4. Көркемдік пен ғибраттылық
Мұндай қадір түсінігі арқылы құндылықтарды бағалау және
бағалауға үйрету қазақ дүниетанымында қалыптасқан өзіндік бір
үрдіс десе де болады. «Қырда жүрген дуадақ, Су қадірін не білсін,
Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қадірін не білсін», – деп толғаған [88,
26 б.] Асан қайғы бабамыз немесе «Отыз тістің қадірін қақсағанда
білерсің, Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің» деген өлең
жолдары т.б. осы «қадір» түсінігін қадірлеуден туған. Немесе, бұл
құндылықтарды бағалай білуді халқымыз «Алтынның қолда барда,
қадірі жоқ» деп қысқаша тұжырымдаған. Демек, бұл жердегі Ғұмар
Қараштың эстетикалық құндылықтар философиясы мынаған келіп
саяды: «Табиғатта Құдай жаратқанның бәрі сұлу» деген қағидаға
сәйкес, табиғат өзімен-өзі құнды және қызметі мен қасиеті арқылы
қадірлі, оның сол күйіндегі болмысы бойынша адам баласы
қастерлілігін түйсінуі тиіс. Бұл қадір туралы эстетикалық толғаныс
бүгінгі заман үшін де аса маңызды философия екендігі сөзсіз.
Мысалы, су қадірі. Бұл тұстағы суға байланысты айтылған «Қадір»
экологиялық тәрбиенің тәсілі ретінде қызмет атқарып тұр және
эстетика арқылы этика мен өнегені сабақтастырған.
Қорыта келе, Ғұмар Қараштың эстетикалық толғанысы мен
негізгі тұжырымдарын былайша жүйелеп көрсетуімізге болады:
- қазақ дүниетанымында «Қайғылылықтың» қимастықпен,
қоштасумен, қарсылықпен-мойынсұнумен тұтаса келе, аңсауға
келіп ойысатын динамикасын көрсетеді.
- әсемдіктің асқақтықпен, үнсіздікпен келіп сабақтасып,
тамсанумен, қайран қалумен орайласып, шабытпен, үмітпен келіп
жалғасатындығын өрнектеп береді.
- көріктіліктің кемелділік пен толысқандық арқылы өзін-өзі
қайтадан ашып, өмірмәнділік тұғырға айналып келетіндігі туралы
тұжырым жасайды.
- «Қадір» сипаты арқылы эстетикалық құндылықтар өзімен-өзі
құнды және мәртебелі болып табылады және ол өнегелік дәстүрді
жаңғыртудың оңтайлы тәсілдері бола алады.
Осылай түйінделген эстетикалық категориялардың ұлттық
таным-түсінік бойынша пайымдалған түрлері тек теориялық қана
емес, сонымен қатар практикалық сипатты болып құрылғандығы
ақынның эстетикасының өзіндік бір ерекшелігі деп айта аламыз.
248
Ғұмар Қараш
Ол үнемі теориядан практикаға, абстрактіліктен нақтылыққа
қарай өрлеп отыруды негізге алады. Эстетикалық ой-пікірлерді
қорытқан Ғұмар Қараштың түпидеясы өзінің ойтолғамдарының
«халқына, еліне, әсіресе, келер ұрпаққа әкелер пайдасы қандай,
тиімділігі неде» деген сауалға жауап беруі тиістілігінде. Сонымен
қатар эстетиканы толғау қашанда автордың ішкі жан дүниесінің
тазалығы мен оның да сұлулығын қажет ететіндігін ескерсек, бұдан
ақынымыздың рухани тазалық деңгейін анық көре аламыз.
4.2 Көркем сөздің шебері
Ғұмар Қараш – ХХ ғасыр басында өмір сүрген қазақтың
көрнекті философ-ақыны, елінің азаттығы, өсіп-өркендеуін мақсат
етіп, сол жолда өмірін сарп еткен қоғам қайраткері болғандықтан,
оның шығармашылығының өн бойында ХХ ғасырдың бірінші
ширегіндегі халық басына түскен күрделі тарихи оқиғаларға налу,
елінің жарқын болашағын аңсау, үмітті келешекке жеткізетін оқу-
білім деген басты құралдарды насихаттау, халыққа дұрыс бағыт-
бағдар беру мәселелері көтерілгендіктен, оны оқырманға қалай
жеткізе білу керектігіне де маңыз бергендігі түсінікті. Осы мақсатта,
біріншіден, ақын – бұрынғы жыраулар поэзиясы сарынындағы
үлгі-өнегеге, ақыл-өсиетке толы өлеңдерін, толғауларын дүниеге
әкелген. Екіншіден, сезімді селт еткізер әдебиеттегі көркемдік
тәсілдерді оңтайлы пайдаланған.
ХХ ғасыр басындағы өлара шақта ненің жөн, ненің теріс екенін
түсінбей сандалған халқына ақ жолды нұсқауды өзінің азаматтық
міндеті санаған Ғұмар Қараш оған жеткізетін бірден-бір кемел
күш – әдебиет, оның ішінде поэзия деп ұғынғандықтан, өзінің
көрген-білгенін, өмірден түйгенін өлеңмен өрнектеп, халқына
жинақ етіп шығарып, ұсынып отыруы – оның замана тынысын
көпшіліктен бұрын аңдаған, сол сәттен-ақ санасы ояу, сезімі сергек
ақын екендігін байқатса керек. Осындай сезім, қашанда толғаудың
өзгелерге әсерлі болуының кепілі екендігі күмәнсіз.
Сондықтан, келесі кезекте, ақын шығармашылығының
мазмұнын емес, көркемдік шеберлігін, сөз саптауын, лирикалық
толғану
ерекшеліктерін,
қандай
көркемдік
тәсілдерді
249
4. Көркемдік пен ғибраттылық
қолданғандығын, тілінің жұғымдылығы мен мақсатқа жетпей
қоймайтын өткірлігін нысанаға ала отырып, әдеби-тілдік талдаулар
жасаймыз.
Жалпы алғанда, Ғұмар Қараш өлеңдері – халқының бүгініне
және болашағына алаңдаған, ұлттық рухқа толы азаматтық поэзия.
Осы орайда, ғалым З.Ахметовтің азаматтық лирика туралы
түсінігіне тоқталсақ: «Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның
әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Өмір жөнінде,
халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл-
күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы
көрінеді. Адамның белгілі бір дәуірге байланысты ой-арманын,
мақсатын жырлайды, жалпы әлеуметтік мәселелерді толғайды.
Сондықтан азаматтық лириканы кейде саяси-әлеуметтік лирикаға
қосады. Әлеуметтік тақырып, саяси сарындар, әрине лириканың
барлық түрінде кездеседі. Халық қамын, оның қоғамдық халін
шығармасына арқау еткен әрбір ақын лирикасында азаматтық
сарын басым болмақ. Тақырыпты көтеру арқылы ақын заман сырын
ашады. Әсіресе, оның қайшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді,
алға, болашаққа жол сілтегендей ой қозғайды» деген тұжырымдары
[102, 32 б.] Ғұмар Қараш поэтикасына тура сәйкес келетіндігіне
көз жеткізе аламыз. Әлбетте, Ғұмар Қараш поэзиясы азаматтық
лириканың озық үлгісі іспеттес. Өйткені, ақын өз өлеңдерінде
халқының басындағы қайшылықты жағдайларды айтып қана
қоймай, осы тығырықтан шығудың бағыт-бағдарын нұсқап, жол
сілтейді. Ақынның ел-жұртының тағдырына өз тағдырындай
қарап, терең толғануы, ел болашағына алаңдап, халқының көзі
мен көкірегін оятуға талпынуы оны елін шынайы сүйетін нағыз
ұлтжанды азамат дәрежесіне көтеріп тұр.
Шындығында да, Ғ. Қараш өлеңдерінде халықтың ауыр халінің
туындау себептеріне үңілу – осындай аумалы-төкпелі заманның
қиындығын жеңіп, жақсы өмірге қалай қол жеткізуге болатындығын
айқын көрсеткендігін куәландырады. Ақын өлеңдерін оқи отырып,
оның елінің бақытты өмірі үшін аянбай күрескендігін, әлеуметтік
мәселелерге батыл қалам тербегендігін байқау қиын емес. «Түзетпек
едім заманды» деп Абай толғағандай, Ғұмар Қараш та поэзияның
тек адам жанына рухани ләззат сыйлайтын құрал ғана емес, әуелі
250
Ғұмар Қараш
адамды, адамын өзгерткен соң заманды түзететін тегеурінді күш-
қуат екендігін терең түсінген тәрізді.
Ақынның сөз маржанын термелеп жазған шығармаларында
халық поэзиясы, жыраулар поэзиясындағы ақыл-өнеге беру, дұрыс
бағытты насихат ету сарыны, Махамбеттің отты жырлары, ХІХ
ғасыр, соның ішінде зар заман ақындарының салған іздері айқын
байқалып қана қоймайды, олар поэзияда қолданған көркемдік
тәсілдерді де ұтымды пайдаланғандығы және өз кезегінде
түрлендіріп отырғандығы анық көрініс табады.
Олай болса, халқының тұтас ел болуын, ғылым-білімнің
негіздерін үйреніп, басқалармен терезесі теңелуін қалаған ақын
шығармашылығы, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі тақырға
түскен дән іспеттес емес, керісінше, тереңнен нәр алған және
онда халқының халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерінен бастап,
жазба әдебиеті өкілдерінің салған іздері көрініс береді және ақын
осы дәстүрді өзінше жалғастырған дей аламыз. Осы ойымызды
А. Нұрқатов та айқындай түседі. Ол Ғұмардың өлеңдерінің
Шәңгереймен үндестігі туралы айта келе, мынадай пікірін білдіреді:
«Бірақ Ғұмар оны жалаң қайталамайды, небір тың теңеулер,
тапқыр салыстырулар қолданады, дамыта, әрі тереңдете отырып
қолданады» [2, 15 б.].
Кез-келген шығарма оқырманның жүрегінен орын тауып, нық
орнығуы, адамды тәрбиелеп, дұрыс іс-әрекетке итермелеуі үшін
мықты көркемдік күш-қуатқа ие болуы тиіс екендігі сөзсіз. Кез-
келген ақын өлеңдерін халқының жүрегіне жол табатындай етіп
жазуы үшін көп ізденуіне тура келеді. Ғұмар Қараш та қазақтың
қара өлеңінің қаймағын бұзбай, оны еліне, халқына түсінікті,
жатық тілмен, өзіндік өрнектер қолдана отырып, көпшілік назарына
ұсынған.
Жоғарыда айтып кеткендей, ХХ ғасыр басындағы күрделі,
алмағайып заманда қазақ халқы сол кезеңнің аңысын аңдап,
сәйкесінше, тез қамданудың орнына, болашақты болжамай, бір
күндік ғұмырмен күндерін өткізгендігіне ақын жаны бей-жай
қарай алмайды. Өйткені мемлекеттің мықтылығы – оның білімінің,
ғылымының дамуы, халқының көзі ашықтығымен өлшенетіндігін
ақын жаны терең түсінеді. Осы себептен ойшыл өзінің ішкі
251
4. Көркемдік пен ғибраттылық
дүниесін толғандырған ойларын алғашқы «Қарлығаш» жинағында
өрнектеп береді. Жинақтың аты да тегіннен қойылмаған, өйткені,
жинақтағы алғашқы өлең «Қарлығашпен сөйлескенім» деп аталады.
Бұл өлеңінде Ғ. Қараш ел басындағы күрделі ахуалды, халықтың
құдайдан тек алақан жайып, бақуатты тірлік сұрайтындығын
қарлығашпен сөйлесу арқылы образды түрде жеткізгісі келген:
Адамзат! Бұ дүниеде жан-жануар,
Бәріне керек емес пе риздық тамақ.
Жүре бер өз жөніңе сенде нем бар,
Айып па риздығымды етсем талап?
Көбелек, шыбын, маса үшеуіне
Жүруі адамзаттың болар себеп.
Бұ дүние себеп, талап дүниесі,
Тек жүрген себеп етпей болар харап
[2, 24 б.].
Өз ойын халық көкірегіне жеткізу үшін Ғ. Қараш құсты
сөйлетіп, құс-екеш құсқа дейін біздің басымыздағы ауыр халді, оның
себебін білгенде, өзіміздің бүгінгі күйімізді өзіміз барлай-бажайлай
алмағанымыз қалай болғаны деген ой тастайды. Кейіптеуден (ан-
(ан-
тропоморфтау) бастау алатын табиғатпен тілдесу, оның ішінде тірі
табиғатпен, оның ішінде Құспен сырласу халқымыздың дүниетаным
бастауларының тереңінде жатыр. Қыз Жібек жырындағы «Әуелеп
ұшқан алты қаз», Махамбет жырындағы: «Қызғыш құс» т.б. табиғи
ділдің сабақтастығы да осы тұста Ғұмар Қарашпен жалғасын табады.
«Қарлығашпен сөйлескенім» өлеңінің жалғасында ақын қазақ
елінің бұрынғы мамыражай күйі мен ХХ ғасыр басындағы аумалы
төкпелі заманды салыстыра суреттейді:
Мал бағып, шаруа істеп, босқа жүрмей,
Төрт түлік бірдей бітіп толған заман.
Үлкеннің кішілері сөзін тыңдап,
Бойсұнып төзім тұта тұрған заман.
Көңілі жай, дәулеті сай ол заманда
Толықсып, қазақ-қазақ болған заман...
...Мал да жоқ, бейіл де жоқ бұ заманда
Деспе ұстап сопысынып солған заман
252
Ғұмар Қараш
...Кәсіп жоқ, харекет жоқ, көзін сүзіп,
Келемеж қарлығашқа болған заман...
[2, 25 б.].
Яғни, ол заман мен бұ заман салыстырыла көрсетіледі.
Өткен ғасырда ел билігі өз қолында болған кезде халықтың
мамыражай күй кешіп, қора толы малы болғандығын, дәулеттерінің
асып-тасқандығын, кішінің үлкенге құрмет көрсеткен әдемі
сыйластығын айта келіп, ақын сол заманның қайтып келмейтіндігіне
өкініш білдіреді, бүгінгі заманның ауыр келбетін шендестіре
суреттейді. Кеше қандай едік, бүгін қандаймыз деген сұраққа анық,
әрі бейнелі жауап беру арқылы ақын халыққа үлкен ой тастайды.
Мұндағы салыстыру мен шендестіру тәсілі өткен мен бүгінді қатар
қою арқылы көркемделген және айшықтаудың бір түрі – қайталауды
да тиімді қолданғандығы байқалады.
Яғни, Ғұмар Қараш шығармашылығын әдеби тұрғыдан талдау
мақсатында, оның азаматтық лириканы толғағандығын, ондағы
қайталау мен бейнелеулерді, кейіптеуді қалай қолданғандығын
мысалдар келтіре отырып көрсеттік. Келесі кезекте, бұл талдауды,
осы тәсілдердің ішінен, әсіресе, жиі қолданатыны және ақынның
шеберлігіне баланатыны – эпитеттерге, одан соң мақал-мәтелдер
мен фразеологизмдерді пайдаланған тұстарына және шендестіру-
антонимдеу үлгілеріне, теңеу мен метафораның өзіндік бір тың
үлгідегі қырларына жеке-жеке тоқталып өтумен жалғастырамыз.
Ендеше, жоғарыдағы келтірілген толғаудың тілдік құрылымына
назар аударсақ, заман сөзінің алдында тұрған қандай деген сұраққа
жауап беретін тіркестер – күрделі эпиттеттер. Мәселен өткен
заман қандай заман десек, ақын былай деп әсерлі жауап береді:
«уызында жарып бала тойған заман», «ту бие қонағына сойған
заман», «толықсып қазақ, қазақ болған заман». Әр жол сайын ақын
оқырманының алдына өткен заман тіршілігінің тұтас бейнесін
алып келіп, шындығында да, өткен заман қандай еді, сол күнімізден
қалай айрылдық деген ойға еріксіз жетелейді.
Ол қазақ келбетін толғануда да ойының әсерлілігін арттыру
үшін «Қор қазақ, жалқау қазақ, надан қазақ, Адасып алды-артына
тозған заман», – деп
[2, 26 б.]
тағы да эпитетке жүгінеді. Қазақ сөзіне
әртүрлі эпитеттерді желдірмелете қолдану арқылы ұлтына жан-
253
4. Көркемдік пен ғибраттылық
жақты сипаттама беріп тұр. «Қор қазақ» тіркесі – өзінің жерінен, бас
бостандығынан айрылған халықтың өзгенің босағасына телміруі,
өз ойын, өз пікірін ашық жеткізе алмауы, өзгенің айтқанына
көніп, айдауына жүрген күнін көз алдыңа алып келу үшін арнайы
қолданылған теңеу. «Жалқау қазақ» тіркесі – Абай өлеңдерінде
көп қолданылған сөз өрнегі. Өткен ғасыр басындағы қазақ елін
жайлаған қараңғылықты, дүмшелікті сипаттау үшін «Надан қазақ»
– эпитетін қолданады. Келесі кезекте:
Ойын ойнап, ішкі ішіп жасы-қарты.
Білмейді әдеп-әркін, дінін, күнін
Жоқ шығар хайуаннан ешбір парқы,
Ұрылық, ұятсыздық, бұзықтықта
Ешбір ел пар келмейді, қазақ жалқы
[2, 26 б.]
, –
деген жолдардың әдеби-тілдік тұрғыда көркемделу тәсілі былайша
өрбиді: үшінші жақта жазған өлеңінің аяғында ақын қазаққа
қаратып, екінші жақты қолданады, бір адамға айтқандай етіп, тұтас
ұлтқа тіл қатады, соңында «Қой қазақ! Таста мұны...» деп бұйрық
райға көшеді. «Қарлығашпен сөйлескенім» өлеңінің соңын ақын:
Өнерің, ғылымың толық болсаң халық
Ықтияр ол уақытта сен де шалқы!
Қоймайды ырыс қашса туыс деген
Біл өнер толған айдай нұрға балқы.
...Қарайлап жан-жағыңа қорғалама
Жолына өнер, ғылым түсіп аңқы! –
деп аяқтайды
[2, 26 б.]
. Осы орайда, өнер-білімді толған айдың
нұрына балап, ұтымды теңеу қолданады. «Нұр жаусын», «нұр
үстіне нұр болар» деген тілектерді көп айтатын халқымыз үшін
білім-ғылымды нұрға теңеу – оның маңыздылығын одан сайын
айшықтап тұрғандай. Халқының бойындағы кеселдерді ашық
сынағанымен, Ғ. Қараш өлеңінде өнер, ғылым жолына түскенде
ғана бақуатты заманға қол жеткізетіндігін айтып, оптимистік
нотада өлеңін аяқтағандығы оның қазіргі күнді жақындатқысы
келген ізгі ниетінен туындаса керек.
254
Ғұмар Қараш
Ақынның осы жинақтағы қызығушылық тудыратын
өлеңдерінің бір топтамасы адам бойындағы жақсылы-жаманды
мінездерді, қасиеттерді де көркемдік тілмен сипаттаудан тұрады.
«Ғаділдік», «Жомарттық», «Батырлық», «Жігер», «Әдеп»,
«Надандық», «Өтірік», «Ұят», «Тәкаббарлық» деген тақырыппен
жазылған өлеңдерінде де осы мінез ерекшеліктерін терең
психологиялық тұрғыда талдайды.
Мысалы, «Жомарттық» өлеңінде ақын жомарттықтың қандай
іс-әрекеттерде көрінетіндігін сипаттап береді: «ашық жүзді
шытпағаның», «кәріпке киім беріп жылытқаның», «халық пайдасын
ізденіп, кем-кетігін жоқтағаның» деп өмірден мысалдар келтіреді.
Адам бойындағы жомарттықтың не үшін қажет екендігін халықтың
«Адамның күні адаммен» деген мақалымен мақамдайды.
«Адаммен адам күні» деген сөздің
Мәнісін есте тұтып, мұтбағаның
[2, 27 б.]
,
–
деп қайырады. Жалпы, Ғ. Қараш өлеңдерінде халық даналығындағы
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болып табылатын мақал-
мәтелдерді қолдану жиі кездеседі. Ақын осылайша ойын дәл әрі
нық жеткізу үшін ғасырлар бойы уақыт сынынан өткен мақал-
мәтелдерді сәтті қолданып отырады. Мысалы, «Жігер» деп
аталатын толғанысында да «Талаптыға нұр жауар» деген халық
даналығын ұтымды қолданады: «Табарсың қылсаң талап жігер
тұтып, Жауады талаптыға әр уақыт нұр»
[2, 28 б.]
. Адам бойындағы
тағы бір теріс қасиетті сипаттауға арналған «Өтірік» деп аталған
шығармасында да мақалдың қолданылу үлгісі өзінің әсерлілігін
арттыра түседі. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген мақалды
поэтикалық тілге көшіріп, инверсия жасайды, яғни, сөздердің
орындарын алмастырып береді.
Құйрығы бір тұтам бұ тәңірі алғырдың,
Алдыңнан әлі-ақ шығып берер ұят.
Шиедей екі бетің қызартады,
Кетпейді тағылған ат, жағылған зат
[2, 30 б.].
255
4. Көркемдік пен ғибраттылық
Ақынның жиі қолданатын көркемдік тәсілдерінің бірі –
шендестіру, салыстыру, қарсы қою мен антонимдеу. Мысалы,
«Батырлық» өлеңінде:
Достықты айтқан үгіт жақсы тыңдау –
Бейнесі жігіттігі асылдықтың.
Жөн сөзге желке беріп кері шалу –
Ер емес бейнесі ол қатындықтың, –
деп мағыналық антонимді ұтымды пайдаланады. Асылдық пен
қатындық, жақсы тыңдау мен кері шалу – контекстік мағынадағы
антонимдік арналастар (параллельдер).
«Надандық» өлеңінде де надан адамның қанша ақыл-өсиет
айтсаң да, құлақ аспай, пәлеге ұрынатындығын көркем тілмен
жеткізе келе, қарама-қайшы жақсы іс пен жаман істі орындаған
кездегі наданның бейнесін, яғни дұрыс істі сүлесоқ жасаса, жаман
әрекетке келгенде, жасанып, тірілетінін салыстыра көрсетеді:
«Жақсы іске сүле болып жүрсе-дағы, Келгенде жамандыққа
тіріледі»
[2, 29 б.]
. Қарама-қарсы құбылыстар: жақсы іс пен жаман
істі салыстыру арқылы ақын надандықтың мағынасын көркемдік
түрде өрнектеп береді.
Кез-келген ақынның шалқар шабыты мен ақындық шеберлігінің
өзегі оның дүниені жүрегінің нәзік иірімдерінен өткізіп, өзіндік
образдық мән-мағына арқылы, жеке көзқарасы тұрғысынан
тануынан тұрады. Ал ақынның көркемдік әлемі оның қолданатын
айқындау, айшықтау сияқты көркемдік құралдарынан тұратын
болса керек.
Олай болса, Ғ. Қараш шығармашылығында оның өміріміздегі
бір құбылысты немесе затты, адамды басқа бір затқа, құбылысқа
теңестіруін, салыстыра өрнектеу ерекшеліктерін қарастырайық. Әр
ақынның өзіндік қолтаңбасын байқататын көркемдегіш құрал түрі –
теңеу туралы Зәки Ахметов пікірін былайша білдіреді: «Салыстыру,
теңестіру дегеніміз ойлау, сезінудің нәтижесі болғандықтан, оған
негізделіп жасалған астарлы мағынасы бар көркем бейне оқушының
ой сезімін қозғап күшті әсер етеді... Және сол салыстырудың негізі
болған ой неғұрлым өткір, терең болса, көркем сезім неғұрлым
256
Ғұмар Қараш
нәзік, күшті, әсерлі болса, салыстырмалы бейненің, балама тұспал
бейненің оқушының жан-жүйесін тебірентіп, ойын өрістетіп,
сезімін оятып, тұтандырып, ұшқындатып тұратын қуаты да
соншалық зор болады»
[103, 16 б.]
.
Қазақ халқы – табиғат ананың төл баласындай, бар даналықты
да, сұлулықты да табиғаттан алып, соның төсінде еркін асыр салып
өскен еркін ұлт. Жоғарыға қараса, ашық аспан, жан-жағына қараса
шексіз-шетсіз иен дала, асқар таулар, тәкаппар құстар мен жортқан
аңдарды көреді. Сондықтан, қазақ ақындары өз теңеулерінде
табиғаттың құбылыстарын, жан-жануарлар мен құстарды жиі
қолданады. Келтірілген үзінділер мен мысалдардағы теңеулерінде
осы заңдылықтың сақталғандығын байқаймыз. Мәселен, берілген
өлең шумағында Ғұмар Қараш Қазақ елін лашынға теңейді:
Со күнде қатар ел едің,
Қай халықтан кем едің?!
Шабыртты шүйген лашындай
Жеміңді алып жер едің,
Еңіреген ер едің
[2, 36 б.]
.
Теңдігі, билігі өз қолында болған дәуірді ақын осылайша аспанда
емін-еркін қалықтап жүрген лашын құсқа ұқсатады. Өйткені лашын
құс тәуелсіздіктің, мықтылықтың, еркіндіктің – рәмізі.
Ал «Бала тұлпар» жинағындағы «Замана жайынан» өлеңінде
ақын кешегі өткен Әбілқайыр, Нұралы, Жәңгір хандар тұсында
шалқыған ел едің деп желдірмелете келіп, Хандық дәуірдегі өз елін
аспандағы айға теңейді:
Еңіреген ер едің,
Ерлерге серік сен едің.
Аспанда айға тең едің,
Аймен тең демей не дейін...
[2, 36 б.].
Шындығында да, ерінің сенімді серігі бола білген халықтың
мәртебесі жоғары болмақ. Осы өлең жолдарында өз халқының
бұрынғы күйін ақын жүрегі өте жоғары бағалайды, тіпті аспандағы
аймен салыстырады. Яғни еліміздің кезінде мәртебесі, хал-ахуалы
257
4. Көркемдік пен ғибраттылық
өте жоғары деңгейде болғандығын ақын осы теңеу арқылы анық,
әрі дәл жеткізеді.
Бұрынғы кезеңнің тынысынан сыр шертетін осы өлеңінде
Ғұмар Қараш Хандық дәуірдің әдемі көріністерін біртіндеп көз
алдыңа әкеле отырып, оқырмандарына келесі ой өрнектерін
ұсынады:
Сарыжадай толықсып,
Жас қамыстай бой тартып,
Бәйбіше шығар боз үйден
Үстіне шапан жамылып,
Саф ауаға керіліп,
Қозғаларға ерініп,
Сайран етер азырақ
Жер жүзінің тұрғанын
Меруерттей тамылжып
[2, 46 б.].
Осы жолдардағы «сарыжадай», «жас қамыстай», «меруерттей»
деген теңеулер түбір зат есімге туынды сын есім жұрнақтарын
жалғау арқылы жасалып тұр. «Жас қамыстай» деген теңеуді
оқығанда бойын тартып, керіле, кербездене басқан бәйбішенің
маңғаз жүрісі көз алдыңа келсе, «меруерттей тамылжыған дала»
дегенде көз алдыңа көкпеңбек шүйгін шөп, оның бетіндегі әсем
гүлдер, тамылжыған табиғат көз алдымызға әдемі бейне ретінде
жинақталады. Ал «сарыжадай» сөзі көпшілік біле бермейтін
ескірген сөз (историзм) болып табылады. Өткен дәуірді сипаттау
кезінде сол кезеңге тән тарихи сөздерді қолдану да шығармаға
көркемдік рең беретін бір тәсіл болып табылады. Олай болса, сәл
шегініс жасап, «сарыжа» сөзінің мағынасына үңіліп, бұл ұғым
туралы ғалымдардың пікірлеріне шолу жасап өтуімізге болады.
Б. Қарағұлова тарихи жырларда: саржа, сүңгі, датқа, қол, самғал,
шерік сияқты көптеген әскери терминдерді кездестіруге болады –
дейді
[104, 372 б.].
Т. Байжан: «Наименование метательного оружия:
садақ (лук), разновидности: жай, жақ (лук), саржа (башкирский лук
с инкрустациями), бұлғары садақ, бұхар жай (виды лука, купленные
у булгар и из г.Бухары), көн садақ (лук с чехлом из толстой кожи),
сақпан (праща) и.д.» Саржа. Садақ жақ; ерте кездегі батырлардың
258
Достарыңызбен бөлісу: |