«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІЛЕРГЕ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ



Pdf көрінісі
бет81/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІЛЕРГЕ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ 

ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

Бекшина Үміт Советовна 

Магазова Алмагул Толеугазиновна  

№ 145 «Балапан» балабақшасы, КМҚҚ 

 

 

Балалардың  музыкалық  қабілеттерінің  дамуы  көбіне  музыкалық  жетекші  мен 



тәрбиешілер  жұмысының  түйісуіне  байланысты  болады.  Балабақшада  тәрбиеленіп  келе 

жатқан балада музыканы тындау, оны түсіну, есте сақтау, ән салу, би билеу, аспаптарды тану 

қабілеттері бірте-бірте қалыптасады.  

Музыкалық  оқыту  –  музыкалық  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  қажетті  білімдер,  біліктер 

және іс-әрекет тәсілдерінің процессі.  

Музыкалық  тәрбие  –  ұйымдастырылған  педагогикалық  процесс,  музыканың 

адамгершілік-эстетикалық  мазмұнын  меңгерту  негізінде,  өзіне  және  қоршаған  адамдарға, 

әлемге эмоционалды-құндылық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.  



Музыкалық  тәрбие  әдістері  -  педагог  іс-әрекеті  ретінде  анықталып,  баланың  жалпы 

музыкалық-эстетикалық  дамуына  бағытталады.  Олар  педагог  пен  баланың  белсенді  өзара 

байланысы  негізінде  құрылады.  Осындай  күрделі  педагогикалық  процесте  баланың  іс-

әрекетін  ұйымдастырып,  оның  жеке  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын,  дағдыларын 

ескере отырып, педагог жетекші рөлді атқарады[1].  

Әдістер  музыкаға  деген  эстетикалық  тәрбиеге,  эмоционалды  әсер  алғыштыққа, 

музыкалық қабылдауға, қарым-қатынасты бағалауға, әсерлі орындаушылыққа бағытталған. 

Осының  бәрі  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жасына  қарай  өзгеріп  отыратын  жалпы 

музыкашылдығының әр түрлі  сәттерінде кездеседі. Сонысына қарай тәрбие әдістерінің де 

өзгеріп отыруы тиіс. 

Тәрбие  әдістері  нақты  оқу  міндеттеріне,  музыкалық  іс-әрекет  түрлерінің  әртүлі 

сипатына, ақпарат көздеріне қарай алуан түрлі болып келеді.  



Музыка  құралдары  арқылы  сендіру  әдісі.  Біріншіден  мектеп  жасына  дейінгі  баланы 

музыка  құралдары  арқылы  өнерге  тәрбиелеуде  сендіру  әдісін  қалай  қолдану  керектігін 

қарастырамыз.  Бұл  жағдайдағы  тәрбие  процесі  музыкамен  тікелей  байланты  екендігін 

білдіреді. Орындалу жеткілікті, ашық, темпераментті және әсерлі болуы тиіс. Тек сонда ғана 

балалар  бойынан  эмоционалды  әсер  алғыштықты,  эстетикалық  уайымды  тудыра  отырып, 

белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізе аламыз.  

Орындаушылық  әсерлі,  шынайы,  түсінікті  болуы  үшін  сол  шығарманың  мазмұнын, 

сипатын, көңіл-күйін жақсы білу қажет. Сондықтан бірнеше қайтара орындап беру процесі 

арқылы  шығармамен  танысамыз.  Композитор  Б.  В.  Асафьев:  «Музыканы  тыңдау  –  оны 

түсіну» деп атап көрсеткен.  

Музыка — «сезімдердің тілі». Музыка белгілі бір көңіл-күйді тудырады, толғандырады, 

ойландырады.  

Сонымен,  сендіру  әдісі  арқылы    музыкалық  шығарманы  дұрыс  түсінуді,  жақсы 

талғамды, жағымды сезімдерді дамытамыз. Әннің мәнін түсіну арқылы бала бойында әртүрлі 

сезімдер, әсерлер қалыптасады. 

Үйрету және жаттығу әдісі. 

Енді  жаттығу  әдісін  балалардың  музыкалық  іс-әрекетін  ұйымдастыру  әдісі  ретінде 

қарастырамыз.  Музыкаға  деген  эстетикалық  қатынасты  дамыту  үшін  балалардың 

қызығушылығын,  белсенді  іс-әрекетін,  зер  салып  тындауын,  дыбыс  ерекшеліктерін 

салыстырып,  ажырата  білуін,  ритмді  түрлендіре  білуін  қалыптастыру  қажет.  Бұл  жұмыс 

жүйелі түрде жүруі тиіс.  

Атақты  педагог  В.  А.  Сухомлинский,  сезімдерді  (сонын  ішінде  эстетикалық  сезім 

туралы)  тәрбиелеудің  қиындығы  жайлы  былай  деген:  кейде  бала  бойындағы  сезімдердің 



593 

 

593 



 

қалыптасуын жылдар бойы күтуге болады деген. «Тәрбиешінің басты міндеті әрбір баланың 

қолына скрипка беріп, музыканың қалай туатынын сезіндіру»  деп жазған.  

Музыкаға  деген  эстетикалық  қатынасты  үйретуде  тәрбиешіге  шыдамдылық  пен 

тұрақтылық қажет.   

Мектеп  жасына  дейінгілердің  музыкалық  тәрбиесінің  дамуы,  музыкалық  тәрбиенің 

әдістері болып табылатын сендіру және жаттығу әдістері арқылы жүзеге асады[2]. 

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық білім беру әдістері – педагог пен баланың 

өзара  байланыс  іс-әрекеті,  мектеп  жасына  дейінгілердің  музыкалық  мәдениет  негіздерін 

қалыптастыруға, музыкалық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.  

Көрнекілік  –  сөздік  әдісі  —  музыкалық  шығарманы  педагогпен  немесе  техникалық 

құралдардың  жабдықтарымен  орындау  болып  табылады.  Көрнекілік  –  сөздік  әдісін 

қолданудың  нұсқалары (мәселелік жағдайды тудыру): 

-

 



жанды дыбыс пен жазылған дыбысты салыстыру;  

-

 



 2-3  шығарманы өзара салыстыру. 

Көрнекілік-көзбен көру әдісінде - суреттер, картиналар, үлестірмелі карточкалар көмекке 

келеді.  

Осы әдісті қолданудың мәселелік жағы:  

— үш картинадан музыканың мазмұнына келетін бір картинаны таңдап алу

— картинамен 2-3 музыкалық шығарманы салыстыру және мазмұнына жақын келетінін 

таңдап алу. 



Сөздік әдіске - әңгіме, мазмұндау, түсірдіру және т.б. жатады. 

Бұл  әдістің  ерекшелігі  тұрмыстық  емес,  образдық  сөйлеуге  негізделеді.  Бұл  жағдайда 

педагог ашық, сауатты, мәнерлі, эмоционалды сөйлеуі қажет. Әдіс мәселелік сипатқа ие емес. 

Егер балаларға салыстыру, өз ойын айту сияқты (сипаты, жанры, құралдары) тапсырмалар 

берілсе, әдіс мәселелік сипатқа ие болады.  

Практикалық  әдісте  -  қимылдың,  аспаптардың  көмегімен  көмегімен  ән  айту  жүзеге 

асырылады. 

Егер педагог орындау іс-әрекеттерінің бірнеше нұсқасын ұсынған кезде  әдіс мәселелік 

сипатқа ие болады: 

—  бірнеше  қимылдардың  ішінен  музыка  сипатына  сәйкес  келетінін  таңдап  алу 

ұсынылады;  

—  музыкаға  сәйкес  келетін  бірнеше  нұсқалы  қимылдарды  баланың  өздігінен  таңдап 

алуы ұсынылады[3]. 

Әдістерді таңдау балалардың жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі: 

Кіші  мектеп  жасына  дейінгілерге  көрнекілік  және  практикалық  әдістер  қолданылады. 

Сөздік  қоры  аз  балаларға  сөздік  әдіс  қолданылады.  Олардың  сөздік  қоры  әлі  дамымаған. 

Педагог балалардың сөздік қорын арттыру мақсатында, жаңа сөздерді қолдануды үйретеді.   

Ересек  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  шығармашылық  пен  дербестікті  тудыруға 

себеп болатын барлық мәселелік әдістер қолданылады. Жоғарыда көрсетілген барлық әдістер 

мектеп жасына дейінгілердің музыкалық дамуына, музыкалық білім алуына септігін тигізеді.  

Әдістерді таңдау музыкалық шығармамен жұмыс істеудің кезеңдерін анықтайды: 

1 - кезеңде — көрнекілік-есту және сөздік әдістер жетекші рөл атқарады. 

2  -  кезеңде  —  практикалық  әдістің  рөлі  арта  түседі,  яғни  бұл  әдісте  көрнекілік  және 

сөздік әдістерді пайдалана отырып, әртүрлі тәсілдер арқылы әнді орындап беру. 

3 – кезең — (шығарманы жатқа айту) практикалық әдіс дербестік пен шығармашылыққа 

ұласады. 

 

Әдебиеттер тізімі:  

1.

 

Методика  музыкального  воспитания  в  детском  саду:  «Дошк.  воспитание»/  Н.А. 



Ветлугина, И.Л. Дзержинская, Л.Н. Комиссарова и др.; Под ред. Н.А. Ветлугиной. – 3-е изд., 

испр. и доп. – М.: Просвещение, 1999. – 270 с. 



594 

 

594 



 

2.

 



 Мектеп жасына дейінгі  мекемелердің жетекшілеріне арналған көмекші  құрал  (3-6 

жас). Алматы кітап баспасы, Алматы. 2013.-92 б. 

Н.А.  Ветлугина.  Балалар  бақшасында  музыкалық  тәрбие  беру  методикасы.  Алматы. 

ектеп». 1981. 

 

 

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН САЛАУАТТЫ ӨМІРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ 



 

Турганбаев К.С. 

№101 мектеп-лицейі 

 

        Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде алға қойған 



міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі 

уақытта  әлеуметтік  жағдай,өмір  сүру  ұзақтығының  төмендеуі  және  адам  экологиясының 

қолайсыздығы  бүкіл  өркениетті  әлем  үшін  көкейтесті  мәселе  болып  отыр.  Еліміздің  даму 

бағытын бекіткен салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды бар мәселелермен тең 

дәрежеде екендігі баса көрсетілген.  

Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, 

өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру.Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға 

үйрету. 


Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, 

тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-

әрекет.  Өмір  заңдылығы  салауатсыздықты  кешірмейді,  оғаш  қылықтар  түбінде  опық 

жегізеді. 

Жасөспірімдердің  салауаттылық  өмірге  ұмтылысы,  зиянды  әдеттерді  жек  көрушілігі 

олардың  өзге  адамдармен  қарым-қатынасына  яғни  әлеуметтік  ортаға  тығыз  байланысты. 

Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген 

маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.  

Бала  тәрбиесі  әсіресе,  мектептен  тыс  уақыттағы  сыныптан  тыс  жүргізілетін 

жұмыстардың  мән-мағынасы  өте  зор  болып  келеді.  Бүгінгі  қоғамымызда  салауатты  өмір 

салтына  деген  саналы  көзқарастың  жеткіліксіздігі  азаматтардың  рухани  деңгейінің 

төмендігіне 

және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар 

денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі , 

азып-тозуы,  тез  шаршағыштығы,  өмірінің  қысқа  болуы  –  осы  жайттардың  айқын көрінісі. 

Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары 

екендігі даусыз. 

Жастары  әлсіз,  денсаулығы  нашар,  білімсіз,  зиянды  әдеттерге  әуес,  жалқау,  тәрбиесіз 

болса  ол  мемлекет  қашанда  әлсіз,  қорғансыз.  Жастар-біздің  болашағымыз.  Ал  бізге 

болашағымыздың  айбындылығы  мен  жарқындылығы  қажет.  Келешегінен  үміт  күткізіп 

отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері. 

Салауатты 

өмір 

салты-адам 



үшін 

аса 


маңызды, 

денсаулықпен 

тікелей 

байланысты  құнды  форма.  Ол  адам  мәдинетінің  бір  бөлігі.  Ал  денсаулық 

адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. 

Денсаулыққа  тек  дененің  сыртқы  бүтіндігі  ғана  деп  қарау  ағаттық,  жалпы  алғанда  оны 

организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл  қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан 

жөн. 


Сондықтан  адам  денсаулығының  жағдайы  тек  қоғамдық  дамудың  ғана  көрсеткіші  емес, 

сонымен  бірге  қуатты  экономикалық,  еңбек,  қорғаныс  және  мәдени  әуес  болып 

табылады.Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайына басты назар аударуда.  

Салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудың  мазмұны  мен  ұйымдастыру  формалары 

мынаны көздейді: 


595 

 

595 



 

 



Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау; 

 



Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру; 

 



Ғылымилық, 

тек 


тексерілген 

ғылыми 


дәлелденген 

деректерге 

ғана 

сүйену; 


 

Экологияландыру 



адам 

организміне 

қоршаған 

орта 


факторларының 

әсерін білу; 

 

Ұлттық 



аймақтық 

ерекшеліктерді 

ескеру, 

салауатты 

өмір 

салты 


туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу

 



Үздіксіз 

оқыту,салауатты 

өмір 

салты 


дағдыларын 

үздіксіз 

қалыптастырып үнемі пайдалану; 

 



Әлеуметтендіру, 

салауатты 

өмір 

салтын 


ұстанған 

қоғам 


мүшесін 

дайындау. 

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың 

салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған 

ортасын  таза  ұстауға  және  жоғары,  сапалы  білім  алып,  сол  білімді  келешектегі  өмірінде 

пайдалана білуге тәрбиелеу.  

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын 

құрастырады.  Салауатты  өмір  салтын  насихаттауда,  салауатты  өмір  сүру  мәдениетін 

қалыптастыру  мәселелерін  жетілдіретін,  осы  саладағы  басымдылықтарды  анықтайтын 

ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім 

де  қажет.  Мектеп  оқушыларының  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  туралы  алған 

білімдері  болашақ  азаматтардың  денсаулығын  сақтап  қалуға  берік  тірек  болады. 

Мектеп  оқушыларының  салауатты  өмір  сүру  мәдениетін  қалыптастыру  бұл: 

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты 

үйлесім  тауып,  өз  ғұмырын  Отаны,  елі,  отбасы  және  өзі  үшін  барынша  пайдалы  өткізу 

дағдысын қалыптастыру; 

- Екіншіден, салауатты өмір салты  – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен 

орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды 

жүргізу. 

Мектептегі  оқушы  денсаулығын  сақтау  мен  қалыптастырудың  басты  мақсаты:  тұлғаның 

психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, 

гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете 

түсіндіру; 

Олардың  мінез  –  құлқында  белгілі  гигиеналық  тұрақтылықты  қалыптастыру,  өзіне  -  өзі 

қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын  

қалыптастыру болып табылады. 

Бұл  жеке  адамның  тіршілік  етуге  бағытталған  мүмкіндіктерін  қалыптастыру.  біздіңше, 

адамның  әлеуметтік  –  психологиялық  және  биологиялық  жақтан  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: 

-  белсенді  қозғалыс  нәтижесінде  организмді  шынықтыру  дене  тәрбиесі  немесе  спортпен 

шұғылдану; 

физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 

-жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 

- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; 

- дұрыс жыныстық тәрбие алу; 

- зиянды әдеттерден аулақ болу. 

Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы 

ішімдікке  салыну  десек,  қазіргі  зерттеулерге  қарағанда,  оған  салынудың  әлеуметтік  – 

патологиялық  дамуы  мына  себептерге  байланысты  екені  белгілі  болып  отыр: 

- әлеуметтік – экономикалық жағдай; 

- отбасындағы психологиялық орта; 

- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б. 



596 

 

596 



 

Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды 

әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, 

оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады.  

Білім  –  қоғамды  тұрақтандыратын,  рухани  мұраны  сақтайтын,  ұрпақты  ұрпаққа 

сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін 

тиімді  қолдану,  жаңа  технологияны  әркімнің  өз  сабағында  пайдалану  арқылы  оқушы 

жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау 

ұрпақ  тәрбиелеу  дене  тәрбиесі  пәні  мұғалімдерінің  басты  міндеті. Олай  болса,  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  ой  елегінен  өтетін  әдіс-тәсілдерін,  жаңашыл  педагогтардың  тапқан 

әдістемелерін  біліп  қана  қою  жеткіліксіз,  оны  әркім  өз  мүмкіндігінше  күнделікті  сабақта 

пайдалану қажет.  

Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында 

жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен 

оқушы  арасындағы  қарым-қатынас,  сабақты  жақсы  оқитын,  спортқа  бейім  оқушылармен 

белсенді  жұмыс  істеп  қана  қоймай,  барлық  баланың  дамуы  үшін  қолайлы  жақсы  ойлар 

туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушылар өз қабілетін 

ең  төменгі  жеңіл  тапсырмаларды  орындаудан  бастайды  да,  оларды  міндетті  түрде  толық 

орындап  болғаннан  кейін  ғана,  келесі  күрделі  деңгейдегі  жаттығуларды  орындауға  көшіп 

отырады.  Бұл  оқушылар  арасындағы  бәсекелестікті  және  әр  оқушының  өз  қабілетіне, 

қызметіне  сәйкес  жоғары  деңгейге  көтерілуіне  толық    жағдай  жасалады. 

       Осылай  ойын  элементтерін,  әдістерін  деңгейлеп  орындату  арқылы  оқушылардың 

тапсырмаларды  орындауда  жинаған  ұпайларын  «даму  мониторингі»  кестесіне  белгілей 

отырып,  оқушы  біліміне  талдау  жасап  отыру  қажет.  Өтілетін  тақырыптарға  байланысты 

қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. 

Атап  айтсам:  «Кім  шапшаң?»,  «Көңілді  ойындар!»,  «Мен  чемпион!»,  сонымен  қатар 

қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру. 

        Дене  шынықтыру  пәнінде  жаңа  инновациялық  технологияларды  қолданудың  орны 

орасаң  болары  хақ.  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып,  білім  сапасын 

көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық 

ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, 

аударыспақ  сынды  ойын  түрлерін  өткізіп  отыру  керек.    Сондай-ақ  менің  оқушылармен 

сабақтан тыс уақытта өткізетін ойынымның түрі волейбол.  Осындай жұмыстарды жүргізу 

нәтижесінде  оқушылардың  белсенділігі  артып,  спортқа  деген  бейімділігі  қалыптасады. 

Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы 

спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу 

тоқсандарында 

жоғары 


сапаға 

қол 


жеткізуге 

болады. 


         Воллейбол — командалық спорт түрі. Воллейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл 

атқарады.  Воллейбол  ойыншысы  биіктікке  секіру  қабілеті  жоғары,  реакциясы  мықты, 

командаластарымен  еркін  түсінесетін,  физикалық  әлеуетін  соққы  жасау  кезінде  орынды 

пайдаланатын  ойыншы  болғаны  жөн.  Воллейбол  ойнаушы  адамдардың  бұл  ойынды 

ұнатуының басты себептері:  салауатты өмір  салтын ұнату,  ережелерінің оңай болуы және 

воллейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы. 

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене 

мүшелерінің  қимылынан  жүгіру,  жүру,  секіру,  лақтыру  т.б.  жаттығулардан  тұрады.  Бұл 

ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол 

дене  тәрбиесі  пәні  жаттығуларының  бірі  ретінде  ең  тиімді  де  ағзаға  пайдалысы  болып 

табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы 

қалыптасады.  Қандай  жаттығу  болмасын,  қозғалыс  барысында  нақтылы  орындалады.  

Айталық,  щабуылдау  кезінде  допты  қарсыласының  алаңға  дәл  түсіру,  болмаса  допты 

әріптесіне  дәл  бере  білу,  допты  қарсыласының  алаңына  алдап  тастау  т.б.  Демек  адамның 

барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі. 


597 

 

597 



 

Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды 

шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін 

әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып 

қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады. 

Волейбол  ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі  рөл атқарады. 

Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу  үшін міндетті  түрде бұрылыстар 

орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай 

орындайды.  Егер  де  доп  тура  келетіндей  жағдай  болғанда  алдыға  адымдап  барып  допты 

қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады. 

Ойыншылар  допты  ойынға  қосудың  бірнеше  түрін  игереді.  Бірінші  –  жоғарыдан 

шабуылдап  ойынға  қосу.  Допты  шабуылдап  ойынға  қосқанда  қарсы  жақтың  ойынын 

қиындатады.  Әдетте,  допты  мұндай  тәсілмен  беруді  меңгеру  үшін  иық-шынтақ 

буындарының  қимылдық  қабілеті  мен  күші  жеткілікті  болуы  керек.  Қарсыластарға  допты 

қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың 

барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу 

т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу 

қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады. 

Екінші  –  бүйірден  жоғарыдан  шабуылдап  беру.  Бұл  әдісте  әрине  қарсыластың 

ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты 

дағдылану керек. 

Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу 

сияқты  емес,  қарсыласына  онша  қауіп  төндірмейді.  Берілген  бұл  допты  қарсыластар  оңай 

қайтарады. 

Төртінші  –  допты  астынан  жанамалап  беру.  Бұл  допты  да  қайтарып  беру  үшін 

қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады. 

Қарсыластардың  берген  добын  қағып  алып,  өзара  ойнап  қарсыластарына  шабуыл 

ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. 

Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде 

шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып 

алуға болады. 

Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше 

қасиеттері  болып  табылады.  Доп  төмен  қарай  және  тез  берілсе,  ондай  жағдайды  тез 

бағдарлау,  тез  қозғалып  допқа  ұмтылып  құлай  түсіп,  болмаса  айналып  барып  қабылдау  – 

жеңіс  бастамасы  болып  табылады.  Демек,  доп  үнемі  бақылауда  болады.  Бұл  әдістерді 

үйренуде  акробатикалық  жаттығулардың  пайдасы  осындайда  керек.  Сөйтіп,  арнаулы 

дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла  – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл 

атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, 

қарсыластарының  шабуылын  қайтаруға  дайын  тұрады.  Қарсы  беттегі  нөмері  6,  3,  4,  2 

алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл 

жасайды.  Яғни,  шабуылшы  допты  бар  күшімен  қарсыластарына  қарай  ұрады.  Осы  кезде 

қарсыластар  тобы  тосқауыл  қояды.  Осы  сәтте,  6-нөмірдегі  ойыншы  2-нөмірдегі 

шабуылшының орнын қорғауға барады. 

Қазақстандағы волейбол 

Қазақстанда  алғашқы  жарыс  1926  жылы  Қызылордада  ұйымдастырылды.  Қазақстан 

волейболы  20  ғасырдың  60-жылдары  жақсы  дамыды.  Ол  спорт  шебері,  КСРО-ның  еңбек 

сіңірген  жаттықтырушысы  Октябрь  Жарылғаповтың  есіміне  тікелей  байланысты.  Оның 

құрған  «Буревестник»  ерлер  командасы  1969  жылы  КСРО-ның,  1970  –  71  жылы  Еуропа 

чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег 

Антропов,  Надежда  Смолеева  1968  жылы  Мексикада  өткен  19-Олимпиялық  ойындардың, 

1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы 

Сеулдегі  26-Олимпиялық  ойындарда  Ольга  Кривошеева,  Елена  Чебукина,  Татьяна 

Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның 


598 

 

598 



 

чемпионы  атанды.  Волейболшылардың  халықаралық  одағы  1924  жылы  құрылған;  1992 

жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше. 

Жаңаша  әдістерді  сабақтарда  үнемі  қолданысқа  енгізуде  теория  мен  практиканың 

ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.Осы бағыттарда сын 

тұрғысынан  ойлау  және  деңгейлеп  оқыту  технологияларының  тиімді  әдістерін  дене 

шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –

деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. 

Денені  шынықтыру,  тәрбиелеу.  Жалпы  дамыту  жаттығуларын  меңгертеді.  Мемлекеттік 

стандарттық  бағдарламаны  жоспарлай  білуді,  нормативтік  тест  жаттығуларды  игертуді 

береді. 

Дене  тәрбиесі  сабағында  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  тиімді  пайдалану.  

Осы  технологияның  шығармашылық  бөлігін  басшылыққа  ала  отырып,  ой  толғау  жасауға 

болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы 

арқылы, 

оқушылардың 

бейімділігін 

арттыруға 

болады.  

Күтілетін  нәтиже  -  дене  тәрбиесі  пәніне  деген  қызығушылықтары  артады.  Оқушы 

шығармашылығы,  өзін-өзі  басқаруы,  құрметі,  эстетикалық  талғамы  артады.  Дене 

шынықтыру  сабағында  5-6  сыныптарға  сергіту  сәтін  алуға  болады.  Өз  тәжірибемде  5-

сыныптарға  өткізген  «Эстафеталық  жарыстар»  атты  сабағымда,  алдымен  оқушыларға  ой 

толғау  жасау  мақсатында  қазақтың  ұлттық  ойын  түрлеріне  тоқталуды,  ұлттық  ойындар 

туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, 

осы  арқылы  оқушылар  сабақтың  жарыс  түрінде  топтық  ойын  әдісінде  болатына  көз 

жеткізеді. 

Сабақты  қызықты  өткізу  үшін  мультимедиалық  проектор  арқылы  қазақтың  ұлттық 

ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр 

топқа  белгіленген  ұпай  сандарына  қарай  бағалап  отырдым.  Кейін  сабақ  барысын:  «Кім 

шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық 

таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді 

шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа 

деген  қызығушылығының  артуымен  бірге,  машықтанады,  логикалық  ойлау  қабілеттері 

артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. 

Әр  түрлі  қимылдарды  түрлі  қарқында,бағытта,түрлі  жылдамдықпен  орындай 

отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады. 

Адам  ойын  үрдісі  кезінде  жоғары  эмоциялды  жүктеме  және  үлкен  қуанышқа 

бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор 

Балалар  және  үлкендер  қажетті  дағдыларды  имене  отырып,өз  бетінше  үнемі  дене 

шынықтыруды  жетілдіруге,ден  саулықты  сақтауға,көңіл  күйін  котеруге  және  ұзақ  өмір 

сүруге мүмкіндік бар. 

Алдымен  жеке  тұлғаның  әлеуметтік,  құзіреттілігін  дамытуды  керек  ету.  Сол  арқылы 

ұжымдық  зерттеуге  қол  жеткізуге  болады,  яғни  оқушының  өзін-өзі  басқарудағы  әлеуеті 

артты.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет