесінің Ғұмар Қараш идеяларындағы көрінісі;
- дін психологиясы туралы пайымдаулары және халқымыздың 
ислам дінін қабылдау ерекшеліктері, орындау кезіндегі түсініктері, 
демек, жалпы діни санадағы діни психология;

270

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет