«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ АДАМГЕРШІЛІК-



Pdf көрінісі
бет80/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ АДАМГЕРШІЛІК- 

ПАТРИОТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ. 

 

Турсунова Айнур Саматовна – тәрбиеші 

Калинбетова Зарина Бекмуратовна – тәрбиеші 

КМҚК № 150 «Таңшолпан» балабақшасы 



 

 

 

Қазіргі таңда мемлекетіміздегі жағдайдың өте көп өзгерістерге ұшырап жатқаны 



бәрімізге белгілі. Ал патриоттық тәрбие ше? Ол өзгеріске ұшырады ма, әлде сол қалпы 

қалды ма? Осы сұрақ  бәрімізді толғандыруда. Соңғы 10-жылда әлеуметтік өмірдің 

өзгерісіне байланысты, балалардың да көзқарасы өзгеріске енуде. Бүгінгі таңдағы 

отансүйгіштікті неден көре аламыз?  Әркез осы тақырыпта тәрбиеленушілерге не туралы 

айтуға болады деген сұрақ туындайды. Қазақстан әлемдегі үлкен, бай, күшті 

мемлекеттердің бірі деп пе , әлде туған үйіңе, балабақшаңа, туған қалаңа, табиғатқа, 

қалыпты өмірге деген сүйіспеншілікке тоқталу керек пе?

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Патриоттық тәрбиеге байланысты міндеттер мен сұрақтар өте көп. Оның барлығына 



біздің жауабымыз бола бермейді. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің патриоттық тәрбиесі 

– заманауи Қазақстанның өзекті мәселесі.  

Әлеуметтік өмір ғана емес, біз де өзгердік. Біз әлдеқайда көппіз, бұрыңғыға қарағанда 

өзіміз, еліміз жайлы көп білеміз, көп ойланамыз. 10-жыл бұрын байқамағанды, қазір назарға 

алып, жауапкершілікпен қараймыз.   

Қазіргі    заманауи  әлемде  Қазақстанның  болашақ  патриот  ұрпағын  тәрбиелеуде 

жұмысымның    басты  мақсаты  -    бала  бойында  белсенді  әлеуметтік  көзқарасты,  өз-өзіне 

қызмет  көрсете  білу,  интеллектуалды  дамыған  тұлғаны  қалыптастыруды  дамыту  болып 

табылады. 

 

Балалардың    бойына    патриоттық  тәрбиені  сіңіруде  қандай    болащақ  жоспар 



құрастыру керек? Осы мәселені зерттеп, өз еңбектерінде дәлелдеген атақты педагогтардың 

жұмыстарына назар аударайық.  Мысалы, Януш Корчактың еңбектерінде, балалар үйіндегі 

патриоттық тәрбие бойынша жасалған зерттеу жұмысының нәтижесін алып қарастырайық. « 

Балалар құқығын қорғау туралы» конвенция шықпастан бұрын ол былай деп жазған еді: «Әр 

бала құрметке ие. Тәрбиеленушілерге қатысты басты терапия ол -заңға сәйкес өмір сүруге 

үйрету». Корчак  балаларға ақылгөйсуді ұнатпаған, ол өмір сүру салты - үйретуде, одан да 

жақсысы - емдеуде деп есептеген.  

«Педагогтың өзі құрметпен қарамаса, онда ол балаға намыс  туралы айтудың өзі мағынасыз. 

Қарапайым адамгершілік құқықтарын білмей тұрып, баланы адамгершілік сезімін оятамын 

Адамгершілік 

патриоттық 

тәрбие 


отбасы 

балабақша 

көше, аудан 

туған қала 

Мемлекет 

тарихы 


заңы мен 

мәдениеті 



587 

 

587 



 

деудің өзі мағынасыз»,- деген. Оның педагогикалық зерттеулерінің басты нәтижесі - өзінің 

ішкі жан дүниесімен жұмыс жасау нәтижесінде баланы жақсы өмірге жетелеу. 

 

Осындай ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттей келе мынадай шешімге келдім: 



Әрбір балабақша белгілі бір бағытта жұмыс жасайды. Бір мекемеде вариативті компонент 

бойынша жұмыс тәжірибелері жинақталса, басқасында ұлттық өнермен танысу бойынша, ал 

үшінші  бір  мекемеде  қазақ  халқының  дәстүр,  өмір  салтын  зерделей  отырып,  патриоттық 

тәрбие  бойынша  тәжірибе  жинақталған,  бірақ  тәрбиеленушілерді  патриоттық-

адамгершілікке тәрбиелеуде көпқырлы, жан-жақты зерттеу амалдарының жоқтығы көрінеді. 

Осы ретте тәрбиеленушілерге адами-патриоттық тәрбие берудің жүйесінің үлгісін көрсеткім 

келеді.  Ұсынылған    үлгі  тәрбиелеудің  көпқырлы  амал-тәсілдерін  есепке  ала  отырып, 

«Мектепке  дейінгі  жалпыға  білім  беру  бағдарламасы»  негізінде  құрастырылған.  Үлгіні 

жүзеге асыру үшін кешенді жұмыс түрін барлық балалар қызметінде: танымдық, ойындық, 

шығармашылық  қызмет  түрлерінде  және  ата-аналармен  жұмыс  кезінде  қолданамын. 

Жүйенің нәтижелілігін арттыру мақсатында өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдердің кешенін 

құрастырдық. Бұл жүйе дамытушылық білім берудің  және позитивті Мен концепциясының 

негізінде қаланған.  

Ол бірнеше бағыттан тұрады:  

1- «Мен және менің отбасым» 

2- «Адамдар әлемі» 

3- «Адам - еңбек» 

4- «Экология» 

5- «Менің Отаным – байтақ Қазақстаным!» 

6- «Тарих» 

7- «Мәдениет» 

Қысқаша әр бағытқа тоқталғым келеді: 

«Мен  және  менің  отбасым»  -  туған  үйіне,  туған  туыстарына,  анасына,  балабақшасына 

қатысты  адами-патриоттық  сезімдерді  дамыту  ,  қалыптастыру.  Барлығы  туған  үйі  мен 

отбасының сақтаушысы анасынан басталады. Бұл міндет мектепке дейінгі мекемеде дәстүрлі 

түрде  шешіліп  келді,  бірақ  бүгінде  бұл  бағыттағы  жұмысты  әрі  қарай  дамыту,  мазмұнын 

толықтыру қажеттілігі сезіледі. Отбасылық тәрбиенің жағдайы мәз емес, жұмыс бастылық 

пен  балаға  деген  ата-ананың  көңілінің  аздығы,  оның  тәрбиесіне,  толыққанды  емес 

отбасылардың көптігіне әкеліп соқтырады. Біз отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бар 

күшімізді салудамыз, бірақ бала бойындағы жақындарына, туған үйіне, балабақшаға деген 

сүйіспеншілікті тәрбиелеуге қауқарсызбыз. Ал бұл патриоттық тәрбиенің негізі, ең алғашқы 

маңызды сатысы болып табылады. 

«Адамдар әлемі» - бұл бағыттың мазмұны : 

1. Туылғаннан адам қоғамның бір мүшесі болып саналады – алдымен бұл отбасы, бақшадағы 

тобы, көршілер, осы кішкентай қоғамның өзінде әр қоғам мүшесі орындауға міндетті әртүрлі 

қағидалар  мен  дәстүрлер  қалыптасқан.  Өмірде  басқа  да  қағидалар  бар:  жолда  жүру, 

қауіпсіздік,  гигиена,  қоғамдық  орындарда  өздерін  ұстау  ережелері.  Үлкендер  қоғамында 

қағидалармен бірге заң да жұмыс істейді. Заңның орындалуы баршаға міндетті.  

2.  Жұмыс  барысында  әлеуметтік  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері  адами  қарым-қатынас, 

эмоцианалды  байланыс  және  жақындарына  ,  үлкендерге,  құрадастарына  сенім,  өзара 

түсіністікке талпыну. 

3. Балаға «Адамдар әлемін» , үлкендер мен құрдастарын жақыннан танып білу мүмкіндігін 

беруде:  

- бала мен үлкендер арасында мазмұнды қарым-қатынас, эмоционалдық көңіл-күй қажет. 

- әлеуметтік тәртіптің дамуына бағытталған проблемалы жағдай тудыру маңызды. 

4.  «Адамдар әлемі» және олардың әлеуметтік орны туралы түсініктеріне қызығушылығын 

дамытуда: мұражай, театр, көрме, экскурсия, серуен, фильмдер көрсету. 

5.  Ұлтаралық  қайшылықтар  бүгінгі  күннің  қайғылы  оқиғаларының  шындығы,  ұлтаралық 

қарым-қатынас мәдениетінің жоқтығынан туындайды. Бұл ұлтаралық қатынас тоқырауынан 


588 

 

588 



 

шығудың  жалғыз  жолы  ұлтаралық  қарым-қатынасқа  бағытталған  этикалық  тәрбие  беру 

болып табылады. 

6. Балаларды басқа мемелекеттер мен мәдениетімен таныстыру, әлем шекаралары туралы 

түсінігін кеңейту. 

7. Құқықтық тәрбиелеу- бұл баланы тұлға ретінде тәрбиелеудің тағы бір жолы, балалар өз 

құқықтары жайлы және басқа адамдардың құқығын құрметтей білу керек. 

«Адам және еңбек» бағытында, жұмысты жүзеге асырудағы басты мақсаты адамға 

деген құрмет, еңбек етушіге және оның еңбегіне құрметпен қарау. Бірінші ретте, өз 

қаласындағы адамдар еңбегімен таныстыру керек. Олардың еңбек нәтижелеріне 

мақтанышпен қарауға тәрбиелеу. Екіншіден, қарым-қатына кезінде тәрбиеленушілердің 

еңбекке деген сүйішпеншілігін арттыру. Баланың еңбегі үлкен және қиын емес. Бірақ та 

оның тұлғалық қалыптасуына қажет. Балалардың еңбек іскерлігіне қабілетін досына, 

тәрбиешіге, топқа, балабақшаға көмегін тигізу қызығушылығы негізінде қалыптастыру 

керек.  Үшіншіден, сонымен қатар жүйелі түрде балабақша мен үйдегі еңбекті қоғамға 

пайдасы тиетін бағытта ұйымдастыру керек. 

«Экология» бағытында, патриоттық тәрбие мен экологиялық тәрбие арасында қандай 

байланыс бар деген сұрақ туындайды, тәрбиеші табиғат пен оның заңдары туралы түсінік 

қана бермей, балаларды оның сұлулығын көре білу, онымен бірге тығыз қарым-қатынаста 

өмір сүре отырып, тыныштық бұзбауға, оны қорғауға үйрету керек.  

«Менің отаным – байтақ Қазақстаным!» бағытында, бала өзін ең алдымен кіші 

отанының бір бөлігі ретінде, содан кейін Қазақстанның азаматы, ал содан кейін барып, Жер 

шарының тұрғыны ретінде сезіну керек.  

«Тарих» бағытында, балаларды отансүйгіштікке, оны сол күйінде жақсы көруге 

үйрету. Білетін,  сүйетін, сезінетінді ғана жақсы көріп, сақтауға болады. Баланы таза көңіл, 

адалдық, сұлулықтық, терең мазмұнында не қызықтыруы керек? Бұл біздің көп ғасырлық 

тарихымыз. Біз өз тарихымызға неге мақтанамыз? Балаларға қазақ  елінің батырлары, ұлы 

ғұламалары, хандарына, ғарышты бағындырған ғарышкерлерге деген мақтаныш сезімін 

ояту керек. 

«Мәдениет» бағытында, бізге қалдырылған ұлттық отандық мәдени мұраны бойына 

сіңіру. Мәдениет бағытында төмендегі: 

1- мерекелер 

2-ойын-сауықтар 

3-жергілікті қолөнермен таныстыру тақырыбындағы ҰОҚ 

4- балаларға басты қызықты және маңызды болып саналатын отандық суретшілер, 

қолбасшылар, жазушылар, композиторлардың еңбектері . 

Қорыта келгенде, «Ел болам десең-бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, заманауи 

адам мен ел болашағының іргетасын қалаушы болашақ ұрпақты өсіруде адами-патриоттық 

білім беру, тәрбиелеудің алатын орны ерекше.  

 

Әдебиеттер тізімі 



1. Богославский В.В. Жалпы психология.- Москва. - 1978ж.  

2.  Базарбаев  Ж.  Нұсқабаев  Ж.,  Даулетова  Қ.  Инабат.    Әдептану  оқу 

құралы. Алматы: «Жазушы». - 1996ж. 

3. Власкин А.Г. Оқушының рухани әлемі. - Ленинград.- 1991ж. 

4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті: «Мектеп». - 1974ж. 

5. Досмұхамбетұлы Х. Аламан: «Ана тілі». - 1991ж. 

6. Жолдасбеков М. Асыл арналар.-  Алматы: «Жазушы». - 1986ж. 

7. Жұмабаев М. Педагогика: «Ана тілі». - 1992ж. 

8. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім - тәрбие атауларының түсіндірме 

сөздігі. – Алматы. - 1993ж. 

9. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тілінің тәрбиесі. - Атамұра.- 1994 ж. 

10. Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану.  Атамұра.- 1994 ж. 



589 

 

589 



 

11. Құнанбаев А. Шығармалары. Екі томдық. «Жазушы».- 1968ж. 

12. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы.- 1993ж. 

13. Қалиев С. Қазақ халқының салт - дәстүрлері және демократ ағартушылары. Алматы: РБК. 

- 1993ж. 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҮЗЕТУ-

ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНДА  

АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Сакенова А.М 

Исина Н.С 

Мухаммедина С.Г 

Темирбаева Г.Т 

№145 «Балапан» б/б КМҚК 

 

«Тек қана ата-аналармен бірге,  

жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында  

педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»                                                                                

В.А.Сухомлинский 

 

   Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқытып  тәрбиелеу,  әр  баланың  өзіндік 



ерекшеліктерін, жасын ескере отырып, оның жеке адам болып қалыптасуы мен өсуіне және 

дамуына  жағдай  жасайтын  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  деңгейі.                                                                                                                                                                                     

Өкінішке орай, біздің елімізде кейінгі кезде тіл кемістігі бар балалар көптеп кездеседі. Қазіргі 

кезеңде  тілінде  кемістігі  бар  балаларды  мектеп  жасына  дейінгі  арнайы  балабақшаларда, 

топтарда тәрбиелеп оқыту жұмыстары қолға алынды. Балабақшалардың арнайы топтарында 

тәрбиелеу  және  оқытудағы  жұмыстар  олардың  жалпы  сөйлеу  мүмкіндіктерімен  даму 

ерекшеліктері,  ой-өріс,  мінез-құлықтары  ескеріле  отырып,  жалпы  балабақшалардың 

бағдарламасына  сәйкес  жүргізіледі.  Дегенмен  бағдарламаның  өзіндік  ерекшеліктері  бар.                                                                                                                                               

Логопед  маманы  өз  жұмысын  жоспарлауда  алдына  бірнеше  мақсаттар  қояды:                                                         

-баланың 

дыбысталуын 

түзету.                                                                                                                                                  

-баланың фонематикалық естуін дамыту.                                                                                                                 -

баланың сөздік қорын кеңейту.                                                                                                                                      - 

сөйлеудің 

лексико-грамматикалық 

құрылысын 

қалыптастыру.                                                                                                                                     

-байланыстыра 

сөйлеу 


қабілетін 

дамыту.                                                                                                                                                

-бала  қолының  ұсақ  моторикасын  дамыту,  қолын  мектепке  жазуға  дайындау.                                                        

-психикалық 

процесстерін 

дамыту.                                                                                                                                                               

-тіл 

дамуының 



деңгейіне 

және 


мінез-құлықтарына 

сәйкес 


жұмыс 

жүргізу.                                                                      

Баланың сөйлеу қабілетін түзету мен дамуында тездік және сапалы нәтижелерге жету үшін 

психолог, невропатолог мамандарының көмегімен жүргізіледі.Сонымен қатар түзету-дамыту 

жұмыстарында 

тәрбиешілердің 

де, 

атқарар 


көмегі 

зор.                                                                                                                                                                   

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардағы  тілдік  кемістікті  жою  мақсатында,  түзету-дамыту 

жұмыстарында, 

ата-аналардың 

қатысуы 


ерекше 

роль 


атқарады.                                                                                                                                                          

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан 

жағдайда 

оның 


бала 

тәрбиесіне 

тигізетін 

ықпалы 


да 

нәтижелі 

болмақ.                                                                                                                                                                                                                           

Логопедтің  ата-аналармен  жұмыс  жасау  барысы  бірнеше  кезеңнен  тұрады:                                                               

1.Ұйымдастыру  кезеңі:  ата-аналармен  жұмыс  балалардың  топқа  келуінен  басталады.  Осы 

кезеңде  қызметтес  болуға  отбасының  психологиялық  дайындығы,  балаларды  тексеру 

нәтижесі  туралы  ата-аналарды  таныстыру.    Сауалнама,  көрнекі-ақпараттық  түрлері,  ата-


590 

 

590 



 

аналар  жиналысы,  тақырыптық  кеңес  беру,  логопедиялық  ұйымдастыру  оқу  қызметтеріне 

ата-аналарды 

шақыру 


және 

басқа 


шаралар 

қолданылады.                                                                                                                              

2.Негізгі  кезеңі: Осы кезеңде ата-аналарды оқыту –түзету жұмысына тығыз қарым-қатынас 

орнату.  Сөйлеу  дағдысын  қалыптастыруда,  ата-  аналар  қатысса  логопедпен  баланың  

жұмысына  оң  әсерін  тигізеді.  Егер  бұл  қатысушылық  саналы  түрде  болса,  жақсы 

жоспарланған және ұзаққа созылса, онда ол тиімді бола түседі.  Ата-аналарды тіл кемістігі 

бар балаларды дәрігердің де бақылауында ұстау негіздері туралы хабардар етуі керек. Ата-

аналарға  олардың  баласына  сөйлеу  дамуының  деңгейі  туралы  ақпарат  беру  қажет.  Ата-

аналарға сөйлеу дамуының бұзушылық себептерінің түрлерінен бағыт- бағдар беру керек. 

Баланың  білім  алу  маршрутын  жобалау  туралы  түсінік  беру.  Алдағы  логопедиялық  

жұмыстағы  ата-ана  ролін  анықтау.  Ата-аналармен  байланыс-жеке  және  топтық  жұмыс 

түрлерінде жүзеге асады. Ол-семинарлар, кеңес беру, әңгімелесу, ашық ұйымдастырылған 

оқу қызметі, көрнекі насихат, ақпараттық көрмелер, сауалнамалар  өткізу. Ата-аналар үшін  

көрнекі ақпарат түрлі жайма папкалар,тақырыптық папкалар және т.б.  Сөйлеу бағытында 

балалардың тіл дамуы  саусақтың қозғалуына  байланысты екенін   ата-аналардың назарын 

аудару. Саусақтың қозғалуы,баланың жасына сай болуы керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың 

тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды.                                                                                                              Ұсақ 

моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және 

сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және 

оны  белсендіре  отырып,  көрші  орналасқан  сөйлеуге  жауап  беретін  орталықты  да  дамыта 

аламыз.  Логопедтің  мақсаты-ата-аналарға  ұсақ  моториканы  дамыту  ойындарының 

маңыздылығын  ұғындыру.  Баланы  қызықтыруда  және  жаңа  хабарларды  игеруіне 

көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру қажет.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың 

икемдігі  бас  миының  құрылымының  даму  деңгейін  көрсетеді.Сондықтан,қол қимылдарын 

дұрыс басқара білу қажет. Баланы ешқашан мәжбүрлеуге болмайды. 

Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де 

озады»  деген  атталы  сөздің  сырына  жүгенсек  мектеп  алды  баланың  ойынға  деген 

қызығушылығы,  қарым  –  қатынасы,  мінезі  олар  өсіп  есейгенде  де  өмірінде  жалғаса 

береді.Ойын баланың негізгі әрекеті.                    Халқымыз бала тілінің дамуына ойын әрекеті 

елеулі орын алатынын ерте кезден-ақ болжап білген.Ойын кезінде баланың ортамен қарым-

қатынасы 

кеңейіп,таным 

қабілеті 

өседі,ойын 

үстінде 

бала 


жолдастыққа, 

көпшілікке,тапқырлыққа, ептілікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.                                     Осы 

негіздерді  ескере  отырып,ата-аналардың  назарын  баланың  ойын  әрекетіне  көбірек  көңіл 

аудара 


отырып, 

жағдай 


жасау 

және 


уақыт 

бөлуіне 


талап 

ету.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Жалпы    моториканың  дамуының  аздығын,  соның  ішінде  қол  қимылының  аздық  себебін 

зерттей келе қазіргі заманда жалпы тіл дамуы жетілмеген балалар көп кездеседі.Осыдан келе 

мынындай  қорытынды  шығаруға  болады:егер  тілінің  дамуында  ақау  болса,онда  бұл  ұсақ 

моториканың мәселесі.Өкінішке орай, көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму 

деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа 

хабарларды  қабылдаумен  қатар,  икемге  келмейтін  саусақтармен  қарындашпен  жазып 

үйренуі  керек.  Халық  өзінің  өмір  тәжірибесінде  тіршілікте  қалай  қолдануына  қарай, 

саусақтарға  ат  қойған,  осыған  байланысты  ұсақ  моториканы  дамытуға  арналған 

жаттығулардың пайдасы өте зор. Олар өте қызықты, шығармашылық қызметін және тілдерін 

дамытады  .Саусақ  ойыны  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып, 

ынтасы  артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашады.Саусақтарының  қозғалыс  – 

қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген 

сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі 

қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен, және т.б. түсініктерді бағдарлай алуды 



591 

 

591 



 

үйренеді. Осы ойындар айналадағы ақиқатқа жататын заттарды, жануарларды, адамдарды, 

олардың іс – әрекеттерін және табиғаттағы құбылыстарды (жел, жаңбыр, күн, ағаштардан 

түсіп  жатқан  жапырақтар)  бейнелейді.  Бұл  ойындардың  барысында  балалар  үлкендердің 

қимылдарын  қайталап,  өз  қолдарының  моторикасын  белсенді  дамытады.  Саусақ 

ойындарының    нәтижесінде:  баланың  сөйлеу  тілі  жетіледі,  қимыл  –  қозғалысы  артады, 

икемділігі артады, логикалық ойлауы дамиды, танымдық деігейі артады.  Баланың қол еңбегі 

мен  тілін  арттыру  үшін  қандай  ойындар  мен  жаттығуларды  және  т.б.  әрекеттерді 

қолданатының ата – аналарға ұсынуға болады. Мысалы: қолмен ермексазды жұмсарту, жуан 

жіпке  түймелер,  моншақтар  кигезу,  түрлі  –  түсті  жіңішке  сымды  катушкаға  орау,  қалын 

арқан, жіп ұшарын байлау, түймелерді,  ілгіш, замок, қақпақтарды жабу,  ауада сурет  салу, 

құммен,  сумен  ойнау,  сурет  салу,  бояу,  штрихтау,  мозаикамен,  конструктормен,  пазлмен 

жұмыс 

және 


т.б.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Тіл ақауы бар балалардың сөйлеуін дамыту барысында үй тапсырмаларының орындалуының 

маңызы 

өте 


зор. 

Үй 


тапсырмалары 

бірнеше 


бөлімнен 

тұрады:                                                                                                               

-Дыбысты 

қою 


кезеңіндегі 

артикуляциялық 

жаттығулар.                                                                                                                                                      

–Алдағы  жұмыста  дыбыстарды  машықтандыруға  арналған  артикуляциялық  жаттығулар 

қосылады  (  буында,сөзде,сөз  тіркестерінде,еркін  сөйлеуде  қойылған  дыбыстарды  дұрыс 

айту)                                                                                                                                                                                                         

-Фонематикалық 

қабылдауын 

 

дамытытуға 



арналған 

тапсырмалар.                                                                                                                        

–Лексико-грамматикалық 

жаттығулар 

мен 

ойындар.                                                                                                                            



–Байланыстырып 

сөйлеуін 

дамытуға 

арналған 

тапсырмалар.                                                                                                                            

–Ұсақ 


моториканы 

дамытуға 

арналған 

тапсырмалар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Тапсырмалар  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  және  сөйлеу  деңгейіне  сәйкес  беріледі.                                                 

Үй  тапсырмасын  орындау  барысында  ата-аналар  төмендегі  нұсқауларға  көңіл  бөлу  керек:                                                                                                                                      

–Баланың  дені  сау  тамақтандырылған,  ұстамды  болған  жағдайда  ғана  үй  тапсырмасын 

орындау 


қажет.                                                                                                                                                                                                  

–Үй  тапсырмалары  жүйелі  түрде  логопедтің  ұсынғаны    бойынша  орындалып  отырылуы 

қажет.                                                                                                                                                                                                                    

–  Тапсырмаларды  бала  өзі  орындауы  тиіс,  ата-ана  тек  қана  тапсырмалардың  дұрыстығын 

бақылайды 

және 


керек 

жерде 


түзетулеріне 

болады.                                                                                                                                  

–Бала 

шаршаған 



жағдайда 

демалуына 

мүмкіндік 

берілуі 


керек.                                                                                           

–Баланы 


жиі 

мадақтау 

керек.                                                                                                                                                            

3.Қортындылау  кезеңде  логопедпен  ата-аналардың  арасындағы  байланыс  болуда  келесі 

мәселелер  шешіледі:отбасы  мен  жұмыс  жасаудың  тиімді  әдістерін  анықтау,  түзету-оқыту 

жұмысын қорытындылау. Жұмыстың негізгі түрлері:сауалнама, ата-аналар жиналысы, жеке 

және 

топпен 


сұхбаттасу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

                                                         

                                                                                                                                                                               

Біздің мақсатымыз  XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты                                                       

сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.    

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 

«Отбасы және балабақша» №3  2014ж 



2.

 

«Отбасы және балабақша» №9  2015ж 



3.

 

«Бала мен балабақша»        №7    2014ж 



 

 

 



 

 


592 

 

592 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет