«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА



Pdf көрінісі
бет79/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ  

 

Ярашева Ш.Т., Абикенова А.Ш. 



№108 «Арман» балабақшасы КМҚК 

 

Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» Заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің 



басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап 

көрсеткен.  Сондықтан қазіргі  даму  кезеңінде  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісін 

технологияландыру, инновациялық технологияларды қолданылу мәселесі басты орында.  

Біз балабақшада оқу қызметтерін ұйымдастырған кезде мектепке дейінгі балалардың жас 

ерекшеліктеріне  мән  бере  отырып,  жаңашыл  технологияларды  қолданамыз.  Осы  орайда 

мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру мен жан-жақты дамытуда 

жаңа  әдіс-тәсілдерді  тіл  дамыту  сабағында  үнемі  пайдаланамыз.  Мектепке  дейінгі  жаста 

баланың  тілі  белсенді  дамиды:  практикалық  қолданысы  жүзеге  асады,  сөздік  қоры  өседі, 

грамматикалық тілдік құрылымын меңгереді, фонетикалық есту қабілеттері дамиды, тілдің 

ауызекі сөйлеу құрылымын түсінеді. Мектепке дейінгі жас психофизиологиялық тұрғыдан 

тілді меңгеруге өте тиімді. 

Балаланың тілді қабылдау мен дыбыстау сезімталдығын есепке ала отырып, ерте жастан 

оның бүкіл өмірінде тілдік ерекшеліктерді қалыптастыру үшін тілдік аппараттың иілгіштігін 

дамытуға  және  сақтауға  болады.    Бала  кішкентай  кезінде  кез-келген  тілдің  дыбыстарын 

дұрыс  айтуға  қабілетті  болатыны  анықталған.

 

Ал  эмоционалды  жағымды  орта  мектеп 



жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамытуда  маңызды  рөл  атқарады,  бұндай  жағдайда 

балалардың тілдік қарым-қатынасқа түсу ниеттері белсенді болады.  

Тілдің дамуы баланың ойлауы мен елестетуін қалыптастырумен де тығыз байланысты. 

Егер мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бір-бірімен сөйлесу, тілдік қарым-қатынасқа 

түсу қабілеттері жоғары деңгейде болса, ал үлкендермен қарым-қатынас кезінде тыңдай білу, 

өзіне қаратылып айтылғанды түсіну, диалогқа түсу, сұрақтарға жауап беру және өзі де сұрақ 

қоя білу дағдыларын дамытуда біраз жұмыстар атқару қажет. Ол үшін біз тіл дамыту, көркем 

әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қызықты және мазмұны жағынан қарапайым 

әңгімелер құрастыра білуге, сөз тіркестерін грамматикалық және фонематикалық тұрғыдан 

дұрыс  құрастыра  білуге,  монолог  түрінде  сөйлей  білуді  үйретеміз.  Сонымен  қатар  бұл 

олардың  одан  әрі  мектепте  білім  алу  дайындығына  да  ықпалын  тиігізеді.  Мектеп  жасына 

дейінгі балалардың сөздік қорларын да үнемі толықтырып отыру жұмыстары да жүргізіледі. 

Яғни,  тіл  дамыту  сабағының  мақсаты  қарым-қатынас  кезінде  балалардың  сапалы  тілдік 

әрекетін қалыптастыру болып табылады.   

Қарапайым  ауызекі  сөйлеу  тілін  меңгермеген  бала,  өз  құрдастарынан  артта  қала 

бастайды,  тіл  кемістігін  жөндеу  мен  түзету  кеш  болып  кетеді  де,  баланың  ойлауы  мен 

психикасының  дамуында  кемістік  болады.  Осы  мәселені  зерттей  келе,  біз  тіл  дамыту 

сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдермен инновациялық технологияларды қолдану мен негіздеуді 

қолға алдық.  

Балаларды ойын іс-әрекетіне тарту балалардың тілдік дамуын белсендіруге көмектеседі. 

Яғни,  тіл  дамыту  сабақтарында  «Отбасындағы  мереке»,  «Досыңа  көмектес»,  «Сөзді  есіңе 

түсір», «Сөз тізбек», «Кім не істейді? «, «Түрлі-түсті әңгімелер» және т.б. лингвистикалық 

ойындарды  қолданамыз,  ол  баланың  тілдік  құрылымының  қалыптасуына  себеп  болады. 

Осындай  ойындардың  арқасында  баланың  тілдік  мәдениеті  мен  қарым-қатынасы,  тілдің 

екпіндік-динамикалық  мәнерлілігі,  ырғақтық  сапасы,  әрбір  сөзді  нақты  айтулары,  сөзде 

екпінді  дұрыс  қоя  білу  дағдылары,  сауаттылықтары,  басқаларға  түсінікті  болатындай  өз 



579 

 

579 



 

ойларын  дұрыс  айта  білу  іскерліктері  қалыптасып,  диалогтік  және  монологтік  сөйлеулері 

дамып, сөздік қорлары толығады.  

Егер  қарым-қатынас  кезінде  біз  эмоционалдық  жағын  ұмытып  кетсек,  онда  қарым-

қатынасқа  жасау  қажеттілігі  төмендейді.  Сондықтан  лингвистикалық  ойындар  кезінде 

баланың  көңіл-күйіне  де  назар  аударып,  оның  сөйлеу  мүмкіндігін  есепке  аламын.  Бала 

қажетті  сөзді  таба  алмаса,  тілдік  және  тілдік  емес  қарым-қатынасты  бірлестіре 

пайдалануына, яғни ым-ишараны, пластиканы қолдануларына мүмкіндік береміз.  

Тіл  дамыту  сабағында  біз  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  айналасындағылармен 

мәдениетті қарым-қатынас жасау дағыдыларын да қалыптастыруды қолға аламыз. Мәдени 

қарым-қатынасқа тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы зор. Яғни ертегілерді, әңгімелерді 

оқу,  тыңдау,  тақпақтарды  жаттау  арқылы  балалар  ондағы  кейіпкерлерден  сүйіспеншілік, 

қамқорлық,  мейірімділік  сияқты  қасиеттерді  бойларына  сіңіре  отырып,  өзгелердің  және 

өздерінің әркеттерін бағалай білуге үйренеді. Сондықтан балалардың сөйлеу тілінде ертегі 

терапиясының  да  әсері  мол.  Мнемокестелер  қолдану  арқылы  балалар  ертегілер  мен 

әңгімелердің  желісі  бойынша  әңгімелейді,  бір-біріне  сұрақ  қояды,  сол  сұрақтарға  жауап 

береді. 

Сол  сияқты  тіл  дамыту  сабағында  ҰОҚ  рөлдік  ойындар;  оқу  үрдісін  ойын  түріндегі 

(жарыс  сабақ,  конкурс  сабақ,  саяхат  сабақ,  КТК  сабағы)  оқу  түрлерін  ұйымдастырамыз. 

«Отбасы»,  «Емханада»,  «Супермаркетте»,  «Әжеде  қонақта»  сюжеттік-рөлдік  ойындар 

арқылы балаларды бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынас жасау мәдениетіне, қоғамдық 

орындардағы  тәртіпке  үйретеміз.  Мұндай  ойындар  балалардың  өзіне  деген  сенімділігін 

арттырады.  Қатты  ұялшақ  балаларға  жүргізушілік  рөлді  беру  арқылы,  олардың  өз 

құрдастарымен белсенді қарым-қатынас  жасап, үлкендермен де қорықпай қарым –қатынасқа 

түсуіне мүмкіндік береді. 

Тіл  дамыту  ҰОҚ  бойынша  «Жыл  мезгілдері»  тақырыбында  балалардың  жұмбақтарды 

шешу арқылы пассивті сөздік қорлары дамытылды. Оқу үрдісі барысында АҚТ қолданылып, 

«Бұл  қай  кезде  болады?»  тақырыбы  бойынша  слайд    көрсету  арқылы  балалардың  жыл 

мезгілдері,  апта  күндері,  ай  аттары,  тәулік  уақыты  бойынша  тілдерін  дамыту  жұмыстары 

жасалды.  «Бұл  қандай  құс?»,  «Сөйлемге  сөз  қосып,  толықтыр»  т.б.  ойындарда  баланың 

лексикалық  қоры  молайып,  қажетті  сөздерді  табуға  тез  үйренеді,  сөздік  қорлары 

белсендірілді.  

Инновациялық әдістер мен тәсілдердің бір түрі ретінде  тіл дамыту сабағында «ӨЕШТ-

педагогика»  бойынша  ойын  түрлерін  қолдандық.  Олар:  «Жақсы-жаман»,  «Шырғалаң», 

«Сүйікті ертегіңнің соңын заман ағымына қарай өзгерт» және т.б. ойындары.  

Өз  жұмысымызда  инновациялық  технологияның  бір  әдісі  ретінде  тілдік  белсендіргіш 

тренажерді қолданыламыз. Жұмыс кезінде бала сөзді көріп қана қоймай, оны қолына алып, 

алақанында ұстап, онымен сөйлемдер құрастыра алады.  

Осылайша,  тіл  дамыту  сабағында  АТҚ,  инновациялық  технологияларды  қолданылу 

балалардың  тілдің  дыбыстық  мәдениетін,  тілдің  грамматикалық  және  фонематикалық 

лексикасын  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Ал  әрбір  педагогтың  негізгі  міндеті  –  ғылыми-

техникалық  прогрестен  қалыспай,  жаңа  педагогикалық  инновацияларды  дер  кезінде 

қабылдап, өңдеп, өз жұмысында нәтижелі пайдалана білу болып табылады.  

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» Заңы, 2007 

2.  А.С.Құрманбекова  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйсеніде  педагогикалық 

технологияларды қолданылу» 

3. «Мектепке дейінгі білім» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №5 2009 ж. 

4. Ткаченко Т.А. «Формирование связной речи», 2007 

 

 



580 

 

580 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН 

ДАМЫТУ 

 

Аманбаева Мадина Жакатовна, Сайлаухан Мөлдір 

ҚМКҚ №15 «Аққу» балабақшасы 

 

 «Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ  



ұштарынан бастау алады.  

Саусақтардан басталатын нәзік  

салалар − шығармашылық ойларды  

нәрлендіретін қайнар көз»  В.А. Сухомлинский 

Мектептегі  оқуға  интелектуалдық  дайындықтың  көрсеткіштерінің  бірі  ұсақ 

мотриканың жоғары дамуы болып табылады.  Өкінішке орай қол моторикасының аз қолдану 

салдарынан, қазіргі  балалардың жазуды игеру немесе сөйлеудегі  дамуында мәселелер бар. 

Көптеген ата – аналар  егер балаланың сөйлеуі қалыпты жағдайда болса, онда ол осы даму 

деңгейіне тура келеді деп ойлайды. Бірақ бұл жағдай мектепке дейінгі ұйымдағы балалар өз 

қолдарын  жақсы  игереді  деген  сөз  емес.  Егер  4  –  5  жаста  балалардың    бауды  байлауы 

қиындық тудырса,  немесе  ермексаздан үлкендердің көмегінсіз шардан басқа пішін жасай 

алмаса,  яғни  бұл    балалардың  ұсақ  моторикасының  дамуы  баяу  жүріп  жатыр  дегенді 

білдіреді.   

  

Ұсақ моториканың дамуы – қол саусақтарының жылдам және нақты қозғалуына, 



сонымен қатар олардың сезімталдылығы баланың есте сақтауына, ойлауына, сөйлеуіне және 

жазуға  дайындығына  –  күшті  әсер  етеді.  Өкінішке  орай  баланың  ұсақ  мотрикасының 

дамуының  кемшіліктерін  көптеген  ата  –  аналар  тек  мектепке  барар  алдында  ғана  немесе 

мектептегі  оқу  кезінде  ғана  байқайды.  Балаға  көп  мөлшерде  салмақтың  түсуі:  жаңа 

ақпараттарды қабылдаудан басқа, оған өзіннің қозғалысын басқарауды үйренуге тура келеді. 

Ұсақ  моториканың  жеткіліксіздігі,  баланың  өзіне  қызмет  етуінің  төменгі  деңгейін 

көрсетеді,  мысалы:  киіну  және  шешіну  барысында,  түймелерін  тағу  мен  ағытуда,  бауын 

байлау мен шешуде және асхана құралдарын қолданған кезде және т.б. 

Интелектуалдық  дамудың  кірпіші  мектепке  дейін  қаланады.  Балаларды  туғаннан 

бастап және өз бетінше толық дамығанға дейін оқытқан жөн. 

 

Ұсақ  мотриканы  дамытуға  арналған  ойындар  мен  ойын  жаттығуларын 

қолдануға арнаған практикалық кеңестер. 

 



Саусақ жаттығулары ұзақ болмау керек, күніне бірнеше минут жеткілікті. Кіші 

жастағы  балалар  ермексазбен,  жаңғақпен,  қысқыштармен,  дәндермен,  түймелермен 

ойнағанды жақсы көреді.  

 



Ересек топтағы балалармен ойындар бірте – бірте қиындай береді. Бұл суреттерді 

салу және де көшіру; тор көз парақтармен дұрыс жұмыс жасау, ұсақ тастардан өрнек жасау; 

ермек саз пен дәндерді қағаз бетінде жағу арқылы жабыстыру; тақтайшаларда шеге қағу, жас 

ерекшелігіне қарай мозайка құрастыру, моншақтарды тізу.  

 

Моншақтарды  тізу  барысында  балалардың  екі  қолымен  қатар  жұмыс  жасауын 



мақсат тұтады, ең бастысы бірнеше іс әрекетті бір уақытта орындау.  

 «Достарға  мойыншақ»  ойыны.  Әртүрлі  пішінді  макарондарды  алып,  балаларға 

мойыншақ  жасау  ұсынады,  әртүрлі  пішіндегі  макарондарды  ретімен  келістіре  жіптен 

өткіземіз. Балаларға тапсырма беру: шыршаға әсем моншақтар немесе үйдің қабырғаларын 



581 

 

581 



 

әсемдеуге  арналған  моншақтар.  Моншақтарды  әртүрлі  түске  бояуға,  сол  кезде  моншақтар 

әдемі, ашық түсті болатынын айту. 

 «Домалату» ойын. Балаларға бұл ойын өте ұнайды. Шарды, допты, қарындашты, грек 

жаңғағын саусақ арасында үлкен саусақтан шынашаққа домалату. Ойын ойнай отырып қолға 

массаж жасаймыз..  

 «Сәнгер» ойыны. Бұл ойын тек саусақ моторикасын дамытып қоймай, сонымен қатар 

қол моторикасы арқылы мидың қызметін арттырады. 

Бұл ойынға кез – келген қуыршақтың киімін аламыз, ашық түсті түймелер, түрлі – түсті 

қағаз,  степлер,  қайшы  және  әртүрлі  мата  алып,  сәнді  киім  жасаймыз.  Кішкентай  сәнгерге 

индейцтердің бас киімін жасауға ұсынамыз. Жұмсақ кардон, түрлі – түсті қатырма қағаздар 

және қауырсындар. 

«Білезікті әшекейлейміз» ойыны. Бұл ойын үшін қатты фольга керек, балалар фольгага 

ою  –  өрнекті  ояды.  Қарындашпен  фломастермен  ұзақ  жұмыс  жасағанда  қолға  арналған 

жаттығуды жасау керек. Қол мен саусақтың шаршағанын басатын қимылдар ұсынылады: 

 



Жұдырықты түйу. Қолдың мойынын оңға және сол жаққа айналдыру (4 – 5 рет). 

 



Саусақтарды жұмып және ашу (5 – 6 рет). 

 



Шынашақтан  бастап  саусақтарды  кезекпен  бүгу  арқылы  саусақтарды  жұму  (4  –  5 

рет). 


Әр жұмыста балалар қиындыққа тап болуы мүмкін, сол кезде әр балаға көмек беріп, 

жеке жұмыс жасау. 

Қортындылай отырып, ұсақ моторикасы жақсы дамыған бала логикалық ойлай біледі, 

оның  есте  сақтау  қабілеті  жақсы  дамып,  жақсы  байланыстыра  сөйлейді.    Сондықтанда 

баланың  ұсақ  мотрикасының  жақсы  дамуын  ерте  бастан  қадағалап,  оған  аса  көңіл  бөлген 

жөн.  


 

Әдебиеттер:  

1. Логопедия [Текст]: учебник для студ. дефектолог.фак. пед. Вузов/ ред. Л.С. 

Волкова, С.Н. Шаховская. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 

2002. – 680 с.

 

2. Кольцова М. М. Двигательная активность и развитие мозга ребёнка.- М.,2003.



 

3. Пименова Е. П. «Пальчиковые игры» / Е. П. Пименова.- Ростов н/Д: Феникс, 2007. 

4.Филиппова  С.О.  Подготовка  дошкольников  к  обучению  письму.  Влияние 

специальных  физических  упражнений  на  эффективность  формирования  графических 

навыков [Текст]: учебное пособие/ С.О. Филиппова. – СПб.: Питер,2000. 287 с. 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДҮНИЕНІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТІЛІН 

ДАМЫТУ  

 

КМҚК «Алпамыс» балабақшасы 



Тәрбиеші     Тилеугазы Нургуль  

 

Мектепке  дейінгі  шақ-  балалардың  сезімдік  тәжірибиесінің  орасан  молайып,  ретке 



келу,  қабылдау  мен  ойлаудың  балаға  тән  түрлерін  игеру,  қиялдың  күшті  дамуы,  ырықты 

зейін  мен  мағыналы  естің  бастамаларының  қалыптасу  кезеңі  болып  табылады.  Баланың 

сөйлеу  тілін  дамыту,  меңгеруге  бағытталған  материалдарды  жинақтай  отырып,  тілін 


582 

 

582 



 

дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді 

тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен 

таныстыру-  бұл  олардың  санасына  қоршаған  орта,  табиғат  туралы  сезілетін  тәжірибесіне 

негізделген  шындық  тұрғысындағы  білім  қалыптастыру  және  оған  деген  дұрыс  қарым-

қатынасқа  тәрбиелеу  әдісі.  Балалар  ересектердің  әсері  арқылы  адамгершілік  қарым-

қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді 

тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, 

салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.  

Қоршаған  ортамен  және  оның  түрлерімен  таныстыра  отырып,  балалардың  ұғымын 

кеңейтеміз.  Әрбір  бала  өзінің  қоршаған  ортасын  айналадағы  құбылыстарды  тану  арқылы 

жетіледі.  

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.  

Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, 

балабақшадағы  тәрбиешілермен  топтағы  балалардың  аты-жөніндерін  тани  бастайды. 

Балабақшаның  ішкі  құрылысымен  таныстырылып,  топ  бөлме,  асхана,  дәрігер  бөлмесі,  т.б 

айырмашылықтарын  ажырата  бастайды.Сонымен  қатар  әр  бөлмеде  жұмыс  түрін,  қажетті 

құралдарды,  олардың  аты,  не  үшін  қажет,  неден  жасағаны,  қайда,  кімде,  қандай,  кім  не 

істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы 

әңгімелейді.  

Балалар  әсіресе  ұлдар  жағы  қызығы  көлік  түрлерін,  яғни  ұшақ,  поезд,  жеңіл,жүк 

машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі.Балалар бос уақытында 

жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.  

Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:  

Мектепке  дейінгі  кезеңде  бала  қоршаған  ортаны  танып  біледі.  Баланың  табиғатты 

танып  білуге  деген  қызығушылығын  оята  отырып,  тәрбиеші  оны  табиғатпен  таныстырып 

қана  қоймай,  оны  түсінуге,  өсімдіктер  мен  құстарды  қамқорлауға,  табиғаттың  сұлулығын 

сезіне білуге үйретеді.  

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған  орта нысандарына 

танымдық  қызығушылығын  арттырумен  тығыз  байланысты  болып  табылады.  Баланың 

танымдық  дамуы  ойын  барысында,  табиғи  нысандар  мен  құбылыстарға  бақылау  жасау, 

заттарды  қарап,  зерттеу  кезінде,  табиғат  пен  табиғат  күнтізбесіндегі  ауа-райы  жағдайына 

бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.  

Мектепке  дейінгі  балалық  шақ  кезеңінде  баланың  танымдық  дамуы  эмоционалдық 

қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - 

қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да 

серуне  арқылы  бақылау  мен  зерттеу  сияқты  әдістер  балаға  неғұрлым  жақын  болып 

табылады.  

Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың 

табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.  

Біріншіден,  арнайы  бағдарлама  пайдалану  оқу-тәрбие  жұмысын  жоспарлау  кезінде 

жеңілдік  туғызса,  екіншіден,бақылауды  жүргізуге  қойылатын  талаптар  сақталады. 

Балалардың  танымдық  құзіреттілікті  меңгеруі,  бақылау  нәтижесі  тәрбиешінің  қолданатын 

әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.  



583 

 

583 



 

Баланың  жан-жақты  дамуы,оның  қоршаған  ортамен  белсенді  қарым-қатынасы 

негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда  «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру»  - осы үш бағытта 

жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.  

Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы 

көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.  

Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде 

әр  түрлі  ойындар  арқылы  жаңа  ойын  технологияларын  әдіс-тәсілдердін  қолдану  қажет. 

Серуен  барысында  тек  бақылап  қана  қоймай,  еңбек  шараларын  қатар  жүргізіп  отыру 

керек.Серуенде  ағаштарды,гүлдер  мен  шөптерді  ажыратуға,оларға  қамқорлықпен  қарауға 

көңіл аудару керек.  

Еңбек  барысында-  ойын  әрекеті  арқылы  балалардың  қызығушылықтарын  дамыту 

қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге 

қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.  

Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.  

Сонымен,  аталған  талаптарға  сай  бақылауды  өткізу  тәрбиешінің  арнайы  дайындығы 

болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:  

• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.  

• Бақылауды өткізу орны және уақыты.  

• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.  

• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.  

• Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;  

• Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;  

• Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;  

• Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;  

• Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;  

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен 

байланысты 

болып 

келеді. 


Айналадағы 

әлемді 


ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен  қарым  -  қатынас  кезінде 

танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата 

бастап,олардың құрылысын,пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында 

бала  шындық  дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай  білуге,адам  баласының 

жинақтаған  бай  тәжірибесін  үйренуге  талаптанады  және  тілі  дами  түседі.Балалардың  бір 

нәрсені 


құмартып 

білуге 


талаптануын 

таным 


ынтасы 

дейді.Балалар 

өте 

байқағыш,еліктегіш,әр  нәрсеге  үңіле  қарайды,көп  нәрселер  оларды  ойлантады.Ойларын 



айтып  жеткізгісі  келеді.  Сондықтан  ересек  адамдар  бала  сұрағын  жауапсыз  қалдырмауға 

тырысқан  жөн.  Себебі  сұрағына  жауап  ала  алмаған  бала  келешекте  сұрақ  қоюдан 

жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.  

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. 

Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден 

күтеді,  өйткені,  олардың  түсінігінше,  ересектердің  білмейтіні  болмайды.  Мұндай  ерекше 

сұрақтар  балалардың  ақыл  –  ой  еңбегімен  шұғылданудағы  ниетін,  ықыласын  сипаттайды. 

Мектепке дейінгі жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.  

Тәрбиеші-педагог  баланы  ертеңгі  болашағына  дұрыс  көз  қараспен  қарай  отырып, 

баланың мінез құлқын сана – сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, 



584 

 

584 



 

қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі 

дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары 

–  


(зейін,  қабылдау,  есту,  ойлау,  есте  сақтау)-  қабілеттерін  қалыптастыру  болып 

табылады.  

Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса да бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке 

шоғырлануы.  

Ойлау  дегеніміз-фактілер  мен  құбылыстарды  дерексіздендіру,  қорыту,  жанама  түрде 

жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы 

қол жететін таным процесі  

Ес дегеніміз- есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады.  

Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше 

көңіл бөлеміз. Ақыл –ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр 

болса, сөз де бұлдыр» деп В.Г.Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.  

Ой  дамыту  –  тіл  дамытумен  ұштасады.Тіл  дамытудың  тиімді  құралдарының  бірі- 

жаңылпаш,  жұмбақ  айтқызып,оның  шешімін  табу.  Себебі  бұлар  баланың  дүниетанымын, 

түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды 

рөл  атқарады.Баланың  тілін  шыңдай  түсіп,  асықпай  ,жатық  еркін  сөйлеуіне  көмектеседі. 

Жаңылтпаштар  балаға  затты  аңғаруға,  ой-өрісін  дамытуға  игі  әсерін  тигізеді.Балаға 

жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін 

дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, 

балалар  олардың  шешімін  табады.  Балаларды  тез  ойлауға,  шапшаң  жауап  беруге, 

алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.  

Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық 

саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті 

барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.  

Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп 

үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.  

 

Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын рөлі.  



Ойын-баланың  жеке  басын  дамытуда,  сөздік  қорын  молайтуда,  қоршаған  ортамен 

танып-білуінде,  өздігінен  әрекет  жасау  дағдыларын  қалыптастыруда,  адамгершілік 

қасиеттерін  қалыптастыруда  ерекше  орын  алады.  Жаңа  стандартқа  сәйкес  мектеп  жасына 

дейінгі  балаларға  арналған  пәндік-  дамытушы  ортаны  ұйымдастыруға  қойылатын 

талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз 

ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін ойын - 

өзін-өзі  жетілдіру  мен  өзін-өзі  көрсетудің  құралы.Ойында  балаларды  не  қызықтырады?- 

деген  сұрақ  туындайды.  Балалардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  ойын  түрлері  де  әр  түрлі 

болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін 

күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында 

қолданылатын ойын түрлері.  

Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:  

• Дидактикалық ойын  

• Сюжеттік рөлдік  



585 

 

585 



 

• Қимыл-қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар)  

• Саусақтар ойыны  

• Үстел үсті ойындары.........  

Дидактикалық  ойындар  оқу  әрекеті  барысында  балалардың  қызығушылықтарын 

арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу 

әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас 

ерекшеліктеріне қарай қолданылады.  

Баланың көп уақытын ойынмен өткізуінде емес, ойын кезінде баланың тілінің дамуы, 

психикалық  өзгерістерінің  болуында  Алайда  баланың  3-4  жасында  жаңаша  өзгеруге, 

түрленуге деген қабілеті байқалады. Ал, 4-5жастағы бала өз ойынан шығаруға, яғни түрлі 

жағдайларға байланысты бейімдеп отыруға үйренеді.  

Қорыта айтқанда  

«Сөз-  ойдың  айнасы»  деп  Ғабиден  Мұстафин  айтқандай  тіл  дамыту  сабақтарын 

шығармашылықпен  жүргізіп,  тілден  сырлы  сазды  табайық.  Баланы  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды  

«өне  бойы,  өмір  серік»-  етіп  алғанымыз  жөн.  Баланың  тілінің  дамуы  барысында 

қоршаған ортаның, ойынның әсерінің қаншалықты маңызды екендігін байқадық. Қоршаған 

ортаны бақылау барысында да, ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек 

ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым-қатынастары да жақсы дами 

түседі. Топпен біріге жұмыс жасау қабілеттері арта түседі. Өз жұмысымды бақылай отырып 

«Мектеп жасына дейінгі  баланың дүниені тану  арқылы тілін дамыту»- тақырыбын  таңдап 

алдым.  

Келешекте алдыға қойған мақсатым:  

Баланың тілін дамыту сөздік қорын молайту, ойын арқылы ынталандыру нәтижесінде 

қоршаған ортамен тығыз байланыстыра отырып дүниетанымын арттыру.  

Балалардың  тілдерін  дамытуда  көптеген  өлең  тақпақтар  жаттату,  ата-анасын 

құрметтеуге, отансүйгіштікке баулый отырып, тілдерін ары қарай дамыту жолында, оқу іс-

әрекетіне  сай  бағдарлама  бойынша  жаңа  технологиялармен  жұмыс  жүргіземін.  Тілдің 

дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, тілі аса 

дамымаған балалармен болашақта жеке жұмыстар жүргіземін.  

Балабақша ішінде өткізілген мерекелерде әрбір бала өлең тақпақтарын, анық мәнеріне 

келтіріп  айтуына,  әр  балаға  жеке  көңіл  аудара  отырып  тілдерін  жетілдіру.  Оқу  іс-әрекеті 

барысында  «Ойын,  еңбекке  баулу,  бақылау,  тілін  дамыту»-  әрекеттерін  терең  түсініп 

қабылдау  үшін  инновациялық  технологияларды  қолданду,  ары  қарай  жаңа  технологиялар 

енгізіп, интерактивті оқу әрекеттерін енгізу мақсатым.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  



1. Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003-15стр  

2. Равновесие Нэше, свободная энциклопедия  

3. Қазақтың ұлттық ойындары  

4. Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения» («Значение» 1949-90 стр)  

5. А.Ж.Едігенова «Ойыната отырып тәрбиелеу» 2010ж-40-50 бет  

6. Қазақстан мектебі №7, №8, №9. 5-36бет  

7. Сыр мектебі 15.10.2008ж 


586 

 

586 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет