§2
ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ҚАТЫНАСТАР
15
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ пен
шығыстың басқа халықтарының арасында біршама әдеби-
мәдени қатынастар орнап, түрлі салалар бойынша байланыстар
барысы барынша ілгері жылжыды десек те болады.
Біріншіден, шығыс халықтарының әдеби-мәдени тығыз
қарым-қатынастар жасауына Орта Азияның көптеген елдерін
өзіне тәуелді еткен Ресей империясының ішкі саяси-әлеуметтік
әл-ахуалы басты себеп болды. Әсіресе, қоғамдық-саяси
күштермен арадағы қақтығыстар негізінде пайда болған 1905-
1907 жылдардағы төңкеріс шет аймақтарды мекендеген
халықтардың оянуына скөп септігін тигізді.
Шығыс халықтары прогресшіл интеллигенция арқасында
ұлттың рухани мұраларына ерекше көңіл бөліп, әлем
мәдениетінің көшін өрге сүйреген құндылықтармен таныса
бастады. Кей жағдайда зиялы қауым өкілдері түрлі халықтар
мен елдердің әдеби-мәдени жетістіктеріне сын көзімен қарап,
баға беруге бейімделді. Мәселен, ғасыр басындағы татар
әдебиеті жайлы осыны айтуға болады. Өйткені сол кезеңде
оның (татар әдебиетінің – С.С.) әдеби-тарихи процесс негізінде
әлемдік өркениетпен тығыз қарым-қатынас жасап, дамығаны
айна қатесіз шындық [1].
Әрине, бұл ілгері жылжудың басты тірегі – баспасөз
болды. Осы тұста шығыс халықтарының мәдениетке деген
ұмтылысы ерекше еді. Әсіресе, татар халқының интеллигенция
шоғыры өз елінің және басқа түркі халықтарының мұң-мұқтажын
өтеу тұрғысында айтулы еңбек етті.
Әлбетте, бірінші орыс төңкерісінің Ресей халықтарының
өмірі мен санасына әсерін баспасөз ісінің қалыптасуынан
байқауға болады. Ғасыр басындағы қоғамдық хал-ахуал мен
саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты аренаға шыққан түрлі
демократиялық одақтардың өкілдері ұлт мәдениетінің өркендеуі
үшін баспасөздің қажеттігін құптады.
Осы орайда ұл рухының ұраншысы болған “Қазақ” газетінің
оқырмандарға арнауын келтірсек болады. Қазақ зиялыларының
шоң шоғыры, газеттің шығарушылары – А.Байтұрсынов пен
М.Дулатовтар “құрметті оқушыларға” арнап былай дейді: “Әуелі,
газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл
қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Екінші, газет –
жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың
16
білімді, жігерлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары
газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жол сілтеп,
басшылық айтып тұрады. Үшінші, газет – халыққа білім
таратушы... Төртінші, газет – халықтың даушысы” [2].
Сол кезеңдегі әр ұлттың алдыңғы қатарлы мәдениет
қайраткерлері өз ана тілдерінде мерзімді басылымдар шығаруға
тырысты. Әлбетте, бұл істің алдыңғы санында тағы да татар
интеллигенциясының өкілдері жүрді. Алғашқы болып олар татар
тілінде 1905 жылдың 2-ші қыркүйегінде Петерборда “Нур” (“Нұр”)
газетін шығарды. Сол жылдың 29-қазанынан бастап Қазанда
“Қазан мохбире” газеті шыға бастайды. Бұл ұйымның құрылуына
жазушы, драматург Ғалиасқар Камал белсене кірісті.
Сол жылдың 27 қарашасынан Оралда “Фикер” (“Пікір”), ал
1906 жылдың қаңтарынан Қазанда “Йолдыз” (“Жұлдыз”)
газеттері жарық көрді. Қысқасы, 1905-1907 жылдар аралығында
татар тілінде отыздан астам газет пен журналдар (21 газет, 12
журнал) шықты. [3]
Сөйтіп, әдеби-тарихи процеске байланысты қаз тұра
бастаған татар баспасөзі халық сұранымын өтеп, ұлттық
мәселелер аясындағы рухани және әлеуметтік проблемаларды
көтерді. Бірақ газет-журналдар саяси, әлеуметтік, экономикалық
және рухани-діни құрылымына қарай әртүрлі бағыт
ұстанғанымен, бір ғана мақсатты мұрат тұтты. Ол – халықты
әлемдік өркениетке сүйреп, ұлттың интеллектуалды дәрежедегі
ерекшеліктерін көрсету еді. Осы тұрғыда көлемді, көркем
материалдар көптеп жарияланып, байсалды әрі берік баспасөз
орнықты.
Осы орайда, бір нәрсеге көңіл аударған жөн. Бүгінгі күнге
дейін Ресей мұсылмандары түгелдей қараңғылық бұғауында
болып, адамзат құндылықтарын игеруге ұмтылмады және бұған
кінәлі “діни фанатизммен уланған, ұлттық тар шеңберде қалуды”
ұсынған буржуазиялық топ өкілдері деген пікір қалыптасып
келді. Сөйтіп, “буржуазиялық кертартпа пиғылды газет-
журналдар ұлттар арасына жік салып, мұсылман қауымына
батыс, орыс ықпалын тежеуге тырысқан” іспетті. [4]
Бұл пікірлердің жаңсақтығы мынада. ХІХ ғасырдың екінші
жартысында шығыс халықтары, оның ішінде татарлар ерте
оянып, алғашқылардың бірі болып, әлемдік өркениетке қол
созды. Татардың сауда капиталы еуропа елдерімен иық тіресіп,
17
батыс мемлекеттерінде мекеме орындары ашылды.
Интеллигенция тобы мен ірі өндіріс, сауда орындарының
өкілдері күн батыс елдеріне жетуге асықты. Мәселен,
И.Гаспринский, З.Рамиев, С.Максуди, Ф.Карими секілді
оқымыстылар еуропа мемлекеттеріне саясат жасап, батыс
өркениетінің ғылыми-техникалық және интеллектуалдық
тәжірибесін меңгеруді міндеттеп, байланыс орнатты, кітап
шығарды. Көптеген жастар дәстүрлі түрде мұсылман
мемлекеттерінде, нақтырақ айтқанда, Бұхара, Түркия, Мысырда
ғана емес, сондай-ақ батыстағы оқу орындарында да білім
алды.
Бұл тенденция, әсіресе, ғасыр басында өте-мөте жандана
түсті. 1905-1907 жылдардағы төңкеріс арқасында келген аздаған
жеңілдіктерді пайдаланып, татар, башқұрт, қазақ жастары шет
жерлерде дәріс алды. Олар медресе, гимназиялардан басқа
арнайы түрлі мамандықтағы оқу орындарында оқыды. Ал
ауқатты отбасынан шыққандар Ресейдегі аса беделді жоғары
оқу орындары мен батыс елдерінің ірі қалаларында білім алды.
Олардың бірқатары жан-жақты білімді адам ретінде орыс
тілімен қоса, түрік, парсы, араб, француз, неміс тілдерін жетік
білді. Мәселен, татар Х.Максуди, Ф.Амирхан мен қазақ
Ш.Бөкейұлы француз, ал Ғ.Тоқай мен Ж.Аймауытов неміс
тілдерінде сөйлей, жаза білген. Бұл – бірлі-жарым ғана дерек
көздері. Егер тізе берсек, тек қазақ, татар оқығандарының саны
біршама болары сөзсіз.
Сондай-ақ, сол тұстағы түрік тілді оқу орындары -
“Мұхаммедия”, “Хусаиния”, “Ғалия”, “Расулия”, “Қасымия” сияқты
медреселерде білім барынша жоғары деңгейде жүргізілді.
Олардың бірқатарында орыс, парсы, араб тілдерімен қатар
неміс, француз тілдерінен де дәрістер берілді. [5]
Нақты деректерге сүйенсек, Ресей империясына қарасты
халықтар ішінде татарлар сауатты ұлттардың бірі саналған. Оны
сол тұстағы жергілікті әкімшілік өкілдері де мойындап, “Татар
жұртының 80 пайызға жуығы хат тани біледі” деп жазған. [6]
Сауаттылықтың жоғарғы көрсеткішіне ие бола отырып,
татарлар газет-жорналдың игілігін пайдаланды. Баспасөз
арқылы қоғамдық өмірге де бейімделіп, прогрестің әсерін
сезінді. Татардың еуропаша білім алған интеллектуалы биік
оқығандары белгілі бір жағдайда ұлт мәдениетін көтеруге және
18
оның келешегін бағамдауға тырысты. Олар қоғамдағы
демократияның жоқ жағдайына ұлттық баспасөзді пайдаланып,
өздерінің бар күш-жігерін халық ағарту ісіне, әлемдік өркениет
жетістіктерімен таныстыруға және Шығыс пен Батыстың әдеби-
мәдени озық үлгілерін насихаттауға жұмсады.
Осы тұрғыдан алғанда, татар баспасөзінің 1905-1907
жылдардағы қалыптасу, даму кезеңінде адамзат өркениетінің
өрлеуіне ерен еңбек сіңірген Аристотельден бастап, Тагорға
дейінгі Шығыс пен Батыстың ғұлама ойшылдарының өмір жолы
мен шығармашылығынан хабардар еткені анық. Мысалы, ғалым
әрі ағартушы Р.Фахретдин “Шора” журналының беттерінде
Сократ, Платон, Спенсер, Бэкон, Декарт, Гете, Эдисон,
Наполеон, Геракл, Нобель сияқты тарихи тұлғалар туралы
деректер беріп отырса, “Идиль” (“Еділ”) мен “Әл-Ислах”
(“Реформа”) газеттері батыс, орыс классиктерін кеңінен
насихаттады. Әсіресе, Қазан шәкірттерінің органы салынған
“Әл-Ислах” бетінде Лев Толстой, Гоголь, Тургенев туралы
материалдардың сол кездегі оқырмандар үшін маңызы зор еді.
[7].
Сонымен, ғасыр басындағы татар баспасөзі ерен өрлеу
үстінде елдің мәдени дамуына айтулы үлес қосып, өзінің ғана
емес, басқа түркі халықтарының да санасының оянуына түрткі
болды. Өйткені ол (татар баспасөзі – С.С.) түрік дүниясы мен
мұсылман әлемінің негізінде құрылғандықтан және
географиялық құрылысы мен рухани тұрғысы жағынан екі үлкен
өркениеттің тоғысындағы Шығыс пен Батыс құндылықтарын
жалғастырушы көпір қызметін атқарды. Сондықтан баспасөз
беттерінде бүкіл Шығыс пен Ислам әлеміне қатысты ауқымды
мәселелер ғана көтеріліп қоймай, Еуропа, сондай-ақ әлемдік
өркениет жетістіктер туралы дерек көздері молынан берілді.
Қоғамдық өзгерістерді дұрыс бағамдап, саяси-әлеуметтік
әл-ахуалды жіті сезіне жедел өркендеген татар баспасөзінің
игілікті әсері басқа шығыс халықтарының сана-сезімін оятып
қана қоймай, рухани тұрғыда баюына да өз септігін тигізді.
Сонымен қатар, татар газет-жорналдарының беттерінде басқа
шығыс елдерінің өмірі мен әдебиетіне, салт-дәстүр, әдет-
ғұрпына қатысты материалдардың жариялануы, бүкіл мұсылман
жұртшылығына ортақ дүниелердің берік орын алуы, ол
19
құндылықтардың уағыздалуы, т.т. күн шығыс елдерінің рухани
алмасу арналарына жол ашты.
Шығыс халықтарының бірі – қазақтар да басқа түрік, татар,
башқұрт, өзбектерге қарап, бой түзеді, ой үзді. Олай дейтініміз -
әдеби-тарихи процесте ғасыр басындағы Ресей империясының
саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы қоғамдық ой-
пікірлердің өрістеуіне, ұлттық сананың оянуына белгілі бір
дәрежедегі әсер етті десек те, туысқан әрі көршілес отырған
халықтардың бір-бірімен әдеби-мәдени тұрғыда қарым-қатынас
жасауы да айрықша рөл атқарды. Бұл тұста қазақ-татар рухани
алмасуларының әсер-ықпалы ерекше болғанын мойындамасқа
лаж жоқ. Өйткені Татарстан географиялық құрылыы жағынан
Ресей он тигізді. Сонымен қатар, татар газет-журналдарының
беттерінде басқа шығыс елдерінің өмірі мен әдебиетіне, салт-
дәстүр, әдет-ғұрпына қатысты материалдардың жариялануы,
бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ дүниелердің берік орын
алуы, ол құндылықтардың уағыздалуы, т.т. күн шығыс елдерінің
рухани алмасу арналарына жол ашты.
Шығыс халықтарының бірі – қазақтар да басқа түрік, татар,
башқұрт, өзбектерге қарап, бой түзеді, ой үзді. Олай дейтініміз -
әдеби-тарихи процесте ғасыр басындағы Ресей империясының
саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы қоғамдық ой-
пікірлердің өрістеуіне, ұлттық сананың оянуына белгілі бір
дәрежедегі әсер етті десек те, туысқан әрі көршілес отырған
халықтардың бір-бірімен әдеби-мәдени тұрғыда қарым-қатынас
жасауы да айрықша рөл атқарды. Бұл тұста қазақ-татар рухани
алмасуларының әсер-ықпалы ерекше болғанын мойындамасқа
лаж жоқ. Өйткені Татарстан географиялық құрылыы жағынан
Ресей орталығына жақын орналасқандықтан, самодержавиялық
мемлекеттің саяси әл-ахуалын алғашқылардың бірі боп байқап,
1905 жылы революция сарынын сезінді.
Ал, қазақтың көзі ашық азаматтары татар бауырларымен
қоян-қолтық араласа жүріп, қоғам өмірінің қыр-сырына қанықты
және көп үйренді де. Кейде олармен қанаттаса қатар жүріп, ел
игілігі үшін аянбай еңбек етті. Мәселен, ғасыр басында жарық
көрген алғашқы газеттердің бірі – “Серке” татар тіліндегі “Үлфат”
[8] газетіне қосымша ретінде 1907 жылы Петербугте шыққан.
Бірақ газеттің 3-4 қана саны шығып, “өкіметке қарсы үгіттеу бар”
деген айыппен ұсталып, тоқтатылды. [9]
20
Жоғарыда аты атлына өсіп, өркендеді. Бұған, біріншіден,
қазақ жастарының түгел дерлік татар молдаларынан дәріс алуы
себеп болса, екіншіден, өз халқының мұң-мұқтажын, арман-
аңсарын сезген, келешегіне кемеңгерлікпен сенген ұлт
ұлдарының мақсат бірлігі де белгілі бір дәрежеде үлкен рөл
атқарды десек болады.
Шынында, татар молдаларының қазақ арасына келіп, бала
оқытуы туралы мәліметтер мол. Бұл жөнінде ғалым Б.Ысқақов
былай дейді: “Академик М.Әуезовтің жазуына қарағанда, Абай
ауылына келген татарлардың көбі сауаты бар, көзі ашық
адамдар болды. Олар Ш.Маржани мен Қ.Насыридің діни-
оянушылық және ағартушылық, демократиялық идеяларын
өздерімен бірге ала келді” [11].
Ал, бұл үрдіс Қазан төңкерілісіне дейін еш толастаған
емес. Сөйтіп, ұлы Абайдан бастап, ғасыр басындағы әдебиет
майталмандарының бәрі – Сұлтанмахмұт, Мағжан, Сәкендер,
осы негіздегі, яғни, “жәдит” (арабша – жаңа деген мағынада –
С.С.) оқу үлгісінде дәріс алды.
Иә, сонымен, ХХ ғасыр басына қайта оралатын болсақ,
сол кезде қазақ баспасөзі де ерекше қарқынмен дамыды.
Жоғарыда келтіргеніміздей, “Серке” газетінен кейін, 1907
жылдың наурыз айында, Троицк қаласында “Қазақ” газеті
шыққан. Бір ғана саны шығып, тоқтаған [12]. Бұл газеттің шығуы
тарихы туралы мәліметтерді де “Үлфат” газетінен [8] табуға
болады. Демек, бұл - баспасөз ісінде, яғни газет-жорналдар
шығару арқылы татар-қазақ арасында тығыз байланыс
орнағанын байқаймыз.
Бұдан кейін жарық көрген “Қазақстан” газеті еді. Оның
1911-1913 жылдар аралығында 18 нөмірі шығып, тоқтатылған.
Бұл жайлы толық мағлұматты Х.Бекхожиннің еңбегінен
кездестіреміз. “Газеттің кейбір номерлері қазақша, орысша
аралас екі тілде шығып, кейде татар тілінде де материалдар
басылған. Орыс тілінде қазақша материалдардың кейбіреуінің
қысқаша аудармасы ғана берілген. Көлемі шағын форматты,
алты бет. Редакторы педагог, ақын және журналист Елеусін
Бұйрин болды”, [13] деп автор құнды мәліметтер береді.
Ал бұлардан басқа “Қазақ” (1913-1918), “Ешім даласы”
(1913), “Алаш” (1916-1917), “Сарыарқа” газеттері мен “Ғалия”
медресесіндегі қазақ шәкірттері ұйымдастырған “Садақ” атты
21
қолжазба әдеби жорнал туралы дерек көздерін баспасөз жөнін
сөз еткен еңбектерден [14] оқып білдік. Бірақ “кертартпалық
идеялардың қаруы, буржуазияшыл, ұлтшылдар органы” атанып
келген “Қазақ”, “Алаш” газеттері жайында егемендік алғаннан
бері қарай ғана толығарлық мағлұматтар алып келеміз [15].
Сонда да ол еңбектер – ауыз тұшырлық аз ғана дүние болмақ.
Олай дейтініміз, зерттеу объектісі етіп отырған баспасөздің
әдебиетке қатысы, әдебиеттануда тиіп-қашты әңгіме етіліп жүр.
Осы орайда, ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің ерекше
дамуында қазақ-татар арасындағы әдебие-мәдени
байланыстың айрықша рөл атқарғандығын атап өтуге тиіспіз.
Ал, сол тұстағы Ресей империясындағы қоғамдық, саяси,
әлеуметтік жағдайлар, шет аймақтарды мекендеген
халықтардың езгідегі, бұғаудағы тыныс-тіршілігі, мешеу халі,
бәрі-бәрі түрік тектес, мұсылман елдерінің бірлігіне, дін
тұтастығына итермелегені анық. Сондықтан, халықтар
арасындағы рухани қатынаста тіл, дін, діл негізгі тірек іспетті
болғанмен, сол кезеңдегі тарихи-мәдени процестің игі әсері мол
болды. Бұл ретте белгілі бір кезеңдегі әдеби-мәдени
байланыстарды сол тұстағы процеспен бір контексте алып
қарастырған жөн. Өйткені, қай қаламгер болмасын, ол - өз заман
перзенті. Ал, қаламгер туындысында кезең көрінісі айқын
бедерленуі заңды. Бұл – бәрімізге мәлім аксиома болғанмен,
назардан тыс қалмауы керек. Сөз етіп отырған қазақ баспасөзі
туралы да осыны айтуға болады. Демек, ғасыр басындағы
басылымдардың сипатынан қоғамдық-тарихи факторларға
байланыстылығын байқау қиын емес.
§ 3. Ағартушылық арна
Шығыс халықтарының өзара мәдени-әдеби
байланыстары қадым замандарға барып тірелетіні әмсеге
аян. Өйткені сонау скиф, сақ, массагет, ғұн кезеңдерінен
кейін құрылған ертедегі түркі мемлекеттерінің тұсында-ақ
түбі бір түркі тайпалары мен көршілес парсы, араб елдері
тығыз қарым-қатынаста болып, рухани алмасу кезеңдерін
бастан өткерді. Сонау көне дәуірлерден бастау алатын бұл
дәстүр түрлері бертінгі кезге дейін өз жалғасын тауып
келеді.
22
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші
ширегі шығыс халықтарының тарихында өзгерістер мен
төңкерістерге толы кезең ретінде айшықталады. Олай деуге
негіз толық.
Ең алдымен, сол тұста Батыс мәдениетінің ерекше
өркендеуі Шығыс өңірін әлемдік өркениеттен ығыстырды.
Сондай-ақ, алпауыт елдердің экономикалық дамуы,
капиталының өсуі мұсылман елдерін оларға тәуелді ете
бастады. Құлдық бұғаудан құтылуға ұмтылған халықтардың
арпалысы, жан дауысы тарихта өз ізін қалдырды.
Екіншіден, Шығыстың экономикалық-әлеуметтік
тұрғыда артта қалуы ол елдердің алдыңғы қатарлы
өкілдерін алаңдатпай қоймады. «Ұлттық зиялылар» (М.
Шоқайдың атауы-С.С.) халықтың саяси, рухани жағынан
өсіп, әлем жаңалықтары мен құндылықтарының аясында
дамуына түрткі болды. Ал, ондай дамуға саяси күрес
жағдайында ғана жетуге болады десек, оның тарихи-
мәдени процесте шешуші рөл атқаратыны тағы рас. Бұл да
тарих бетінде айрықша бедерленді.
Үшіншіден, қоғамдық-тарихи факторлардың әсерінен
туындаған түрлі ағым, ұйымдардың тарих сахнасында
көптеп көрінуі де осы тұсқа сай келді. Олар ұсынған негізгі
концепция, айқындамалар ғасыр бедерін дұрыс анықтауға
септігін тигізді.
Осы үш ұстын екі ғасыр аралығындағы кезеңді нақты
танып-білу үшін өте қажет. Неге десеңіз, бұл анықтама-
ұстанымдар ғасыр ерекшеліктерін айқындап қана қоймай,
ұлттардың өсу, өркендеу жолдарын да бағымдаса керек.
Ал, әр халықтың жеке ұлт болып қалыптасып, өрлеу кезінде
ағартушылықтың жетекші рөл атқаратыны мәлім. Екі ғасыр
аралығындағы мұсылманшылық Шығыстағы осы бағыт
ерекше қарқын алды. Әсте ол елдердің өзара рухани-
мәдени қатынастары да осы арнада тоқайласты.
Сонымен, көне заманды көлбей өтіп, ХІХ ғасырға ат
басын тіресек, мұсылманшылық Шығыста жағдай оншалық
мәз емес еді. Олай дейтініміз, отарлаушы елдер өздеріне
тәуелді жұрттарға жан-жақты қысымшылық жасап,
23
қараңғылықтың бұғауында ұстауға тырысып бақты. Тіпті
шығыс елдерінің рухани мұраларын елдеріне әкетіп, ол
құндылықтарды батыстық қалыпқа салып, өзгеше баға
беруге әрекеттенді. Әсіресе, исламиятқа қатысы бар
дүниелердің тереңіне бойламай, бұрмалаушылыққа баруы
айрықша байқалды. Сондай-ақ, күллі шығыс елдеріне ортақ
асыл қазыналардың түпнұсқа-көшірмелерінің біразы Еуропа
елерінде сақталып келуі бізді осындай ойға итермелейді.
Сол тұста, нақтырақ айтқанда, ХІХ ғасырдың орта
шенінен бастап, Шығыстың Батысқа тәуелді бола бастауы
зиялы қауым арасында алаңдаушылық туғызды. Еуропа
капиталының шығыс елдеріне бойлай енуі, алпауыт
мемлекеттердің қоғамдық-саяси әл-ахуалға ықпал ете
бастауы елінің ертеңіне елеңдеуші ер-азаматты тыныш
жатқызбады. Тығырықтан шығар жол іздеп, Батысқа қарап
бой түзеді, тереңге бойлап ой жүзді.
Міне, сөйтіп осы кезеңде дәстүрлі арнада қайта
қалыптаса бастаған Шығыс елдеріндегі ағартушылық ағым
қоғамдық-саяси жағдайға байланысты өрбіді. Және ол
ұлттық мұрат тұрғысында өркендеді.
Өз кезінде қанатын кеңге жайып, түрік туын желбіретіп,
атағын аспандатқан Осман империясының зиялы қауымы
елдің болашақтағы тарихи даму жолдары, мемлекет
тағдыры және т.б. туралы толғандырған түбегейлі
мәселелерге дұрыс шешімді ағартушылық идеологиясынан
тапты. Себебі ХІХ ғасырдың екінші жартысында ірі Осман
империясында күрделі тарихи жағдай қалыптасты. Империя
іштей ыдырай бастады, Еуропа елдерінің алпауыттары
қысым көрсетуді үдете түсті. Еуропа капиталы түріктер
иелігіне тереңдей еніп, қол сұға бастады.
Осы орайда, айта кететін бір жайт - Батыс Еуропаның
феодализмнен капитализмге өтуінде ағартушылықтың
«қуатты ой қозғалысы» аталып, тарихқа енуі. Жалпы,
ағартушылық дәуір сипаттамасы феодалдық құрылыстан
капиталистік формацияға өтумен, яғни тарихи дамудың
тенденциясымен айқындалады. Ал, жаңа қоғамдық-
24
экономикалық қатынастарға жол ашу ағартушылардың
негізгі міндеті саналды.
Түрік ағартушы қайраткерлердің тарихи, әдеби,
публицистикалық, фәлсафалық туындылары әртүрлі
жағдайда, әртүрлі сатыда феодализмге қарсы күреске
шақырып, жаңа идеологияның негізін қалады. Олар
қоғамдық санаға азаттық, теңдік, әділеттілік идеяларының
ұшқынын түсіріп, күрес рухын септі. Сөйтіп, әлемдік
деңгейдегі қоғамдық сананың өсуіне қозғаушы күш болды.
Мысалы, түріктің белгілі ағартушысы Намық Кемал
«Өркениет» атты мақаласында: «Адамның құқы мен
мақсаты-тек жай өмір сүру емес, еркін өмір сүру» [1]-деп
атап көрсетеді. Ал, азаттық пен теңсіздіктің болмау себебін
ол елдегі экономикалық дағдарыстан іздейді. Сондықтан
Түркияда ағартушылық идеясын көтерген қоғамдық-саяси
қозғалыс қайраткерлері қоғам дамуының қозғаушы күші
ретіндегі ой-пікір, сөз, тәрбие және білім ісіне айрықша мән
берді.
Бұл ретте ағартушы-жазушы Ахмед Мидхаттың
шығармалары көңіл аударарлық. Ол тәрбие мен білімге
үлкен сенім артып, халық рахаты, ел берекесі соған
байланысты дегенді айтады: «Жалпы, жазушы ой-пікірлер
тоғысын жеткізуші ретінде болады не оны жұртшылыққа
уағыздаушы рөлін атқарады. Ал, әлемдік өркениет
баспасөзге тәуелді» [2].
Сайып келгенде, қоғам өмірінде «сөздің» алатын
орнын, мәнін асырып айтатын бұл тақылеттес тұжырымдар
сол тұстағы түріктің ағартушылық әдебиетінде көптеп орын
алды. Түрік ағартушылары өнер туындыларының тарихи
процестегі рөліне де ерекше көңіл бөлді. Мәселен, Намық
Кемал театрдың халық тағдырына ықпалын айрықша атап
көрсетеді. Сондай-ақ, ол халыққа қызмет етуді әдебиеттің
барлық жанрына міндеттейді.
Түрік ағартушыларының ойынша, әдебиет пен
мәдениет қоғамдық ой-пікірді білдіре отырып, әлеуметтік
жағдайды жөндейді және күллі прогресті ілгері жылжытады.
25
Жалпы, ХІХ ғасырдың аяғындағы түрік қоғамында
ағартушылық идеологиясы қалыптасып, ол жүйелі түрде
қоғамдық-саяси, діни-этикалық әрі эстетикалық мәселелерді
қамтыды. Нақтырақ айтқанда, сол тұстағы зиялы қауымның
саяси көзқарасында «жоғарғы өкімет», «әділ» басшы
мәселесі үлкен орын алды. Мысалы, «тамаша, таза халиф»
бейнесі Абдулхақ Хамиттің «Тарих» атты пьесасында
көтеріледі. Ал, өз билігін халық талабына қарай бейімдеген
әділ патша образы автордың «Тезер» трагедиясында
сомдалған. Сондай-ақ, қалам иелері халық көтерілісіне,
яғни билеп-төстеушілікке қарсы күрес идеясына да ықылас
аударды. Мейірімсіз билеушіге қарсы халық көтерілісін
суреттеген драмалық туындыларға Абдулхақ Хамиттің
«Сарданапал», «Тезер», Намық Кемалдың «Гүлнихал»
пьсалары жатады [3].
Сонымен, түрік әдебиетіндегі «әділетті патша» туралы
түсінік осындай деңгейде байқалды және басқа ел
әдебиетіне де өз әсерін тигізді.
Шынтуайтқа келгенде, бұл таза ағартушылық идеясы
орта ғасырларда мұсылман мемлекеттеріндегі дәуір
талабына сай ел басқарудың ислам дінінің қағидаларына
негізделген идеологиясымен өзектеседі. Нақтырақ
айтқанда, әлеуметтік астары бар мұндай этика-эстетикалық
нормалар жүйесі шығыс ойшылдары-Әл Фараби, ибн Сина,
әл-Бируни, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иассауи еңбектерінде,
сөз зергерлері Фирдауси, әл-Хорезми, Низами, Науаи,
Руми, Сағди, Жәмилердің шығармаларында өрнектелді.
Мәселен, шығыс шайырларының Ескендір (Александр
Македонский-С.С.) патшаны әділ әрі көреген басшы етіп
көрсетуді оның (Ескендірдің-С.С.) Ғабдулла, Зұлқарнайын
есімімен Құранға енуімен сабақтастық тапқан. Бірақ осы
тақырыпты арқау етіп, Шығыс поэзиясының алыптары-
Фирдауси, Низами, Науаи Ескендір-Александр патшаны
марапаттап жазса, Абай оны мүлдем басқа кейіпте
көрсетеді.
Әрине, бұл өз алдына бөлек әңгіме желісі. Десек те,
«Ескендір» дастанында Абай көтерген қанқұйлы, қатал
26
билеушіге қарсы ағартушылық идеясын насихаттау сол
кездегі Шығыс поэзиясында бар тенденция екені анық.
Бұған өзіміз сөз етіп отырған түрік әдебиетінің көркем
туындылары нақты дәлел бола алады. Өйткені
мұсылманшылық Шығыста Құран- Кәрімді насихаттау,
ондағы имани қасиеттерді уағыздау қай кезде болсын
назардан тыс қалмады. Демек, бұл- рухани алмасулар
жасауда исламияттың ерекше рөл атқарғандығын
дәлелдейді.
Тағы бір айқын нәрсе, ол-шығыс поэзиясына тән
нәзира үлгісі, яғни тақырып қайталау ХХ ғасыр басына дейін
өз жалғасын тапты. Оған нақты дәлел болар деректер
жеткілікті. Мысалы, парасатты патша образын сомдау сол
тұстағы қазақ әдебиетінде де көрініс берді. Атап айтқанда,
Мағжан Жұмабаев «Жүсіп хан» шығармасында ел талағыш,
арамтамақ ханға «бұхара халықтың қалқаны- Жүсіпті»
қарсы қоя суреттеу арқылы Шығыс классиктерімен өзектес
гуманистік ой түйінін жасайды.
Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында түріктің
ағартушылық әдебиеті қоғам өміріне белсене араласып,
ескірген феодализмнің күйреуіне түрткі болды. Зиялы
қауым өкілдері ел күйзелісін айнымай танып, тығырықтан
шығар жол іздеді. Ағартушы қаламгерлер өз шығармалары
арқылы әдеби дәстүрлерге соны мазмұн, жаңа формалар
енгізді.
Әрине, жаңа мазмұн, формалар іздестіруде, жалпы
әдеби дамудың алғашқы сатысында түрік әдебиеті ілгері
дамыған батыс әдебиетіне иек сүйенгені байқалады. Бұл,
әсіресе, ағартушылық тенденциясын қалыптастыруда айқын
көрініс тапты. Сөйтіп, бұл әдеби байланыстар түрік сөз
өнерін әлемдік әдеби үрдіс биігіне сүйреді.
Түріктің әдебиет зерттеушілері Мұстафа Нихат Өзен,
Жевдет Перин, Кемал Кармат бұл пікірді жоққа
шығармағанмен, түрік әдебиетінің өзіндік бағыты
болғандығын айтады. Шынында, түрік ағартушылары елдің
тарихи дамуына аса қажетті бұрыннан қалыптасқан
қағидалар заңдылығы, тәлім-тәрбие ілімі және «әділетті»
27
патша туралы идеяларды ғана қабылдады. Оның үстіне,
бұл идеялар ислам іліміне негізделініп, халықтың ұғымына
сай, түсінігіне сәйкес келді. Олай дейтініміз - Шығыстағы тек
түріктік қана емес, басқа ұлттың да әдеби-даму бағыты
исламға нық иек сүйенген кеңістікпен айқындалмақ.
Ал, мұндай ой-пікірлер тоғысын шығыстанушы батыс,
орыс ғалымдары да жоққа шығарған емес. Бірақ олар бұл
ерекше сипатты үлкен кемшілікке балап, оны марксизм-
ленинизм тұрғысынан бағалауға тырысты.
Қалай десек те, Шығыс елдерінде алғашқылардың бірі
болып, түрік мемлекеті мәдени-әдеби аренада Еуропа
елдерімен иық тіресті. Түріктің ағартушылық бағыттағы
әдебиеті көршілес туысқан шығыс халықтарына да өз әсерін
тигізбей қоймады. Олар туғызған рухани дүниелер ислам
әлемінің аясындағы ортақ арнада тоғысты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қоғам дамуына демеуші
болған ағартушылық идеясы шығыстағы араб елдеріне де
бойлап ене бастады. Алайда, осы бағытты
жақтаушылардың алдында үлкен міндет тұрды, ол- орта
ғасырлық әдеби дәстүрді бұзбай, оған батыстық-
ағартушылық идеялар ұрығын себу болды. Сөйтіп,
классикалық араб тілі мен әдебиетін жаңартып дамытты.
Жалпы, бұл құбылыстардың сол тұстағы қоғамның өсу
деңгейіне ықпал еткен ағартушылық идеологияға
байланысты туындағанына шүбә келтіруге болмайды.
Сол кезде, Сирия, Ливан, Палестина, Ирак және т.б. араб
мемлекеттері ішкі дүниемен қарым-қатынасты күшейтті.
Мәселен, 1821 жылы Мысырда баспахана ашылып,
баспасөз ісі жолға қойыла бастады. Ал, 1828 жылы араб
тілінде «Әр-Уәкана әл-Мысыри» газеті шықты. Оның бірінші
редакторы белгілі әдебиетші әрі аудармашы Рахиа ат-
Тахтави болды [4].
Шынында, ат-Тахтави өз кезінің көрнекті
ағартушыларының бірі әрі Мысыр мәдениетінің алдыңғы
қатарлы өкілі еді. Ол 1836 жылы Мысырда тілдер мектебін
ашуға мұрындық болды. Осы оқу орнының директоры бола
отырып, ат-Тахтави жастарға француз, ағылшын, түрік және
28
араб тілдерін оқытып, мемлекетке қажетті мамандарды
дайындауға бар күш-жігерін сарп етті. Сөйте жүріп, ол
шығармашылықпен де айналысты. Оның қаламынан көркем
сөз үлгісі боларлық еңбектер туды.
Ат-Тахтавидің ойынша, ислам әлемі рухани мәдениеттің
орталығы саналса, сол тұста (ХІХ ғасырда-С.С.) ғылыми ой-
пікірлер тоғысы Еуропада тоқайласты. Мұны ол
еуропалықтардың теңіз жолдарын меңгеруімен
байланыстырды. Саяхат арқылы оларға бүкіл әлемнің қыр-
сыры ашылды деп түсіндіреді. Бұл ретте, араб ағартушысы
Францияны мысалға келтіріп, бұл елде ғылыми
тұжырымдар жинақталғандығын және жұртшылықтың ілімге
ерекше құштарлығын алға тартады. Ат-Тахтавидің пікірі
бойынша, білім беруді жөнге қою арқылы тәуелсіз, күшті
мемлекет құрылымын жасауға болады.
Ал, ағартушының келесі бір еңбегі, ең алдымен, діни-
әдеби туындылар арқылы берілетін рухани тәрбиеге,
сондай-ақ жастарды ар-намыс, қайырымдылық,
адамгершілік қасиеттерге уағыздауға, екіншіден,
жұртшылықты, туған елді күшейтуге, оның байлығын еселей
түсуге итермелеген үгіт-насихатқа негізделінді. Және мұның
бәрі Отанға деген шексіз махаббаттан туындауы қажет
делінді. Ат-Тахтавидің түйінді пікірі осындай.
Бірақ араб ағартушылығының басты ерекшелігі – дінге
негізделуі еді, өйткені ислам әр мұсылманның тіршілік
қағидасына айналды. Сонымен қатар, ағартушылық
идеяларын жаңа заманға сай қалыптастырып, оны
исламның көмегімен іске асыру қажет болды.
Реформаторлар жаңа буржуазиялық идеологияны жақтап,
қоғамдық-саяси ой-пікірлерді мұсылманшылыққа теліп,
ғылыми жаңалықтарды Құран- Кәріммен байланыстырды.
Әлбетте, ислам реформаторларының бұл күресі өз
нәтижесін берді де. Мәселен, сол тұстағы жетекшілердің
бірі , қоғам қайраткері Ж. әл-Афгани (1839-1997)
«Құдайсыздарға жауап» деген трактатында мұсылман
жұртшылығының бірлігін уағыздады. Ал, көрнекті дінтанушы
Мұхаммед Абдо (1849-1905) мұсылманшылықты шынайы
29
ислам арқылы қалыптастыруға күш салды. Осы мақсатпен
1898 жылы «әл-Манар» («Мұнара») журналы шыға
бастады. 1900 жылы Мысырда М.Абдоның басшылығымен
«Араб ғылымдарын дамыту қоғамы» құрылды. Мұхаммед
Абдо- христиан дініндегі екі жүзділікті әшкерелеген орыстың
атақты жазушысы –Лев Толстоймен пікірлес дін
қайраткерлерінің бірі еді. Ортағасырлық араб мәдениетін
жақсы біліп, ислам әлемін терең тануы оны өз кезеңінің
пәлсафалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге
итермеледі. М.Абдо кейбір ғылыми жаңалықтардың
баламасын Құраннан тапты, сөйтіп, білімнің бастау көзі
сонда (Құранда-С.С.) екендігін дәлелдеуге тырысты.
Сонымен қатар, «аль-Урбат аль-Буска» («Тар бұғау»)
газетінде жарияланған мақалаларында жазбагер араб
мәдениетін күйреуден сақтайтын бір ғана жол- бүкіл
мұсылман жұртшылығын біріктіретін таза исламды ұсынды.
Оның ойынша, ағартушылық бағыт ислам дінінің тұтастығын
сақтап, ғылымға деген қарсылықты жояды, ал бірлік пен
ағартушылық жұртшылықты прогреске жетелейді [5] .
Араб ағартушылары исламды мәңгілік шынайы дін деп
танып, оны ғылыммен ұштастыруға тырысты. Бүгінде оның
дұрыстығына әлемдік ғылым дәйектемелері арқылы көз
жеткізіп отырмыз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген тағы бір
көрнекті араб ағартушысы- Абд ар-Рахман әл-Кабаники
(1849-1902) ислам реформаторы ретінде халықтық
мәселенің мемлекеттік деңгейде шешілуін қалады.
«Деспотизм табиғаты» атты еңбегінде түрік үстемдігі
жағдайындағы Осман империясын оған тәуелді араб
халифатына қарсы қою арқылы арабтардың ұлттық сана-
сезіміне қозғау салады. Әл-Кабанидің түсінігінде - шынайы
ислам ілімі бойынша адамзат бір Аллаға ғана тәуелді, яғни
әміршілдік, билеп-төстеушілік исламға жат. Сондай-ақ,
жазбагер қатал әміршілдіктің қоғамға тигізер залалын да
атап көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, деспотизм халықтың
дүние-мүлкін талқандап, рухани байлығын жояды, сөйтіп
қоғам барлық жағынан құлдырауға ұшырайды. Басқаша
30
айтқанда, қоғамдағы келеңсіздік өмірдегі әділетсіздіктен
туындайды. Ал, мұсылман әлемін түбегейлі өзгерту үшін
өмір шындығы - әкесі, ал анасы - азаттық болуы қажет.
Мұндай қоғамда адам өзін ерікті сезінеді және Хақ-тағала
мен халқына ғана тәуелді болмақ. Әл-Кабаники білімсіздікті
- бар жамандықтың себептері дей отырып, ағартушылықты
деспотизммен күрестің басты құралы санады [6] .
ХІХ ғасырдың екінші жартысында араб елдеріндегі
мәдени өмірдің жандануына ғылыми-мәдени қоғамдардың
ықпалы мол болды. Насыр әл-Иазыжи (1800-1871), Бутрус
әл-Бустани (1819-1883) секілді белгілі қайраткерлер
мәдениеттің өркендеуіне айтулы үлес қосты. Олардың
бастамасымен Сирияда алғаш рет мәдениет
қайраткерлерінің қоғамы құрылды. Қоғам ауқатты зиялы
адамдардың басын құрады.
Ал, ғасыр аяғында бірқатар араб ағартушылары саяси-
әлеуметтік мәселелер төңірегінде ой қозғап, тәуелсіз ел
болу жайын көтерді. Сондай-ақ, екі ғасыр аралығында
құрылған бірнеше әдеби үйірмелерде , атап айтқанда,
«Шығыс қоғамы» (1877 ж.), «Рамсес» (1905), «Жоғарғы оқу
орындарының үйірмесі»» (1906), «Ғылым Үйі»(1907) секілді
ұйымдарда ағартушылық идеясының дамуына қолдау
көрсетілді.
Шынында, араб ағартушылары ғасырдың орта шенінен
бастап қоғам өміріне белсене араласып, үлкен рөл атқарды.
Әсіресе, белгілі ағартушы әл-Бустанидің еңбегі атап өтуге
тұрарлық. Ол «Араб тілінің грамматикасы» мен арифметика
оқулығын жазды. Және ол «Мұхит әл-Мұхит» атты
түсіндірме сөздікті құрастырушы да болды. 1867 жылы әл-
Бустани жаңа бағдарлама бойынша жүргізілетін ұлт
мектебінің негізін қалады. Ол осы жылдары бірнеше
газеттер де шығарып үлгерді және 1875 жылы ол «Білім
аясы» («Даират әл - Мориф») деген араб энциклопедиясын
шығаруды бастайды [7].
Ал, ливандық ақын Насыф әл- Иазыжидың әл-
Бустанимен таныстығы оны халық ағарту ісіне итермеледі.
Ол өз тұсындағы ғылыми қоғамдарға мүше болды, ұлт
31
мектебінде сабақ берді. Оның қаламынан араб әдебиеті
мен тілі және музыка, медицина туралы зерттеулер туды.
Әл-Назыжидың ғылыми тұжырымдамалары араб елдерінің
тарихына деген қызығушылықты туғызды. Оның ойынша,
үлгілі, классикалық туындыларды қайта жаңғырту арқылы
араб мәдениеті мен әдебиетін дамытуға болады.
Әл-Назыжидың игілікті іс-дәстүрін оның ұлы ақын
Ибраһим (1847-1906) жалғастырды. Ол әкесі мен оның
замандастарының бастамасын әрі жалғастырып қана
қоймай, тың ойлармен толықтырды. Мәселен, Ибраһим әл-
Иазыжи - ел егемендігі туралы толғақты мәселе көтеріп,
арабтардың санасына қозғау салғандардың бірі.
Міне, сөйтіп, қоғамдық-саяси өмірдің түбегейлі өзгерісі
жаңа әдебиеттің қалыптасып, дамуына оң әсерін тигізді.
Әрине, ой-пікірлердің молдығы араб әдебиетінің ілгері
жылжуы үшін қажетті жолды таңдаудың мүмкіндігін
туғызды.
Қалай десек те, өз кезеңінің өзгерістерін оң түсінген
прогресшіл ақын-жазушылар әдеби дамуға ұлттық-
демократиялық сипат енгізуге тырысқаны рас. Осы ниетпен
олар әдебиет алдында тұрған көкейкесті проблемаларды
шешуге құлшына кірісті. Араб әдебиетшілерінің алдында
тың тақырыптарды игеріп, жаңа жанр, стиль енгізу
мәселелері тұрды. Сөйтіп, ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр
басында араб әдебиеті роман, повесть, әңгіме және очерк,
эссе секілді жанрлармен байыды.
Бұл ретте, Мысырлық сөз зергері Мұстафа Лютфи әл-
Манталутидың (1876-1924) еңбегі атап өтуге тұрарлық.
Қаламгердің әдеби-рухани қалыптасуында Мұхаммед
Абдоның жаңашыл идеялары үлкен рөл атқарды.
Шығармашылық қызметін поэзиядан бастаған әл-
Манфалутиге сүбелі өлеңдер шоғыры тиесілі. Сондай-ақ ол
орта ғасырлық араб классиктері Руми, әл- Масри, т.б. және
өзімен тұстас ақындар-Хафиз Ибраһим, Халил
Мутраналардың шығармашылығын сипаттайтын сыни
еңбектер жазды. Онысы кейін «әл-Манфалути
хрестоматиясы» деген атпен кітап болып шықты. Ол жазып
32
қалдырған әңгіме, новелла, очерктер барынша шынайы әрі
поэтикаға толы болып келеді. Әл-Манфанутидің
публицистикалық мақалаларына Мысыр елінің әлеуметтік
және қоғамдық-саяси өміріне қатысты, әдебиет пен өнер
жайлы мәселелер өзек болды. Әсіресе, оның әдеби
мақалалары сол кездегі араб әдебиеттану тарихындағы
алғашқы сыни еңбектер еді [8].
Осы тұста араб әдебиетінің эссе жанрында қалам
тербегендердің бірі- Мұстафа Камил (1874-1908). Ол өзінің
публицистикалық еңбектерінде ағылшындардың Мысыр
елін билеп-төстеуін сынады және тәуелсіздік үшін күреске
үндеді.
М.Камил ағартушылықты, ұлттық идеяны өрістету-
тәуелсіздік үшін күрестің бір тәсілі деп білді. Сол себеппен
ол 1900 жылы «Ватанистав» («Отандастар») партиясының
органы саналған «Лива» («Жалау») газетін шығарады. 1898
жылы оның ынта-ықласымен жаңа ұлттық мектеп ашылды.
Бұл мектептерде оқушылар санының күрт өсуі халық
санасының өскендігін байқатады. Сонымен қатар,
Кемалдың тәуелсіздік пен исламиятты қатар өрбітіп, өзек
еткен қоғамдық-саяси көзқарасын білдіретін «Ұлт өмірі»,
«Шығыс мәселесі» атты еңбектері сөз зергерінің саяси
публицистиканың негізін қалаушы әрі ұлт азаттығының
ұраншысы болғандығын білдіреді [9].
Ал, өзінің публицистикалық еңбектерін мұсылман
әйелдерінің бас бостандығына арнаған Қасым Әмин (1865-
1908) «Әйелдер бостандығы», «Жаңа әйел» атты эсселер
жинағында араб әйелдеріне аз ғана жеңілдік беруді талап
етеді [10].
Жалпы, араб публицистикасының қалыптасуы ағартушы
қаламгерлердің әдеби қызметімен тығыз байланысты.
Мәселен, әл-Кабакиби, әл-Иазыжи және т.б. өздерінің
қоғамдық-саяси көзқарастарын трактат түрінде емес,
мақала, очерк сияқты қысқа жанрда жазып білдірді.
Араб публицистикасы шешендік өнер дәстүрін
жалғастырушы ретінде де жанданды. Мысалы, рифмдік
проза стилі, қайталау және басқа да көптеген риторикалық
33
фигура түрлері негізінде шешендік өнерден бастау алады.
Және шешендік өнер көсемсөз үлгісінде, үгіт—насихат
түрінде бертінге дейін (тіпті, қазір де) мешіттерде
жаңғырығып, қолданылып келді. Ал, ғасыр басындағы
публицистика жанрының дамуымен қатар шешендік өнер де
жандана бастады. Оған нақты дәлел ретінде көсемсөз
саясатшы Мұстафа Камил мен Мысыр ұлттық
қозғалысының басшысы Саад Заглулдың есімдерін атар
едік.
Шынтуайтқа келгенде, шығыс елдерінде ағартушылық
ислам дініне негізделінді. Ағартушы реформаторлар
қоғамдық құрылыстың ескісін сынай отырып, өздерінің
прогресшіл ой-пікірлерін Құран қағидаларымен, пайғамбар
хадистерімен үйлестіруге тырысты. Сондықтан оларды
батыс, орыс ғалымдары ағартушы демократтар және
мұсылман реформаторлары деп екіге бөліп келді.
Зерделей қарасақ, осы бір топқа бөлу тәсілінің
тенденция ретінде қалыптасып, белең алуына марксистік-
лениндік ілімнің кесірі тиген іспетті. Әйтпесе, шығыс
елдерінің сол тұстағы көсемсөз зергерлері түгелдей
исламият әлемінен бастау алған шығыстық сипаттағы
ағартушы-азатшылдық бағыт ұстанғаны мәлім.
Екі ғасыр аралығындағы парсы әдебиетіндегі
ағартушылық идеясы мазмұны жағынан ескі қоғамдық
құрылысқа қарсы бағытталған прогресшіл болғандығымен
айқындалады. Олай дейтініміз - ХІХ ғасырдың орта шенінде
капитализм үрдісінің Иранға бойлай енуі ел ішінде түрлі
қайшылықтардың пайда болуына әкелді. Осы тұста парсы
елінің батыс мемлекеттеріне тәуелді бола бастауы халық
наразылығын туғызды, шаруалар көтерілісі ұлғайды. Сөйтіп,
батыс капиталының ықпалынан болған экономикалық және
саяси дағдарыстар Иран мемлекетін бірте-бірте
капиталистік даму жолына түсірді.
Парсы еліндегі экономикалық өзгерістер мәдени өмірге өз
әсерін тигізбей қоймады. Еуропа елдерімен тығыз қарым-
қатынас батыс мәдениеті элементтерінің енуіне себепкер
болды. Өйткені мемлекетті басқару істеріне қажетті сауатты
34
мамандарды уақыт талап етті. Батыс мемлекеттерінің
қоғамдық және әдеби-мәдени өмірімен таныс парсы
азаматтары өз елінде прогресшіл идеяларды таратушы
қызметін атқарды. Нақтырақ айтқанда, баспахана ісі жөнге
қойылып, алғашқы газет-жорналдар, кітаптар жарық көре
бастады. 1852 жылы «Дар ол-фонун» атты жалпы білім
беретін оқу орыны ашылады. Бұл оқу орнына қажетті
оқулықтар жазып, бастыру ісі парсы ағартушыларының
аренаға шығуымен тығыз байланысты болды. Олар ең
алдымен, Батыс Еуропа халықтарының тілінен оқулықтар
мен әдеби-көркем туындыларды аударумен айналысты.
Әрине, қоғамдық ой-пікірлер өрісі мен прогресшіл
идеялардың таралуында баспасөздің үлкен рөл атқаратыны
рас. Алайда, қатал тәртіп, цензура жағдайындағы елдің ішкі
мүмкіндіктері бұған өте-мөте шектеу қойды. Мәселен,
Мысыр баспасөзіне әлеуметтік және саяси мәселелерді
қозғауға қатаң тиым салынды. Сондықтан әр басылым
өзінің бірінші санында қандай мәселелерді сөз етіп,
материалдар беретінін, олардың тақырыбын, мазмұнын
айтып, жариялап отырды. Сөйтіп, газет-жорналдар саясат
мәселесінен алшақтап, ағартушылыққа ойысты.
Жалпы, ағартушылық идеясы өте-мөте мына ақын-
жазушылардың шығармашылығында айқын байқалды.
Олар-Мырза Мәлкім хан (1833-1908), Зейін әл-Абедин
Марагеи (1837-1910) және Абдар- Рахим Талиби (1834-
1911).
Мырза Мәлкім хан мемлекеттік және дипломатиялық
жоғары лауазымды қызметте бола жүріп, ағартушылық
ісімен айналысады. Оның әзірбайжан философы әрі
жазушысы Мырза Фатали Ахундовпен (1812-1876)
таныстығы
гуманистік-ағартушылық
көзқарасының
қалыптасуына көп әсерін тигізді. Сөйтіп, ол 60-жылдары
«Фарамушхана» қоғамын құрады. Бұл қоғам мүшелерін
толғандырған басты мәселе –адамның өзін-өзі жетілдіруі
және гуманизм принциптерін тарату болды. Сол себептен
де Мәлкім хан өз туындысына «Гуманизм принциптері»
деген атау берді. Шығарма осы қоғамның теориялық
35
негіздемесі ретінде қызмет атқарды. Жазбагер онда өзін-өзі
жетілдіру жолына түскен адам міндеттерін жеті сатыға
бөледі: 1) келеңсіз қылықтардан аулақ болу;
2)қайырымдылық жасау; 3) езгі-қанауға шектеу қою; 4) бірлік
пен келісім; 5) білім-ғылымға ұмтылу; 6) адамгершілікті
уағыздау; 7) тәртіп сақтау.
Әлбетте, бұл гуманистік жеті принцип трактат әрі
идеялық ағым ретінде қарастырылып, парсы
ағартушылығын зерттеуге үлкен қызығушылық туғызды.
Өйткені шығыстанушы көрнекті ғалымдар Е.Э. Бертельс
[11], И.С.Брагинский, И. Комиссаровтардың [12] парсы
әдебиеті туралы құнды еңбектері осыны аңғартады.
Бажайлап қарасақ, Мырза Мәлкім хан көтерген гуманистік
ой-пікірлер орта ғасырдағы парсы классиктерінің
шығармаларына арқау болғанын байқаймыз. Шығыс
шайырлары өз тұжырымдамаларын сопылық таным-
түсінікпен ұштастыра білгені мәлім. Демек, жоғарыда
аталған шығармада сөз болатын адамның өзін-өзі жетілдіруі
мен имани қағидалар суфизмнің алғы шарттарымен
үндестік тапқан. Бұл сопылық дәстүр жалғастығын
байқатумен қатар, шығыс ағартушылығына тән ерекшелікті
де ескертеді.
Сонымен қатар, Мәлкім хан араб жазуына өзгерту
енгізуге ниеттенді. Ол бұл реформаны мұсылман елдерінің
кемел келешегінің бастау көзі деп білді. Сөйтіп, араб
жазуына төте жазу үлгісін ұсынды. Оның бұл идеясын
демократ жазушы М.Ф.Ахундов қуаттады. Алайда, олар өз
ойларын іске асыра алмай кетті. Демек, сол тұста
мұсылман елдеріне кең таралған «ұсұл-жәдит» оқу үлгісі
туралы пікірді ең алғаш ұсынған (1870-жылдары-С.С.)
Мырза Мәлкім хан еді [13]. Сәл кейін бұл идеяны
жаңғыртып, араб жазуын түркі тілдеріне ыңғайлап,
жәдитшілдікті іске асырған татар ағартушысы
И.Гаспиринский болды.
Бір айта кететін жәйт- бұл ағартушылық идеясы
жазушының (М.Мәлкім хан-С.С.) «Прогресс негіздері», «
Шейх пен шах» атты еңбектерінде айқын көрініс тапқан.
36
Сондай-ақ, сол кездегі шығыс ағартушы- қаламгерлерге тән
бір сипат- феодалдық ескі құрылысты сынау болса, бұл
ерекшелік Мырза Мәлкім хан драматургиясында да
байқалады. Оның «Ашрап хан, губернатор Арабистанмен
болған оқиға» , «Заман хан, губернатор Боруджердтің
басқару тәсілі» және т.б. пьесаларында сол уақытта белең
алған келеңсіз қылықтар—зорлық-зомбылық, бассыздық
ащы мысқылмен әшкереленеді [14].
Жоғарыда келтіргеніміздей, парсы әдебиетінде
ағартушылық бағыттың өрістеуіне зор үлес қосқан Зейін әл-
Абедин Марагеи болды. Оның, әсіресе, «Ибрагим бек
саясатнамесі» («Сиахатнам-ие Ибрахим бек») деген
көлемді прозалық шығармасы өз кезінде-ақ кең танымал
болды. Өйткені романда Иран еліндегі мемлекеттік –
қоғамдық құрылыс сынға алынды. Сөйтіп, жұртшылықтың
сана-сезіміне үлкен әсер етіп, ирандықтардың сүйіп оқитын
кітабына айналды. Тіпті бұл туынды кеңес үкіметі тұсында
орыс тіліне аударылып, одақ орталығында жарық көрді
Бұған Зейін әл-Абединнің көп жылдар Ресейде тұруы себеп
болғанға ұқсайды [15].
Сайып келгенде, аталмыш жазушының ойынша,
қараңғылық пен сауатсыздық барлық бақытсыздыққа
себепші, ал ғылым мен білім елдің болашақ дамуына негіз
болмақ. Осы тұрғыда, Зейін әл-Абедин баспасөз бен
әдебиетке көп үміт артып, оларды прогреске жетудің басты
құралы санайды.
Бір байқағанымыз, әл-Абедин қоғам мүшелерін тапқа
бөлмей, оларға бірдей қарады. Ол кей кезде сырт ел
капиталына тосқауыл қойып, ірі сауда компанияларының
бірігуін, акционерлік қоғамдардың құрылуын және т.б.
капиталистік қоғам құрылымдарын жақтады. Осы идеялары
үшін, яғни тап қайшылығын түсінбегенін және дін-исламды
ақтағанын айыптап, оны батыс, орыс ғалымдары сынады.
Ал, шындығында, «прогресшіл буржуазия идеясын» алға
тарта отырып, жазбагер шынайы түрде бүкіл халықтың
мүддесін жақтады, сөйтіп ел үмітін ақтады.
37
Жазушы Әбдірахим Талибидің шығармашылығы Иран
халқының оянуы мен озық ой-пікірлер қалыптасуында
айрықша рөл атқарды. Ол Тавризде (Ирандық жер атауы-
С.С.) туып-өскенмен, Ресейде біраз ғұмыр кешті. Сөйтіп,
оның шығармашылығы туралы еңбектердің жазылуына
түрткі болды. Осының жарқын мысалы ретінде әзірбайжан
ғалымы- М.М.Манафидің зерттеу еңбегін атар едік [16].
Ғалым атап көрсеткендей, ағартушылық идеясы Талиби
шығармашылығының басты арнасы болып табылады.
Нақтырақ айтқанда, ол өзінің көсемсөз үлгісінде жазылған
«Талиби кемесі немесе Ахметтің кітабы» («Сафине-ие
Талиби-иа китаб Ахмед») атты шығармасында Иран елінің
артта қалу себептерін ашып, прогреске жету жолдарын
көрсетуге тырысқан.
Талибидің өз тұстастарынан бір артықшылығы- ол
феодалдық қоғамды сынап қана қоймай, Иран жерінде
орнайтын жаңа идеальды қоғамды суреттеу арқылы жарқын
болашақты көзге елестетеді. Жазбагердің бұл ойы, әсіресе,
«Машайықтар саяхатнамесі» («Масалек ол мохсенин»)
деген ғылыми-фантастикалық шығармасында айқын
бейнеленген.
Қысқасы, жоғарыда аты аталған парсы жазушыларының
шығармашылығына тән басты сипат- халық арасына
ғылым-білім тарату, феодалдық тәртіпті сынау арқылы
әділетсіздікке, қанауға шектеу қою, конституциялық заңдар
негізінде жаңа прогресшіл қоғам құру сияқты идеяларды
туындыларына арқау етті. Және парсы халқын прогреске
итермелеу жолында біршама игілікті істер жасады.
Түйіндей айтқанда, ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап
Таяу Шығыс елдерінде әдеби-тарихи процесс негізінде
ағартушылық идеясы кең қолдау тапты. Мұны сол тұста
жарық көрген баспасөз бетіндегі материалдар мен әдеби
туындылардан айқын көруге болады. Осыған қастысты
жоғарыда келтірілген дәйектемелер бұған толық болмаса
да, біршама дерек көзі болмақ керек.
Түрік, араб, парсы елдерінің әлеуметтік –экономикалық
тұрғыда батыстың алпауыт мемлекеттеріне тәуелді бола
38
бастауы оларды әлемдік өркениет жолына итермеледі.
Өркениет жолында тек ағартушылық бағыттың қажеттігін
ұлт зиялылары дұрыс бағамдай білді. Сөйтіп, шығыс
елдерінде ағартушылық бағыт кең өріс алып, арнасын
кеңейтті. Бұл елдердің мәдени –рухани даму жолдары
Ресей мұсылмандарына да әсер етпей қоймады. Түп бірлігі,
дін тұтастығы, тіл ұқсастығы мұсылман жұртшылығын бір
арнада тоғыстырып, әдеби-мәдени тығыз қарым-
қатынастар жасауға бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |